ҰБТ-ға психологиялық тренингтердің элементтері арқылы дайындау.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҰБТ-ға психологиялық тренингтердің элементтері арқылы дайындау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ҰБТ-ға психологиялық даярылығын тексеру.Оқушылардың қарым-қатынастарын нығайту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰБТ-ға психологиялық тренингтердің элементтері арқылы дайындау.



Мақсаты:Оқушылардың ҰБТ-ға психологиялық даярылығын тексеру.Оқушылардың қарым-қатынастарын нығайту.

Түрі: тренинг жаттығулар

Қолданатын материалдар: шар,орындық

І. Ұйымдастыру.

1.Оқушылармен танысу,амандасу.

2.Зейіндерін тақырыпқа шоғырландыру.

Құрметті түлектері, сіздер Қазақстанның болашағысыздар, болашақ бүгіннен басталады! Сіздер кеше ғана бүлдірішін бала, қызыл шақа балапан болсаңдар, міне бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайын, жарауы жеткен сайгүліктей ауыздықпен алысып тұрсыңдар. Алдарыңда үлкен болашақ, ұлы мақсат, міндет күтіп тұр. Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Кім еңбектенсе, соның бағы жанады. Халқымыз айтпақшы «Талаптыға нұр жауар!» деген емес пе? Бақтарың жансын.

ІІ.Жұмыстың барысы:

Жаттығу: «Танысу»

Нұсқау: Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Оқушы өзінің атын атайды келесі тұрған оқушыға қарап,ал келесі оқушы өзінің атын атайды да алдында тұрған адамның атын атайды.


Жаттығу: «Амандасу»

Мақсаты: амандасу арқылы оқушыларды сабаққа бейімдеу.

Нұсқау: оқушылар ойын алаңында бейберекет бағытта жүре отырып, бір- бірімен жүргізушінің нұсқауымен үш тілде амандасады. Бір шапалақ ұрғанда- қазақ тілінде, екі шапалақ ұрғанда- орыс, үшінші рет шапалақ ұрғанда- ағылшын тілінде. Жүргізушінің нұсқаумен қолмен, содан соң шынтақпен, шынашақ саусақпен, құлақпен, тіземен, иықпен, т.б. амандасады.



Жаттығу: «Аутотренинг формуласы».

Нұсқау: Көздеріңізді жұмып, ыңғайланып отырыңыз. Арқаңызды тік ұстаңыз, алақандарыңызды тізеге қойыңыз. «Мен сабырлымын» формуласына ойыңызды жинақтаңыз.

«Менің оң қолым ауыр» -деп 5-6 рет ойша қайталаңыз.

Қайтадан «Мен сабырлымын» формуласына ойыңызды жинақтаңыз.

Содан кейін «Менің сол қолым ауыр» -деп 5-6 рет ойша қайталаңыз.

Қайтадан «Мен сабырлымын. Мен дайынмын, мен жинақымын. Мен өзіме сенімдімін ! » формуласына ойша қайталаңыз.

Денеңізді қалпына келтіру үшін, жұдырықтарыңды түйіңдер де, бірнеше рет терең тыныс алыңыз.

Анализ: Жаттығуды орындау қиын болды ма?


«Ақ тілек »

Шардың ішіне түрлі тақырыпқа байланысты тілектер жазылады.

Қатысушы оқушылар өзіне ұнаған шарды таңдап алып, оны жарады. Шар ішіндегі тілекті оқиды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
501
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі