ҰБТ-ға қалай дайындаламын?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҰБТ-ға қалай дайындаламын?

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала 11-сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындалуға арналған кеңестер жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰБТ- ға қалай дайындыламын?

2025 жылы мектеп бітіріп, үлкен өмірге қадам баспақшы болып отырған жас түлектердің бірі менмін. 10-сынып бітірген оқушының басына келетін бірінші ой ҰБТ ға дайындығымды қалай және қашан бастаймын деген сұрақ. Осы сұраққа өте көп ойланып маусым айынан-ақ өз дайындығымды бастағанмын. Қазіргі уақытқа дейін үзбей дайындалып, біраз нәрсе түсініп, үйреніп қалдым. Енді өзім секілді 11-сыныпқа аяқ басып, өз дайындағын неден бастарын білмей жүргендерге кішігірім кеңестеріммен бөліскім келіп отыр.

Ең бірінші өзің қалайтын мамандықты таңда, кейінірек соған сай ҰБТ тапсыратын пәндерді анықта. Көп оқушылар өздеріне ұнайтын пәндерді таңдап, кейін кім болғысы келетінін, қай мамандық бойынша білім алғысы келетінін шеше алмай бас қатырады. Енді біреулер ата- анасының шешіміне, грант санына қарай шешім қабылдап,дайындалып, дайындығын соңына дейін апармай, жақсы нәтиже көрсетпей жатады. Сол себепті әубастан мамандық мәселесін шешіп алған жөн.

Екіншіден, дайындығыңды мүмкіндігінше ерте баста. Ең қарапайым кеңес болып көрінгенімен, шынымен, біз білмейтін ақпарат көп. ҰБТ барлық мектеп бағдармаласын қамтитын тест. Ал біз бұл тестті бес пән бойынша тапсыратынымызды ескерсек қайталап оқу, пысықтау керек білім өте көп. Дайындығын бастамаған адам аз уақытта үлгеремін деп ойлауы мүмкін. Тек дайындықты бастаған соң ғана өзіңнің біліміңнің деңгейін көріп, әлі біраз нәрсені білмейтініңді аңғарасың. Қысқасы, дайындықты қаншалықты ерте бастасаң, соншалықты жақсы нәтиже көрсетесің.

Өзіңе ұнайтын саланы таңдаған соң өз бетіңше дайындаласын ба, әлде білім беретін мекемелер мен курстардың көмегіне жүгінесің бе сол жағын ойлан. Егер сен өз бетімше дайындалу қиындық туғызады деп ойласаң білім беру орталықтарына жүгінген дұрыс. Қазір нарықта білім саласында сапалы қызмет етіп жүрген курстар өте көп. Соның ішінде өзіңе қолайлы, ұнамды орталықтарды мұқият іздеп, тексеріп, содан соң шешім қабылдағайсың. Өйткені талапкерлерді алдап, арзан тірлікпен айналысып жүрген орталықтар да аз емес. Ал егер өз бетіңше дайындалуды қаласаң, бұл да өте тиімді шешім. Өйткені қазір ғаламторда ҰБТ-ға дайындайтын сабақтар, бағдарламалар, қосымшалар жеткілікті. Осылай дайындалып, жақсы нәтижеге жеткендер де аз емес.

Егер мен секілді қосымша сабақтарға қатысуды таңдасаң әрі қарай ол сабақтар онлайн форматта бола ма әлде барып оқыған дұрыс па сол жағын қарастыр. Егер өз бетіңше отырып, бар назарыңды сабаққа аударып, тиянақты дайындала аламын деп ойласаң онлайн түрде дайындалған абзал. Өйткені қосымшаға барып,келуге жұмсаған уақытты пайдалы өткізуге болады. Ал егер саған қатаң қадағалау қажет болса және бар назарыңды сабаққа аудару,үйде оқу қиындық туғызса оффлайн түрде оқыған жөн.

ҰБТ біздің өміріміздің мәні емес, оған аса қорқынышпен қарап, өз өміріңді тек дайындыққа алмастырма. Дайындықпен қатар ұйқың, жеке өмірің өз қалпында қалсын. Өйткені ұйықтамай, сабақтан басқа ешнәрсеге көңіл бөлмей, өзіңе демалыс бермей дайындалу сенің денсаулығыңа да, көңіл-күйіңе де кері әсерін тигізеді. Ал сабақ та оқып, уақытылы демалып та үлгеру үшін өзіңнің уақытыңды дұрыс пайдаланып, күніңді жоспарлап қой. Сонда бәріне уақыт табуға болады.

Үш ай дайындық барысында аз да болса түсінгенім осы. Кеңестерім қажетіңе жарайды деген үміттемін, замандас!

Анара Тұрсынәлі

13-орта мектептің 11-сынып оқушысы

Алматы облысы

Іле аудан


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.00.2024
179
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі