ҰБТ-ге дайындаудың тиімді
жолдары
Қазіргі заман талабына сай
ұлттық бірыңғай тестке дайындау әр пән мұғалімінің басты міндеті
болып отыр. Осы орайда мен өзімнің математика пәні бойынша ұлттық
бірыңғай тестке дайындаудың тиімді жолдары туралы іс-тәжірибемді
айтпақпын.
Кіріспе
бөлім. Қазіргі кездегі математика
пәні бойынша ҰБТ-нің ерекшеліктері.
Негізгі
бөлім. Математика пәні бойынша ҰБТ-ге
дайындаудың тиімді жолдары.
Қорытынды
бөлім. ҰБТ-ге дайындау кезіндегі
мұғалімнің мақсаты.
Қазіргі кезде ҰБТ-нің
енгізілуіне байланысты математикадан дайындық жұмыстарын
11-сыныптарда өткізудің өзіндік ерекшеліктері қалыптасуда.
Математика пәні бойынша тестілеу материалдарының әрқайсысының
өзіндік мәні төмендегі параметрлердің үйлесімі бойынша
сипатталады:
-танымдық әрекет түрлері
білім мен білік дағдыларын өздеріне таныс жағдайларға қолдану, жаңа
типті есептерге білім мен білік дағдыларын
қолдану;
-күрделірек.
Тест тапсырмаларының
мазмұны:
-білім алуды жалғастыру
үшін қажетті математикалық білімді
меңгеруді;
-математикалық зердені
дамытуды;
-математикалық әрекетке тән
және қоғамда толыққанды қызмет етуге қажетті ойлаудың сапасын
қалыптастыруды тексеру.
Білім мен ғылым министрлігінің
әр жылғы ҰБТ қорытындылары жөніндегі талдауларын саралай келе
қорытынды қайталау кезінде:
-тригонометриялық
өрнектерді түрлендіру;
-иррационал теңдеулерді
шешуде;
-логарифмдік, көрсеткіштік
теңсіздіктерді шешу;
-функцияны
зерттеу
тақырыптарына берілген
тапсырмаларды орындау деңгейі жеткіліксіз екені анықталды. Мұның
себебі, математиканы оқып-үйренудегі ҰБТ-ге дайындаудағы кемшілікте
деп ойлаймын:
-оқушы негізгі мектептің
математика курсы бойынша бағдарлама материалдарын нашар
білуінде;
-есептің шартын түсініп оны
түрлендіруді білмейді;
-өз бетімен есеп шығарудың
жолын білмейді.
Ал, математикадан ҰБТ-ге
дайындаудың негізгі кемшілігі-жоғары сынып оқушыларының өз бетімен
оқып-іздену дағдылары қалыптаспаған.Бұған дәлел математика
сабақтарында қабілетіне қарай саралау,жеке дара тапсырма беру,
талдау т.б. жұмыстар жүргізілмеуінде. Қазіргі кезде ҰБТ-ге дайындау
кезеңінде осындай себептердің алдын-алу, оны болдырмаудың жолы
оқушылардың өзіндік, танымдық ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру,
қосымша сабақтар жүргізілуі тиіс.
Математика пәні бойыншаҰБТ-ге
дайындаудың ерекшелігі зор. Себебі, алда тұрған ҰБТ-ге дайындалу
бұл сабақ үшін маңызды мәселе. Мұнда оқушылар ҰБТ-ге дайындалу
барысында бүкіл математика курсын жүйелі қайталап, білімдегі
олқылықты өз бетімен ізденіп оқып, толықтыруды іске
асырады.
II.Қазақстан Республикасындағы
басты мәселелердің бірі - жастарға білім беру.Қазіргі күн
тәртібіндегі өзекті мәселе – оқушылардың өзіндік қабілеттерін
жетілдіріп, жеке тұлғаларды тәрбиелеу.Орта мектеп бағдарламасындағы
негізгі пәндердің бірі – математика.Математика сабағында ҰБТ-ге
дайындау барысында оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығын
арттыру, есептер шешімін өз бетінше табуын жетілдіру- ұстаздың
басты міндеті. ҰБТ-дің бұл пән үшін тиімді де,тиімсіз де жағы
бар.Жалпы білім беретін мектептердің түлектерін ҰБТ арқылы
аттестациялау, оларды жоғары оқу орындарына түсуге дайындау пән
мұғалімдерін үлкен жауапкершілікке міндеттейді.Пәнді оқытудың жаңа
әдіс тәсілдерін қолдануға, ізденуге итермелейді.Мен математика пәні
бойынша 2003-2004 оқу жылынан бастап оқушыларды ҰБТ-ге дайындап
келемін.Менің байқағаным:
-өз оқушыларымның ҰБТ
нәтижелеріндегі математика пәнінен қателіктеріне көңіл аударып,
талдау жасап, себептеріне тоқталдым.Бүгіндері мектеп түлектерінің
көпшілігі есептерді шешуде дәрменсіздік танытады.Ол біріншіден орта
мектепте оқығанда әр тақырыпты өткенде тақырыптағы ережелерді
түсініп, теоремаларды, формулаларды жаттау өте маңызды. Екіншіден
күрделі қиын есептерге көп мән бермей, жеңіл есептердің жауаптарын
жаттап алып отыр.Бұндай әрекеттер дұрыс емес, себебі балалардың
пәнге деген қызығушылығы бәсеңдеп, математика пәнінен алшақтайды.
ҰБТ-ге дайындау барысында әр ай сайын бақылау тестерін алып
отырдым.
Көбінесе мектеп оқушылары ой
қорытып, есепті шығаруға талпынбайды да, керісінше немқұрайлылық
танытып, ҰБТ-де көзді жұмып белгілей салады. Сондықтан оларды ең
болмағанда стандартты жолмен есеп шығара білуге үйрету керек.ҰБТ-ге
дайындау барысында оқушылар мәселе есептерді шешуде көп
қиналады.Мұның себебі: 5-6 сыныптарда қарастырылатын мәселе
есептердің шартын дұрыс құрмауында.
ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолы
берілген жауаптарды орнына қойып тексеруге болады, бірақ кей
жағдайда болмай қалуы мүмкін.Жалпы, «бақ шаба ма, бап шаба ма?»
дегендей, әр оқушы өз талабынан көреді.ҰБТ-ге дайындауда мен
төмендегідей үлгіде жұмыс жасадым:
-ең алдымен тараулар
бойынша жоспар құру;
-осы тараулар бойынша тест
нұсқаларын шығарту;
-дидактикалық материалдар
жинақтау;
-әр оқушыға тест
бланкаларын толтыруды үйрету;
-оқушыларды деңгейге
бөлу;
III. Қорытынды.
-Жыл бойы жүйелі қайталау
барысында 10-11-сыныптағы математикалық олқылықтарды
түзету;
- Математиканың 5-9 және
10-11-сыныптар бойынша бағдарлама материалдарын жүйелі қайталау
барысында оқушылардың өз бетімен білімдерін толықтыру дағдысын
қалыптастыру;
- Оқушылардың математикалық
білімдерін өз бетінше дайындау дағдысын
қалыптастыру;
- Сонымен қатар,ҰБТ-ге
дайындық жұмысын ұйымдастыру жоспары жасалуы тиіс.Ол мынадай үлгіде
болуы керек:
-оқушыларды деңгейіне қарай
топқа бөлу;
-әр тарау бойынша түсінік
беру;
-тарау бойынша есептер
шығару;
-тарау немесе тақырып
бойынша тест алу;
-әр деңгейдегі
тапсырмаларды шығарту;
-өз бетінше тест
құрастыру;
-тест жинағы бойынша жұмыс
жасау;
Жалпы айтқанда,математика пәні
бойынша оқушыларды ҰБТ-ге дайындау өте қиынға соғады, бірақ сол
қиыншылықтарға қарамастан өзіміздің,мектептің абыройы үшін
бірігіп,ізденіп талмай жұмыс жасау керек деп ойлаймын.ҰБТ-ге
дайындауда есептің құрылымын меңгерту,алған теориялық білімдерін
шығармашылықпен қолдана білуге үйрету,олардың танымдық қызметіндегі
дербестікті дамыту математика пәні мұғалімдерінің басты
міндеті.
Жалпы оқушылардың
математикалық біліктілігімен икемділігі болмаса тест
тапсырмаларының дұрыс жауаптарын таңдау қажеттілігі оқушыларымыздан
көп ізденушілікті,еңбектенуді талап етеді.
Пайдаланған
әдебиеттер:
-
«Математика және физика»
журналы. №4, 2012 жыл.
-
Ұлттық бірыңғай тестілеуге
дайындық. Жанасбаева Ұ.Б.
Жанасбаев Ж. Б. 2009
ж.