Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҰБТ-ге психологиялық сабақ
Материал туралы қысқаша түсінік
11 сынып оқушыларын ҰБТ-ге сенімділікке уйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
461
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы, Тасшағыл орта мектебіні педагог- психологы Төкеш Жаңагүл Әжігерейқызы
Оқушыларды ҰБТ – ге психологиялық тұрғыдан дайындауМақсаты: 11 сынып оқушыларын ҰБТ – ға байланысты сенімділікке үйрету, стрестік қалыптан арылту, стресті жеңуге жол көрсету, ойын арқылы өздігінен жұмыс істеуді, ойлау қабілетін дамытып, ойларын ашық айтуға дағдыландыру. Психолог: Сәлеметсіздер ме, оқушылар. Бүгінгі ҰБТ – ге психологиялық дайындық атты тренингке қош келдіңіздер! Сіздер – Қазақстанның болашағысыздар! Кеше ғана бүлдіршін бала болсаңдар, міне бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайын, жарауы жеткен сәйгүліктей ауыздықпен алысып тұрсыңдар. Алдарыңда үлкен болашақ, ұлы мақсат, міндет күтіп тұр. Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Кім еңбектенсе, соның бағы жанады.ҰБТ қарсаңында. Көп адамдар ҰБТ-ға дайындалу үшін соңғы бір күннің жетпей қалатындығын айтады Бұл дұрыс емес. Сен шаршадың, өзіңді одан әрі қажытуың керек емес. Керісінше демал, душқа түс,қыдыр. «Күресуге» дайын болатындай өзіңді дені сау, сергек сезінетіндей ұйқыңды қандырып алғаның дұрыс. Себебі тестілеу – ол да бір өзіңнің қабілетіңді, мүмкіндігіңді көрсететін өзінше күрес емес пе. ҰБТ болатын орталыққа жарты сағатқа ертерек келуге тырыс. Өзіңмен бірге төлқұжатыңды, рұқсатнамаңды, бірнеше қара сиялы қаламыңды алуды ұмытпа. Сонымен дайындық кезеңі артта қалды, өзіңді тепе-теңдікке түсіру үшін бір-екі минутыңды аяма. Демал, тыныштан.Ден қой! Тестілеудің бастапқы бөлімін толтырған соң (бланк толтыру), өзіңе түсініксіз нәрселердің басын ашып алған соң, айналаңдағыларды ұмытуға тырыс. Сені тест тапсырмалары мен тестке берілген уақыт қана қызықтыруы тиіс.Асықпай тездет! Берілген уақыттың тар шеңбері сенің жауаптарыңның сапасына әсер етпеуі тиіс. Сұраққа жауап берер алдында сұрақты екі рет оқып шығып, нені сұрап тұрғанын толық түсінгеніңе көз жеткіз.Оңайынан баста! Көп ойлануды талап ететінсұрақтарға тоқтамай, өзің жақсы білетін, оңайларынан бастағаның жөн. Сен қобалжудан арылғанда, басыңның ауырғаны да қойып, жұмыс ритміне енесің. Жүйке жүйесінің мазалауынан арылып, барлық энергияңды қиын сұрақтарға сақтайсың. Қалдырып кет! Қиын әрі түсініксіз сұрақтарды қалдырып кетуді үйрену керек. Есіңде сақта: мәтінде міндетті түрде сен жауап бере алатын сұрағың табылады. Сұрақты соңына дейін оы! Асығыстық тапсырманы «алғашқы сөздеріне» түсініп, соңын өзіңнің ойыңша аяқтауыңа алып келуіне тиісті емес. Бұл оңай сұрақтан қате жіберуге алып келетін жол.Алдыңдағы тапсырма туралы ғана ойлан! Жаңа тапсырмаға келгенде алдындағыны ғана ұмыт. Тестідегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес, сондықтан алдындағы тапсырмада қолданған білімің келесісін орындауға көмектеспейді, керісінше бөгет болады. Бұл кеңестің екінші жағы да бар, мысалы алдыңғы сұрақты білмесең, келесі сұраққа жауапты міндетті түрде білем деген сенімділік береді. Әр жаңа тапсырма – ұпай жинауға жаңа мүмкіндік деп қарағаның дұрыс. Кейбір тапсырмалар өз нұсқаларының ішіндегі бұрыс жауаптарын тапсаң да дұрыс жауапты табуға болатындығымен ерекшеленеді. Аталған әдіс -бірден бес нұсқа туралы емес, айталық екі жауап төңірегінде ойлануға мүмкіндік береді.Екі айналым жоспарла! Берілген уақыт шамаланып қалғандажауаптарыңды бір қарап шығуға (бірінші айналым), алғашында қиын болып көрінген, тастап кеткен сұрақтарыңа тағы бір оралуыңа (екінші айналым) уақыт қалдыруыңды есептеуің керек.Тексер! Тапсырмаларға жауаптарыңды қайта тексеруге, ең болмаса көз жүгіртіп өтуге уақыт қалдыр.Болжа! Егер сен дұрыс жауапты білмесең, интуицияңа сенуіңе болады. Онда да ең дұрысқа жақын болуы тиіс деген нұсқасын таңдауға тырыс. Көңілді түсірме! Барлық тапсырманы орындауға тырыс, бірақ тәжірибе бойынша бұл мүмкін емес екендігін естен шығарма. Тест тапсырмалары ең қиын дәрежеге есептелген, және сен орындаған тапсырмалар жақсы деп бағалануы әбден мүмкін.«5 ойлау шляпа» тренингі.Мақсаты: Әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар, ситуациялар төңірегінде ой қорыту, өздерінің ойларын жеткізу.Қызыл шляпа- ҰБТ-ның маңызыСары шляпа- ҰБТ-ға дайындалудағы жетістіктерімҚара шляпа- ҰБТ кемшіліктеріЖасыл шляпа- жетістікке жету жолдарыКөк шляпа-ҰБТ-ға дайындалуда қиындық келтіретін жағдайлар«Берілмеймін» жаттығуы Мақсаты: Зейіннің бөлінуі мен шоғырлануды дамыту.Барысы: Бұл ойын дауыстап 1-ден 31-ге дейін санайды, бірақ қатысушы 3 санын және 3-ке көбейткенде шығатын сандарды айтпауы тиіс.Ол сандардың орнына «берілмеймін» деген сөзді айтуы тиіс. Мысалы: бір, екі, «берілмеймін», төрт, бес, «берілмеймін» ...Менің болашақтағы арманым... Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын, сөз қорларын дамыту. Оқушыларды адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттерді сезініп, бағалай білуге үйрету. Нұсқау: Оқушылар өздерінің болашаққа деген арман тілектерін, ойларын айту.
Хат жазу Мақсаты: Оқушылардың өзіне деген сенімін, көзқарасын, қорқынышын, қиялын, түсінігін білу.Нұсқау: Оқушылар ата-анасына хат жазу арқылы ҰБТ-ге деген сезімдерін білдіру. Менің ойым... Мақсаты: әр қатысушы тренингте алған әсерін ортаға салады.Гүлге қонған көбелек Әр оқушы ҰБТ-ға дайындалып жүргенде болашақта қандай ерекше жағдайдың болғанын қалайтынын, өз арман-тілегін қағаздан әдейі қиылып жасалынған көбелекке жазып, тақтадағы гүлге апарып қондыру керек.
Оқушыларды ҰБТ – ге психологиялық тұрғыдан дайындауМақсаты: 11 сынып оқушыларын ҰБТ – ға байланысты сенімділікке үйрету, стрестік қалыптан арылту, стресті жеңуге жол көрсету, ойын арқылы өздігінен жұмыс істеуді, ойлау қабілетін дамытып, ойларын ашық айтуға дағдыландыру. Психолог: Сәлеметсіздер ме, оқушылар. Бүгінгі ҰБТ – ге психологиялық дайындық атты тренингке қош келдіңіздер! Сіздер – Қазақстанның болашағысыздар! Кеше ғана бүлдіршін бала болсаңдар, міне бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайын, жарауы жеткен сәйгүліктей ауыздықпен алысып тұрсыңдар. Алдарыңда үлкен болашақ, ұлы мақсат, міндет күтіп тұр. Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Кім еңбектенсе, соның бағы жанады.ҰБТ қарсаңында. Көп адамдар ҰБТ-ға дайындалу үшін соңғы бір күннің жетпей қалатындығын айтады Бұл дұрыс емес. Сен шаршадың, өзіңді одан әрі қажытуың керек емес. Керісінше демал, душқа түс,қыдыр. «Күресуге» дайын болатындай өзіңді дені сау, сергек сезінетіндей ұйқыңды қандырып алғаның дұрыс. Себебі тестілеу – ол да бір өзіңнің қабілетіңді, мүмкіндігіңді көрсететін өзінше күрес емес пе. ҰБТ болатын орталыққа жарты сағатқа ертерек келуге тырыс. Өзіңмен бірге төлқұжатыңды, рұқсатнамаңды, бірнеше қара сиялы қаламыңды алуды ұмытпа. Сонымен дайындық кезеңі артта қалды, өзіңді тепе-теңдікке түсіру үшін бір-екі минутыңды аяма. Демал, тыныштан.Ден қой! Тестілеудің бастапқы бөлімін толтырған соң (бланк толтыру), өзіңе түсініксіз нәрселердің басын ашып алған соң, айналаңдағыларды ұмытуға тырыс. Сені тест тапсырмалары мен тестке берілген уақыт қана қызықтыруы тиіс.Асықпай тездет! Берілген уақыттың тар шеңбері сенің жауаптарыңның сапасына әсер етпеуі тиіс. Сұраққа жауап берер алдында сұрақты екі рет оқып шығып, нені сұрап тұрғанын толық түсінгеніңе көз жеткіз.Оңайынан баста! Көп ойлануды талап ететінсұрақтарға тоқтамай, өзің жақсы білетін, оңайларынан бастағаның жөн. Сен қобалжудан арылғанда, басыңның ауырғаны да қойып, жұмыс ритміне енесің. Жүйке жүйесінің мазалауынан арылып, барлық энергияңды қиын сұрақтарға сақтайсың. Қалдырып кет! Қиын әрі түсініксіз сұрақтарды қалдырып кетуді үйрену керек. Есіңде сақта: мәтінде міндетті түрде сен жауап бере алатын сұрағың табылады. Сұрақты соңына дейін оы! Асығыстық тапсырманы «алғашқы сөздеріне» түсініп, соңын өзіңнің ойыңша аяқтауыңа алып келуіне тиісті емес. Бұл оңай сұрақтан қате жіберуге алып келетін жол.Алдыңдағы тапсырма туралы ғана ойлан! Жаңа тапсырмаға келгенде алдындағыны ғана ұмыт. Тестідегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес, сондықтан алдындағы тапсырмада қолданған білімің келесісін орындауға көмектеспейді, керісінше бөгет болады. Бұл кеңестің екінші жағы да бар, мысалы алдыңғы сұрақты білмесең, келесі сұраққа жауапты міндетті түрде білем деген сенімділік береді. Әр жаңа тапсырма – ұпай жинауға жаңа мүмкіндік деп қарағаның дұрыс. Кейбір тапсырмалар өз нұсқаларының ішіндегі бұрыс жауаптарын тапсаң да дұрыс жауапты табуға болатындығымен ерекшеленеді. Аталған әдіс -бірден бес нұсқа туралы емес, айталық екі жауап төңірегінде ойлануға мүмкіндік береді.Екі айналым жоспарла! Берілген уақыт шамаланып қалғандажауаптарыңды бір қарап шығуға (бірінші айналым), алғашында қиын болып көрінген, тастап кеткен сұрақтарыңа тағы бір оралуыңа (екінші айналым) уақыт қалдыруыңды есептеуің керек.Тексер! Тапсырмаларға жауаптарыңды қайта тексеруге, ең болмаса көз жүгіртіп өтуге уақыт қалдыр.Болжа! Егер сен дұрыс жауапты білмесең, интуицияңа сенуіңе болады. Онда да ең дұрысқа жақын болуы тиіс деген нұсқасын таңдауға тырыс. Көңілді түсірме! Барлық тапсырманы орындауға тырыс, бірақ тәжірибе бойынша бұл мүмкін емес екендігін естен шығарма. Тест тапсырмалары ең қиын дәрежеге есептелген, және сен орындаған тапсырмалар жақсы деп бағалануы әбден мүмкін.«5 ойлау шляпа» тренингі.Мақсаты: Әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар, ситуациялар төңірегінде ой қорыту, өздерінің ойларын жеткізу.Қызыл шляпа- ҰБТ-ның маңызыСары шляпа- ҰБТ-ға дайындалудағы жетістіктерімҚара шляпа- ҰБТ кемшіліктеріЖасыл шляпа- жетістікке жету жолдарыКөк шляпа-ҰБТ-ға дайындалуда қиындық келтіретін жағдайлар«Берілмеймін» жаттығуы Мақсаты: Зейіннің бөлінуі мен шоғырлануды дамыту.Барысы: Бұл ойын дауыстап 1-ден 31-ге дейін санайды, бірақ қатысушы 3 санын және 3-ке көбейткенде шығатын сандарды айтпауы тиіс.Ол сандардың орнына «берілмеймін» деген сөзді айтуы тиіс. Мысалы: бір, екі, «берілмеймін», төрт, бес, «берілмеймін» ...Менің болашақтағы арманым... Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын, сөз қорларын дамыту. Оқушыларды адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттерді сезініп, бағалай білуге үйрету. Нұсқау: Оқушылар өздерінің болашаққа деген арман тілектерін, ойларын айту.
«Мен қазір» | «Мен 6 айдан кейін» |
«Мен 5 жылдан кейін» | «Мен 10 жылдан кейін» |
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)