Материалдар / ҰБТ кездесетің күрделі есептерді шығару жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҰБТ кездесетің күрделі есептерді шығару жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл химия пәнің таңдаған 11 сынып оқушыларға және ҰБТ-ға дайындап отырған мұғалімдерге қажет материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қазан 2020
1121
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ү.К. Томанов атындағы №183 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Көбекова Манат Жәлелқызы

ҰБТ-да кездесетін күрделі есептердің шығару жолдары.

1есеп Калийдің 6,02· 1022 бөлшектері конц. азот қышқылының 12,04 · 1023 молекуласымен әрекеттеседі. Реакцияға қатыспаған бөлшектердің саны (газ түрінде N2О бөлінеді): А) 1,1· 1024 ; В) 4,1· 1023; С) 4,5· 1023; Д) 5,1· 1022 ; Е) 6,02· 1021

Шешілуі : 8К + 10 НNO3 → 8KNO3 + N2O + 5H2O ν( K) = 0.1 моль ν(НNO3 ) = 2 моль

0,1 моль (К) ---------------х моль (НNO3 ) 8 моль (К) ---------------10 моль(НNO3 ) х= 0.125 моль (НNO3 )

Реакция қатыспаған бөлшектердің саны : 2 моль - 0.125моль =1.875 моль(НNO3 ) N= 1.875· 6,02· 1023 = 1,1· 1024 Жауабы: N(НNO3 )= 1,1· 1024

2 есеп Бастапқы А затының концентрациясы 2,6 моль/л, В затының -1,0 моль/л. 5 сек. кейін А затының концентрациясы 1,6 моль/л болса, 2А +В = С теңдеуі бойынша жүретін реакциядаға В затының концентрациясы болады?

А) 1,0 моль/л; В) 0,6 моль/л; С) 0,5 моль/л ; Д) 0,8 моль/л ; Е) 0,7 моль/л

Шешілуі :

орт. = = =0.2 моль/л с [А] =2,6-1,6=1 моль/л

Реакция теңдеуі бойынша 2 моль А затымен 1 моль В заты әрекеттесетін болса,1 моль А заты 0,5 моль В затымен әрекеттеседі. Демек,[В] =1,0-0,5=0,5моль/л болды.

Жауабы:[В]=0,5моль/л.

3 есеп 36 кг ( Сu + Zn) қорытпасында 45% Сu бар. Қорытпада 60% -тік Сu болу үшін, қорытпаға қанша Сu қосу керек?

А) 12,5 кг.; В) 14,3 кг.; С) 13,5 кг.; Д) 11,5 кг.; Е) 10,5 кг.

Шешілуі : m1w1 + m2w2 = m3w3 Құрғақ затты 100%-тік ерітінді деп қарастыру керек. 36 · 45 + m2 · 100 = (36 + m2 ) · 60 1620 + 100 m2 = 2160 + 60 m2 540 = 40 m2 m2 = 13.5 Жауабы: m(Сu) = 13.5 кг.

4 есеп Алюминий гидросульфатының массасының алюминий гидроксосульфаты массасынан ауырлығы: А) 140 ; В) 318; С) 342; Д) 214 ; Е) 178

Шешілуі : M ( Al(HSO4)3) = 318 г/ моль m( Al(HSO4)3) = 318 г M ( Al(OH)SO4) = 140 г/моль m( Al(OH)SO4) = 140 г

318г – 140г = 178г Жауабы: 178г

5 есеп Көлемі 200 мл., См(Na2CO3) = 0.25 моль/л ерітіндісіндегі натрий карбонатының массасы: А)53 г.; В) 7,3 г.; С) 106 г.; Д) 5,3 г.; Е) 10,6 г.

Шешілуі : М(Na2CO3) = 106 г/моль ; m(Na2CO3) = 106г/моль · 0,25 моль= 26.5 г.

200 мл.----------------х г. (Na2CO3) 1000 мл. -------------26,5г. (Na2CO3) х=5,3 г.

Жауабы: m(Na2CO3) =5,3 г.

6 есеп Екі изомері болатын зат:

А) C2F6; В) C2 Н5F; С) C2 Н2F4 ; Д) C2Н6; Е) C2 НF5;

Жауабы: C2 Н2F4 –дың: 1-изомері - 1,2,2,2-тетрафторэтан; 2-изомері- 1,1,2,2-тетрафторэтан

7 есеп 0,5 көлем газ тәрізді көмірсутек және 1,25 көлем оттектен тұратын қоспа жарылғанда 1 көлем СО2 және 0,5 көлем су буы түзілді. Көмірсутектің формуласы? А) С4Н10; В) С3Н8; С) С3Н6; Д) С2Н4; Е) С2Н2

Шешілуі : СхНу + О2 = СО2 + Н2О 0,5 : 1,25 : 1 : 0,5 /4 2 : 5 : 4 : 2 2СхНу +5 О2 =4 СО2 +2 Н2О Демек, белгісіз көмірсутектің формуласы: С2Н2-ацетилен

Жауабы: С2Н2

8 есеп 10% ерітіндісін әзірлеу үшін 161 г Na2SO4 ∙ 10H2O ерітуге қажет судың көлемі (мл)? А) 672мл; В) 569 мл; С) 549мл ; Д) 762 мл; Е) 760мл;

Шешілуі : М(Na2SO4 ∙ 10H2O )= 322 г/моль =

m1w1 + m2 w2 = m3 w3 Таза суды 0% -тік ерітінді деп қарастырамыз. 161∙44.099 + m2 ∙ 0 = ( 161 + m2) ∙ 10 7099,9 + 0 = 1610 +10 m2 5489,9 =10 m2 m2= 549г (су) ; ( Су) = Жауабы: ( Су) =

9 есеп Егер MgSO4 ∙ x H2O –да 51,2% су болса, онда судың мөльшері? А) 6 моль; В) 7 моль; С) 5 моль; Д) 4 моль; Е) 2 моль.

Шешілуі :

W(H2O)= 51.2= 51.2(120 + 18 x) = 1800 x 6144 + 921.6x = 1800x 878.4 x = 6144 x= 7 Химиялық формуласы: MgSO4 ∙ 7H2O

10 есеп Реакция А + 2В = С теңдеуі бойынша жүреді: А және В заттардың бастапқы концентрациясы 0,3 моль/л және 0,5 моль/л. Реакция жылдамдығының константасы-0,4. Біраз уақыттан кейін А затының концентрациясы 0,1 моль/л азайғаннан кейін реакцияның жылдамдығы: А) 0,0064 моль/л ; В) 0,0068 моль/л ; С) 0,0008 моль/л ; Д) 0,0076 моль/л; С) 0,0072 моль/л.

Шешілуі : [А] = 0,3 моль/л – 0,1 моль/л = 0,2 моль/л Реакция теңдеуі бойынша 1 моль А затымен 2 моль В заты әрекеттесетін болса,0,2 моль А заты 0,4 моль В затымен әрекеттеседі. Демек, [В] =0,5 - 0,4=0,1моль/л болды.

= 0.4 ∙ 0.2 ∙ 0.12 = 0.0008 моль/л∙с

Жауабы: 0.0008 моль/л∙с

11 есеп Белок молекуласында бір атом күкірт бар және оның белокта массалық үлесі 0,32%. Белоктың мольдік (г/моль) массасы: А) 9000; В) 15000; С) 10000; Д) 8000; Е) 7000;

Шешуі :

W(күкірт)= 0,32 = М(белок) = г/моль

Жауабы: М(белок) г/моль

12 есеп Концентрациясы 3,0 моль/л NaCl ерітіндісінің диссоциялану дәрежесі 60% болса, 1л ерітіндідегі иондардың зат мөльшері: А) 3,2 моль; В) 3,4 моль; С) 4,0 моль; Д) 3,6 моль; Е) 3,8 моль.

Шешуі : NaCl→ Na+ + Cl- С= С (Na+) = С ∙ C-ерітіндідегі иондар концентрациясы ; - диссоциациялану дәрежесі; n- ерітіндіге өтетін иондардың моль саны.

С (Na+) = С ∙ =3∙ 0,6∙ 1 =1,8 моль/л С (Cl-) = С ∙ =3∙ 0,6∙ 1 =1,8 моль/л C=1.8+1.8 =3.6 моль/л ν=С ∙ = 3,6 моль/л ∙1л=3,6 моль Жауабы: ν(Na+ , Cl-) =3,6 моль

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!