Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ҰБТ тапсыру кезіндегі ата-аналарға психологиялық көмек
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«ҰБТ тапсыру кезінде жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек»
«Курчатов қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ педагог-психологы Калиева Динара Сагындыковна
Мақсаты: ҰБТ-ға дайындық кезінде белгілі бір қиындықта, түлектерге жағымды психоэмоционалды күйіне жетуге тиімді жағдай тудыру.
Міндеттері:
-
ҰБТ-ға дайындық тиімділігін арттыру.
-
ҰБТ кезінде психологиялық тұрғыдан ата-аналар тарапынан дұрыс көмек бере білу.
-
Өз эмоцияларын басқара алу.
«Амандасу» жаттығуы.
Мақсаты:
Құрметті ата-аналар, Ұстаздар! Біз бүгін осы жерге өте маңызды себеп бойынша жиналып отырмыз. Жақын арада, маусым айында біздің он бірінші сынып оқушыларымыз ҰБТ тапсырады.
Түлектердің ата-аналарының естен шығармайтын ең үлкен қағидаты: ҰБТ-ге дайындық отбасын ажыратпай, керісінше, оның ауызбірлігін күшейтуі керек! Отбасында өзара түсіністік, өзара қолдау, құрмет пен сыйластық, сүйіспеншілік әлеуеті артуы керек! «Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан басталады»,- демейді емес пе қазақ нақылында!
Ал енді балаларымызбен қарым-қатынасты қалайша сапалы етуге болатындығы, яғни, ҰБТ тапсыру кезеңінде балаларға қажетті қолдау көрсету керектігі жөнінде сөйлеселік.
Бастама сурет тоқтап тұрған кезде, Құрметті ата-аналар! Сіздердің назарларыңызға жасөспірімнің ҰБТ дайындығы кезеңінде ата-аналардың мінез-құлықтарына қатысты ата-аналарға арналған негізгі психологиялық кеңестер келтірілген слайдты ұсынамын. Әр ата-ананы өз баласының тағдыры толғандыратындығын барлығымыз түсінеміз. Әрбір ата-ана өз баласының өмірі жақсы болғандығын, балаларының дендері сау, бақытты болғандықтарын қалайды.
Орта мектепті тәмәмдау кезіндегі аттестациялық сынақ ретіндегі ҰБТ-дің барлық оң және теріс жақтарын қабылдау керек. Он жыл бойы ҰБТ бұл – біздің білім беру кеңістігіндегі жаңа шындық. Бірде-бір отбасының бұл фактімен санаспауы мүмкін емес! Пайдасыз теріске шығарудың, өнімсіз ашуланудың және басқа да теріс эмоциялардың орнына, өздеріңіздің күш-жігерлеріңізді жағдайдың оң сәттеріне барынша толығымен жұмсауға тырысыңыздар! Әрине, теріс эмоциялардан аулақ болыңыздар. Бұл дегеніміз, тым эмоционалды ата-аналар көрсететін үрейге берілмеу деген сөз!
ҰБТ сұрақтарында мектеп бағдарламасында жоқ, ешқандай сұрақтардың болмайтындығын әрбір ата-ананың естен шығармағандығы өте пайдалы! Яғни, бұл дегеніміз, тестке жыл бойы дайындалып, жақсы бағалар алған кез келген оқушы оны орындай алады деген сөз.
Ата-аналар өз баласын кемсітпей, керісінше оның өз-өзіне деген бағасын арттырып, оның өзінің күші мен қабілетіне деген сенімін нығайту. Асыра мақтаудан қорықпау керек! Асыра мінеп-сынаудан қауіптену керек!
Біздің барлығымыз қазіргі заманғы ата-аналардың тым жұмыс басты екендігін білеміз. Әркімнің жұмысы бастан асып жатады. Өйткені қазіргі кездегі өмір өте күрделі емес пе!? Кейде өзіңнің балаңа – жасөспірімге мұқият қарауға, оның хал-жайын ұғынуға, оның қажеттіліктерін түсінуге де уақыт жетпей жатады. Осыған қарамастан, жасөспірімнің көңіл-күйінің және мінез-құлқының барлық өзгешеліктерін уақытылы байқау ҚАЖЕТ, бала ағзасының физикалық және психологиялық ресурстарының шамадан тыс жүктемесінсіз, ауыртпалықтарды жеңе білуіне көмектесу керек.
Осындай, алғаш қарағанда, қарапайым, бірақ өте маңызды заңдарды, өз баласына жақсы көмекші болғысы келетін, әр ата-ана меңгере білуі тиіс!
Егер біз мұны есімізде жақсы сақтап қалған болсақ, осы заңдарды тәжірибе жүзінде қалай іске асыратындығымызды талқылайық. Айқын шындықтан басталық. Біздің балаларымызға деген ықыласымыз туралы сөйлесейікші.
/Келесі слайд/.
Әр ата-ана ҰБТ нәтижелерінің маңыздылығы, баланың денсаулығы мен оның эмоционалдық амандығы туралы қамқорлықты көлеңкелемеу керек екендігін түсінуі тиіс. Өйткені алда – әлі ұзақ өмір бар және де жасөспірім оған өзінің күшіне деген сеніммен, ата-анасы өзін түсінеді және қолдайды, тіпті егер бірден барлығы ойлағандай болмаса да, болашақта алға қойған мақсатына жету мүмкіндігі бар екендігі сезімімен қадам жасауы тиіс.
Баланың көңіл-күйіне мұқият болған айрықша маңызды. Баланың шаршауына байланысты оның жағдайының төмендегенін ата-анадан басқа кім уақытылы байқап, алдын ала алады?
Психологтар, дәрігерлер мен ұстаздар баланың денсаулығына қамқорлық жасап, әр ата-ана ұстануы тиіс.
Ата-аналар өз балаларының-орта мектеп түлектерінің ҰБТ дайындалу мен тапсыру кезеңінде қалай қолдауы тиіс екендігі мәселесінің талқылауы туралы сөйлесейік
АТА-АНАЛАР ҚОЛДАУЫНЫҢ БІРІНШІ СТРАТЕГИЯСЫ: Өз балаңызға көбірек жымиыңыз! Бір кездері америкалық «Кип смайлинг» (аудармасы «күлкіні ұстаңыздар!») ұраны кекесін туғызған еді. Бірақ қазір балаға түнерген бет әлпетімен айтылған сөз қаншалықты жақсы болса да, оның жанын жадыратпайтындығы барлығына мәлім. Адам жанының қақпасы – оның көздері, ал оны күлкі ашады! Сондықтан күлуді ұмытпаңыздар! Әрқашан сіздердің көздеріңізден өз балаларыңызға деген махаббат жылуы төгіліп тұратын болсын!
ЕКІНШІ СТРАТЕГИЯ. Балаңызбен көбірек сөйлесіңіз! Оның барлық сұрақтарына жауап беріңіз! Оның үрейлері мен қорқыныштарын талқылаңыз! Баламен әңгімелесуге уақытыңызды аямаңыз! Өйткені тап қазір бұл оған аса мұқтаж. Бала сіздің ілтипатыңызды өмір бойы естен шығармайтындығына және ол үшін әрдайым риза болатындығына сенімді болыңыз.
Ата-ана қолдауының ҮШІНШІ СТРАТЕГИЯСЫ. Балаңызды мейірлене құшақтауда сараңдық жасамаңыз! Балаңызды құшақтаңыз – физикалық байланыс тыныштандырудың сенімді құралы болып табылады; белгілі американдық отбасылық психолог Вирджиния Сатир: “Баланың жай ғана өмір сүруі үшін күніне төрт рет, ал дұрыс дамуы үшін, - он екі рет құшақтау керек”,-деп жазған.
Қарасаң барлығы қарапайым нәрсе сияқты! Ал бірақ өмірде «жүгіріп», «әбігерленіп» жүріп, туған баламызды құшақтауға да үлгермей жатамыз!
Ата-ана қолдауының ТӨРТІНШІ СТРАТЕГИЯСЫ. Баланың бойына дұрыс, уәждемелі, тыныштандыратын және өз-өзіне деген сенім ұялататын ата-аналық бата-тілек жасай біліңіздер! Ата-аналық бата-тілектің жақсы үлгілері: «Мен сенің барлығын жеңе алатындығыңа сенімдімін! Барлығы жақсы болады! Абыржыма, байсалды бол! Ұстамды бол! Сен – ақылдысың әрі күштісің! Мен сені мақтан тұтамын! Не болса да, біз сені жақсы көреміз! Сен біз үшін – ең тамашасың!».
Назар аударыңыз: Өзіңіз не айтқыңыз келсе, Балаңызды жақсы көретін жүрегіңіз нені сездірсе, Соны айтыңыз!
Сіздердің әрқайсыңызды өз эмоцияларыңызбен күресуге үйрету үшін, мен сіздерге өте қарапайым, бірақ тиімді жаттығу көрсеткім келеді, ол ашулану, агрессия кезінде жақсы көңіл-күйге қайтып келу мүмкіндігін береді. Жаттығу «Есімдер» деп аталады. Қазір сіздердің әрқайсыңыз, оны өздеріңіз үшін жасайсыздар. Ал мен сіздерге оны бірнеше мысалмен қалай орындауға болатындығын көрсетемін.
/Келесі слайд/.
Біздің барлығымыз адамның өмірінде оның есімінің алар орнының маңызы зор екендігін білеміз. Капитан Врунгел айтқандай: «Кемені қалай атасаң, кеме де солай жүзеді». Адамның есімі де осылай. Ол адамның жетістіктерімен тікелей байланысты. Оның жүз пайызға дұрыс-бұрыстығын дәлелдеуге тырыспаймыз. Және де «ЕСІМДЕР» жаттығуының маңызы онда емес. Бірақ біздің есімімізді мейірімділікпен, мақтанышпен, құрметпен атап жатса, жанымызға жағатыны белгілі! Сондықтан сарапшылар стресті жағдайлармен күрестің тәсілдерін жасай отырып, адамның есімінде болатын әлеуетті назардан тыс қалдыра алмады. Эмоционалдық «күйзеліс» күйінен шығу үшін өз есіміңді қалай пайдалануға болады? МІНЕ, ҚАРАПАЙЫМ ТЕХНИКАСЫ.
Мен оны бірнеше есімдер мысалында жазып көрсетемін. Біріншісі – ЖҰЛДЫЗ есімі.
/Келесі слайдты қараңыздар/.
ЖҰЛДЫЗ есімін ТІКЕСІНЕН жазамыз (психолог мұны слайдтағыдай етіп жазып көрсетеді):
Ж
Ұ
Л
Д
Ы
З
Ал енді ЖҰЛДЫЗ есімді әйелге тән, оның есімінің әр атына сәйкес келетін қандай қасиеттері болуы мүмкін екендігі туралы ойлап көрелік. Бұл қасиеттерді әр әріпке қарама-қарсы жазалық. Бұдан не шыққанын экраннан көрелік:
Ж – жылы жүзді
Ұ – ұстамды
Л – лайықты
Д – досшыл
Ы – ынсапты
Құрметті ата-аналар өз балаларыңызға берген есімдеріңізге сәйкес қасиеттерді қалай пайдалануға болатынын мен қазір айтамын. Мысалы, Жұлдыз есімді қыз өз есімінің осылайша «мағынасының ашылуын», ашуланғанда, агрессияны немесе басқа да теріс эмоцияны сезінген кезінде қалайша пайдалануы тиіс? Ол мұны былай пайдалана алады. Өзінің ішкі дүниесімен сөйлесуден, өзінің есімінің мағынасын еске алып, өзіне назар аударудан бастауы тиіс. Мәселен, өзімен-өзі былай деп сөйлесуіне болады: «Құрметті Жұлдыз! Сенің есімің өзіңді ұстамды болуға міндеттесе, неге сен ашуланасың?! Егер сенің атың досшыл деуге міндеттесе, сен неге ұрсасың?!».
Осындай ішкі диалогтан соң, Жұлдыздың көңіл-күйінің АНЫҚ жақсаратындығына мен сенімдімін!
Мен сіздердің барлықтарыңыздың оның күшін сезіну үшін, өз есімдеріңізбен қалай жұмыс істеу керектігін түсінгендіктеріңізге сенімдімін.
Міне осындай тамаша ұғымдарға қол жеткіздік! Сіздердің әрқайсыларыңыз өзінің есімінің өте жақсы, уәжді ұғымын жасай алатындығына сенім білдіремін! Және де осы қарапайым, бірақ өте тиімді тәсілге өздеріңізге де жасап көруге кеңес беремін. Бұл тамаша ресурстық жаттығулар! Ол жағымды эмоциялар тудырады! Оны өздеріңіз пайдаланыңыздар және балаларыңызды да пайдалануға ынталандырыңыздар!
Бұдан әрі барша психологтардың үрейлі хал-жағдайды «сана ойындарымен», яғни, әр түрлі ойлануды қажет ететін жаттығулармен тыныштандыруға, яғни, әр түрлі сөздердің мағынасын ойлап табуға кеңес беретіндігін ата-аналардың естеріне салғым келеді.
/Келесі слайдты көрелік/.
Онда ЕМТИХАН сөзінен табуға болатын, жаңа мағыналар көрсетілген.
Е – еңбек, ерік-жігер
М- мақсат, мүдде, міндет
Т- талап, талант, тапқырлық
И- игілік үшін еңбектену
Х- хабардарлық
А- ақ жол, ақ ниет, ақыл
Н- намыс, нәтиже!
Әрине, ҰБТ сөзінен де жаңа мағына іздеген пайдалы.
/Келесі слайдты қараңыздар/. Оның да мағынасын қалайша уәждемелі етуге болатындығын көресіздер!
Ұ- ұжымдастық, ұқыптылық
Б- бірлік, бағалау, бақылау
Т- талант, талап, тәжірибе
Қорытындылау:
«Сабынды судан шар шығару» Сабынды суды ыдысынан қозғап жіберіп үрлейді. Үрлеген ата-ана немесе мұғалім ҰБТ тапсырушы балаларға қандай тілек білдіріп тұрғанын, отырған қатысушылар шардың көлеміне қарап тілегін тауып айту керек.
Рефлексия. Жалпы семинар – тренингтен алған әсеріңіз қандай?
Қазіргі сәтте көңіл-күйіңіз қандай?