Үй жануарлары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үй жануарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік: Үй жануарлары және олардың төлдерімен таныстыру, үй жануарлары жайлы түсініктерін, ажырата білуді үйрету, пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту. Дамытушылық: Әңгімелету арқылы есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін, әрі нақты жеткізе білуге дағдыландыру, ойын арқылы сөздік қорларын молайту. Тәрбиелік: Жануарларға қамқорлық жасауға, оларға сүйіспеншілікпен қарай білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

 Білім беру саласы: Коммуникация

Білім беру саласы: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Үй жануарлары
Мақсаты:

Білімділік: Үй жануарлары және олардың төлдерімен таныстыру, үй жануарлары жайлы түсініктерін, ажырата білуді үйрету, пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту. 
Дамытушылық: Әңгімелету арқылы есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін, әрі нақты жеткізе білуге дағдыландыру, ойын арқылы сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік: Жануарларға қамқорлық жасауға, оларға сүйіспеншілікпен қарай білуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілі: Жұмбақ шешу, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, ойын, интерактивті тақтадан көрсету.
Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері, интерактивті тақта.

Сабақ түрі: Саяхат сабақ.

Сабақтың барысы: Тәрбиешінің іс-әрекеті

- Балалар, сабағымыздың тақырыбы үй жануарлар туралы.

Осы үй жануарлары қайда тіршілік етеді.

- Ауылда.

- Ал біздер қайда тұрамыз?

- Ауылда.

- Ауылдың аты қалай?

- Үржар ауылы.

1. Ауылға саяхатқа бару.

Жолда көңілді болу үшін «Қошақаным» әнін айтамыз. (шеңбер бойымен жүреді)

- Міне, балалар, біз ауылға келдік.

Ауылда үй жануарлары тіршілік етеді.

- Қандай үй жануарларын білесіңдер.(балалар жауап береді).

Тыңдап қарасақ, олардың дыбыстары естіледі.

1. Жануарлардың дауыстарын тыңдап, қай жануар екенін айтады, интерактивті тақтада сол жануардың суреті шығады слайд бойынша.

- Қане, мынау ненің дыбысы? ( балалар жауап береді, әрі қарай жалғастыру)

2. Жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріңдерші. 

1. Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.   (қой)                      

2. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.(Түйе)

3.Басында екі таяғы бар, 

Төрт аяғы,сақалы бар.  (ешкі)                             

4.Өріске ерте өреді,

 Біздерге сүт береді.  (сиыр)

3.«Төлдерін, балаларын ата» ойыны; 

Тәрбиеші: Балалар, үй жануарларының төлдерін білесіңдер ме? Кім айтады?
Сиыр - бұзау
Жылқы – құлын
Қой – қозы
Ешкі – лақ
Түйе – бота
Ит – күшік
Мысық –марғау
Сергіту сәті:

Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті - қолын жуады.

4. - «Не артық?» ойыны ойналады.
Балалардың алдына үй жануарлары мен жабайы аңдар аралас қойылады, балалар жабайы аңдарды алып тастау керек. Қалған жануарларды бір бірден сипаттайды.

- Адамдарға қандай пайдасы бар?

Сиыр – сүт, қаймақ, май, ірімшік, сүзбе, құрт жасаймыз
Жылқы – жүк тасиды, қымыз, ет, терісінен киім тігеді.
Қой – жүнінен киім тоқиды, ет.
Ешкі – түбітінен киім тоқиды, ет.

Түйе – жүк тасиды, шұбат, жүнінен киім тоқиды, ет.
Есек – жүк тасиды.
Ит – үйімізді, малымызды күзетеді.
Мысық – тышқан аулайды.
 

5. "Ненің көлеңкесі " ойыны. Интерактивтік тақта бойынша.

Қорытынды:

- Енді, балалар, осы үй жануарларға айтылатын тыйым сөздер бар.

- Қане, тыйым сөздерді айтайық:

- Малды аяқпен тебуге болмайды;

- Таяқпен маңдайына ұруға болмайды;

- Малдың сүтіне түкіруге болмайды;

- Қане, балалар ауылдан шығып, балабақшамызға барайық. Шеңбер бойымен жүріп,тақпағын айтады.
Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз
Бүгінгі келген қонаққа
Сау болыңыз деп, айтамыз.

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Үй жануарлрының аттарын, төлдерін білу.    

Меңгеруі тиіс: Әр жануардың өзіне тән ерекшелігі мен берер пайдасын;

Үйренуі тиіс: Тақырыпқа сай жұмбақтар, әндер.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2018
457
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі