Үй жануарлары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үй жануарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: үй жануарлары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім

басқармасы Тараз қаласының білім

бөлімінің психологиялық-педагогикалық

түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

педагог-психолог: Әбукәрім М




Тақырыбы: Үй жануарлары.

Мақсаты:  Балаларға үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың төлдерін бір- біріннен ажырата білуге, зейін қойып тыңдауға үйрету. Олардың бізге тигізер пайдасын айту және оларды күтіп баптауға, қорғап қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Үй жануарларына байланысты тақпақ, мақал- мәтелдерді қайталай отырып, сұрақ жауап арқылы балалардың тілін дамыту.

Түзету - дамытушылық: Сөздерді дұрыс, анық айтуға жаттықтыру. Сөздерді байланыстырып сөйлеуге үйрету. Балалардың тілін, сөйлеу мәнерін, көру, есту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.Үй жануарларын ажырата білуге үйрету, заттарды салыстыра білуге, геометриялық пішіндерге ұқсасзаттарды таба білуге дағдыландыру, сурет салу әдістерін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, оның әсемділігін,әдемілігін сезіне білуге тәрбиелеу. Ұқыптылыққа,зейінділікке баулу.

Әдіс –тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, сергіту сәттері, сұрақ –жауап, дидактикалық ойындар.

Құрал-жабдықтар: тақырыптық суреттер, түрлі түсті қаламдар, қайшы, пластилин, таза қағаздар.

Көрнекілік:  үй жануарлары қой, сиыр, түйе, ешкі, жылқы, үйдің суреттері, макеттері. Малдан алынған өнімдер: Сүт, айран, құрт, ет, жүн, жылы тоқылған қолғап.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Балалармен амандасу.

  • Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды дайындау.

  • Сабаққа қызығушылығын ояту.

  • Мимикалық жаттығу.

II. Өткен сабақтарды қайталау:

Есте сақтау қабілетін және зейінін дамытуға арналған жаттығуларды ойындау

Сергіту сәті

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

III. Жаңа тақырып.


IV.Үй жануарларының төлін ата?

Жылқы атасы- Қамбар ата,

Сиыр атасы- Зеңгі баба.

Түйе атасы- Ойсыл қара,

Қой атасы- Шопан ата.

Ешкінің иесі- Сексек ата.

Балалар тақпақты қайталап, естеріне сақтайды.


V.Дидактикалық ойын: «Мекеніне апар» ойыны

Мақсаты: Үй жануарларын дала жануарларыннан ажырата білуге үйрету. Үй жануарлары мен дала жануарларының қайда тіршілік ететінін білуге үйрету.Балалардың ойлау қабылетін дамыту.

Барысы: Қалтада әр түрлі үй жануарлары мен дала жануарлары салынған аты аталған бала ортаға шығып қалтаға қолын салып бір жануарды алып шығады. Алып шыққан жануардың дала немесе үй жануар екенін айтып, орманға немесе үй қасына қояды.


Сергіту сәті:

Жазда атамның аулына

Барып едім қыдырып,

Бір қошақан алдымнан

Шықты ойнап, секіріп.

Ақ маңдайлы айма екен

Шекер ме екен бал ме екен.

Кеттім оны сағынып,

Қошақаным қайда екен. 


VI.Үй жануарлары қандай дыбыс шығарады?

-Жарайсыңдар балалар, сиыр «мө-мө-мө» деген дыбыс шығарады. Сиырдың адамға пайдасы көп. Сүтін ішіп, етін жейміз, терісінен киім тігеміз, сондықтан да сиырды күтіп бағуымыз керек. Сиырға шем шөп берерде «аухау-аухау» деп шақырамыз.

-Қой «мә-мә-мә» деп маңырайды. Суарарда «пұшайт-пұшайт» деп шақырады. Қойдың сүтін қорғасын дейді. Етін жеп, жүнін тұрмыста пайдаланымыз.

-Ешкіні , лақты «шөре-шөре» деп шақырады. Ешкі сүті құнарлы, ем болып келеді. Ешкінің түбітінен шәркей, орамал, қолғаптар тоқиды.

-Жылқы кісінейді. Жылқыны «қырау-қырау» деп дауыстап шақырады. Жылқының сүтінен қымыз аламыз. Жылқының еті адам ағзасына пайдалы.

-Түйе «бө-бө-бө» деп боздайды. Түйені «көс-көс» деп шақырамыз. Түйенің сүтінен шұбат дайындайды.



VII.  Қайсысы қайда тіршілік етеді

Мақсаты:жануарларды ұқсас белгілеріне қарай табу, олардың мекен-жайын анықтау. Сөздік қорын молайту.

Көрнекілік:әр түрлі жануарлар, құстар суреті

Ойын барысы:әр түрлі жануарлар, құстарды көрсетіп, олардың қайда өмір сүретінін сұралады. Оларды немен қоректенетінін айтқызады. Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер еңгізу үшін тапсырманы түрлендіруге болады. Олартуралыбілетінтақпақтарын сұрайды.

VIII. Қорытынды.

Балалардың не үйренгендерін сұрау.

  • Үй жануар қайда мекендейді?

  • Оларға кім қарайды?

  • Олар немен қоректенеді?

  • Жем, шөп, су.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2025
132
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі