ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ ЕСІК
ҚАЛАСЫ
«БОЛАШАҚ -2007»
БАЛАБАҚШАСЫ
АШЫҚ
САБАҚ
«ҮЙ
ЖАНУАРЛАРЫ»
ОРАЗБЕКОВА
А.С.
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІ
МҰҒАЛІМІ
Сабақтың
тақырыбы: Үй
жануарлары
Мақсаты:
Балаларға үй жануарлары туралы
түсінік беру және тереңдету , төрт түлік малдың адам өміріндегі
маңызы, жайлы мағлұмат беру, жаңа сөздерді
бекіту.
Сөздік қорларын молайту, қазақ
тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтқызу.
Үй жануарларына қамқорлық
жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
қалыпты
Әдіс
–тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,
сөздік, диалог, дидактикалық ойындар.
Себепті қызығушылық ояту
кезеңі: (Балалар қонақтармен
амандасады)
-Сәлеметсіздер ме
қонақтар!
Мұғалім: -Қане бәріміз
бірге:
Қайырлы таң
күн!
Қайырлы таң
ауа!
Қайырлы таң
құстар!
Қайырлы таң
достар!
Мұғалім: -Сәлеметсіздер ме, балалар!
Қазір қандай сабақ? Бүгінгі біздің сабағымызға Қаламқас деген
қуыршақ қонаққа келді.
-Кукла қазақша қалай
айтылады?
-Қуыршақ.
-Қаламқас қуыршақпен
амандасамыз ба?
-Сәлеметсің бе, қуыршақ
Қаламқас!
Қане, бәріміз бірге қ әріпін
айтайықшы: қ; қа-қа-қа Қаламқас. Балалар Қаламқас қуыршақ бізге құр
қол келмепті. Ол бізге сиқырлы қап алып келіпті. Балалар бәріміз
бірге ойнап жіберейік. Сендер келіп қаптан бір-бірлеп ойыншық алып,
оның атауын айтасыңдар. Ал, Қаламқас қуыршақ болса, сендердің қалай
жауап беретіндеріңді тыңдайды.
Дидкатикалық ойын «Сиқырлы
қап»
(Балалар біртіндеп келіп
қаптағы ойыншықтарды көрсетеді)
Өткен сабақты
бекіту.
-Балалар мына сиқырлы қапта
ойыншықтар болды. Бұл біздің өткен «Ойыншықтар» тақырыбымыз
болған.
Енді мынандай тілдік
жаттығулар жасайық(фонетикалық жаттығулар): ү-ү-ү –түйе; үй-түй
–түйе, қ-қ-қ –қой; қол-аяқ, таяқ, құлақ, Жарайсыңдар,
балалар!
Жаңа
сабақ. –Балалар Қаламқас қуыршақ
бізге тағыда үй жануарларын алып келіпті, қараңдаршы. Үстелде үй
жануарлары жатыр. Балалар өздері білгендерінше айтады. Балалар біз
неге оларды үй жануарлары деп атаймыз? (Балалардың
жауабы)
-Өйткені, олар адамдарға
пайдалы. Ал енді қараңдаршы мынау не?
- Верблюд
-түйе.
( Балалар 3-4 рет жекелей және
хормен айтады) балалар түйе сөзінде ерекше әріп естіп тұрмыз ол ү
әріпі. Балалар түйе не береді білеміз бе? -Түйе бізге ет, жүн,
сүтінен шұбат әзірлейді.
( балаларға сиырдың суреті
көрсетіледі)
-Корова қазақша
сиыр
-Ал сиыр бізге не береді?
–сүт, ет.
Барлық үй жануарларының айтып
шығады.
Сергіту
сәті.
Қарлығаштар
қанатын,
Самғап,самғап
ұшады.
Қозымызбен,
лағымыз,
Ытқып, ытқып
шабады.
Қуыршақ Қаламқастың тағы бір
ойыны бар ол «Үй жануарларының үні» деп аталады. Біз ең алдымен
тыңдайық сонан кейін ненікі екенін
айтамыз.
( Үнтаспадан үй жануарларының
үні естіледі. Балалар тауып айтады.)
Қаламқас қуыршақ, біздің
балаларымыз төрт түлік туралы тақпақтар біледі екен, соны
тыңдайықшы.
Ясмина: Қошақаны
қойдың,
Қайда қалып
қойдың.
Бұлтиып тұр
бүйірің,
Қай өрістен
тойдың.
Яна: Секең,секең ей
лақ,
Жүрмін саған
кейіп-ақ.
Тыным тапсаң болмай
ма?
Секеңдемей бір
уақ.
Максим: Томпаң, томпаң
торай,
Дауысыңның зоры
–ай.
Дөкей бола
қалыпсың,
Толысымен он
ай.
Азиз: атқа жақсы
қараймын,
Жал құйрығын
тараймын.
Мініп алып сол
атқа,
Барып жүрмін
қонаққа.
Лиза: Ботақаны
нардың,
Жарға неге
бардың.
Тілерсегің
дірілдеп,
Қайда қалып
қойдың.
Имран: түйе маған шұбат
береді,
Шұбат маған қууат
береді.
Саша: ешкі қойды
бастаған,
Қойды артына
тастаған.
Ешкі деген
жануар,
Сауса сүті
бұлақтай.
Валя: Маң-маң, маң
басқан,
Шудаларын шаң
басқан.
Екі өркешін қом
басқан,
Төрт аяғын тең
басқан.
Аня: Әукім-әукім
сиырым,
Мүйізіңнің
сүйірін.
Шүйгін жерге
келгелі.
Шығып қапты
бүйірің.
Вадим:
Құлыншағым-
құндызым
Құлдырайды,
шабады
Жылтылдаған
жұлдызым
Құстай қанат
қағады
Әлия: Қара көзің
мөлдіреп,
Қызықтырмай
қоймайды
Жібек жүнің
үлбіреп
Қарасам, көз
тоймайды.
Максим: Шөре-шөре,
лағым
Тентек
болма,шырағым
Секектеме, деміңді
ал,
Селтеңдемей
құлағың
Злата: Момақаным
менің,
Маңырама,
төлім.
Тойғызады
кешке
Енең келіп
сенің.
Балалар Қаламқас қуыршақ
жабайы аңдар мен үй жануарларының қайда тұратынын білмейді екен.
Қане көрсетіп жіберейікші, ненің қайда тұратынын тауып
берейік.
«Топтастыр» дидактикалық
ойыны. Үй жануарлары мен жабайы аңдар бірігіп кетіпті, үй
жануарларын қораға, жабайы аңдарды орманға қарай
жіберейік.
Біздің балаларымыз үй
жануарлары туралы жұмақтар біледі екен қане, шешіп
көрейікші.
Сулейман:
Басында таяғы
бар,
Төрт аяғы
бар,
Сегіз тұяғы
бар,
Иегінде сақалы
бар.
Адиля:
Кезекті бір
жануар,
Үстінде бір тауы
бар.
Руслан:
Өзі күшті, мүйізі
мықты.
Төрт бұлағы сүт, баға білсең
құт.
Диана:
Кішкентай ғана бойы
бар,
Айналдырып киген тоны
бар.
Әне, көрдің бе, Қаламқас
қуыршақ біздің балаларымыз жұмақты жасыра да, шешеде
біледі.
Ал балалар, енді бір ойын
ойнайық оның аты «Түйеқұс» деп атадаы. (балалар «Түйеқұс» ойынын
ойнайды)
Балалар, біреу есік қаққан
сияқты естіп тұрмыз ба?
Иә, кім екен көрейікші.
Есіктен ит кіреді. Бұл кім екен? Бұл ит Қаламқас қуыршақтың иті
екен бағанадан бері ол іздеп әрең тауыпты. Ал балалар итпен
амандасайық.
Иттің сөз: -Балалар сендер
қазақша жақсы біледі екенсіңдер, мен бағанадан бері тыңдап тұрдым,
сендер өте ақылды, білімпаз балалар екенсіңдер, сондықтан мен
сендерге сыйлық әкелдім.
Мұғалім: иә, ит біздің
балаларымыз өте ақылды. Сұрап көрейікші балалар бүгінгі сабақ
сендерге ұнады ма?
-Біз қандай тақырып
өттік?
-Қандай үй жануарларын
білеміз?
-Неге оларды үй жануарлары деп
атаймыз?
-Олардың қандай пайдасы
бар?
Енді балалар итке біз
«Қошақаным» әнін орындап берейікші. Міне, көрдің бе ит біздің
балалар қандай өнерлі, білімді екендерін көрсетті. Енді балаларға
әкелген сыйлығыңды беруіңе болады.
-Ит: -Балалар, сендердің
өнерлі, ақылды екенсіңдер. Сондықтан менің әкелген мына
сыйлықтарымды алыңдар. Қазақ тілін бұданда жақсы оқи беріңдер.
Менің де сендермен қоштасатын кезім жетті. Достым Қаламқас жүр
кеттік, бізді басқа да балалар күтіп отыр.
Сау болыңдар! Мен сендерге
сәттілік тілеймін!
Бүгінгі сабақта біздің топтың
балаларының барлығы жақсы белсенділік көрсетті. Енді Қалаамқас
қуыршақ пен оның итімен қоштасатын уақыт жетті. Ал, енді
қоштасайық, Сау болыңдар!