«Үй жануарлары» Ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Үй жануарлары» Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
: Үй жануарлары туралы түсінік беру, білімдерін тиянақтау, төлдерімен таныстыру.Оларға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Төрт түліктің адамға берер пайдасын үйрету. Сөздік қорын дамыту, дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру. Шығармашылық қабілетін дамыту, жапсыруға,сурет бояуға деген ынтасын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Үй жануарлары»

Мақсаты: Үй жануарлары туралы түсінік беру, білімдерін тиянақтау, төлдерімен таныстыру.Оларға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Төрт түліктің адамға берер пайдасын үйрету. Сөздік қорын дамыту, дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру. Шығармашылық қабілетін дамыту, жапсыруға,сурет бояуға деген ынтасын арттыру.

Көрнекілік: Үй жануарлары және олардың төлдерінің суреттері, ойыншықтар, ақ қағаз бетіне қой және жылқы суреті салынған, түбіт, кілегей, қылқалам, бояу және сүлгі.

Ұйымдастыру: Балалар жартылай шеңбер болып отырады.

Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге қонақтар келді, қане орнымыздан тұрып сәлемдесіп алайық.

Балалар: Сәлеетсіздер ме?

Ән ұран айтылады.

Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз мезгілі.

Тәрбиеші: Балалар қане күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Балалар: Жаңбыр жауады, күзде жапырақтар сарғаяды, күн суытады. Тәрбиеші: Балалар жарайсыңдар, күз туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер. Бүгін біз төрт түлік туралы әңгімелесеміз, балалар төрт түлік туралы айтпас бұрын біз ауылға қонаққа барып қайтайық.

Барамыз ба?

Балалар: Ия, барамыз.

Тәрбиеші: Поезбен барамыз (балалар орындарынан тұрып, белдерінен ұстап поезд болады.Жолда келе жатып жайлауда жайылып жүрген төрт түлік малмен танысады)

Тәрбиеші: Қараңдаршы балалар ауылға да жеттік. Атаның үйіде көрініп тұр екен, сонда барайық.

Балалар: Сәлеметсіз бе?

Ата: Сәлеметсіңдер ме,қарақтарым сендер қайдан келдіңдер?

Балалар: Қаладан

Тәрбиеші: Ата біздің балалар төрт түлік төлдері туралы тақпақтар біледі қазір сізге айтып береді.

Жания: Жылқы сүйеді баласын шұбарым деп,

Жүгіруден тарасын құмарың - деп.

Тәрбиеші: Біздің балалар қалада тұрса да, төрт түлік туралы бәрін біледі.

Рахмет ата сізге, біз енді қайтайық.

Балалар поезға мінеді.Сау болыңыз ата.

Ата: Сау болыңдар қарақтарым. Балабақшаларыңа жақсы жетіңдер.

Қорытынды: Ал енді сол құлынға арнап «Ақ тайым» әнін айтып берейік.

Тәрбиеші: Рахмет сендерге балалар, бүгін барлықтарыңда үлкен еңбек еттіңдер. Осымен оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Сау болыңдар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.00.2020
478
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі