400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Үй жиһаздары», «С-Ш» дыбыстарын буын, сөз, сөйлемде жіктеп саралау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Үй жиһаздары тақырыбы бойынша балалардың ой-өрісін арттыру. Білімдерін кеңейту, жиһаздардың неден жасалатынын айтып түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді_________

_________

Мұғалім-логопед: Нарымбетова Ж.Е.

Күні: 01.02.-05.02.2021ж.ж.

Сабақтың тақырыбы: «Үй жиһаздары», «С-Ш» дыбыстарын буын, сөз, сөйлемде жіктеп саралау.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Үй жиһаздары тақырыбы

бойынша балалардың ой-өрісін арттыру. Білімдерін

кеңейту, жиһаздардың неден жасалатынын айтып

түсіндіру.

2. Түзете-дамытушылық: Көріп және естіп, есте

сақтау қабілеттерін, сөйлеу тілін,

грамматикалық сөз тізбектерін дамыту, жетілдіру.

С-Ш дыбыстарын буында, сөзде, сөйлемде жіктеп

саралау. Сөздік қорларын одан әрі арттыру;

3. Тәрбиелік: Үй жиһаздарын таза ұстауға баулу.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, педагог пен баланың іс-әрекеті, бақылау, мадақтап отыру.

Көрнекілігі: Жиһаздардың суреттері, дыбыс кескіндері, үлестірмелі суреттер, дидактикалық құралдар, артикуляциялық жаттығулар.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ.

Жұмыс түрі: Аралас жұмыс (жеке және топтық).


Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлемдесу;

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Бүгін ауа-райы қандай болып тұр?

  • Сабаққа назарын аудару;

  • Ауызекі сөйлесу;

Артикуляциялық жаттығулар: «Маса», «Тарақ», «Күрекше», «Тіс тазалау», «Сағат», «Ат шауып келеді».

Тыныспен жұмыс:

«Мұрынмен дұрыс тыныста, ауызбен дұрыс дем шығар»

Шарты: Балалар мұрынмен терең тыныс алып, ауызбен ауаны ұртқа жинамай, жәйменен дем шығарады.

II. Үй тапсырмасын сұрау: Өткен сабақ бойынша тақырыптарды қайталау.

Сұрақ-жауап арқылы қайталау.

  • Қазір қай мезгіл?

  • Қыстап қалатын қандай құстарды білесің?

III. Жаңа сабақ: Тақырып бойынша түсіндірме жұмысын жүргізу. Сурет бойынша үй жиһаздарымен таныстыру. Олардың әрқайсысының өздеріне арналған бөлмелері болатынын айтып түсіндіру. Жатын бөлмеде кереует, тамақты үстел үстінде ішеді, орындықта отырады, диванда демалады.

Олай болса, үй жиһаздарына арналған жұмбақ шешейік....

Төрт аяғы болса да

Етік киіп көрмеген

Жалқаулығы соншама

Аттап шықпа бөлмеден (үстел)


Мен жәйлімін,жұмсақпын

Мені табу қиын емес

Ұнатады әжелер мен сәбилер

Отыруға,жатуға (диван)


Кеш батты,шаршадың сен,ұйқың келді

Ұйқы бөлмеде күтіп тұр сені (кереует)


Дыбыспен жұмыс: «С-Ш» дыбыстарын буын, сөз, сөйлемде жіктеп саралау.

Жұмбақ жасыру: 

Қожасы үйдің бір өзі

Қызық-ау бірақ мінезі. 

Босағада тұрағы, 

Басыменен тұрады. ( Сыпырғыш)

-Сыпырғыш сөзінің басында қай дыбыс естіліп тұр?

-С дыбысы.

-Сөз аяғында қай дыбыс естіліп тұр?

-Ш дыбысы.

- Дұрыс, бүгінгі сабақта С-Ш дыбыстарын буында, сөзде, сөйлемде дұрыс анық айтып, есту арқылы ажыратуға үйренеміз.

-С дыбысы қандай дыбыс? Қандай түспен белгіленеді?

-Ш дыбысы қандай дыбыс? Қандай түспен белгіленеді?

С-Ш дыбыстарын ажырату. С-Ш дыбыстарының айтылуын еске түсіреміз. С дыбысын қалай айтамыз? С дыбысын айтқанда еріндер жымияды. Тістердің арасы сәл ашық. Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреледі, салқын ауа пайда болады. Ш дыбысын айтқанда еріндер түтікшеге ұқсайды. Тілдің ұшы жоғарғы тістерге тіреледі, жылы ауа пайда болады.

Тілді төмен са-са-са – би билейді жараса!

Тілді жоғары ша-ша-ша – біздің шана тамаша!

V. Саусақ жаттығуы.

Жанұям

Бас басбармағым- атам

Балан үйрек- әжем

Ортан терек- әкем

Шылдыр шүмек- анам

Кішкене бөбек- мен

Міне менің жанұям.

VI. Жаңа сабақты қорытындылау.

-Жиһаз бізге не үшін керек?

- Жиһаздарды неден жасайды?

-Үйіңде қандай жиһаздар бар?

VII. Үйге тапсырма:

Саусақ жаттығуы: Тыңдаймыз, қайталаймыз.

-Оң қолымыздың саусақтарымен:

-Са-са-са – ызыңдайды маса,

-Су-су-су –шөлдегенде ішкін су.

-Ос-ос-ос- менің досым Айдос,

-Ыс-ыс-ыс-бәріміз біз туыс.

-Сол қолымыздың саусақтарымен:

-Ша-ша-ша-балалық шақ тамаша,

-Шу-шу-шу-әжем шашты шашу.

-Аш-аш-аш-қарағай, шырша ағаш.

-Ыш-ыш-ыш-оқу құралы сызғыш.


Мадақтау!!!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
744
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі