Үй макетін жасау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үй макетін жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға сәулет ұғымын түсіндіру, құрылыс процесімен таныстыру. Қарапайым үй макетін жасауды үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «OҚУШЫЛАР ҮЙІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ












ҚАРАПАЙЫМ ҮЙ МАКЕТІН ЖАСАУ



ашық сабақ







Үйірме атауы: «Сәулет өнері» үйірмесі

Үйірме жетекшісі: Нысанбай Светлана














2023-2024 оқу жылы


«Бекітемін»

Қазалы ауданының білім бөлімінің «Oқушылар Үйі»

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

директоры м.а. ____ __________ С. Бердібекұлы

_________________ 2024 жыл



АШЫҚ САБАҚ


Үйірме атауы: «Сәулет өнері»

Тобы: І топ

Өткізілетін күні, уақыты: 27 қаңтар 2024 жыл

Өткізілетін орны: «Бағдарламалау негіздері» кабинеті


Cабақтың тақырыбы: Қарапайым үй макетін жасау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға сәулет ұғымын түсіндіру, құрылыс процесімен таныстыру. Қарапайым үй макетін жасауды үйрету. Оқушыларды үй түрлерімен және «сәулетші» мамандығымен таныстыру. Берілген сызба бойынша қарапайым үй макетін жасауды үйрену.

Тәрбиелілік: Туған жерге деген сүйіспеншілікті, еңбекқорлықты, еңбек мәдениетін тәрбиелеу. Жобалау дағдыларын қалыптастыру. еңбекқорлық сезімін тәрбиелеу. Техникалық мамандықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Қағаз және картонмен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру. Техникалық ойлауды және кеңістіктік қиялды дамыту. Топтық практикалық қызметке қызығушылықты, өз қолыңызбен өнім жасауға деген ұмтылысты дамыту.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекіліктер: суреттер, макет үлгілері, слайдтар

Пәнаралық байланыс: сурет, бейнелеу

Сабақтың әдісі: түсіндіру, үлгілерді көрсету, презентация слайдтар, үй макетін жасау бойынша практикалық жұмыстар орындау.

Керекті құрал-жабдықтар мен материалдар: түрлі-түсті картон, түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім, қарапайым қарындаш, безендіруге арналған материалдар, қайшы, қарындаш, сызғыш.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

Мұғалім: Саламатсыңдар ма, балалар? Көңіл-күйлерің қалай? Бүгін сабаққа бәріміз қатысып отырмыз ба? Ендеше, оқу құралдарымызды дайындайық.

Жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.

Балалар, сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шығуға шақырамын.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық, достар,

Арайлап атқан күнге!!!

Оқушылар, екі қатар шеңберде тұрып, өткен сабаққа шолу жасайық.

ІІ. Өткен сабақты қайталау

Өткен тақырыбымыз қандай еді? Геометриялық фигуралар мен денелер.

(оқушылар ортада бір-біріне орындаған тапсырмалары бойынша жұмыстар көрсетеді). Орындарына отырады.

Жарайсыңдар! Ендеше, мына ребусты шешейік. («макет» сөзі шығады)


Shape1 «макет»


Ал, мына геометриялық денелерді

оShape2 сылай орналастырсақ, не шығады?


«Үй» . Ендеше, оқушылар біз бүгін қарапйым үй макетін жасайтын боламыз (сабақтың тақырыбы хабарланады).

ІІІ. Жаңа сабақ.

Мұғалім: Макет- қандай да бір бұйымның кішірейтілген үлгісі немесе көшірмесі десек болады. Ал, біз көшеге шықсақ та, басқа қалаларға барсақ та, теледидар көрсек те жан-жағымыздағы әсем ғимараттарды көріп, тамашалаймыз. Біздің мектебіміз, Оқушылар Үйінің ғимараты да өз алдына бір ерекше құрылыс. Яғни, бізді әртүрлі құрылыс ғимараттары, саябақтар мен алаңдар қоршап тұр. Біздің кенттің өзін үлкен құрылыс алаңы деп атасақ болады. Және бұл шынымен де рас. Барлық жерде біз әртүрлі ғимараттардың өсіп келе жатқан көре аламыз. Қандай ғимараттар, үйлер бар? (оқушылар жауабы) Үй салу процесі қалай жүреді? Бұл жұмысқа кім қатысады? Олар қандай ғимараттар мен құрылыстардың бар екенін, шағын архитектуралық пішіндердің не екенін, үйлердің қалай салынғанын, үй салу кезінде қандай техника қолданылатынын, адамдардың мамандықтары қалай аталатынын айтып береді.

Ал мұның бәрі: Сәулет өнері туындылары екен. Біз бүгінгі сабағымызда кішкентай сәулетшілер ретінде үй макетін жасаймыз.

Сабақ тақырыбына ену.

Балалар, енді тақтадағы мақал-мәтелдерге назар аударайық. Тақтадағы мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндірейік.

  1. Мақал-мәтелдермен жұмыс.

  1. Менің үйім – менің қорғаным.

  2. Туған үйдің түтіні жылы,

Туған ананың күтімі жылы.

  1. Өз үйің, өлең төсегің.

  2. Үйінде қартың болса — асыл қазынаң.

- Барлық мақал-мәтелдер не туралы? Адам үшін үй нені білдіреді?

«Үй» ол – қасиетті орда, тұрақ, баспана. Үйде жылылық болуы қажет. (оқушыларды тыңдау, ой қозғау)

Мұғалім: Сіз бен біз қарапайым үй үлгісін қағаздан жасаймыз.

Теориялық бөлім.

М ұғалім: (алғашқы үй түрлері туралы айтуға болады)


Әр үйдің құрылысының өзіндік ерекшеліктері бар. Суретке назар аударыңыз (презентация). Үйлердің айырмашылығы неде деп ойлайсыз? Олардың формасында.


Олай болса, бүгін қарапайым үй үлгісін жасайық.

Қауіпсіздік ережелерін сақтаймыз. ( қайшымен және желіммен жұмыс істеу ережелерін есте сақтаңыз) Қайшыны өте мұқият ұстаңыз, ұшымен кесуге болмайды, – ортасында кесуге болады!

Қайшымен ойнамаңыз, оларды қолыңызда бұрмаңыз.

Оларды өткір жиегінен ұстап, досыңызға беріңіз.

Оларды жауып, орнына қоюды ұмытпаңыз.


Мұғалім: Сізбен бірге үйіміздің макетін жасау үшін қандай материалды таңдаймыз?

Балалардың жауаптары: Картон, қағаз, т.б.

Мұғалім: Бүгін біз жасайтын үйлердің үлгілерін қарайық.


- Ол қандай негізгі бөліктерден тұрады? (қабырғалар, шатыр, негіз)

- Ол неден жасалған? (картон)

- Дизайн қалай жасалады? (түрлі-түсті қағаздан жасалған, табиғи материал).

Өнім үлгісін көрсету.

Дайын сызба бойынша макет қиып, үй бөлшектерін желімдеу.

Мұғалім: Біз қарапайым үй макетін шығарамыз.

- Сызбадағы сызықтар нені білдіреді?

Қатты сызық – кесу сызығы

Нүктелі сызық – бүктеме сызығы

Бүктеу сызықтары бойымен бүгіңіз.

Желімдеу аймақтарына дәйекті түрде желім жағыңыз, желімдеңіз.

Түрлі-түсті қағазды және табиғи материалды пайдаланып үйдің макетін безендіреді. Терезе мен шатырдың безендіру.





ІҮ. Сергіту сәті.

Ал, балалар, кәнеки,

Орнымыздан тұрайық.

Шапалақты ұрайық,

Тез арада сәндетіп,

Үйлер жасап алайық.

Әуенмен, үй макетін құрастыру.

Ү. Бекіту.

Мұғалім: Қараңдаршы, біз қандай жұмыс атқардық. (Жұмыстар көрмесі)

Мұғалім: Меніңше, біз жетістікке жеткен сияқтымыз, үйлердің макеттерін жасадық.

Мұғалім: Балалар, қалай ойлайсыңдар? Бүгінгі сабақ ұнады ма? Не үйрендік?

Жұмыстан алған әсерлеріңіз. Сұрақ-жауап.

ҮІ. Үйге тапсырма. Сызба бойынша, өлшемдер арқылы үй макетін жасау.

ҮІІ. Бағалау.


8


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2025
176
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі