Үй құстары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үй құстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға құстар жайлы айтып түсіндіру. Құстар екі топқа бөлінеді үй құстары және дала құстары боп. Үйқұстарына қаз,үйрек,тауық,жатады ал дала құстарға бүркіт,тырна,бөдене,қарға, сауысқан,шымшық,көгершін ,аққу т.б.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үй құстары

Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті қоршаған ортамен таныстыру
Лексикалық тақырып: «Құстар әлемі»
Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: «Үй құстары»

Мақсаты: Балалардың үй құстары туралы түсініктерін кеңейту. Тіршілік ету ортасын, қоректенуі туралы мағлұмат беру.
Құстардың мекені туралы тоқталу, ұясының шатыры үшбұрышты, төмені тік төртбұрышты болатындығын, оны ағаш бұтасына ілетіндігі туралы мағлұмат беру. Құстардың орналасуын бақылау арқылы, кеңістікті бағдарлай білуін жетілдіру. Құстарды жем шашып қамқорлауға, оларды ұя жасап қарсы алуға, ағаштарды сындырмауға, құстарды атпауға тәрбиелеу.

Түзете – дамыту мақсаты: Балалардың ұмақ қол моторикасын, жалпы қимыл – қозғалыс белсенділігін жетілдіру. Сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеу белсенділігін арттыру. «Бұл қай құс?» ойыны арқылы баланың есту қабілеті, ойлау қабілеттілігін, зейін тұрақтылығын дамыту.

Сөздік жұмыс: үй құстары, тауық, әтеш, үйрек, қаз, балапан т. б
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, тілдік жаттығу, мультимедиалық проектор арқылы бейне слайдтар, жұмбақ шешу, «Қандай құстың даусы?» фонематикалық дыбыстық ойын.

Дефектологтың іс - әрекеті
Тілдік қимылдық жаттығу.
Ауыл маңы саз – саз - саз,
Жайылады қаз - қаз - қаз
Жем шашсаң мәз - мәз - мәз
Тоймай қалса қаз – қаз – қаз
Шашқан дәннің аз – аз – аз.
Шеңбер бойымен жүріп біртіндеп орындыққа отырады.

Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктемде айнала қандай өзгерістерге ене бастайды?
Көктемде құстар не істейді?
Құстарға біз не жасаймыз?
Дала құстарының қандай түрлерін білесіздер?
Дала құстары қайда мекендейді екен?
Олар немен қоректенеді?
Ал, біз бүгін үй құстары туралы әңгімелейміз. Кім айтады үйде қандай құстар тіршілік етеді?
Мынау тауық ол көлемі жағынан кішілеу, үсті толы қауырсын, бас бөлігінде екі көзі, тұмсығы, айдары бар, кеуде бөлігінде екі қанаты бар, бірақ көп биікке ұша алмайды, мынау екі аяғы, ол қыт - қыт деп дауыстайды.
Мынау әтеш, оның құрлысы да тауықпен бірдей болып келеді, ол ку - ка - ре - ку деп дауыстайды.
Мынау үйрек ол кря - кря деп дауыстайды.
Мынау қаз ол өте маңғаз, жай жүреді кря - кря деп дауыстайды. Мынау балапан ол өте мамық әрі жұмсақ болады, түсі сап - сары болады.
Үй құстарының адамдарға тигізер пайдасы өте көп, олар жұмыртқа береді, жұмыртқадан түрлі дәмді тағамдар пісіруге болады.

Үй құстарының сыртқы құрылысына қарап ажыратып айтуға болады.
Дид. ойын «Қандай құстың даусы?»
/ магнитофон арқылы түрлі құстардың сайраған дауыстарын кезектестіре жібереді/.
Үй құстарын адамдар қамқорлық жасап баптап күтеді, оларға жем, су береді, ауласын тазалайды. Құстардың мамық жүндерін – қауырсын дейміз, қауырсыннан жастық/көпшік/ жасайды, шынайы жастықты көрсету.
«Бұл қай құс?» дид. ойын
Үй құстарының суреттерін жеке балаларға тарату жоғары төмен, оң - солға орналастыру.
Үй құстарының саңғырығын егістіктерде тыңайтқыш ретінде пайдаланады.

Қандай үй құстарын білесіңдер?
Әтеш қалай дауыстайды?
Үй құстарының сыртқы құрлысын ата?
Үй құстары немен қоректенеді?
Үй құстарының адамдарға қандай пайдасы бар?
Құстың қауырсынынан не жасайды?
Жұмыртқадан не пісіруге болады?
Қандай ойын ойнадық?
Бүгінгі оқу іс – әрекетіне барлығыңда жақсы қатыстыңдар, рахмет.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2019
476
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі