«Үй құстары және дала құстары»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Үй құстары және дала құстары»

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған ашық оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: «Үй құстары және дала құстары»

Мақсаты: Ұй құстары туралы және дала құстары туралы түсініктерін бекіту.

Оларға қамқорлық жасауға, аттарын толық білуге үйрету. Ұй

құстары мен дала құстарын ажырата білуге үйрету.

Сөздік жұмыс: қарға, сауысқан, қарлығаш.

Көрнекіліктер: құстардың суреттері, құс ұялары.

Билингвистикалық компонент: құстар-птицы ұя-гнездо

Инклюзивтік әлеумет: Балалардың құстар тіршілігі туралы түсініктерін, тіл

байлықтарын арттыру.


Іс-әрекет бөлімі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы









Іздену ұйымдастырушы

Балалардың шеңбер бойына тұрғызып, келген қонақтармен амандастыру.









Балалар, көктем мезгілі, күн жылынып, басқа жақтан құстар ұшып келіп жатыр.

Енді мына кішкене құс арқылы бір-бірімізге жылы тілектер айтайық. Бүгін сендермен үй құстары және дала құстарымен танысамыз. Дала құстары өз азықтарын өздері тауып жейді. Міне дала құстары: қарға, сауысқан,қарлығаш т.б. олар сапанда ұшып жүреді. Ал үй құстары адамдардың көмегімен азықтанады. Оларға адамдар қамқорлық жасайды. Арнайы қора салады, уақытымен жем-суларын береді.

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса!

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса,

Сәлем саған, Жер-ана!

Сәлем саған нұрлы күн!

Аман есен болайық,

Бейбітшілік қалайық!






Ойыншық торғайды ұсынып бір-бірлеріне шын жүректен өз тілектерін айтады. Балалар қызыға тыңдайды. Тәрбиешімен бірге құстарды жеке-жеке атап отырады.



Балалар,сендер құстарымен таныстыңдар,енді үнтаспа арқылы құстардың дауысын тыңдайықшы,бұл дауыстар дала құстарының үні ме,үй құстарының үні ме?

Неге дала құстары деп ойлайсындар?



Дұрыс айтасыңдар,орнымыздан тұрайық.

Сергіту сәті;

Қане,қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Торғай болып қонайық.

Сауысқан болып секіріп,

Тоқылдақ боп шоқиық.


Жақсы,балалар,сендер дала құстары мен үй құстары жайлы білдіңдер.

(Осы кезе есік қағып топқа әтеш кіреді.)

Балалар әтеш бізге хат әкеліпті.

Ішінде құстардың суретері бар екен. Қазір сендер сол суреттерді алып дала құстарын-бөлек үй құстарын бөлек атайсыңдар.


Ойын;(Не қалай дауыстайды?)

Тәрбиеші құстарды көрсетеді,балалар ол қай құс екенін айтып дауысын салады.

Құстардың үнін тыңдап олардың дала құстарының дыбыстары екенін айтып түсіндіреді.


Торғайлар шиқылдап жатыр,т.б(дала құстарының дыбыстарын салады.)























Құстарды жеке-жеке атап көрсетеді.

Қарлығаш-дала құсы,құйрығы айыр,шиқылдайды,

Аспанда ұшады.

Рефлексивті-коррекция.





Сендер енді үй құстары мен дала құстарын ажырата аласыңдар.

Құс туралы тақпақ білесіңдер ме?


Балалар,енді барлығымыз отырып геометриялық пішіндерден торғайды құрастырайық (торғайдың суреттерін көрсету).


Торғайдың басы қандай геометриялық пішінге ұқсайды?Түсі ше?Денесі ше?


Сұрақтар;

Балалар,бүгін біз қандай құстарымен таныстық?

Үй құстарын атайық?

Неге «дала құсы» деп атаймыз?

Балалар тақпақтарын айтады.










Домалақ,сары.


Жарты шеңбер,қоңыр.


Балалар жауаптары.




Күтілетін нәтиже;

Не білді: Оларға қамқорлық жасауға, аттарын толық атай алды.

Не алды:Дала мен үй құстары түралы түсініктерін ажырата білді.

Не істей алады: Қамқорлық жасай алады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.06.2018
1815
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі