Үй құстары мен үй жануарлары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үй құстары мен үй жануарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
үй құстары мен үй жануарлары туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

МАД «Б»

Мұғалім: Муканбетова Айгерим

Уақыты:

Тақырыбы

Үй жануарлары мен жабайы жануарлар

Сабақтың мақсаты

Үй жануарлары және жабайы аңдардың ерекшеліктері туралы түсінік беру;Үй жануарларына қамқорлық жасау;Табиғатқа ондағы тіршілікке қамқор болуға тәрбиелеу;Танымдық,есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорларын арттыру


  1. Әдіс - тәсілдер: Алдын - ала жұмыс (аңдар туралы тақпақтар үйрету) Өлеңді мәнерлеп оқып беру, суретпен әңгіме, сұрақтар қою.

  2. жұмбақтар шешу, тақпақтар айту, жаңылтпаштар айту, жабайы аңдар туралы тақпақтарды пысықтау, мақал - мәтелдер айту.

  3. Жаңа сөздер: аюдың апаны, жаңғақ, күртік қар.

  4. Билингвальды компонент: Қыс - зима, орман - лес, қасқыр - волк, қоян - заяц, түлкі - лиса, аю - медведь.

  5. «Кубизм» стратегиясы: кубиктің қырларына жабайы аңдар суреттерін қою арқылы, кубикті лақтырып, сол аң туралы тақпақ айтқызу.

Көрнекіліктер

Үй жануарлары мен жабайы жануарлар

Іс-әрекет  кезендері

Мұғалімнің  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті

       

 Психологиялық ахуалды қалыптастыру


Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Қайырлы күн достарым

Қайырлы күн ұстазым!

Топқа бөлу

1-топ аю тобы

2-топ қоян тобы

3-топ мысық тобы

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру       

 Жаңа сабақ

 

 

 

 


- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінің айлары?

-Балалар мен бүгін мектепке келе жатып бір сандық тауып алдым. Ол жай сандық емес, сиқырлы сандық екен. Бұл сандықтың ішіне үй жануарлары мен жабайы жануарларды сиқырлап салып қойыпты. Оларды құтқару үшін біз сендермен жұмбақтар шешуіміз керек. Егер жұмбақтардың жауабын дұрыс тапсаңдар, жануарларды сандықтан босатады.
(әрбір жауаптағы жануарлардың суретін шығарып тақтаға ілу)
1. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. Түйе.
2. Құлды екен әр шаруа,
қазығына құт байлап.
Қанша құйып алсаң да,
сарқылмайды сүт – қаймақ. Сиыр.
3. Көкке шаншып құйрығын,
келеді шауып жүйрігім. Жылқы.
4. Кішкене ғана бойы бар,
айналдырып киген тоны бар. Қой.
5. Желп – желп етіп сақалы,
қолыңнан дәм татады. Ешкі.
Балалар бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз.
Үй жануарлары.
Олар қайда мекендейді?Үйде, қорада.
Оларға кім қарайды?Адамдар.
Олар немен қоректенеді?Жем, шөп, су.

Ал, балалар, үй жануарларының бізге көп пайдасы бар екен..
Ал, балалар сиқырлы сандықтан тағы бір дауыстар шығатын сияқты. Балалар біздер жабайы жануарларды ұмытып кетіппіз. Жабайы жануарларға да көмектесуіміз керек. Сиқырлы сандықтың бізге берген тапсырмасы тақпақтар айтып жабайы жануарларды құтқаруымыз керек.
Көмектесеміз бе, балалар.
(ТАҚПАҚТАР АЙТУ).

Ал балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз қалай деп ойлайсыңдар?

- Ал, мына аңдар да қысқа өзінше дайындалады екен. Күзде қысқы азықтарын әзірлеп, өздеріне жылы мекен дайындайды. Мысалы, аю қыста апанына жатып, қысқы ұйқыға кетеді. Ол қыс бойы ұйықтап жатады. Қасқыр үңгіріне, түлкі ініне, тиін ағаш дінінің қуысынан өзіне ұя жасап, ұясын жаңғаққа толтырады. Олар өздеріне азық іздеп, орманды, даланы кезіп жүреді. Қоян жауынан қорғану үшін тонын өзгертіп отырады.
Балалар, жануарлар сендерге көмектескендерің үшін рахмет айтып жатыр.

Қазір мен сендерге «Ала бұзау» әңгімесін оқып беремін.Мұқият тыңдаймыз.
Әңгіме желісі бойынша сұрақтар
Жел соққанда қандай дыбыс шығады?
Жел уілдейді.У-у-у-у
Ағаштардың жапырағы шулайды.Қандай дыбыс естіледі?Ш-ш-ш
Масалар да көп екен тоғайда. Қандай дыбыс естиміз?З-з-з-з
Ескендрдің – Ақтөс иті ырылдайды Қайтіп?Р-р-р-р

Ақтөске жылан айбат шекті. Қалай?С-с-с-с
Кенет оларды аралар қуды . Қайтіп?Ж-ж-ж-ж
Ала бұзау дыбыс шығарды.Қайтіп?Мө-мө-мө-мө
Бәріміз бірге шақырайық бұзауды. Қалай?Ау
хау-аухау-аухау
Балалар, біз сонда әртүрлі дыбыстарды естідік.Біз дыбысты құлағымызбен естиміз, аузымызбен қайталаймыз.
Ойын: «Дыбысынан таны» үнтаспадан жан-жануарлардың дыбыстарын ести отырып ажыратады.

«Мекенін тап» дидактикалық ойынын ойнайық ол үшін үй жануарлары мен жабайы жануарларды өз мекеніне орналастырыңдар

«Кубизм» стратегиясы.

Кубикті лақтырып түскен аң туралы тақпақ айту

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

































Үй жануарлары мен жабайы жануарлар

Сергіту сәті

Сұр қоян

Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік 

Топтық жұмыс

1 топ: Пазл құрастыру сиыр

2 топ: суретті бояу ( үй жануарларын тауып)

3 топ : постер қорғау (жабайы жануарларды жапсыру )

Тәрбиеші: Балалар біз не туралы әңгімеледік? Қандай аңдардың өмірімен

таныстық? Қысқы орман сіздерге ұнады ма? Ненің суреттерін құрастырдық?

Тәрбиеші белсенді қатысқан балаларды мадақтап, қорытындылайды.

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.

Өзіне үйренгені

Жаңа білімді түсінеді

Үйрену 

Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.06.2019
393
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі