"Үй құстары мен үй жануарлары" оқу қызметі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Үй құстары мен үй жануарлары" оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы:Үй құстары, үй жануарлары

Мақсаты:Үй жануарлары мен үй құстары туралы және олардың адамға келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.Еңбекқорлыққа баулу.

Барысы:

Шаттық шеңбері

Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан әр күнге.

Өлең жолдарын қайталату

Қызығушылықтарын ояту.
- Балалар мен бүгін
балабақшаға келе жатып бір сандық тауып алдым. Ол жай сандық емес, сиқырлы сандық екен. Бұл сандықтың ішіне жануарлар мен құстарды сиқырлап салып қойыпты. Оларды құтқару үшін біз сендермен жұмбақтар шешуіміз керек. Егер жұмбақтардың жауабын дұрыс тапсаңдар, жануарлар мен құстарды сандықтан босатады.
(әрбір жауаптағы жануарлардың суретін шығарып тақтаға ілу)

Ал, енді балалар сендермен жұмбақтар шешіп көрейік.
1. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. Түйе.
2. Құлды екен әр шаруа,
қазығына құт байлап.
Қанша құйып алсаң да,
сарқылмайды сүт – қаймақ. Сиыр.
3. Көкке шаншып құйрығын,
келеді шауып жүйрігім. Жылқы.
4. Кішкене ғана бойы бар,
айналдырып киген тоны бар. Қой.
5. Желп – желп етіп сақалы,
қолыңнан дәм татады. Ешкі.
Балалар бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз
Олар қайда мекендейді?
Олар немен қоректенеді?.
Өте жақсы, балалар біздер бүгін сиқырлы сандықтан үй жануарлары мен үй құстарын құтқардық. Сендерге рахмет айтып жатыр.
Сонымен бүгінгі
оқу қызметіміздің тақырыбы үй жануарлары мен үй құстары.
Сергіту сәті.

Лағым,лағым лағым-ау,

Селтеңдейді құлағын.

Селтеңдетпей құлақты,

Енді балалар дәптеріміздегі тапсырманы орындайық.
(дәптерде бейнеленген жануарлардың ішінен үй жануарлары мен үй құстарын тапқызу. Оларды бояту).
«ТӨЛДЕРІН ТАП» дидактикалық ойын.
Балалар үй жануарлары мен үй құстарының бізге тигізер пайдасы өте көп екен. Енді балалар осы үй жануарлары мен үй құстарына арналған тыйым сөздер де бар.
1. Малды ұруға болмайды.
2. Ақты төкпе.
3. Малға теріс мінбе.
4. Құстардың ұясын бұзба.

Қорытындылау

Үй жануарларын атайықшы

Қандай үй құстарын білесіңдер ме?

Үй жануарлары мен үй құстарының пайдасы барма?
Балалар, бүгінгі сабаққа жақсы қатысқан балаларға сыйлығымыз бар. сыйлыққа сиқырлы жұмыртқаларын алып келіпті
Күтілетін нәтиже: үй жануарлар мен үй құстарын қамқор болу.

Білуі тиіс.үй құстары мен үй жануарладың тіршілігі туралы

Түсінігі: Үй құстары мен үй жануарлардың әрқайсысының қасиеттері өздеріне тән.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.08.2018
399
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі