2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / ҰІӘ "Төрт түлік"

ҰІӘ "Төрт түлік"

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰІӘ "Төрт түлік"
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: Төрт түлігім – ырысым.

Мақсаты: Балалардың үй жануарлары және олардың төлдері туралы түсініктерін кеңейту және нақтылау.

Міндеттері:

1. үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауларымен таныстыру;

2.жануарға тән белгілерді салыстыру және жеткізу қабілетін дамыту;

3. табиғат әлеміне қызығушылықтарын дамыту;

4. үй жануарларына деген қамқорлық қатынасын дамыту.

5. диалогтық сөйлеу, ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту;

6. сұрақ қойып, жауап беруге үйрету; үйлесімді сөйлеуді дамыту, жануарлардың тіршілігіне қызығушылықты ояту, қиялын, зейінін, қызығушылығын, есте сақтауын, ойлауын дамыту, жалпы және ұсақ моториканы, епті қабылдауды дамыту, тапсырмаларды орындау кезінде жағымды эмоциялар (қуаныш) ояту.

7.Қамқорлық көрсету және жағымды эмоцияларды сезіну қабілетін дамыту.


Қызығушылықтарын ояту.

Тосын сәт

Топқа төрт түрлі шар ұшып келеді, әр шардың сыртында төрт түліктің суреті бар.

Педагог: Ой балалар мына шарларды бізге кім жіберген.

Есік қағылып пошташы келіп хат әкеліп береді.

Хатты оқу. Құрметті менің кішкентай білімпаздарым, мен сендерге 4 түрлі шар ұшырып жібердім , ол шарлар сендерге барды деп ойлаймын. Сол шардың ішіндегі тапсырмаларды орындап маған жіберулеріңді өтінемін, мен барлық топтың білімін тексеріп жатырмын.

Педагог: Балалар бізге 4 түрлі шар келді, бұл шардың сыртында қандай суреттер бар, атайық. Демек бұл төрт түлік суреттері.

Ой қозғау.АҚТ технол

1. Төрт түлік туралы түсінік беру.

Сұрақ –жауап.

Суретте қандай жануарларды көріп тұрсыңдар?

-Төрт түлікке нелер жатады?

-Неліктен оларды үй жануарлары дейміз?

-Бізге қандай пайдасы бар?

-Оларға кімдер қамқорлық жасайды?

Сөздік жұмыс жүргізу.

Дид ойын: «Кім тапқыр?»

Жұмбақтар жасыру.

Айран берген, құрт берген,
Шелек-шелек сүт берген,
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қандай мал, кім білген? (сиыр)

-Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой)

-Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (түйе)

Екеуі елеңдеп келеді,

Төртеуі төбелесіп келеді. (Ат)

Ендеше төрт топқа бөлініп отырайық. Топтастыру әдісі.


Әр түсті шарға байланысты топқа бөлініп тапсырма орындау.

1-топқа тапсырма.

Дид ойын: Ненің даусы? Аудио дауыс.

2- топқа тапсырма. Дид ойын: «Төлдердін ата»

Шарты: Әр жануардың төлін атап айту

Түйе төлі-ботақан,

Мөлдіреп көзі ойнаған.

Қойдың төлі-қошақан,

Өріске қашқан қорадан.

Ешкінің төлі-лақ,

Тыныш тұрмайды ол бірақ.

Жылқының төлі-құлыншақ,

Тұяғы жерге ұрыншақ.

Сиырдың төлі-бұзау.

Сүйкімді әрі асау.

3- топқа тапсырма Дид ойын: «Тапқыштар »

Шарты: Төрт түлік туралы жаңылтпаш, мақал-мәтел, тиым сөздер айту.

Ақ лақ, аппақ па?

Ала лақ аппақ па?

Ала лақ аппақ емес,

Ақ лақ аппақ.

Мақал –мәтелдер.

-Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл көсір.

-Жылқыда өт жоқ,

Құста сүт жоқ.

-Төрт түлік мал кисең киім, жесең тамақ.

Тиым сөздер.

-Малды басынан теппе.

-Малды теппе, ақты төкпе.

4- топқа тапсырма. Дид ойын: «Өз мекеніне орналастыр»

Шарты: Төрт түлік пен жабайы жануарларды ажыратып, өз мекеніне орналастыру.

«Диенеш блоктары мен Кусенер таяқшаларын қолданатын экологиялық ойын

Балаларды мадақтау.













«Дьенеш блоктары және Кюизенер таяқшаларымен экологиялық ойын.

Балаларды шар түсіне сай топқа бөлу.

Shape1 Shape2 Shape3 Shape4

Shape5 Shape6 Shape7


Shape8 Shape9 Shape10 Shape11




Shape15 Shape14 Shape13 Shape12


Дьенеш блоктарымен жұмыс.

Дид ойын: «Төрт түлік не береді?»

Shape16 Shape17 Shape18 Shape19 Shape20



Shape25 Shape24 Shape23 Shape21 Shape22

Shape30 Shape29 Shape28 Shape26 Shape27



Shape35 Shape34 Shape33 Shape32 Shape31



Қортынды.

Бүгінгі ұіә не туралы үйрендік?

Төрт түлікке не жатады?......

Балаларды мадақтау.

27 Ақпан 2025
57
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі