Материалдар / Үйде жалғыз қалғанда

Үйде жалғыз қалғанда

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиелік: Балаларды үйде қауіпсіздік ережелерін сақтап, жауапкершілікке тәрбиелеу. Білім берушілік: Балаларға үйде жалғыз қалғандағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету. Дамытушылық: Өмірлеріне қауіпті келенсіз жағдайларға ұшырамас үшін қандай заттарды ұстауға болмайтындығы жөнінде дағдыларын қалыптастыру.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ҰОҚ өткізу жоспары 24.10.18

Топ:7 Тәрбиеші: Адилова Г.М.

Білім беру сала(сы)лары: «Таным»

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Үйде жалғыз қалғанда

Міндеттері:

Тәрбиелік: Балаларды үйде қауіпсіздік ережелерін сақтап, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Білім берушілік:
Балаларға үйде жалғыз қалғандағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету.
Дамытушылық:
Өмірлеріне қауіпті келенсіз жағдайларға ұшырамас үшін қандай заттарды ұстауға болмайтындығы жөнінде дағдыларын қалыптастыру.
Алдын ала жұмыс жүргізу: көрсету, түсіндіру.
Қажетті құралдар:  қорапша, сіріңке қорабы, қайшы, дәрі құтысы, суреттер
Сөздік жұмысы: Үйде жалғыз қалғанда
Билингвальды компонент: қауіпсіздік ережелері –правила безопасности, қайшы-ножницы, пышақ-нож.
I.Мотивациялық – қозғаушылық
Балалар мен бір қорапша тауып алдым. Оның ішінде не бар екенін көргілерің келе ме?

Қорапшаны ашамын.

Қорапшаның ішінде сіріңке қорабы, қайшы, дәрі құтысы т.б заттар болады.

Балалар қызығушылықпен қарайды.

-ия

Ұйымдастырушылық-ізденістік
-Балаларға сіріңкемен ойнауға болады ма?
-Б.Ж

-Не себепті ойнауға болмайды?
-Б.Ж

-Газды балалар жақпайды.

-Пышақты алуға болмайды.

-Үйде жалғыз қалғанда бөтен адамдарға есік ашуға болады ма?
-Б.Ж

Не себепті болмайды?
-Б.Ж

-Электор приборларын балаларға іске қосу –қауіпті!

-Қайшыны дұрыс ұстамасаң көзге кіріп кетуі ықтимал.

Сергіту сәті:

Д/о «Болады,болмайды»

Тәрбиеші балаларға суреттер көрсетіп,ондағы іс-әрекеттердің дұрыс не бұрыс екенін сұрайды.

Сурет бойынша әңгімелесу.

Жеке жұмыс.

Балалар сұрақтарға жауап береді, қауіпті заттарды естерінде сақтайды.

Суреттен көргендерін әңгімелейді.

Айлинге, Амираға сурет бойынша сұрақтар қою.
Рефлексиялық-түзетушілік
Балалар үйде жалғыз болғанда қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет?

Балалар үйде жалғыз қалғанда өздерін тәртіпті ұстау керектігін түсінеді.

сіріңкемен ойнауға болмайды, бөтен адамдарға есік ашуға болмайды, пышақты алуға болмайды т.б














ҰОҚ өткізу жоспары 25.10.18

Топ:7 Тәрбиеші: Адилова Г.М.

Білім беру сала(сы)лары: «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Абайла жол!
Міндеттері:
Тәрбиелік:
. Жол белгілерін айыра білу дағдысын қалыптастыру, есте сақтауға дағдыландыру.
Білім берушілік:
Ойын арқылы сабақтың мазмұнына қарай балалардың жолда жүру ережесі туралы алған білімдерін тиянақтау
Дамытушылық:
Балалардың сөздік қорын дамыту.Жол белгілерін айыра, есте сақтауға дағдыландыру.
Алдын ала жұмыс жүргізу: көрсету, түсіндіру.
Қажетті құралдар: Бағдаршам, аялдама жол белгілері, жедел әрделі машинасы жеңіл көліктер автуобус.
Сөздік жұмысы:  Абайла жол
Билингвальды компонент: жол – дорога, бағдаршам - светофор
I.Мотивациялық – қозғаушылық
- Балалар, бүгін аптаның қай күні?

- (балалар жауабы)

Ендеше далаға көз салайық ауа–райы қандай екен? Аспанда күн жарқырап тұр. Балалар таңертең балабақшаға келерде ауа–райы қандай болды? Не байқадыңдар?
- (балалар жауабы)
- Ал енді! Балалар, біз қандай елде тұрып жатырмыз?
Балалар: Қазақстанда
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Тәрбиеші: Дұрыс Қазақстаның қандай қаласында? Қаламыз қалай аталады?
- Петропавл
Тәрбиеші: Ал енді сендер осы Петропавлдың барлық көшелерін аралап көрдіңдер ме?
Балалар: Жоқ
Тәрбиеші: Онда біз былай жасайық, қазір бәріміз автоусқа отырып қала көшелеріне саяхат жасайық. Бағдаршамен жол белгілерімен танысайық. Алдымен автубусқа отырмай тұрып, көлікке отыру ережесін қайталайық.
Балалар: Автобусқа артқы есіктен кіріп, алдыңғы есіктен шығу керек.
- Жасы үлкен немесе кішкентай бөпелі адамдарға орын береміз.
- Автобуста айқайлап сөйлеуге, қатты күлуге болмайды, ол әдепсіздікке жатады.
- Ашық есік, терезеден басын шығарып қолын созуға болмайды.

Тәрбиеші:

1. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды. Жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өт.
2. Егер жолдан өтуге үлгермесең, орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да, бағдаршамның жасыл түсінің жануын күт..
3. Жолдан өтерде солға қара, ал бөлгіш жолақтан кейін оқға қара .
4. Жолдан бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өт.
5. Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса, жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті.
6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесе жүгірме.

Тәрбиеші: Олай болса саяхатымызды бастайық қане, бәріміз автобусқа отырайық. Міне қаламыздың ең үлкен көшесі Әйтеке би көшесіне келдік. Мен сендерге жұмбақ жасырайын?
Тәрбиеші: Жан- жағымызға қарайық не көріп тұрсындар?
Балалар: Бағдаршам
Ал мына жолда ақ- қарамен сызылған жолақтар жатыр,бұл не белгі? Бұл жермен кімдер жүреді?
Дұрыс айтасындар бұл белгі жаяу жүргізушілерге арналған. «Өтіңдер» деген белгі. Бұл кезде көліктер тоқтап адамдар ғана жүреді.
Ал сендер балалар бағдаршам туралы не білесіңдер?

Алма кезек үш көзін
Айтты деп ұқ үш сөзін
Тоқта сақтан жол ашық                                          
Жүрме жолға таласып.

Тәрбиеші. Балалар біздің автобусымыз тоқтап, адамдар мініп-түсетін жерге келдік бұл қай жер екен?
Бір ғажабы бұл жерде
Бір нәрсені ел күтеді.
Біреуі отырады
Біреуі тұрады.
Балалар: Аялдама

- Балалар сендер қандай тақпақтар білесіңдер?
- Өте жақсы енді аялдамадан түсіп тобымызға барайық.

Сюжеті ойын: Балаларды рольге кіргізіп ойнату. Жаяу жүргізушілерге арналған жол мен жүргізу.
Қимылдық ойын: Жолға шеңбер бойымен балалар торғай болып отыру. Машина келгенде пыр етіп жан-жаққа ұшып кету.
Рефлексиялық-түзетушілік

Тәрбиеші, Енді біздер көшеге шыққанда қауіп–қатерге ұрынбай, барлық жол ережесі бойынша жүріп тұрамыз. Солай ма, балалар? Бүгінгі саяхатымыз ұнадыма балалар? Балаларды мақтау, мадақтау.
























































ҰОҚ өткізу жоспары 26.10.18

Топ:7 Тәрбиеші: Оспанова Д.К

Білім беру сала(сы)лары: «Коммуникация»

Бөлімі: Драма

Тақырыбы: Алдаркөсе мен бай (ертегі)
Міндеттері:
Тәрбиелік:
Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Білім берушілік:
Ертегі желісін ретімен орындай отырып ертегіні драмалау.
Дамытушылық:
Түрлі эмоцияларды білдіру үшін интонациямен дыбыстау.
Алдын ала жұмыс жүргізу: түсіндіру
Қажетті құралдар: Суреттер ертегі бойынша
Сөздік жұмысы: Алдаркөсе мен бай
Билингвальды компонент: тон-шуба, тымақ-шапка
I.Мотивациялық – қозғаушылық
Ой қозғау

«Ертегілер әлемі» өлеңін жіберіп балаларға тыңдату.

Балалар, өлең не туралы?

Ертегі туралы.

Дұрыс айтасыңдар, ертегі туралы екен. Ал сендер қандай ертегілерді білесіңдер, есімізге түсіріп көрейікші?
Ұйымдастырушылық-ізденістік

Слайдтан ертегілер көрсету.

- Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

- Қаптесер тышқан, бақылдауық бақа, секек қоян, түлкібике.

- Келесі ертегіміз бізді неге тәрбиелейді

- Достыққа тәрбиелейді:

- Ал, бұл ерегіде не туралы айтылған?

- Тырна мен түлкінің достығы туралы айтылған.

- Ал бұл ертегіден біз нені ұғындық, қандай қасиеттерді бойымызға

сіңірдік?

- бірге болуды.

Ішке жүгіріп жаршы бала кіреді:

- тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, әлемде бір қызық болыпты. Біреу бір ақымақ байдың тоны мен астындағы атын алдап алып кетіпті.

- Балалар, сендер білесіңдер ме кім екенін, кім туралы айтып тұрғанын.

- Ал білмесеңдер мен сендерге бір жұмбақ жасырайын. Мүмкін содан кейін естеріңе түсер.

Әлсіздерді жақтайды,

Сараңдарды алдайды

Шайтанды да алдады

                    Білесіңдер ме?            (Алдарды)

 - Алдарды

 -Дұрыс айтасыңдар, бұл Алдар көсе.

Алдар көсе әлсіздерді жақтаушы, ел үстінен күн көруге машықтанған жемқор саудагерлер мен дүмше молдаларды, сараң байларды аямай алдап соғып, келеке етуші болған. 



- Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде «Алдаркөсе мен бай» ертегісін өтеміз. - Ал сендер ертегі көргілерің келе ме?

- Иә, көргіміз келеді.

- Ендеше, жаршы бала, сен де бізбен бірге отырып тамашала


Аудио-ведиозапись көріп тыңдау.

  • Ал, балалар енді осы ертегіні тыңдайық.

(балалар етегіні көріп, тыңдайды.)

-Балалар, ертегі кім туралы? (Алдаркөсе)

- Алдаркөсе қандай адам? (балалардың жауабы: қу,мейірімді, ақкөңіл)

- Алдаркөсе келе жатып кімге кездеседі? (байға)

- Байды қандай адам деп ойлайсыңдар? (балалардың жауабы: сараң, жалқау, алыпсатар )

- Бай Алдарға не деді?

- Сен, немене тоңған жоқсың ба, үстіңдегі тоның шұрық – тесік?

-Алдар көсе не деп жауап берді?

- Тоңсаң, сен тоңған шығарсың? Менің тонымды киген кісі үнемі қыз-қыз қайнап жүреді дейді. Бір тесіктен кірген суық екінші тесіктен шығып кетеді. Ал жылу менің бойымда қалады.

- Байдыі үстіндегі киімі қандай?

- Байдың үстінде қалың тон, басында түлкі тымақ, астында жүйрік ат.

- Алдаркөсенің киімі қандай еді?

- Алдаркөсенің үстінде шұрық-тесік тон, басында жұқа телпек, астына мінгені арық ат.

-Алдаркөсенің арманы. Ол арманына жетті ме?

- Байдың қалың тоңын алдап өзіне алу. Оның арманы орындалды.

Белингвистикалық компонент: Тон-шуба, тымақ- ,шұрық-тесік - дырявый

- Кәнеки балалар біраз отырып қалған болармыз, бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Байды қалай алдаймын деп,

Қу Алдар жүр сығалап.

Сиқырына жете алмай,

Байекең жүр домалап.

- Балалар, қалай бір сергіп қалдық па. Енді орындарыңа отыра қойыңдар.

- Балалар бүгінгі тақырыбымызға байланысты (байлық, жомарттық, сараңдық) туралы мқал- мәтелдер айтайықшы, кәне кім біледі?

1. Бай аузында семіз сөз.

2. Қасекеніңді қабағыңнан танимын,

Сараң екеніңді табағыңнан танимын.

3. Қолы ашықтың, жолы ашық.

4. Бай – балпаң келер,

Жарлы – жалаң келер.

5. Сараңның қолы қалтырауық.

Ойын: «Кім тапқыр?»

Алдарындағы карточканы жаңылмай тауып көрсету.

Рефлексиялық-түзетушілік
-Балалар бүгінгі ертегі сендерге ұнады ма?

-егер ұнаса қорытындылап жіберейік.

Балаларға ертегі желісі бойынша мнемотехника әдісін пайдалана отырып сұрақтар қойылып жауаптар аланады.

- Балалар, қазіргі таңда бай да ,жарлы да жоқ. Адамдардың бәрі сауатты, білімді. Бәрі бір-бірімен дос-бауыр. Ендеше «Дос болайық бәріміз» өлең жолдарымен бүгінгі сабағымызды аяқтайық.

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр сәніміз,

Тыныштықты сақтаймыз

Атсын күліп таңымыз


















ҰОҚ өткізу жоспары 10.10.18

Топ:7 Тәрбиеші: Адилова Г.М.

Білім беру сала(сы)лары: «Әлеумет»

Бөлімі: Экология негіздері

Тақырыбы: Қауіпсіз заттармен таныстыру

Міндеттері:

Тәрбиелік: Балалардың өнерге деген ынтасын арттыру, өз бетімен жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, үнемшілдікке, тазалыққа тәрбиелеу. 
Білім берушілік:
Қауіпсіз заттар туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық:
Балалардың ой-өрісін, білімін дамыту.
Алдын ала жұмыс жүргізу: Әңгімелеу, сұрақ -жауап, түсіндіру.
Қажетті құралдар:  түрлі түсті қарындаштар.
Сөздік жұмысы: Қауіпсіз заттар
Билингвальды компонент: қауіпсіз заттар – опасные предметы
Мотивациялық – қозғаушылық
Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне шақырады.

-Балалар,бізге бір хат келіпті.Бұл хатты Ернар мен Жанар деген балалар жазыпты.Олар орманнан саңырауқұлақ терген екен. Алайда саңырауқұлақтың қайсысын жеуге болатындығын білмейді екен. Сол себепті сендерден көмек сұрап хат жазыпты. Бірақ,балалар олар өздерінің қандай саңырауқұлақ жинап алғандығы туралы айтпапты Суреті де жоқ.Олар бізді орманда күтетіндіктерін айтыпты.Сондықтан балалар мен сендерді орманға саяхатқа баруға шақырамын.Барғыларың келе ме?

Ұйымдастырушылық-ізденістік
Тәрбиеші балаларды алдын ала дайындаған орманға әкеледі. Ол жерден Ернар мен Жанарды кездестіреді. Ернар мен Жанар балаларға себеттегі теріп алған саңырауқұлақтарын көрсетеді.

-Балалар, мынау қандай саңырауқұлақ екендігін білесіңдер ме?

Бұлар-улы саңырауқұлақтар.Ал улы саңырауқұлақты жеуге болмайды.Бұл саңырауқұлақтар адамдар үшін өте зиян,ал орман тұрғындары үшін пайдалы, зияны жоқ екен.Ернар,Жанар сендердің теріп алған саңырауқұлақтарыңның барлығы да жарамсыз.Себебі:сендер тек улы саңырауқұлақтарды теріп алыпсыңдар.

Ернар мен Жанар:

-Біз білмей қалдық.

-Міне,балалар көрдіңдер ме, егер өздеріңе таныс емес өсімдік,саңырауқұлақ немесес жидек көрсеңдер оны теріп жеуге болмайды екен. Ал орманда басқа да жеуге жарамды жемістер бар.Мысалы, міне, мына қызыл жидекке қараңдаршы. Бұны адамдар қой бүлдіргені деп те атайды. Осыған ұқсас жемісті көргендерің бар ма?

Жанар:

«Ой мына жерде қойбүлдіргені көп екен»-деп үзіп жей бастайды.

Жанар, асықпа. Балалар Жанар дұрыс істедіме?

Неге?

Балалар сендер білесіңдер ме, орманға,тауға,жалпы табиғат аясында қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?

-Болған жағдайда не істеу керек?

Мысалы,сендер оттың лаулап жанып жатқанын көрдіңдер немесе кене шағып алды,бұндай жағдайда не істеу керек?

-Тағы да қандай қауіпсіздік ережесін сақтау керек?

Тәрбиеші балаларды екі орталыққа бөліп,бірінші орталықтағы балаларға табиғатқа серуенге барғандағы қауіпті деп санайтын өсімдіктермен жәндіктердің суретін жапсыруды, екінші орталықтағы балаларға «Табиғаттағы мінез-құлық ережесі» тақырыбында табиғатқа серуенге барғанда нені істеуге болмайды деп санайды, соған байланысты суреттерді жапсыруды ұсынады.

Сергіту сәті.

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін көңіл күйлерін сұрайды. Сонымен қатар немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын айтады.
-Отпен ойнамау керек.

-От жаққан болса,кетер кезде өшіріп кету керек.

Әйтпесе өрт шығуы мүмкін.Жәндіктерден абай болу керек.

-Жыланнан, кененің шағып алуынан.

-Үлкендермен бірге жүру керек,жалғыз жүрмеу керек.

-Үлкендерге хабарлау керек.

-Үшкір заттармен ойнамау керек.

-Серуенде жүргенде үлкендерден алыс кетпеу керек.

Өлең мазмұнына қарай қимылдар жасайды.
Рефлексиялық-түзетушілік

Балалар жиыннан алған әсерлерін айта отырып, немен айналысқандарын не үйренгендерін айтады.










30 Қазан 2018
2966
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі