Материалдар / Үйде оқыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Үйде оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
7-сынып оқушысын физика пәні бойынша үйде тегін оқытуының сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
1987
18 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Күні: 5.09

Сыныбы: 7

Пәні: физика

Сабақ тақырыбы: §1 Табиғат және адам.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға физикалық құбылыстар, физиканың мақсаты, физика заңдары, физикалық ұғымдар туралы түсінік алуға жағдай жасау.

  2. Оқушылардың ой-өрісін жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

  3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақ көрнекілігі: слайдтар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері туралы.

ІІІ.Жаңа сабақ.


Физиканың мақсаты –табиғаттағы болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды өзара байланыстыратын заңдарды ашу.

Физикалық құбылыстарды және оларды сипаттайтын заңдарды бір жүйеге түсіру арқылы физикалық теориялар жасалады.

Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мәнділік мазмұнын ашып беретін терминдар физикалық ұғымдар деп аталады.

Кеңістікте белгілі бір пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсені дене деп атайды.

Дененің сапалық тектілігін сипаттайтын материя түрін зат деп айтады.


ІV. Пысықтау.

  1. «Табиғат» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  2. Табиғат пен адамның бірлігін білдіретін қандай нақыл сөздерді, мақалдар мен мәтелдерді білесіңдер?

  3. Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?

  4. Қандай табиғат құбылыстары физикалық құбылыстарға жатады?

V. Қорытындылау.

VІ. Үйге тапсырма: §1









Күні:

Сыныбы: 7

Пәні: физика

Сабақ тақырыбы: §2 Физика –табиғат туралы ғылым.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға физикалық құбылыстар, физикалық ұғымдар туралы түсінік алуға жағдай жасау.

  2. Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

  3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақ көрнекілігі: слайдтар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері туралы.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Физикалық құбылыстар: механикалық, жылу, электр, жарық құбылыстары.

«бірінші ұстаз» «екінші ұстаз» орыс тіліне физика сөзі алғаш енгізген ғалым

ІV. Пысықтау.

  1. Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?

  2. Қандай табиғат құбылыстары физикалық құбылыстарға жатады?

  3. Физиканың мақсаты неде?

V. Қорытындылау.

VІ. Үйге тапсырма: §2 Қазіргі заманның техникасы жөнінде қосымша әдебиеттерден баяндама жазыңдар.






Күні:

Сыныбы: 7

Пәні: физика

Сабақ тақырыбы: §3. Физика және техника.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің ерекшеліктері туралы түсінік алуға жағдай жасау.

  2. Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

  3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақ көрнекілігі: слайдтар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері туралы.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Физика мен техникаға байланысты жетістіктер:

  1. Физиктер атом ядросындағы энергияны алу жолын тапты.

  2. ХХ ғасырда адамзат физика мен техникаға жетістіктерінің арқасында ғарышқа көтерілді.

  1. Лазердің дүниеге келуі.

  2. Кибернетика мен электрондық есептеуіш техникасының дамуы.


ІV. Пысықтау.

  1. Ғылыми –техникалық жетістіктерді ата.

V. Қорытындылау.

VІ. Үйге тапсырма: §3. Қазіргі заманның техникасы жөнінде қосымша әдебиеттерден баяндама жазыңдар.









Күні:

Сыныбы: 7

Пәні: физика


Сабақ тақырыбы: § 7 Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.

Сабақ мақсаты: 1.Табиғатты зерттеуді кең тараған тәсілдері,

олардың ерекшеліктері, болжам туралы

түсінік алуға жағдай жасау.

2.Оқушылардың ой-өрісін дамытып, ғылыми ой

қорытындыларын жасауға жетелеу, ғылыми

дүниетанымын қалыптастыру.

3. Еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау

Сабақ көрнекілігі: эл.оқулық

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Өткен материалдар бойынша сұрақтар:

  1. Ғылыми –техникалық жетістіктерді ата.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері: бақылау, эксперимент, теориялық зерттеу.

  • Болжам – ғылыми деректермен негізделген жорамал.

  • Кез келген болжамның шынайлылығын тек практикалық тәжірибе, яғни эксперимент тексере алады.

  • Эксперимент – физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі.

  • Гук заңы: серпімділік шегінде серіппенің L созылуы оған әрекет ететін жүктің Р салмағына тура пропорционал өзгереді.

ІV. Пысықтау.

  1. Табиғатты зерттеу әдістері қандай?

  2. Болжам дегеніміз не?

  3. Эксперименттің басқа ғылыми әдістерден ерекшелігі неде?

  4. Эксперимент жүргізуге қандай талаптар қойылады?

  5. Гук заңы қалай оқылады?

V. Қорытындылау.

VІ. Үйге тапсырма: §7










Күні:

Сыныбы: 7

Пәні: физика

Сабақ тақырыбы:§10 Физикалық шама. Шамаларды өлшеу.

Сабақ мақсаты:

1. Физикалық теорияның негізгі қызметі, құрамдас бөліктері, физиканың іргелі теориялары, теорияның ең басты ерекшеліктері, физикалық шамалар және оларды өлшеу туралы түсінік алуға жағдай жасау.

2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту.

3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың өткен материалды қалай меңгергенін тексеру.

Берілетін сұрақтар:

  1. Табиғатты зерттеу әдістері қандай?

  2. Болжам дегеніміз не?

  3. Эксперименттің басқа әдістерден айырмашылығы қандай?

  4. Экспериментті жүргізуге қандай талаптар қойылады?

  5. Гук заңы қалай тұжырымдалады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Физикалық теорияның негізгі қызметі – құбылысты түсіндіру. Физикалық құбылыстарды бір-бірімен өзара байланыстыра отырып, жан-жақты түсіндіретін жүйелі білім физикалық теория деп аталады.

Физиканың 4 іргелі теориялары:

  • Классикалық механика теориясы;

  • Термодинамика және молекулалық физика теориясы;

  • Электродинамика теориясы;

  • Кванттық механика теориясы.

Физикалық шамалар деп физикалық нысандардың немесе құбылыстардың қасиеттерінің сандық сипаттамаларын айтады.

Физикалық шаманың мәні дегеніміз – оның сандық мәнімен қоса өлшем бірлігі.

Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз – оны өлшем бірлік ретінде алынған біртекті басқа бір шамамен салыстыру.

Құралдың бетіне түсірілген бөліктер мен сандар аспап шкаласы деп аталады.

ІV. Есептер шығару.

1-жаттығу.№1

V.Пысықтау.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Үйге тапсырма: §9






Күні:

Сыныбы: 7

Пәні: физика

Сабақ тақырыбы: §12Өлшеулердің метрлік жүйесі.

Сабақ мақсаты:

  1. өлшемдердің метрлік жүйесі туралы түсінік алуға жағдай жасау.

  2. Оқушылардың ой-өрісін дамыту.

  3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың өткен материалдарды қалай меңгергенін тексеру.

Сұрақтар:

  1. Физикалық теорияның негізгі қызметі қандай?

  2. Физиканың ең іргелі теориялары қандай?

  3. МКТ негізгі теориясының негізгі қағидалары қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Аспаптық жаңылыс.

Өлшеу қатесі: абсолют, салыстырмалы.

Аспаптардың көмегімен дұрыс орындалған өлшеулердің ең үлкен жаңылысы аспап бөлігі құнының жартысына тең.

немесе

Мұндағы: a-өлшенетін шаманың мәні. h - өлшеу қателігі.

Өлшеудің тура және жанама тәсілі болады.

Өлшеулердің метрлік жүйесі: ұзындық бірлігі – метр, масса бірлігі – килограмм, уақыт бірлігі – секунд т.б.

ІV. Есептер шығару.

4-жаттығу. №5

V. Пысықтау.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Үйге тасырма: §12













Күні:

Сыныбы: 7

Пәні: физика

Сабақ тақырыбы:§13.Үлкен, кіші сандарды ықшамдап жазу.

Сабақ мақсаты:

  1. сандардың стандартты түрі туралы түсінік алуға жағдай жасау.

  2. Оқушылардың ой-өрісін дамыту.

  3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың өткен материалдарды қалай меңгергенін тексеру.

Сұрақтар:

  1. Физикалық шаманың мәні дегеніміз не?

  2. Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз не?

  3. Физикалық шамаларды өлшейтін қандай аспаптарды білесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақ.

немесе

Мұндағы: a-өлшенетін шаманың мәні. h - өлшеу қателігі.

Өлшеудің тура және жанама тәсілі болады.

Өлшеулердің метрлік жүйесі: ұзындық бірлігі – метр, масса бірлігі – килограмм, уақыт бірлігі – секунд т.б.

10n көбейткіштерін пайдаланып, берілген сандарды ықшамдап жазу «сандарды стандарт түрінде жазу» деп аталады.

ІV. Есептер шығару.

4-жаттығу. №8

V. Пысықтау.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Үйге тасырма: §13



















Күні:

Сыныбы: 7

Пәні: физика

Сабақ тақырыбы:§14. Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық құрылысы.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға заттарды құрайтын бөлшектер туралы түсінік алуға жағдай жасау.

2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту.

3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың өткен тарауды қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Демокрит: барлық заттар бөлінбейтін өте ұсақ бөлшектер-атомдар.

ХХ ғасырдың басында атомның да күрделі бөлшек екені, оның өзінен де кіші бірнеше бөлшектерге бөлінетіні белгілі болды.

Бірнеше атомдардың өзра байланысуынан молекула түзіледі.

Әр заттың молекуласы –сол заттың қасиеттерін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі.

Атомдар мен молекулалардың кристалдағы орналасу ретін, олардың жалпы сұлбасын қазіргі электрондық микроскоптар мен иондық проекторларда көруге болады.

Жекелеген атомдар-химиялық элементтердің, ал молекулалар заттардың ең кіші бөлшектері. Әр түрлі заттардан денелер құралады.

IV. Пысықтау.

1. Заттарды құрайтын бөлшектер қалай аталады?

2. Табиғатта, Жер бетінде атомдардың неше түрі бар?

3. Заттардың сан алуандығын қалай түсіндіруге болады?

4. Молекула дегеніміз не?

5. Заттардың молекулалары бірдей ме?

6. Молекуланың көрнекі кескіні қалай аталады?

V . Жаттығу жұмыстарын орындау.

5-жаттығу. №1

VІ. Қорытындылау.

VІІІ. Үйге тапсырма:§14.







Күні:

Сыныбы: 7

Пәні: физика

Сабақ тақырыбы:§15. Молекулалардың қозғалысы. Диффузия.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға молекулалардың қозғалысы, диффузия құбылысы,

температура туралы түсінік алуға жағдай жасау.

2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту.

3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: слайдтар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Заттарды құрайтын бөлшектер қалай аталады?

  2. Табиғатта, Жер бетінде атомдардың неше түрі бар?

  3. Заттардың сан алуандығын қалай түсіндіруге болады?

  4. Молекула дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалыстары салдарынан жанасып тұрған әр түрлі заттар бөлшектерінің бір-біріне өтіп таралуын диффузия деп аталады.


Диффузия сұйықтарда,газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде жүреді.(видеофрагмент көрсетіліп, тәжірибелер жасалады)

Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. Сөйтіп, дене көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып тұрады.

Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама температура деп аталады.

Денелердің температурасын термометрмен өлшейді.

Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, оның температурасы да соғұрлым жоғары болады.

IV. Пысықтау.

  • Әтір иісі бөлмеге не себептен тарайды? Бұл құбылыс нені дәлелдейді?

  • Диффузия деген не?

  • Газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде диффузияның жүру жылдамдығы, өтімділік ауқымы бірдей бола ма? Не себептен денелерде жоғары температурада диффузия тез жүреді?

V.Қорытындылау.

VІ. Үйге тапсырма: §15





Күні:

Сыныбы: 7

Пәні: физика

Сабақ тақырыбы: §16. Заттың күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.

Сабақ мақсаты:

  1. Заттың күйлерін молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі : аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Құрал-жабдықтар: компьютер, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Затты құрайтын бөлшектер қалай деп аталады?

  2. Молекула дегеніміз не?

  3. Молекуланың көрнекі кескіні қалай деп аталады?

  4. Диффузия дегеніміз не?

  5. Диффузияның температураға байланысы бар ма?

  6. Диффузияның пайдасы қандай? Зияны бар ма?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қатты дененің молекулаларының орналасуы



Пішінін мен көлемін сақтау – қатты денелерге тән қасиет.

Сұйықтың молекулаларының орналасуы




Аққыштық, көлемін сақтау және пішінін оңай өзгерту – сұйыққа тән қасиет.

Газдардың молекулаларының орналасуы




Газдың тұрақты көлемі мен пішіні болмайды. Олар берілген көлемді түгелдей алады.

ІV. Пысықтау.

  1. Заттар қандай күйде бола алады?

  2. Заттың қатты күйіне тән қасиет қандай?

  3. Заттың сұйық күйіне тән қандай қасиет?

  4. Заттың қатты күйіне тән қасиет?

  5. МКТ арқылы зат күйлерінің қасиеттерін қалай түсіндіруге болады?

V. Қорытындылау.

VІІ. Үйге тапсырма: §16






Күні:

Сыныбы: 7

Пәні: физика

Сабақ тақырыбы: §17. Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға механикалық қозғалыс, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы туралы түсіндіру.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі : аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Құрал-жабдықтар: компьютер, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тарауды қорытындылау:

    1. Атом дегеніміз не?

    2. Молекула дегеніміз не?

    3. Молекулалық кинетикалық теорияның негізгі қағидалары қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Дененің немесе дене бөлшектерінің уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы бұрынғы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады.

Қозғалмайды деп есептелетін және басқа денелердің қозғалысы соған салыстырылып қарастырылатын денені санақ денесі деп атайды.

Ал, онымен салыстырғанда бұрынғы орнын өзгертетін дене қозғалыстағы дене деп аталады.


Кез келген механикалық қозғалыс салыстырмалы болып табылады.

Санақ жүйесі деп санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағатты айтады.

ІV. Пысықтау.

1. Механикалық қозғалыс деп нені айтады? Мысал келтіріңдер?

2. Санақ денесі деген не? Мысал келтіріңдер.

3. Тыныштық салыстырмалы дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

V. Қорытындылау.

VІІ. Үйге тапсырма: §17







Күні:

Сыныбы: 7

Пәні: физика

Сабақ тақырыбы: §18-20. Планеталардың қозғалысы. Күннің жылдық қозғалысы

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға планеталардың қозғалысы туралы түсіндіру.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі : аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Құрал-жабдықтар: компьютер, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:

1. Механикалық қозғалыс деп нені айтады? Мысал келтіріңдер?

2. Санақ денесі деген не? Мысал келтіріңдер.

3. Тыныштық салыстырмалы дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ғаламшарлар:

  • Жерге ұқсас ғаламшарлар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс.

  • Алып ғаламшарлар: Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун.

Меркурий.

  • Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар.

  • Диаметрі Жерден 2,5 есе кіші.

  • Күнді 88 тәулікте айналып өтеді.

  • Күнге қараған жағының температурасы өте жоғары+3000С, қарама-қарсы жағы өте суық -2000С.

  • Шолпан

  • Күннен қашықтығы 108 млн. шақырым.

  • Жерден сәл кіші.

  • Күнді 225 тәулікте айналып өтеді.

  • Беткі температурасы 5000С

Марс

  • Диаметрі Жерден екі есе кіші.

  • Күнді 687 тәулікте айналып өтеді.

  • Екі серігі бар: Фобос және Деймос.

  • Жазда температурасы күндіз+200С. Қыста түнде -1250С

Юпитер

  • Диаметрі жағынан Жерден 11,5 есе үлкен.

  • Күнді 11,9 жылда айналып өтеді.

  • 16 серігі бар.

  • Өте тез айналады.

Сатурн

ІV. Пысықтау.

  1. «Планета» деген сөз нені білдіреді?

  2. Планеталардың қозғалысын қалай бақылауға болады?

  3. Уран мен Шолпанның басқа планеталардан ерекшелігі қандай?

  4. Әр планетаға жеке-жеке сипаттама беріңдер.

  5. 8-тапсырманы орындау.

V. Қорытындылау.

VІІ. Үйге тапсырма: §18..






Күні:

Сыныбы: 7

Пәні: физика

Сабақ тақырыбы: §§22. Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы.

Сабақ мақсаты:

1. Материялық нүкте, қозғалыс траекториясы., жол, орын ауыстыру туралы түсінік алуға жетелеу.

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қортындыларын жасауға жетелеу.

3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,

Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:

1. Коперниктің теориясы бойынша әлем қалай өқұрылған?

2. Коперник аспан денелерінің қозғалысын қалай түсіндірді?

3. Қазіргі кездегі әлем жүйесінен Коперник жүйесінің айырмашылығы қандай?

4. Коперник теориясын кімдер қолдады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Материялық нүкте деп қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады.

Дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізін қозғалыс траекториясы деп атайды.

т раекторияның түріне қарап қозғалысты түзу сызықты немесе қисық сызықты деп бөледі.

Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады.

Дененің орын ауыстыруы деп дененің бастапқы орнын оның келесі орынымен қосатын бағытталған кесіндіні айтады.

ІV.Пысықтау.

  1. Сағат тілінің қозғалыс траекториясы қандай?

  2. Орын ауыстыру деп нені айтады?

  3. Жүрілген жол дегеніміз не?

V. Тапсырмалар орындау.

VІ. Үйге тапсырма: §§22

VІІІ. Қорытындылау.






Күні:

Сыныбы: 7

Пәні: физика

Сабақ тақырыбы: §23. Жол және орын ауыстыру.

Сабақ мақсаты:

1. жол, орын ауыстыру туралы түсінік алуға жетелеу.

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қортындыларын жасауға жетелеу.

3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,

Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:

1. Коперниктің теориясы бойынша әлем қалай өқұрылған?

2. Коперник аспан денелерінің қозғалысын қалай түсіндірді?

3. Қазіргі кездегі әлем жүйесінен Коперник жүйесінің айырмашылығы қандай?

4. Коперник теориясын кімдер қолдады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізін қозғалыс траекториясы деп атайды.


траекторияның түріне қарап қозғалысты түзу сызықты немесе қисық сызықты деп бөледі.

Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады.

Дененің орын ауыстыруы деп дененің бастапқы орнын оның келесі орынымен қосатын бағытталған кесіндіні айтады.

ІV.Пысықтау.

  1. Сағат тілінің қозғалыс траекториясы қандай?

  2. Орын ауыстыру деп нені айтады?

  3. Жүрілген жол дегеніміз не?

V. Тапсырмалар орындау.

VІ. Үйге тапсырма: §23

VІІІ. Қорытындылау.







Күні:

Сыныбы: 7

Пәні: физика

Сабақ тақырыбы: §24 Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар.

Сабақ мақсаты:

1. Бір қалыпты және бір қалыпты емес қозғалыстар туралы түсінік алуға жетелеу.

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,

Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:

  • Материялық нүкте деген не?

  • Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?

  • Траекторияның пішіні санақ жүйесін таңдап алуға тәуелді бола ма? Мысал келтіріңдер.

  • Сағат тілінің қозғалыс траекториясы қандай?

  • Орын ауыстыру деп нені айтады?

  • Жүрілген жол дегеніміз не?

.

ІІІ. Жаңа тақырып.

Дененің уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс бір қалыпты қозғалыс деп аталады.

Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.

Бірқалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралыған бөлу керек.

ІІІ. Пысықтау.

    1. Бір қалыпты қозғалыс дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

    2. Бір қалыпсыз қозғалыс дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

    3. Қозғалыс жылдамдығы дегеніміз не? Формуласын жазыңдар.

    4. Жүрілген жолды қалай өрнектеуге болады?

    5. Қозғалыс уақытын қалай анықтауға болады?

    6. Жылдамдық өлшем бірлігі қандай?

IV. Есептер шығару.

7-жаттығу. №1

V. Қорытындылау.

VІІ. Үйге тапсырма: §24






Күні:

Сыныбы: 7

Пәні: физика

Сабақ тақырыбы: § 25. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.

Сабақ мақсаты:

1. жылдамдық, жылдамдық бірліктері туралы түсінік алуға жетелеу.

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,

Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:

  • Материялық нүкте деген не?

  • Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?

  • Траекторияның пішіні санақ жүйесін таңдап алуға туелді бола ма? Мысал келтіріңдер.

  • Сағат тілінің қозғалыс траекториясы қандай?

  • Орын ауыстыру деп нені айтады?

  • Жүрілген жол дегеніміз не?

.

ІІІ. Жаңа тақырып.


Бірқалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралыған бөлу керек.

υ=ℓ/t

Бірліктердің халықаралық жүйесінде жылдамдықтың бірлігіне секундына метр м/с алынады. Бұл жылдамдық бір қалыпты түзусызықты қозғалатын нүктенің 1с ішінде 1 метрге орын ауыстыратынын білдіреді.

S=υt

t= s/υ

ІІІ. Пысықтау.

    1. Қозғалыс жылдамдығы дегеніміз не? Формуласын жазыңдар.

    2. Жүрілген жолды қалай өрнектеуге болады?

    3. Қозғалыс уақытын қалай анықтауға болады?

    4. Жылдамдық өлшем бірлігі қандай?

IV. Есептер шығару.

7-жаттығу. №2.

V. Қорытындылау.

VІІ. Үйге тапсырма: §25





Күні:

Сыныбы: 7

Пәні: физика

Сабақ тақырыбы: §28.Инерция. Кеңістік пен уақыт.

Сабақ мақсаты:

1. Денеге басқа денелер әсер етпегенде жылдамдығын сақтау құбылысы тупалы, кеңісті пен уақыт және олардың қасиеттері туралы түсінік алуға жетелеу.

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қортындыларын жасауға жетелеу.

3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,

Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:

    1. Қозғалыс заңының формуласын қалай жазуға болады?

    2. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің қозғалым графигі қандай болады?

    3. Үйге берілген есептердің орындалысын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Кез келген дене сырттан әсер болмағанда өзінің Жермен салыстырғандағы тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзусызықты қозғалысын сақтайды.

М ұның дұрыстығына мына тәжірибе арқылы көз жеткізуге болады:



Денеге басқа денелер әсер етпегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысын инерция деп аталады.

Адамдар күнделікті өмірде инерциямен жиі ұшырасады. Мысалдар:

Кеңістіктің негізгі қасиеттері: оның шынайы бар болуы, материямен біртұтастығы, шексіздігі, үш өлшемділыгы.

Уақыттың негізгі қасиеттері: шынайы бар болуы, үздіксіздігі, тәуелсіздігі, бір қалыптығы, бір бағыттылығы.

ІV. Пысықтау.

3. Инерция дегеніміз не?

4. Кеңістіктің негізгі қасиеттері қандай?

5. Уақыттың негізгі қасиеттері қандай?

V. Қорытындылау.

VІІ. Үйге тапсырма: §28.29

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!