Материалдар / Үйде оқыту. 8 сынып. Жаңартылған

Үйде оқыту. 8 сынып. Жаңартылған

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйде оқыту. 8 сынып. Жаңартылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2018
18709
141 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Орташа ақыл-ой кемістігімен
Білім салалары және оқу пәндеріСыныптар бойынша апталық сағат саны




1234
Инварианттық компоненті
IЖалпы білім беру циклы5555
1Жазу, оқу және тіл дамыту1111
2Санау1111
3Аналадағы әлем2222
4Бейнелеу1111
11Әлеуметтік бейімдеу және енбекке дайындау1111
5Заттық-практикалық әрекет1111
Инварианттік оқу жүктемесі6666
Түзету компоненті
Психомоторикасымен және сенсорлық үдерістерін дамыту2222
Оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі8888
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы « » № бұйрығына 10-қосымша



















«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі4.  Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:1) көрсетілетін қызметті алушы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 жұмыс күні;2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды;3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: құжаттарды қабылдау туралы қолхат (еркін нысанда). Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: дүйсенбіден бастап жұма аралығында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен қоса көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін көрсетіледі. Алдын ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету қарастырылмаған. 9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) өтініш (еркін нысанда); 2) үйде оқыту бойынша ұсынымдармен қоса дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы; 3) мүгедек балаларға ұсынылатын білім беру оқу бағдарламасы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының, мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым жазбаша түрде:1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы басшысының атына;2) республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып беріледі.Көрсетілетін қызметті берушінің, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), жергілікті атқарушы органының атына шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар12. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.13. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

_______________________________



 





































Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:1) өтініш (еркін нысанда);2) үйде оқыту бойынша ұсынымдармен қоса дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы;3) ұсынылатын білім беру оқу бағдарламасы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы.





11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:1) медициналық көрсеткіштер бойынша мүгедек баланы үйде оқыту қажеттілігі туралы қорытынды:  жергілікті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарындағы Дәрігерлік-консультациялық комиссия береді;2) мүгедек баланы үйде оқыту үшін білім беру бағдарламасы түрінің қорытындысы мен ұсынысы: тұрғылықты мекенжайы бойынша психологиялық – медициналық – педагогикалық консультация (ПМПК) береді; 3) білім беру ұйымы директорының атына ата-ананың еркін нысанда жазған өтініші;4) мемлекеттік қызметті алушы ата-аналарының біреуінің жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмесі;5) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар көшірмесі;6) мекенжай анықтамасы;7) ата-аналардың жұмыс орнынан анықтама. 7. Сабақтардың оқыту мерзімі барлығы үшін 35 минут, бірінші сыныпта - 25 минут.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 974 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 23 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3303. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 04 шілдедегі № 258 бұйрығымен      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 04.07.2013 № 258бұйрығымен (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)







































Қазақстан Республикасы     Білім және ғылым министрінің  2004 жылы 26 қарашадағы    N 974 бұйрығымен бекітілген Оқу-тәрбие ұйымдарының мүгедек балаларды үйдеоқытуда ата-аналарға көмек көрсету тәртібі туралыЕрежесі1. Жалпы ережелер      1. Осы Ереже оқу-тәрбие ұйымдарының мүгедек балаларды үйде оқытуда ата-аналарға көмек көрсету тәртібін реттейді.      2. Үйде жеке тегін оқыту мүмкіншіліктері шектеулі балаларды, оның ішінде бала кезінен мүгедектерді және мүгедек-балаларды жалпы орта білім немесе арнайы білім беру ұйымдарында тәрбиелеу мен оқыту мүмкіншілігі жоқ жағдайда іске асырылады.      3. Үйде тәрбиелеу мен оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балаларды анықтау жөніндегі медициналық көрсеткіштер тізбесіне сәйкес психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының (ПМПК) тұжырымдамасы негізінде балалар белгіленеді.      4. Үйде жеке оқыту жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдарының, оның ішінде оңалту орталықтарының, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестерінің, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің мамандарымен атқарылады.      5. Үйде жеке оқыту жалпы және мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйымдары шешетін міндеттерді шешеді.      6. Мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін жеке білім беру процесін басқару және қамтамасыз ету түзету педагогика саласындағы, сонымен бірге жоғары білікті арнайы мамандандырылудан өткен мұғалімдермен атқарылады.      7. Мүмкіндіктері шектеулі бала жеке оқытуға арнайы (түзету) білім беру ұйымына бекітіледі. Арнайы білім беру ұйымдары жоқ болу немесе шалғайда орналасқан жағдайда үйде жеке оқыту тұратын жеріндегі жалпы орта білім мектебінің мамандарымен іске асырылады.      8. Үйде жеке тегін оқытудың сапасына бақылау мен байқау ПМПК және бала бекітілген білім беру ұйымымен атқарылады.2. Жеке білім беру процесі      9. Үйде жеке тегін оқыту педагогпен мектеп әкімшілігі бекіткен үйде жеке оқыту жоспары осы ережелерінің қосымшасына сәйкес және кесте бойынша атқарылады. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған жеке бағдарламаны құрастыруда педагог баланың жеке ерекшіліктерін және мүмкіндіктерін қолдана отыра арнайы білім ұйымдарына арналған арнайы типтік бағдарламаларға негізделеді.      10. Баланың дамуындағы кемшіліктерді түзеу мақсатында міндетті түрде түзеу сабақтарына арнайы сағаттар (аптасына 2 сағаттан кем емес), олар арнайы мамандармен: мұғалім-логопедпен, мұғалім-психолог немесе мұғалім-дефектологпен жүргізіледі.      11. Сабақ күндері, саны, оқу сабақтарының ұзақтығы мен реттігі, сонымен бірге оқу аптасының ұзақтығы оқушының нервтік-психологиялық жағдайы ескеріле отырып, бірақ бастауыш сынып оқушылары үшін аптасына 8 сағаттан, негізгі және орта білім беру деңгейі оқушылары үшін аптасына 10 және 12 сағаттан кем емес анықталады.      12. Үйде жеке тегін оқудағы бала үшін оқу жылының басталуы және аяқталуы, каникулдың ұзақтылығы жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдары үшін белгіленген мерзімдерге сәйкес.      13. Үйде жеке тегін оқудағы бала үшін қорытынды емтихан өткізу қажеттілігі білім беру ұйымы білім беруді басқару органдарымен бірлесіп тұратын жеріндегі дәрігерлік комиссияның тұжырымдамасы негізінде шешіледі.      14. Жеке білім беру бағдарламасынан өткен бітірушіге білім деңгейі сәйкестігі туралы мемлекеттік түрде, бала бекітілген ұйымның мөрімен расталған құжат беріледі.3. Білім беру процесіне қатысушылар      15. Жеке білім беру процесінің қатысушылары: білім алушы, оның ата-аналары (заңды өкілдері) мен педагогтар болып табылады.      16. Жеке тегін оқуға бекітілген балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) үйде жеке сабақ өткізу үшін жағдай жасау, мүмкіндігінше оқу-сабақтарына қатысу, педагогтің ұсыныстарын орындау, балаға үй тапсырмаларын орындау кезінде жәрдем көрсету қажет.      17. Білім беру ұйымы баланы қажетті оқулықтар және оқу-әдістемелік жинақтармен қамтамасыз етеді.      18. Педагог жеке тегін оқыту кезінде баланың білімін белгілеу журналын және баланың дамуына динамикалық бақылау күнделігін жүргізеді.      19. Оқудың жарты жылдығы өткеннен кейін педагог баланың оқу бағдарламасын игергені туралы мектеп әкімшілігіне есеп береді.      20. Оқу жылының аяғында педагог балаға кеңінен ашылған психологиялық-педагогикалық мінездеме және үлгерімі туралы табелін мектепке береді.Оқу-тәрбие ұйымдарының    мүгедек балаларды үйде оқытудаата-аналарға көмек көрсету  тәртібі туралы ережесіне   қосымша  





         Үйде жеке оқыту жоспары
п/пПәндердің атауыСыныптар бойынша апталық сағат саны




бастауыш сатылыНегізгі сатылыЖоғары




123456789101112
1Тіл мен әдебиет333344444444
2Шетел тілі







1110,51111
3Матема- тика және инфор- матика333333334444
4Тарих







110,50,51111
5Геог- рафия







10,50,50,50,50,50,50,5
6Био- логия









0,50,50,50,50,50,50,5
7Химия













0,50,50,50,50,5
8Физика











0,50,50,50,50,50,5
9Коррек- циялық сабақтар (қажет кезінде)2222

















Барлығы:88881
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ