Материалдар / Үйден оқыту Биология
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Үйден оқыту Биология

Материал туралы қысқаша түсінік
7,8 сынып үйден оқыту Биология
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қазан 2023
929
17 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түсінік хат


Тақырыптық – күнтізбелік жоспар ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2016); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы №668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;

ҚР 2016ж-------------------------------------------------------4.09.2017жыл


«Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі №400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі №150 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдарына сәйкес әзірленген.

Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.

Пәннің оқу бағдарламасы «шиыршық» қағидаты негізінде әзірленген, яғни оқу мақсаттары мен тақырыптардың басым көпшілігі белгілі бір оқу кезеңінен кейін (оқу жылы барысында немесе келесі сыныптарда) білім мен дағдының көлемі көбірек, тереңірек, күрделірек деңгейде қайта қарастырылады. Оқу бағдарламасы оқу жылы көлемінде бөлімдердің оқытылу ретін көрсететін ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Тақырыптарға сағат санының үлестірілуі және тоқсан көлемінде тақырыптардың оқытылу реттілігін мұғалім анықтай алады. Ұзақ мерзімді жоспар күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлеудің негізі бола алады.

Оқу бағдарламасы оқыту процесін оқушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктіліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін бағыттайды. Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерді кіріктіреді. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады. Нақты пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.

Әр пәннің оқу бағдарламаларында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған. Көптілді оқу ортасын құруда әр пәннің қосқан үлесі үш тілде білім беру саясатын іске асыруды қамтамасыз ету. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік т әсіл әрбір оқу пәнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім және білікпен алмасу, тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылады.

Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімін функционалдық және шығармашылықта қолдану,

сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады.

7 сыныпқа арналған «Биология» пәнінің жаңартылған мазмұндағы оқу мақсаттары: оқушыларға органикалық дүниенің көптүрлілігі, ондағы болып жатқан құбылыстар мен үдерістердің заңдары мен заңдылықтары, сонымен қатар адам оның ажырамас бөлігі туралы білім мен

түсінік жүйелерін беру.

«Биология» пәні: биология бойынша оқу жабдығын пайдалану, эксперименттік зерттеу жоспарын құру, зерттеулер жүргізу, алынған мәліметтерді жинау, өңдеу және түсінік беру сияқты бірқатар практикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Биология пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс -тәсілдер:

1) эксперименттік жұмыс;

2) ойындар/ моделдеу;

3) биология проблемалары бойынша түрлі дереккөздерден қажетті ақпарат таңдау, талдау жүргізу, салыстыру және алынған ақпаратты объективті бағалау (мысалы, генді модифицикацияланған өнімдерді, адамды клондау, органдар трансплантациясын пайдаланудың салдары);

4) биология саласындағы түрлі мәселелерді зерттеуге бағытталған эксперименттерді жобалау және жүргізу (мысалы, Қазақстанның экологиялық мәселелері);

5) биологиялық үдерістер мен табиғи құбылыстарды түсіну, түсіндіру және болжауға арналған үлгілеудің түрлі тәсілдерін пайдалану.

Биологияны оқу оқушыларға табиғаттағы биологиялық көптүрліліктің құндылығын түсінуге, биологиялық үдерістердің себеп-салдарлық байланыстарын зерделеуге, тірі табиғаттағы болып жатқан құбылыстарды түсіндіріп, болжауға, биология бойынша білімдерін нақты жағдайды бағалау және дұрыс ғылыми дәлелді шешім қабылдау үшін шығармашылықпен қолдануға мүмкіндік береді.

Биология бойынша оқу бағдарламасы оқушыларға тірі табиғаттың заңдары мен заңдылықтарының мәнін түсіну негізінде қоршаған ортаның болмысын, ондағы үдерістердің өзара байланысы мен өзара әсерін білу мүмкіндігін ұсынады. Бағдарлама халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес білім алушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескеріліп әзірленген.

Бағдарламада Блум таксономиясында белгіленген барлық дағдыларды дамыту көзделген. Дағдыларды таксономиялық әдістемеге сәйкес жеңілден күрделіге қарай дамыту нақты оқу мақсаттарында, сонымен қатар оқу жоспарларындағы мұғалімге арналған оқу үдерісін ұйымдастыруға байланысты ұсыныстар беріледі.

7 сыныптарға арналған «Биология» пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы 14 зертханалық тәжірибелер мен 4 модельдеуден тұрады. «Биология» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 7 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында

68 сағатты құрайды.






































Биология пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар

Сынып: 7

Барлығы: 34 сағат

Аптасына: 1 сағат

Ұзақ мерзімді жоспар

дың бөлімдері

Тақырыптар

Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны



Оқу мақсаттары

Сағат саны

Мерзімі

Үйге тапсырма



1-тоқсан 8 сағат

Биосфера және Экожүйелер

7.1

Ортаның экологиялық факторлары: абиотикалық (температура, жарық, рН, ылғалдылық) биотикалық (микроағзалар, жануарлар, өсімдіктер).

7.3.1.1 - жергілікті жер экожүйесі қоршаған орта факторларының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті мен таралуына әсерін зерттеу

1



§1

Қоректік тізбектер және қоректік торлар.

1 модельдеу «Қоректік тізбек пен торды құру».

7.3.1.2 - табиғи қоректік тізбектерді салыстыру;

7.3.1.3 - қоректік тізбектер және қоректік торларды құрастыру

1



§2,3

Қазақстанда ерекше қорғалатын аймақтар. Жергілікті жердің ерекше қорғалатын аймақтары.

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы. Жергілікті өңірдің ҚР Қызыл кітабына енгізілген жануарлары мен өсімдіктері.

БЖБ№1

7.3.2.3 - ерекше қорғалатын Қазақстан Республикасының табиғи аймақтарының өсімдіктері мен жануарларын сипаттау

7.3.2.4 - жергілікті өңірдің Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлары мен өсімдіктеріне мысал келтіру




1


§7,8

Тірі ағзаларды

Жүйелеу7.1













Жасушалық биология

Су және

Органикалық

Заттар 7.1

Тірі ағзалардың бес патшалығына жалпы сипаттама: прокариоттар, протисталар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар. Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі жүйелік топтары: Патшалықтар. Типтер. Бөлімдер. Кластар. Өсімдіктер мен жануарларды жүйелеудің маңызы.

7.1.1.1 - жүйелеудің маңызын түсіндіру;

7.1.1.2 - жүйелеуде тірі ағзалардың орнын анықтау

1



§9,10

Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Өсімдіктер және жануарлар жасушаларын салыстыру. Жарық микроскобынан көрінетін жасуша құрылымдары: пластидтер, вакуоль, ядро, цитоплазма, жасушалық мембрана, жасушалық қабырға.

7.4.2.1 - «жасуша», «ұлпа», «мүше», «мүшелер жүйесі» ұғымдарды түсіндіру;

1


§13,14

Судың қасиеттері: беттік керілу, судың қозғалысы, еріткіштігі, қайнау және балқу температурасы, жылусыйымдылығы. Судың биологиялық маңызы және оның еріткіш ретіндегі, температураны сақтау мен реттеудегі ролі. Микро- (мырыш, темір, селен, фтор) және макроэлементтердің (магний, кальций, калий, фосфор, ) тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы.

БЖБ№2

7.4.1.1 - судың қасиеті мен тірі ағзалар үшін маңызын сипаттау;

7.4.1.2 - тірі ағзалар тіршілік әрекеттері үшін микро- және макроэлементтердің ролін сипаттау

1




§15


Ішкі жиынтық бағалау


1




Өсімдіктерде макроэлементтердің тапшылығы (азот, калий, фосфор,). Тыңайтқыштар: органикалық және минералдық (азотты, калийлі және фосфорлы).

7.4.1.4 - минералды тыңайтқыштардағы азот, калий және фосфордың өсімдіктер үшін маңызын танып білу

1


§16

Тоқсан ішінде барлығы

8



2-тоқсан 8 сағат



Тамырдың ішкі құрылысы: флоэма, ксилема, камбий. Ксилема, флоэма және олардың құрылымдық элементтері.

7.1.3.4 - тамыр және сабақтың құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты сипаттау

7.1.3.5 - флоэма мен ксилеманың элементтерін құрылысын салыстыру

1




§22

§23

Жануарлардағы қанайналым мүшелері: буылтық құрттар, ұлулар, буынаяқтылар және омыртқалылар.

БЖБ№3

7.1.3.6 - жануарларда заттар тасымалына қатысатын мүшелерді танып білу


1


§24



Тірі ағзалардың қоректенуі

7.2












Тыныс алу 7,2





Жапырақтың құрылысы мен қызметі. Жапырақтың ішкі құрылысы. Лептесік. Жапырақ фотосинтездеуші негізгі арнайы мүше. Судың булануы мен газдардың алмасуы.



7.1.2.1 - жапырақтың ішкі құрылысын сипаттау, құрылысы мен қызметі арасындағы өзара байланысты сипаттау Жапырақтың құрылысы мен қызметі. Жапырақтың ішкі құрылысы. Лептесік. Жапырақ фотосинтездеуші негізгі арнайы мүше. Судың булануы мен газдардың алмасуы




1








§25





Фотосинтезге қажетті жағдайлар.

БЖБ№4

7.1.2.2 – фотосинтез үдерісіне қажетті жағдайларды зерттеу

1



§26

Өсімдіктердің тыныс алуы. Тұқымның немесе өскіндердің тынысалуы мысалында

7.1.4.3 - өсімдіктердегі тыныс алуды зерттеу

1



§29

Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелері (бунақденелілердің демтүтіктері, балықтарының желбезектері, құстардың және сүтқоректілердің өкпесі).

2 Модельдеу «Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың тынысалу жүйесі мүшелерін салыстыру».

7.1.4.4 - омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тыныс алу мүшелерін салыстыру


1




§30

Ішкі жиынтық бағалау


1




Тыныс алу мүшелерінің аурулары. Тыныс алу мүшелерінің ауруларының себептері мен алдын алу жолдары (өкпе обыры, астма, бронхит, туберкулез, тұмау).

7.1.4.6 - тыныс алу мүшелерінің ауруларының себептері мен алдын алу жолдарын түсіндіру

1


§32

Тоқсан ішінде барлығы

8



3-тоқсан 10 сағат

Қозғалыс

7.3

Өсімдіктердің қозғалысы. Қозғалыстың өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы. Өсімдіктердің қозғалу тәсілдері (тропизмдер, таксистер, өсу қозғалыстары).

7.1.6.1 - өсімдіктердің қозғалысы себептерін түсіндіріп, қозғалыстың маңызын сипаттау(тропизмдер, таксистер);



1


§36

Өсімдіктердің өсуі мен дамуына жарықтың әсері. Жарықтың түсу деңгейіне қарай өсімдіктердің бейімделуі. Фотопериодизм күннің жарық түсу ұзақтығына ағзалардың бейімделуі.

7.1.6.2 - жарықтың өсімдіктердің дамуына әсерін түсіндіру;

7.1.6.3 - өсімдіктердегі фотопериодизм ролін сипаттау

1


§37

Жануарлардың қозғалыс мүшелері. Тірі ағзалардағы қозғалыстың рөлі. Жануарлардың қозғалу тәсілдеріне мысалдар. Жануарлардың мекен ортасы мен қозғалыс тәсілдері арасындағы байланыстарды анықтау.

БЖБ№5

7.1.6.4 – омыртқасыз және омыртқалы

жануарлардың

қозғалыс

мүшелерін

салыстыру

1


§38

Координация және реттелу

7.3




Жүйке жүйесінің типтерінсалыстыру: диффузиялы, сатылы, түйнекті, түтіктәрізді.

7.1.7.1 – жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін салыстыру

1


§39

Жүйке жүйесінің құрам бөліктері. Жүйке жүйесінің қызметі. Нейронның құрылысы: денесі, дендриттер, аксон. Нейронның қызметтері.

7.1.7.2 – жүйке жүйесінің қызметін және құрылымдық компоненттерін атау;

7.1.7.3 – жүйке жасушасының компоненттерін анықтау

1





450 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!