Үйірме жетекшісінің есебі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үйірме жетекшісінің есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
пән мұғалімдері үшін.Үйірме жұмысына үнемі есеп беру-дарынды оқушылардың жетістігіне дайындық әрі нәтиже баспалдағы.Үйірме жұмысы арқылы өз уақытыңызды үнемдейсіз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үйірме жетекшісі :Мукушева Лаура Мадияровна

қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Білімі:жоғары.

Санаты:жоғарғы.

Еңбек өтілі: 29 жыл.

Үйірме атауы:  «Поэзия әлемі». 8,10-сынып оқушыларына арналған

Жылдық жүктеме - 34 сағат.

Апталық жүктеме - 1 сағат.

Жүргізу мерзімі сейсенбі 14.00-15.00.

Білім беру жүйесінің талаптары бойынша қазақ әдебиетін оқыта отырып оқушылардың рухани дүниесін байытып, оларға азаматтық, адамгершілік, елжандылық, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру және олардың ой-өрісін кеңейтіп, ауызша сөйлеу мен жазба тіл мәдениетін қалыптастыру көзделеді. Көркем шығарманы оқып-талдау арқылы оқушылар халқымыздың ұлттық құндылықтарын сөз өнері тұрғысынан қабылдауға қажетті білім, білік дағдыларымен қаруланады.Қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған заманда көркем шығармаға қызығушылық азайып, оқушылардың оқу белсенділігі төмендеп келеді. Ең алдымен мұғалімдер оқушылардың оқуға қызығушылығын арттырып, әр түрлі оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдаланып, адамның рухани құндылығын арттыратын поэзиялық шығармаларды өз бетімен оқуға ізденуге тәрбиелеуі тиіс. Осындай өзекті мәселелердің шешу жолының бірі ретінде осы бағдарлама ұсынылды. Аталған бағдарламада белгілі ақындардың поэзиясын тереңірек оқытуға және оларды мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру көзделіп отыр.Бағдарлама жалпы білім беретін мектептердің 8,10-сыныбына арналған. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен «Білім туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының «Білім» бағдарламасының, Мемлекеттік білім стандартының талаптарын ескере отырып жасалды.

Көркем поэзияны оқыта отырып, заманға сай белсенділік көрсете алатын, халқымыздың тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін, оқырмандық талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру көзделеді.

Үйірменің басты мақсаты: жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушыларды қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру;Оқушыларды аудандық,облыстық,республикалық ,халықаралық сайыстарға қатыстыру .

Жалпы сабақ беретін сыныптар бойынша қабілеттеріне қарай іріктеліп алынған оқушылар бар.Бірнеше оқушы ақындар өлеңдерін үздіксіз жаттап,қатарынан екі жыл аудандық сайыстарға қатысып,жүлделі І-ІІ орындарды иеленді.

«Ғасырлар үні» ІҮ аудандық байқау –фестиваліне қатысып,төртеуі бірдей «Гран-При» мен жүлделі І ,ІІ,ІІІорынды иеленді. Келесі кезекте оқушылар «Абай», «Махамбет» оқуларына дайындалуда.Сонымен қатар оқушылар жыл көлемінде шығармашылық сайыстарды құр жібермейді.Жалпы үйірме жұмысы алдына қойған мақсаттарын бағындырып келеді.


Үйірме жетекшісі :қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Мукушева Л.М.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2019
9771
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі