Материалдар / үйірме жұмысының жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

үйірме жұмысының жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
оқытушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Желтоқсан 2018
1595
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы ҚАЛАЛЫҚ білім басқармасы

алматЫ МЕМЛЕКЕТТІК БИЗНЕС колледжІ





«Б Е К І Т Е М І Н»

АМБК директоры

_____________ Қасымова Г.К.

«_____»___________ 201__ж.



«ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА» ҮЙІРМЕСІНІҢ

2018 – 2019 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ





ҮЙІРМЕ ЖЕТЕКШІСІ: ӘБДІСАНА Ұ.Ә.





АЛМАТЫ, 2018


Түсінік хат


Қазақстан Республикасы - инновациялық даму бағытындағы ел. Сондықтан елімізге жоғары санатты мамандар

қажет. Дамудың инновациялық жолы жаңаша ойлауды,алдағыны жоспарлауды, жаңа идеялар мен технологияны болашақта қажет етеді. Осының бәрін еліміз өсіп келе жатқан жеткіншектерден күтіледі.

Білім берудің қазіргі талабы-студенттің жан-жақты іс-әрекеттік қабілетінің дамуы. Студентті дамытуда ежелгі замандардан бері математиканың алар орны ерекше. Математиканың ғылым мен техниканың қарқынды дамуына қосар үлесі аз болған жоқ..

Математика - барлық ғылымдардың логикалық негізі, демек, математика-студенттің дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді.

Студенттердің пәнге деген көзқарасы әр түрлі факторлармен: жеке басының және пәннің ерекшеліктерімен қатар оқыту әдісімен анықталады. Олардың осындай ерекшеліктерін ескере отырып, пәнге деген ынтасын арттыру мақсатында үйірме жұмысын ұйымдастырудың маңызы зор. Көпшілік студенттердің, үйірме мүшелерінің математика пәніне қызығушылығының артуы оны оқыту әдісінде үйірме жұмысының қаншалықты дұрыс ұйымдастырылғанына байланысты.

Үйірме жұмысында студенттердің математика тарихынан алынған мағлұматтармен және көрнекті математиктердің өмірбаянымен, ғылыми еңбектерімен таныстыру оқытушының сыныптан тыс жұмыстарында жандандырады. Сондай-ақ студенттердің ой-өрісін дамытатын логикалық есептер шығаруға, қалжың есептерді  талдауға, викториналық сұрақтарға, студенттердің шығармашылық қабілетін дамытатын математикалық сандық ребустарға, қиынырақ есептерге уақыттың бөлінгені дұрыс.

Математикалық үйірме студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар, математикалық oй-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзіндік жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға, ма­тематикалық білімінің сапасын жоғары деңгейге көтеруге септігін тигізеді.

Негізінен барлық топтардағы математикалық үйірмелер екі деңгейде болуы мүмкін: біреуі-үлгерімі жоғары деңгейдегі суденттер үшін, екіншісі-үлгерімі орта деңгейдегі суденттер үшін.

Матeмaтикaлық үйірмедегі сабақтар төмендегі жоспар негізінде   жүргізіледі:

  1. Математика тарихына байланысты үйірме мүшесінін 5-10 минутқа шақталған баяндамасы, үйірме жетекшісінің немесе үйірме мүшелерінің тақырыпқа сәйкес хабарламалары;

  2. Ecenmер  шығару, оның  ішінде жоғарғы қиындықтағы есептер;

  3. Жаттықтыру есептерін және жаңылтпаш есептерін  шығару;

  4. Жоғары оқу орындарына mүсy емтихандарының конкурстық, есептерімен, КТА-да ұсынылған тапсырмалармен үйірме мүшелерін таныстыру;

  5. Студенттердің әр  түрлі сұрақтарына жауап беру.

Үйірме мүшелерін конкурстық есептермен таныстыру, жоғары оқу орындарына түсу емтихандарының есептерінің КТА тапсырмаларының деңгейі жайлы мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Мұндай есептердің шартымен үйірме мүшелерін әр сабақтың сонында таныстырған тиімді тапсырмаларды суденттер, қалауы бойынша өз бетінше үйде орындалуына болады, үй тапсырымасын орындау суденттерге міндеттелмейді. Оқу материалдары қиындығының өсу тәртібіне сәйкес орналастырылады.

Есептердің қысқа және тиімді жолмен шығарылуына назар ауарылады, шығарылған есептердің рәсімделуіне шек қойылмайды, бірақ математикалық тұрғыдан дұрыс болуы талап етіледі. Шығармашылық бастаманың басымдылығы геометриялық салу есептерін шығаруда ерекше байқалады. Есептің шартын өзгерткен жағдайда қанша шешімі болатынын анықтап, нақты шешімдерін көрсету қажет.

Үйірме жұмысының мақсатын және міндетін сол бағытта анықтап, төменгідей етіп белгіледік:

Суденттердің білімділік дағдысын арттыру мен математикалық білімін тереңдету студенттің логикалық ойлау қабілетін дамытуда оқу материалын, әсіресе, ондағы есептерді таңдап алудың   маңызы зор. Үйірмеде қарастырылатын теориялық материалдар, анықтамалар және қолданбалы есептер жүйесі,  студенттердің зерттеушілік  жұмыстары олардың шығармашылық  белсенділігін арттырып, ақыл-ой әрекетінің  дамуына  игі ықпал  жасап, мамандық таңдауға әсері  болады. Оқу материалдары түрлі есептер жинақтарынан, журналдар мен белгілі математиктердің  кітаптарынан,  үйірме, олимпиадаға арналған есептер жинақтарынан алынады.

Мақсаты:  студенттердің интеллектілік, шығармашылық ойлауын, өздігінен білім алу және еңбек ету дағдыларын дамыту, қазіргі заман талабына сай экономикалық көзкарасы мен белсенділігін қалыптастыру, кәсіпкерлікке баулу.

Міндетістуденттердің тұлғалық және кәсіби  өзін-өзі табуы барысына көмек көрсету.

Оқытушылардың басты мақсаттарының бірі-студенттердің өзі дамуы үшін пәнге қызығушылығын туғызу. Осы мақсатқа жетудің бір жолы-математикалық үйірмеге студенттердің қатысуы.

Мақсаттар: Студенттердің пəнге қызығушылығын арттырумен қатар, математикалық ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға , өзіндік жұмыс жасау қабілеттілігін жоғарылатуға математикалық білімінің сапалылығына ықпал ету.

Міндеттер:  Үйірме жұмыстарда ғалымдардың өмірбаяны, жетістіктері жəне олардың математикаға деген үлесін қарастыруға болады, олар интеллектуалды ойындар, кештер, көңілді тапқырлар сайысы, викториналар арқылы өтуі мүмкін. Жəне де үйірме жұмыстырда қызықты тарихы есептерден сайыстар жүргізуге болады, суденттер есептерді шығару арқылы өз жұмысын толықтырады. Бұл кезде есептер қысқа жəне тиімді жолмен шығарылуы басты назарда ал оның рəсімделуіне шек қойылмай, бірақ математикалық тұрғыдан дұрыс болуы талап етіледі.

Үйірмеге қатысушылардан күтілетін нəтиже:

  • математика тарихын білуге деген қызығушылық қалыптасады;

    • студенттің ойлау қабілеті артады;

  • математикалық мəдениет пен математикалық сауаттылық артады;

  • математика тарихын өмірде қолдану үрдісі қалыптасады.

Үйірменің ұйымдастырылу формасы:

  • студенттердің қызығушылығын ояту (тақырыпқа сəйкес тарихи мағлұматтар немесе тарихи есептер);

    • жоспарға сəйкес тақырып бойынша ақпарат беру (дəріс, диалог, топтық жұмыс, өзара талқылау, т.б.);

    • практикум («қарапайымнан күрделіге» принципі бойынша немесе студенттердің оқу жетістігінің деңгейіне байланысты тапсырмалар);

    • рефлексия















«Қызықты математика» үйірмесінің жұмыс жоспары

р/с

тақырыбы

мақсаты

өтетін мерзімі

жауапты

қолы

Математиканың адам өміріндегі маңызы

Математиканың қажеттілігін қоршаған ортадан көру

28 қыркүйек

Әбдісана Ұ.Ә.


Геометриялық жұмбақтар

Санмен келген жұмбақтар

Студенттердің интеллектілік, шығармашылық ойлауын қалыптастыру, кәсіпкерлікке баулу


26қазан

Әбдісана Ұ.Ә.


Арифметикалық викторина

Математиканы оқып - үйренуге құмарлығын арттыру


30–қараша



XX ғасырдағы математиканың дамуының өзіндік ерекшеліктері

Студенттердің математиканы оқып

үйренуіне, оның тарихын білуге деген қызығушылығын артыру

21желтоқсан



Сандардың бөлінгіштік белгілері.Қажетті және жеткілікті шарттар

Студенттердің интеллектілік, шығармашылық ойлауын қалыптастыру, кәсіпкерлікке баулу.

25қаңтар

Әбдісана Ұ.Ә.


Әзіл есептер,жұмбақ есептер
Мысал және мәселелерді шешудің әдістері

Студенттердің математиканы оқып үйренуге деген қызығушылығы мен білімін арттыру

22ақпан

Әбдісана Ұ.Ә.


Сандардың квадраттарын табудың оңай әдісі

Студенттің өздігінен білім алу және еңбек ету дағдыларын дамыту, қазіргі заман талабына сай экономикалық көзкарасы мен белсенділігін қалыптастыру


29–наурыз

Әбдісана Ұ.Ә.


Ғажайып сандар, ең үлкен көбейтінді және ең кіші қосынды туралы теоремалар

Студенттің білімділік дағдысын арттыру мен математикалық білімін тереңдету студенттің логикалық ойлау қабілетін дамыту


26сәуір

Әбдісана Ұ.Ә.


р/с

тақырыбы

мақсаты

өтетін мерзімі

жауапты

қолы

Логикалық есептерді граф арқылы шешу. Тригонометрия-лық теңдеулерді шешудің әр түрлі әдістері

Студенттердің логикалық ой қорытындысын жасау, идеялар, гипатезалар ұсыну қабілетін қалыптастыру

31мамыр

Әбдісана Ұ.Ә.


Комбинаторика есептері

Математиканы оқып - үйренуге құмарлығын арттыру

7-маусым

Әбдісана Ұ.Ә.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!