Материалдар / Үйірме "Шебер қолдар" 5-8 сынып қыздары

Үйірме "Шебер қолдар" 5-8 сынып қыздары

Материал туралы қысқаша түсінік
"Шебер қолдар" үйірмесі 5-8 сынып қыздарына арналып жасалған. Үйірменің мақсаты: Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Шебер қолдар» үйірмесінің мүшелері

  1. Укертаева Сая 5-сынып

  2. Алшерова Айнұр 6-сынып

  3. Қабылтай Айнара 6-сынып

  4. Махмутова Аймөлдір 6-сынып

  5. Абызбаева Балжан 7-сынып

  6. Айтқалиева Аяулым 7-сынып

  7. Жақсыбаева Аяулым 7-сынып

  8. Шаған Асылым 7-сынып

  9. Атабаева Ақмарал 8-сынып

  10. Елубаева Диана 8-сынып

  11. Токтарханова Ажар 8-сынып









«Шебер қолдар» үйірмесі.

Үйірменің мақсаты:

Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.

Үйірменің міндеті:

-Оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан өнері тамған баланы тәрбиелеу.

-Шәкірттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету.

-Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру

-Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу.

Күтілетін нәтижелер:

Көркем еңбек бөлімінде ұлттық киім түрлері, әйелдер мен ерлер киімдерін түрлі материалдан қиып жапсыруға үйренеді.

Тұрмыстық еңбек бөлімінде әшекейлік, тұрмыстық бұйымдар құрастыру, ыдыс-аяқтарды мүсіндеу, безендіруге үйренеді.

Жұмсақ бейне ойыншықтар бөлімінде жұмсақ ойыншықтар жасау технологиясына үйренеді.

Жапсырмалау жұмысы бөлімінде қағаз, мата, былғары, түрлі-түсті қағаздан ертегілер әлемінен көрініс құрастыруға үйренеді.

Былғарымен жұмыс жасау бөлімінде былғарыны тазалау, бояу, пішу, одан әртүрлі бұйымдар жасау үйретіледі.

Ою-өрнек бастырмалар бөлімінде ою-өрнектің үлгілерін жасау, ою жиегін кестелеу әдістеріне үйренеді.

Сәндік қолданбалы – өнер элементтері бөлімінде шолпы, алқа, білезік, тұмарша бұйымдарын жасауға үйренеді.

Су моншақ тоқып үйрену бөлімінде моншақпен бұйымдар кестелеу, моншақпен кестелеу жұмыстарына үйренеді.

Тоқыма-өнері бөлімінде тоқу әдістеріне үйренеді.

Қазақтың дәстүрлі өнері ою оюды,оны тұрмыста қолдану жолдарына үйренеді.

Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар: алған білімдерін практикада қолдана білу.Техника қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау.Уақытты тиімді пайдаланып жұмыс жасау.

Пәнаралық байланыс: технология,физика, биология,бейнелеу өнері, химия т.б.

Кәсіпке бағдарлау: оқушының бейімі бойынша қолөнер шебері,ағаш ұстасы, жиһаз жасаушы т.б.

Уақыт көлемі: Күнтізбелік жоспар бойынша барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат.

Үйірменің ұйымдастыру формасы: практикалық сабақтар.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі: әр түрлі номинациялар бойынша мадақтамалар,сыйлықтар.


Қауіпсіздік ережесі

1. Қайшының ұшын қасыңда отырған кісіге қарай бағыттама.

2. Қайшыны ашып тастама.

3. Бізбен тескенде затты арнайы тақтайшаға қойып тес.

4. Кір жуатын машинаны су қолыңмен тоқ көзіне қоспа.

5. Көшеттің жапырағын қолыңмен ұстама жұмыс істегенде оны байқап ұста.

6. Ермексазбен жұмыс жасағанда үстел бетіне төсеніш төсе.

7. Ермексазды аузыңа салма.

8. Үтікті қолданар алдында оның тоқ жүретін сым орамының дұрыстығын тексер!

9. Үтікті тоқ жүйесіне қосарды және ажыратарда қолдарың құрғақ болсын.

10. Желіммен жұмыс жасағанда алдыңа алжапқыш ки.

11. Пышақты қолданғанда, жүзін өзіңнен әрі қаратып ұста.

12. Қауіпсіздік техникасын сақтай біл.







«Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Shape1

«Шебер қолдар»











үйірмесінің жылдық жоспары

2017-2018 оқу жылы

Мұғалім: Кенжебекова Айгуль Уралкановна













Shape2

«Шебер қолдар»

Үйірмесінің қабілетті

Оқушылардығң

Іс-әркеттерінің жетістіктері





































«Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

С.С.Карамурзин И.М.Хасанова

_______________ ____________

«___»_______2017ж «___»________2017ж

«Шебер қолдар»

үйірмесінің 2017-2018 оқу жылына

арналған жылдық жоспары

Тақырыбы

Сағат саны

Күні


1

Техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

1

04.09

Тоқыма тоқу өнері /7-сағат/

2

Шұлық тоқу.

2

11.09

18.09

3

Қолғап тоқу.

2

25.09

02.10

4

Күртеше тоқу.

3

09.10

16.10

23.10

Қол тігістері, кестелеу түрлері /8-сағат/

5

Тығыз кестелеу түрі.

2

06.11

13.11

6

Баспа (бекітпелі ілмекі тігіс түрі.

2

20.11

27.11

7

Ілмекті тігіс түрі.

2

04.12

11.12

8

Шым кесте тігіс түрі.

2

19.12

25.12

Су моншақ тоқып үйрену /4-сағат/

9

Алқа тоқу.

2

08.01

15.01

10

Білезік тоқу

2

22.01

29.01

Әртүрлі материалдармен өріп үйрену /8-сағат/

11

Пластикалық бөтелкеден өру.

1

05.02

12

Макраме.

2

12.02

19.02

13

Былғарыдан қамшы өру.

3

26.02

05.03

12.03

14

Ши тоқу.

2

19.03

09.04

Матамен жұмыс /4-сағат/

15

Әртүрлі маталардан панно жасау..

2

16.04

23.04

16

Табиғи материалдармен панно жасау.

2

30.04

07.05

Көркем өрнек салу өнері /1-сағат/

17

Батик жасап үйрену.

1

14.05

18

Көрме ұйымдастыру.

1

21.05



27 Қаңтар 2018
19260
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі