«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
1-тапсырма Үйкеліс :
-
Жанасатын беттердің
қандай материалдан жасалғандығына,
-
Олардың өңделу
сапасына;
-
Бір беттің екінші бір
бетке түсіретін қысым күшіне тәуелді.
Дененің өзі жанасып тұрған бетке тік бағытта
түсіретін күшін нормаль қысым күші деп атайды.
N –нормаль
қысым күші. N=mg
Fүйк=µN µ -
үйкеліс коэффициенті
Берілген мәтінді оқып,
топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы
жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Дескриптор: Білім
алушы
-
Тақырыпты түсініп
оқиды;
-
Тақырыптан негізгі ойды
анықтай алады;
-
Әр абзацтан қысқаша
мазмұнын ашатын 3 сөйлемді анықтап береді;
«Пирамида»
әдісі
Жаттығу 3.6
1. Жалпы массасы 1 т
болатын жүгi бар шананы ат мұзбен сүйретiп келедi. Шана табаны мен
мұз арасындағы үйкелiс коэффициентi 0,05. Ат арбаны қандай күшпен
тартып келедi?
2. Массасы 70 кг шкафты
орнынан жылжыту үшiн қандай күш жұмсау керек? Үйкелiс коэффициентi
µ =0,3.
3. Массасы 50 кг дене
200 Н күштiң әрекетiнен жазық бетте бiрқалыпты қозғалып келедi.
Үйкелiс коэффициентi неге тең?
4. Машинаның жүгiмен
қоса есептегендегi массасы 7 т, оның қозғалтқышы 35 кН тарту күшiн
өндiре алады. Машинаның жетекшi доңғалақтары мен жолдың арасындағы
үйкелiс коэффициентiн табыңдар (машина бiрқалыпты қозғалады деп
есептеу керек
Дескриптор: Білім
алушы
ҚБ:Геометриялық
фигуралар

«Сөзді тап». Қобдишаға тақырыпқа қатысты
түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады. Бір оқушы
қобдишадан қиынды қағазды алып, 1 минутта ондағы сөздің өзін атамай
сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді алып
түсіндіруді жалғастырады. «Конверттегі сұрақ»
әдісі
Талқылау үшін сұрақтар беріледі
Оқушыларға суреттерге
қарап ауызша сұрақ құрауға тапсырылады. Оқушыларға жетекші сұрақтар
беріледі
-Сурет не туралы деп
ойлайсың?
-Суретте бейнелер
қандай мәселені қозғады ?
-Жалпы
суретке ортақ кандай құбылыстарды байқадың?
-Өздерің
күнделікті өмірде суртетте бейнеленген өздеріңіз байқаған
құбылыстарды жиі қолданасыңыз ба?
-Бұл
құралдар суретке қандай тақырыпқа негізделген?
Дескриптор: Білім
алушы
-
Суреттерге қарап
бүгінгі өтіп отырған жаңа сабақ тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап
береді.
Саралау жұмысы:
-
Жетекші сұрақтар
қоямын;
-Көктайғақта неге
тротуарға құм себеді? (үйкелісті көбейту үшін)
-Неге жаңбырдан соң
грунт жолы тайғақ болады? (сұйықта бөлшектер тез қозғалады, қатты
денелерден гөрі сұйық қабаттарының үйкелісі аз).
-Шаңғының астын неге
майлайды? (май қабаты үйкелісетін беттерді ажыратып, үйкелісті
кемітеді).
ҚБ
3-тапсырма
Оқушыларға үйкеліс
күшін зерттеу үшін практикалық жұмыс беріледі. Топтасып
жасайды.
Дескриптор:
Білім алушы
-
Практикалық жұмыстың
мақсатын оқиды;
-
Жұмыс жасау барысында
құралдарды пайдалана отырып үйкеліс күшін анықтай алады;
-
Сырғанау үйкеліс күші
үйкелісетін беттердің табиғатына және кедір-бұдыр болуына тәуелді
бола ма?
-
Сырғанау үйкеліс күшін
қандай тәсілдермен арттыруға және азайтуға болады деген сұрақтарға
қысқаша 1-2 сөйлеммен береді;
Дескриптор: Білім
алушы
-
Айырмашылықтарын
ажырата алады;
-
Ортақ қасиеттерін
табады;
-
Үйкеліс күшінің
табиғатта қолданылуын анықтай біледі;
Саралау: жазу
стильдерінің өлшемдері , тілдік құралдары , тірек сөздері
ұсынылады
ҚБ.
«Бағдаршам» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды.
|