Материалдар / Үйкеліс күші дегеніміз не? Ашық сабақ 3-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Үйкеліс күші дегеніміз не? Ашық сабақ 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу әдістемелік материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Наурыз 2020
4914
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қысқамерзімді жоспар

Жаратылыстану

Сынып-3Б

Табиғат физикасы

Күш және қозғалыс

Мектеп: 62 -гимназия

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:

05.03.2020

Тақырыбы:

Үйкеліс күші дегеніміз не?

Оқу мақсаты:

3.5.1.3 үйкеліс күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру

3.5.1.4 күштің әсер ету бағытын анықтау

3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу

Сабақтың мақсаты:

Үйкеліс күшін зерттейді және сипаттайды;

Үйкелістің түрлерімен танысады

Бағалау критерийі


Үйкеліс күшінің білінуін анықтайды;

Үйкеліс күшін сипаттайды;

Үйкелістің түрлерін атайды

Тілдік мақсат:


Жаңа ұғымдарды тақырып бойынша құраған сөйлемдерінде қолдана алады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер

үйкеліс күші

сырғанау үйкелісі

домалау үйкелісі

тыныштық үйкелісі

Құндылықтар:

Дүниетанымын кеңейту, көп білуге ынталану; өзара сыйластық, ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.

Пәнаралық байланыс

Математика, денешынықтыру

Алдыңғы меңгерілген білім

Ауырлық, серпімділік күші туралы біледі, мысал келтіре алады, маңызын атай алады.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2-мин














2-мин







3-мин

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Көрші»

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Нұсқаулық:

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз үлкен отбасы.

Топқа бөлу.

Түрлі түсті карточкаларды алу арқылы 4 топқа бөлінеді.

  1. Топ

  2. Топ

  3. Топ

  4. Топ

Өткенді пысықтау. «Сен маған, мен саған» ойыны, доп лақтыра отырып, өткен тақырып бойынша бір біріне сұрақ қою.

Бағалау.Мұғалім өзі бағалайды.

Кіріспе тапсырма. «Кімдікі дұрыс?» Суреттермен жұмыс. Суреттерде не бейнеленгенін атау. Оқушылардың пікірін анықтау: суреттер бір құбылысқа қатысты ма, әртүрлі құбылыс па?

-Дене ненің әсерінен қозғалады? (Күштің әсерінен)

-Күш қалай әсер етеді? (қозғалуына көмектеседі, кедергі келтіреді, дененің жыл­дамдығын өзгертеді)

-Суреттерде көрсетілген денелердің қозғалысына әсер ететін күш ненің нәтижесінде пайда бо­лады? (Суреттегі барлық денелер бір бірімен жанасатыны бейнеленген)

Оқушылар өздерінің алғашқы пікірлерінде қалады.



Сабақтың ортасы

15 мин




























































Кітаппен жұмыс

1-2 мин









Топпен жұмыс

5-мин












Өзіндік жұмыс

1 мин


















Жұптық жұмыс

Жаңа сабақ

Ал балалар бүгінгі тақырып Үйкеліс күші дегеніміз не? Екен ия. Сендерге азырақ мәлімет беріп кетсем жақсылап тыңдаймыз соларға байланысты тапсырмалар орындаймыз.

Үйкеліс күші дегеніміз дененің бір-біріне жанасқан беттерінің кедір-бұдырлығынан пайда болады да, олардың қозғалысына кедергі келтіреді.

Үйкеліс күшінің 3 түрі бар олар:Сырғанау,домалау, тыныштық үйкелісі.

Шананы қара жолмен сүйрегеннен гөрі мұз бетімен, қар үстімен сүйреген ыңғайлы. Тетік - бөлшектері майланбаған велосипедті тебу де, тұрмыстық жиһаздарды еден бетімен жылжыту да қиынға түседі. Жол бойымен келе жатқан машинаның қозғалтқышын жүргізуші өшіргеннен кейін ол тоқтайды. Мұз айдынында коньки теуіп жүрген бала да, төбешіктен сырғанап түскен шана да, домалап келе жатқан доп та біраздан соң тоқтайтын болады. Бұл тәжірибелер бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде қозғалыс жылдамдығына қарама – қарсы бағытталған және дененің қозғалысына кедергі жасайтын күш пайда болатынын көрсетеді.

Үйкелісті азайту үшін -беттерді жылтыр етіп өңдеу керек,

Үйкелісті азайту үшін -үйкелетін беттерді майлау керек,

Үйкелісті азайту үшін - сабын көпіршіктерін пайдалануға болады.

Судан аулай салысымен, балықтардықолда ұстау қиындау себебі, сыртқы қабатында үйкелісі аз болғандықтан.

Үйкелетін материалдарды таңдау арқылы да үйкелісті реттеуге болады:

Резеңкенің -топырақ ,ағаш, асфальт беттерімен ілінісуін болдырмау үшін үйкелісті азайту шараларын қарастырады.

Үйкелісті арттыру үшін- резеңке пайдаланамыз

(бөлшектерді резеңкеден жасау, етігіміздің табанына резеңке жапсыру)

Қыста мұз бетінде үйкелісті арттыру шараларын жасайды(жолдарға құм,тұз себу)

Себебін анықта. Түрлі заттарды сипап көру: парта беті, кітап беті, мата. Олар қандай? (Тегіс немесе кедір бұдыр).

Оқулықтағы суретке назар аудару. Тақтайды бақылау

Неліктен біз кедір-бұдырларды көрмейміз? (Олар өте ұсақ. Бірақ оларды үлкейткіш әйнекпен көруге болады.

Әр топқа арналған тапсырмалар болады топ басшысы келіп конвертті таңдап тапсырмаларды алады.

Сөз жұмбақ

Сәйкестендіру

Ереже



ҚБ. Топтар бір бірін бағалайды


Ойлан

Денелер тек қатты жазықтық үстімен қозғала ма? Ұшақ, су асты қайығы, құстар су мен ауада қозғалады. Ұшақ, суасты қайығы пішіндеріне ортақ не бар? (Олар сүйір болып келеді). Неге денелер сүйір пішінге келтіріледі? (Ауа мен су олардың қозғалысына кедергі келтірмес үшін, үйкелісті азайту үшін)

Сен білесің бе?

Ежел­гі адамдардың отты жағуы туралы әңгімелесу. Алақандарын үйкеп көру. Алақанын жылдамырақ үйкеген сайын жылу пайда болатынын бақылау. Үйкеліс денелерді жылытатыны жайлы қорытынды жасау.

Тест.

Әр оқушы өзі тест құрайды Жанындағы жұбымен ауысып жауап береді.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы

Мәшине, қолда бар түрлі материалдар (резеңке, кілемше)






































Кітаптар, қарындаш




























Сабақтың соңы

Рефлексия

Кері байланыс. «Дымбілмес»


Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қосымша тапсырма арқылы саралау.

Сұрақ қою арқылы саралау

«Өте жақсы!», «Жақсы!», «Талпын!» сияқты сөздермен қолдау. Оқушының жұмысын сырттай бақылау арқылы бағалау. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.

Мұғалімнің жазбаша кері байланысы


Сергіту сәті мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Қауіпсіздік ережесін сақтау


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?



Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!