Ұйқы және оның маңызы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұйқы және оның маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәнінің мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Биология 8 сынып Күні: 10-11.05.2018ж

Сабақтың тақырыбы: Ұйқы және оның маңызы.

Мақсаты: Жаңа сабақты түсіндіре отырып, өз бетінше іздену жұмысына баулу, мәлімет жинау мен оны талдауға икемдігін арттыру, адамгершілігін қағидаларын сіңірту.

Дамытушылық:  биология пәніне деген қызығушылығын арттыру, алғырлыққа, тапқырлыққа үйрету.

Тәрбиелік: сабырлылық, ұстамдылық, мінез-құлық мәдениеті туралы түсініп беру, салауатты өмір сүруге, денсаулықтарын шынықтыруға, ұтымды тамақтануға, жеке бас гигиенасын сақтауға дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: қанатты сөздер, суреттер.

«Ер дәулеті – еңбек» сынақ сұрақтар қою.

Үйге берілген тапсырманы: «Менен сұрақ, Сізден жылдам жауап» әдісі арқылы тексеру.

1.     Қандай шартсыз рефлекстерді білесіңдер?

2.     Адам мінез-құлқы дегеніміз не?

3.     Адам психикасы дегеніміз не?


  • Шартсыз рефлекстер

А) тұрақсыз, түзілуі де, жойылуы да мүмкін;

  • Шартты рефлекстер

Ә) организм қабылдайтын кез келген тітіркенуге түзіледі;

Б) тұқым қуалау арқылы берілетін, туа біткен;

В) тұрақты рефлекстік доғасы болады;

Г) организмнің өзіне тән;

Ғ) Сәйкес тітіркенуге жауап жүзеге асырылады;

Д) шартсыз рефлекс негізінде қалыптасады;

Е)үлкен ми сыіары қыртасының іс-әрекеті арқылы жүзеге асады;

Ж) жұлын мен жұлын бағаны қыртысасты ядро деңгейінде жүзеге асады;

З) белгілі бір түр дараларына (особь) тән;

И) дайын рефлекстік доғасы жоқ




«Білгенге маржан» - негізгі жаңа сабақты түсіндіру бөлімі.

Жаңа сабақты түсіндіру.

   Ұйқы және оның маңызы. Адам өз өмірінің 3/1-ін ұйқымен өткізеді. Адам мен жануарлар аштыққа қарағанда мүлде ұйықтамауға шыдай алмайды да, тіршілігін жояды.

   Тыныш ұйқының сыртқы белгілері: адам қимылдамайды, көзі жабық, сыртқы дүниемен қарым-қатынасы жоқ екенін білеміз.

   Ұйқы кезінде зат алмасу төмендейді, жүректің жиырылу жиілігі төмендейді, тыныс алу үстіртін және сирек болады. Сонымен қатар дене температурасы төмендейді, организмнің барлық мүшелері мен бөліктерінде, жүйелерінде маңызды тіршілік процестерінің белсенділігі төмендейді.  Ұйқының арқасында біз күн сайын жаңа күшпен табысты жұмыс істейміз, спортпен айналысамыз, театрға, киноға барамыз, оқимыз.

   Шаршау, қажу, психикалық жүктеме, қатты ауыру ми жасушаларының жұмысқа қабілеттілігін төмендетеді де, организмнің ұйқыға қажеттілігін арттырады. Бұған қарсы тұруға болмайды. Ұйқы процесінде ми жасушалары жұмысқа қабілеттілігн қалпына келтіреді, олар қоректік заттарды белсенді сіңіреді, энергия жинақтайды. Ұйқы ақыл-ой жұмысына қабілеттілікті қалыпына келтіреді, сергектік, әрі күш береді.

   Ұйқыға қажеттілік адам организмінің жеке ерекшеліктері мен жасына байланысты. Бал туғаннан бастап 2-4 жасқа дейін, шамамен, тәулігіне 16 сағат, 12-16 жастағы оқушылар 9 сағат, ересектер, әдетте, 7-8 сағат ұйықтайды.

   Ұйқының физилогиялық табиғаты. Ұйқыдағы адам миының электрлік процестерін зерттеу туралы қазіргі заманғы деректер ұйқы кезінде ми белсенділігі белгілі бір кезеңде күндізгі сергек жағдайға қарағанда жоғары болатындығын көрсетті.

   Ми қыртысында баяу және ірі электр толқындары пайда болатын баяу ұйқы кезеңін ажыратады. Бұл құбылыс терең ұйқы жағдайына тән.

   Екінші кезеңді тез ұйқы дейді. Бұл кезеңде мидың биоэлектрлік белсенділігі қисығында өте ұсақ және жылдам толқындар пайда болуына байланысты. Тез ұйқы кезеңінде көз қимылдайды, қан қысымы жоғарылайды, тамырдың соғуы және тыныс жиілейді, зат алмасуы күшейеді. Мұның барлығы сергек адам миының күйін еске түсіреді. Таңғаларлық жағдай – адам ұйықтайды, ал оның миы сергек сияқты көрінеді.  

   Ұйқы гигиенасы. Ұйқы бұзылуының көп таралған түрі – ұйқысыздық. Ол, әдетте, жүйкенің жұқаруы, ұзақ уақытқа созылған ауыр ақыл-ой еңбегі, мазасыздық, шуылы көп ойын немесе ұйықтар алдында кітап оқу салдарынан пайда болады. Спиртті ішімдіктер ішу және темекі тарту ұйқының қатты бұзылуына әсер етеді. Ұйықтататын дәрі ішу – ұйқысыздықты емдемейді. Ұйқысыздықты болдырмаудың ең жақсы жолы – дұрыс демалыс және еңбек режімі, таза ауада серуендеу, дене жұмысы мен ақыл-ой еңбегін тиімді үйлестіру.

   Түс көру. Түс көру – тез ұйқы кезіндегі мидың қалыпты жұмысы. Егер адамды осы кезең соңына қарай оятса, ол міндетті түрде  түсінде көргенін айтады.

   Біз түсімізде күндізгі өмірімізде кездескен оқиғалардың адам сенбейтін үйлесуін көреміз. Сондықтан зағип адамда туғаннан бастап ұйқы кезінде көру бейнелері жоқ, яғни оларда кәдімгі түс көру болмайды.

   Түс көру – бастан өткен әсерлерге негізделетін, әртүрлі, кейде қисынсыз немесе фантастикалық байланысқа түсетін күрделі психикалық құбылыстар. Бұл сергек күйдегі мидың жұмысынан күрт өзгешеленетін ұйқы кезіндегі ми іс-әрекетінің ерекшеліктерімен түсіндіріледі.


Инклюзивті оқытуға тапсырма: Ұйқы (тәуліктік)


Жаңа туған нәресте

6 айлық нәресте

10 жасар бала

15 жасар жасөспірім

17 жастағылар







Басқатырғыш (математикалық есеп)

1. Адам тәулігіне 8 сағат ұйықтаса , бір аптада қанша сағат ұйықтайды?

Жауабы:56 сағ


БИОЛОГИЯЛЫҚ ДИКТАНТ

Ми қыртысында баяу дәне ірі электр толқындары пайда болатын ........... ............. ............ ажыратады. Бұл құбылыс .............. ............. жағдайына тән. Өте ұсақ және жылдам толқындар пайда балуын ................... ............... деп аталады. Ұйқы бұзылуының көп таралған түрі-............................ . .......... ............ - тез ұйқы кезіндегі мидың қалыпты жұмысы.

Жалғасын тап (мақал-мәтел)

1. Еңбекқор ұйқыдан-..........................

Еріншек ұйқыдан-..........................

2.Ұйқы- ....................................

Жұмыс-...............................

 

 Қорытынды жасау:

1.     Ұйқы қандай кезеңдерден тұрады.

2.     Түс көру дегеніміз не?

3.     Ұйқы гигиенасы?

 

Үйге тапсырма:

§ 60. Ұйқы және оның маңызы.

   Дәптерге толтыру. Баяу және тез ұйқының сипаттамасын жазу.

 

Бағалау.























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.06.2018
2980
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі