«Ұйқыдағы ару» жаңа жылдық
ертеңгілігі
Қатысатын
кейіпкерлер:
1.Патша
2.Патшайым
3.Ханшайым
4.Ханзада
5.Малифисиента
6.Аяз
ата
Балалар билеп залға
кіреді.
Ертегіші ортаға
келеді.
Тәрбиеші-ЕРТЕГІШІ
-Сәлеметсіздерме балалар! Жаңа
жыл мерекелеріңіз құтты болсын! Мен сендерге бір үлкен патшалықта
болған оқиға жайлы айтып берейін.
-Ерте, ерте,
ертегі,
Ертегі сырын
шертеді,
Патша менен патшайымның
сарайында қуанышты оқиға болыпты. Дүниеге айдай сұлу ару қыз
келіпті. Ол әдемі, сұлу болып өсіпті.Жаңа жыл келгенде Патша мен
патшайым қуанып, сарайда көңілді, салтанатты кеш болатынын
жариялапты.
Ортада патша мен патшайым
отырады.
Патша:Достарым, бүгін менің
сарайымда салтанатты , көңілді кеш болады. Бәріңізді жаңа жыл
кешіне шақырамын. Шырша шамы жағылсын!
Барлығы:
бірге: - Жасыл шырша
жарқыра,
Шамдарыңды
жарқырат!
(жарық сөніп, шырша шамдары
жанады)
Ән «Жаңа жыл келеді ән
қанатымен»
Патшайым:Міне біздің сұлу
қызымыз,
Бақытымыз
шексіз,
Жарқыраған
шамдар,
Бізде түрлі ән-жыр
бар!
Қонақтар:- Қандай тамаша! Қандай қуаныш!
Керемет!
Ортаға періштелер
шығады.
«Періштелер»
биі
1-Фея: Сұлу ханшайым бақытты
болсын!
Жүрегінде мейірімділік нұры
толсын!
2-Фея: Жақсы тілек
айтайын
Өнерлі бол
ханшайым,
3-Фея: Аппақ қардай әдемі
болыңыз! (қолдарындағы сиқырлы таяқшамен тілек
айтады)
Би
«Феялар»
Малифисиента
келеді.
-Бұл жақта көңілді мереке
болып жатыр. Ал сендер мені бұл кешке шақырмай, сендер үлкен
қателік жасадыңдар өздерің тойлап жатырсыңдар. Мен зұлымдық
патшайымымын.. Қазір мен сендердің ханшайымдарыңды мәңгіге ұйқыға
жіберемін.
Сиқырлы, үшкір
инем,
Ханшайымды мәңгі ұйқыға
жібер!(ханшайымды инемен шаншып алады, ханшайым ұйықтап қалады,
(жарық сөнеді)
Малифисиента:- ха, ха, ха
сиқырым орындалды. Ха,ха,ха (кетіп
қалады)
Жарық
жанады.
Патшайым:- қызымыз ұйықтап қалды.
Малифисентаның сиқыры орындалды. Енді не
істейміз?
Перизат
(Әмина):-Біз әлемдегі ең күшті
сиқыршыны табу керекпіз. Ол бізге
көмектеседі.
Патша:- Бұйрық беремін!
Әлемдегі ең мықты сиқыршыларды табыңдар. Қызымды ұйқыдан оятатын
болсын!
Ертекші:-Балалар, патша ұйықтап қалған
қызын қатты уайымдады. Оның бұйрығы бүкіл әлемге тарады. Патша
бұйрығын ханзада да
естіді.
Ханзада: - Мен хабар
естідім,
Ханшайым ұзақ уақыт ұйықтап
жатыр.
Оған шұғыл көмек
қажет
Ең күшті сиқыршыны табу
керек.
Мен жолға шығуға
дайынмын!
Әскерлерім
дайындалыңдар!
«Гусарьлар»
биі.
Музыка
ойналады.
Малифисиента:- Мен сендердің ханшайымды
оятуларыңа жол бермеймін. Сендерге кедергі жасаймын. (мұздарды
лақтыра бастайды)
Ойын «Мұздан
секіру»
Ханзада: Алақай, кедергіден
өттік. Аяз атаға жол аштық. Достарым, Аяз атаны бірге
шақырайық.
Алыстан дауыс
естіледі.
-
Аяз ата, Аяз ата деп шақырады.
(қимылмен)
-
Қане балалар аяз ата адасып
жүрген сияқты. Бәріміз дауыстап
шақырайықшы.
Аяз ата
келеді.
-Балаларым,
балғыным!
Өмір гүлі
шалғыным.
Амансыңдарма
балаларым!
Жаңа жылдарың құтты
болсын!
Денсаулықтарың мықты
болсын!
Ән: «Қош келдіңіз Аяз ата,
Ақша қар.
Ханзада:- Қош келдіңіз, Аяз ата!
Ханшайымды оятуға көмек беріңізші.
Аяз ата сиқырлап : - Қане,
таяғым, сиқырлы таяғым.
Ханшайымды ұйқысынан
оят.
Ханшайым ұйқыңнан оян! 3
рет айтады.
Ханшайым ұйқысынан оянады.
Балалар қуанады.
Ханшайым: - Рахмет Аяз
ата!
Ойын: «Әуенді
ойын»
Аяз ата: - Балаларым тағы
қандай өнерлерің бар?
Тақпақтар:Келді міне жаңа
жыл,
Тамаша жыл болса
екен.
Бар баланы
қуантып,
Бақыт құсы қоса
екен.
Келді міне жаңа
жыл,
Шаттандырып
біздерді.
Құтты болсын Жаңа
жыл,
Құттықтаймыз
сіздерді!
Жасыл желек
жамылған,
Асыл моншақ
тағынған.
Міне сұлу
шыршамыз,
Көптен күтіп
сағынған.
Кел балалар
келіңдер,
Аппақ, аппақ,
жапалақтап.
Қар жауады
тынбастан,
Қалың орман, қар
жамылған.
Маужырайды түнгі
аспан.
Кең пейілді, мол
мейірлі,
Сағынышпен
табысқан.
О, алақай, Аяз
ата,
Келе жатыр
алыстан!
Аяз
ата: - Жарайсыңдар балаларым.
Сендер ақылды, өнерлі балалар екенсіңдер. Ендеше менің сыйлықтарым
қайда екен? Ой, ой алжыған кәрі басым – ай, сыйлықтарды ұмытып
кетіппін ғой. А, таптым. Мен қазір Малифисиентаны
шақырамын.
(Таяғын жерге бір
ұрады)
-Малифисиента
қайдасың?
Малифисиента
келеді.
Аяз
ата:- Малифисиента сен ханшайымды
ұйықтатып тастапсың. Жаңа жылда бір – бірін ренжітуге болмайды.
Ендеше балаларды қуантып, бір жақсылық жаса, орманда ұмытып кеткен
сыйлықтарымды алып кел.
Малифисиента: - Жарайды, жарайды. Аяз ата!
(шығып кетеді)
Шанаға салынған қорапты
Малифисиента алып келеді.
Аяз ата шанамен келген
қорапты таяғымен сиқырлайды.
-«Сим, сим.Абрака, дабрака
сыйлықтарым ашыл, балаларды қуант!»
3
рет
(қорап дірілдейді, өздігінен
ашылады, ішінен сиыр мен тышқан шығады)
- «Мен беремін сыйлықты, мен
беремін» деп таласады. (сиыр мен тышқанды Жәшіктен алып
түсіреді)
Аяз
ата: - О,сиыр мен тышқан қош
келдіңдер! Балалар тышқанмен қоштасып, сиыр жылы бізде қонақта
болады. Қанекей, маған сыйлықтарды таратуға көмектесе қойыңдар.
(Тышқан, сиыр, Аяз ата үшеуі сыйлықтарды
таратады)
Ертекші:- балалар, ертегі осылайша
қуанышпен аяқталды. Жаңа жыл бәріңізге шаттық пен бақыт
әкелсін!