Үйрен жақсы әдептен

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үйрен жақсы әдептен

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйрен жақсы әдептен
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің Т.А.Ә.


Күні:


Сынып: 5 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Үйрен жақсы әдептен

Құндылық

Көрсету,түсінік беру, ойындар, әңгіме,мақал-мәтелдер сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, талдау, шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.т.б.

Мақсаттары

1.Оқушыларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, жаман әдеттен аулақ болу керектігі туралы біліктерін қалыптастыру . Қойылған сұраққа ойланып,толық жауап беруге үйрету. Балаларға күнделіктіөмірде кездесетін әр түрлі жақсылықтар мен жамандықтарды ажырата білуге,жақсыдан үйреніп,жаманнан жиренуге тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті


Ресурстар


Оқушылармен «Амандасу» тренингі


Не жаман , не жақсы? Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлең жолдарынан тыңдап көрсек.(өздері білетін өлеңдерін айтады)

Менің көзқарасым (сұрақ-жауап)

Сұрақтар:

· Қандай жақсы сөздерді көп қолданасыңдар?

· Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

· Ал жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

· Жақын адамдарыңа қандай жылы, жақсы сөз айтқыларың келеді?

· Әр адамның жүрегі мейірімді де, қайырымды болу үшін не істеу керек?

Жақсы қасиетті кімнен үйренеміз?


Бұл баланы кім дейді?

1.Үлендерді сыйлаймыз,

Айтқандарын тыңдаймыз.

Кішіге ағамыз,

Құшаққа аламыз.

Еңбекті сүйеміз,

Бақытқа ие біз.

Бұл баланы кім дейді?

(әдепті бала)

2 . Өзінен үлкен кісіні,

Сыйлауды ол білмейді.

Шықпай жатып көшеге,

Үсті басы кірлейді.

Бұл баланы кім дейді?

(салақ бала)


Қорытынды

«Жақсы болу - өз қолыңда» деген халық даналығында үлкен мән бар.Жақсы болуды басқа біреуден іздеудің қажеті жоқ.

Адамның жақсы істерге,жақсы әрекеттерге ұмтылуы, айналасындағылармен сыйлы қарым-қатынастар жасауы, өтірік айтпауы, сөзінде тұруы, жақсылықты жақсылардан үйренуі өзіне байланысты.

Сонымен біздер жақсыдан үйрен,жаманнан жирен атты тақырыпты қарастырдық.

Ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра білдік. Сіздер еліміздің болашағысыздар. Ендеше осы бастан бойларыңызға жақсы қасиеттерді жинақтап, жаман қасиеттерден аулақ болыңыздар



. - Балалар, менің сұрақтарыма жауап беріңдерші?

- Жақсы деген немене? (Оқушылардың пікірлерін тыңдау)

-Гүл өсірген жақсы. -Ағаштарға, гүлдерге су құйған жақсы. -Үлкендерге көмектескен жақсы.

-Ал, жаман деген немене? - Салақ, кір-қожалақ болған жаман. - Ағаштың бұтағын сындырған жаман. -Кішкентай балаларды жылатқан жаман.






Ендеше сөзжұмбақ шешейік.

1.Жылт-жылт етіп төбемде,

түсе алмай тұр төменге.(жұлдыз)

2. Аяғымда

Басы қайқы қос сырық.

Таяғым да

Қуады оны састырып.(шаңғы)

3. Қазір қандай мезгіл. (қыс)

4. Мұртын сипап күн бойы,

бетін сусыз жуады.

Тысырды аңдып түн бойы,

тышқанды көп қуады.(мысық)

5.Кесе, шыны, пиала –

Оларсыз шай құяма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді?

(ыдыс)


Ойын: Болады, болмайды

Сабақтан кешігуге...

Үлкен адамдардың әңгімесіне араласуға...

Таңертең ерте тұруға...

Қыздардың шашынан тартуға...

Үлкендерге көмектесуге...

Партаны сызуға...

Даурығып сөйлеуге...

Сабақ үстінде тыныш отыруға...

Кішілерге қамқор болуға...

Бір-біріңе көмектесуге...

Мектепте жүгіруге...

Бір-біріңді арыздауға...

Біреудің затын рұқсатсыз алуға...

Үзілісте кітапханаға баруға...

Демалыста тауға шығуға...

Көшеде түкіруге...

Мәдениет үйіне баруға...


Үйге тапсырма

5. Әдептілік жайлы мақал- мәтелдер айту.

*Әдепті бала- арлы бала,

Әдепсіз бала- сорлы бала.

*Әдептілік белгісі,

Иіліп сәлем бергені.

*Ашу- дұшпан, ақыл- дос,

Ақылыңа ақыл қос.

*Сіз деген- әдеп,

Біз деген- көмек.

* Ұлық болсаң- кішік бол.

* Кішіден ізет- үлкеннен құрмет

*Әдепті бала ата- анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар.

*Жақсы адам ай мен күндей

Әлемге бірдей.

*Әдепті бала кездессе, сәлем берер бас иіп,

Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.

Таратпа қағаздар







Интерактивті тақта



























































Стикерлер





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2024
516
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі