Материалдар / Үйшік ертегісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Үйшік ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Үйшік" ертегісін топ балаларына сахналау. ертегі қою арқылы балалардың сөздік қорларын молайту. ертегі кейіпкелермен таныстырып, оларға мінездеме беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2021
671
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы:Коммуникация

ҰОҚ: Драма

Тақырыбы: «Үйшік» ертегісін сахналау

Мақсаты:

Білімділік:Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы сөздік қорын, сөйлеу мəдениетін,

ойлау қабілетін дамыту, сахналау барысында жағымды-жағымсыз

кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез-құлқын келтіру.

Дамытушылық: Түрлі дауыс күшін қолдана білуді жетілдіру, үйлесімді қимылды

дамыту, кейіпкердің ерекшеліктерін беру үшін мəнерлілік құралдарын

қолдану;

Тәрбиелік: Балаларды достыққа, татулыққа тəрбиелеу.

Алдын ала жұмыс: «Үйшік» ертегісін оқу, кейіпкерлердің атрибуттарын дайындау,

тіл ұстарту жаттығуларын қайталау.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Атрибуттар, ертегі суреттері, əліппе-дəптер.

Сөздік жұмыс: үйшік, алаңқайда.

Билингвальді компонент: Тышқан–мышь, құрбақа–лягушка, қоян–заяц, түлкі–лиса,

аю–медведь.


Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

-Шаттық шеңберінде тұрып «Кубизм тәсілі» арқылы сұрақтарға жауап береді.

-Мен қазір сендерге сұрақ қоямын. Қолымдағы текшені лақтырамын, қағып алған бала менің сұрағыма жауап береді де, текшені өзіме қайта лақтырады.

-Балалар, біздерге көптеген қонақтар келіпті, алдымен қонақтармен амандасып алайық.

-Бір жылда неше мезгіл болады?

-Жыл мезгілдерін атап бер.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде неше ай болады?

-Күз мезгілінің айларын атап бер.

-Күз мезгілінен кейін, қай мезгіл келеді?

-Бір аптада неше күн болады?

-Апта күндерін атап бер.

-Текшені қағып алған бала сұраққа толық, нақты жауап береді.


ІІ Негізгі кезең:

-Жарайсыңдар балалар, өте жақсы. Орындарыңа отырыңдар.

-Балалар, бізге драма оқу қызметі болады.

-Драмада не туралы айтылады?

-Драмада ертегілер, әңгімелер туралы айтылады.

-Балалар бізге қонақ келе жатыр, кім болды екен?

-Айару:Саламатсыңдар ма, балалар. Мен сендерге драма оқу қызметінде күнделікті

тапсырма жіберетін Айарумын. Мен сендердің білімдеріңді тексеру үшін

бірнеше тапсырма алып келдім.

-Балалар Айарумен амандасады.

-Айару:Менің қолымдағы қоржында не бар екен, қане бәріміз бірге қарайық.

-Қоржыннан әртүрлі жануарлар шығады.

-Айару:Осыларды бір сөзбен қалай атаймыз?

-Жабайы жануарлар деп атаймыз.



Айару: Осы Жануарлардың қимылы мен дауысын кім салып береді?

-Балалар қоржыннан шыққан жануарлардың қимылы мен дауысын салып береді.

-Қараңдаршы балалар! Бір жылаған дыбыс шығады. Ол кім балалар?

-Ол, Бақа, Бақа!

-Саламатсыңба, Бақа сен неге жылап тұрсың?

-Бақа: Саламатсыңдар ма, балалар! Мен мына ертегі кейіпкелерін құрастыра алмай

тұрмын. Сендер көмектесе аласыңдар ма?

-Әрине, біздің балалар көмектеседі.

-Балалар қуанып келіседі.

-Д/ойын: «Ертегіні құрастыр»

-Бақа: Ой, рахмет балалар! Қандай керемет!

-Балалар қандай ертегі құрастырылды?

-Ертегіде қандай кейіпкерлер болады екен?

-Бізге бұл «Үйшік» ертегісін өткен оқу қызметінде Ерден атай жіберген. Бізге бұл ертегі таныс.

-Кім маған осы ертегіні әңгімелеп береді?

-Балалар кезекпен «Үйшік» ертегісін әңгімелеп береді.

-Билингвальді компонент: Тышқан – мыш, құрбақа – лягушка, қоян – заяц,

түлкі – лиса, қасқыр-волк.

-Айару: Балалар енді мен сендерге тапсырма беремін.

-№1 тапсырма: «Артық кейіпкерді тап».

-Шарты:Мен сендерге «Үйшік» ертегісіндегі кейіпкерлер бейнеленген сурет беремін.

Сол суреттердің арасынан артық кейіпкерлерді табасыңдар.

-Слайдтан көрсетіледі.

-Сергіту сәті: Слайд арқылы әуенмен бойларын сергітеді.

-Айару:Енді мен сендерге екінші тапсырмамды беремін.

-№2 тапсырма: Тілұстарту жаттығуы.

-№3 тапсырма: «Кім бірінші келді?»

-Шарты: «Үйшік» ертегісінде бірінші келген кейіпкерді сары түспен, ал ең соңынан келген кейіпкерді көк түспен белгілеңдер.

-Слайдтан көрсетіледі.

-Ендеше балалар, осы ертегіні сахналайық.

-Балалар арсынан кейіпкерлер сайланып, «Үйшік» ертегісі сахналанады.


ІІІ Рефлексия:

-Балалар Бақамен және Айарумен қоштасады.

-Қорытынды.

-Мадақтау.










«Тексерілді»

Балабақша әдіскері

____________Днекешова Н.М

«______»_______2020_ж.




Shape1









Тақырыбы: «Үйшік» ертегісін сахналау




Shape2


Тәрбиеші: Адилгереева Н.С




2020ж.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!