Үйсін мемлекеті туралы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үйсін мемлекеті туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйсін мемлекетінің тарихы, шаруашылығы жайлы қысқыша ақпарат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық

университеті

кафедра «тарих және құқық»

Мақала

тақырыбы: Үйсіндердің шаруашылығы









































Орындаған: Байдабай Дарын

Тексерген: Жұмагүл Айтақынқызы







Жоспар:

1 Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы

2 егіншілік пен отырықшылық

3 түрлі кәсіпшілік



Жауап алуға болатын сұрақтар:

1 Үйсіндерде малдың қандай түрлері өсірілді?

2 Үйсіндер күнделікті тұрмысқа қажетті қандай бұйымдар жасады?

3 Үйсіндер қысқы үйлерін неден тұрғызды?

4 Үйсіндердің ыдыстарына ненің суреті салынған?

5 Үйсіндер қандай дақылдар екті?

6 Үйсіндер айналысқан кәсіп түрлері?

7 Үйсіндердің діни нанымдары қандай болған?



Үйсін бірлестігінің халқы жартылай көшпелі ел болған. Мал бағып, жер өңдеуді кәсіп еткен. Археологиялық қазбалардан табылған материалдарға қарағанда, сол кездің өзінде-ақ жер өңдейтін тас тырма, тастан қашап жасалған қол диірменнің табылуы — сол замандағы тұрғындардың егіншілік айналысып, оның өнімдерін өндей білгендігінің бір дәлелі. Іле, Шу, Талас алабынан суландыру жүйесінің іздері табылды.

Ертедегі деректерде үйсіндер “ағаш егіп, қалалар мен елді мекендер салған” - деп жазылған. Суармалы егістіктер, суландыру жүйесі, бау-бақшалар үйсіндердің астанасы Чигу қаласының маңында орналасқан. Шу мен Кеген өзендерінің жағалауларында қазба жұмысын жүргізген археологтар бірнеше көне қаланың орнын тапты. Үйсіндердің қоныстарында 4-5 үй бір ауылды құраған. Қонысқа жақын жерлерде ру және әулеттің зираты орналасқан. Үйсіндердің тұрақты үйлері тау бөктерлеріне салынды. Қысқы үйлері шикі кірпіштен және тақтатастан қаланған. Үйдің едені балшықпен сыланып, үйді жылытатын жер ошақ ортаға салынды. Үйсіндер жаратушы күшке арнап құрбандықтар шалып отырған. Бұны олардың пайдаланған заттары, салған суреттері дәлелдейді. Археологтар арнайы шырақ жағатын табақ пен құрбандық ыдыстарын тапқан, қыш ыдыстарға күннің суреті салынған. Үйсіндерде тері өңдеу кәсібі жақсы дамыған. Теріден күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар, ыдыстар жасап, аяқ киім, тері шалбар, бешпент, киімдер тікті. Бұдан басқа тоқыма, жіп иіру, тері илеу, тастан және сүйектен қажетті бұйымдар жасау ісі де дамыған. Мата тоқу үшін тоқыма кермесі қолданылған. Ағаш ұсталары қайыңнан астау, табақ, тостаған, ожауды ойып істеген. Үйсін әйелдері саз балшықтан ыдыстар жасаған. Жасау тәсілі екі түрлі болған: арнайы ұршықшамен және құм толтырылған мата қалыпқа қолдан жапсыру. Үйсін обаларының ең үлкенінің диаметрі – 20 метр, биіктігі – 2 метрге жуық. Үйсіндер мәйітті шалқасынан жатқызып, басын батысқа қаратып қабірде жерлеген. Ежелгі үйсіндер өлген адам қайта тіріледі деп ойлаған. Сондықтан адамды жерлегенде оған о дүниеде керек болады деген бұйымдардың бәрін бірге көмген. Ақтас қыстауы төңірегінен аумағы 60 шаршы метрден 150 шаршы метрге дейін өңделген егіс танабының орны анықталды. Сонымен бірге тас кетпен, қола орақтар, тастан жасалған дәнүккіштер табылды. Дәнді дақылдардан арпа, тары өсірген. Үйсіндер суармалы егіншілікпен де, тәлімді егіншілікпен де айналысқан. Далалықтар былғары мен киізді шеберлікпен өңдеп, түрлі түске бояған. Бұл кәсіппен көбінесе, әйелдер айналысты. Қолөнер мен үй кәсіпшілігі мал өнімдерін өңдеумен байланысты болды. Үйсін қоғамында зергерлік бұйымдарға түрлі асыл тастардан көз салу өнері өркендеді. Ақтас қорымМал шаруашылығы. Усундер шаруашылығының даму ерек көбіне-көп Жетісудың географиялык жагдайы себеп болды. Мұннатта ерекшелік сол, «классикалық» егіншілік немесе көшпелі мал шаруашылытпа аудандарынан өзгеше мұнда мал шаруашылығы егіншілікпен ұштасла жүргізілді, ал көшпелі тұрмыс салты жартылай отырықшылыклен ушты. Усундердің шаруашылығы туралы жазбаша деректемелердін мәліметтері үздік-создық және олардың шаруашылығының бағытын бір жағынан ғана көрсетеді. Ежелгі заман авторларынын усундердін шаруашылығы мен тұрмысына берген сипаттамасы малға азық пен су ізден, бір жерден екінш жерге көшіп жүреді деп барынша қысқа қайырылады. Бұл көшпелі және мал шаруашылығымен айналысатын халықтардың көпшілігі үшін дәстүрлі және ортақ тұжырым. Алайда ол усундер жөнінде онша дол емес. Ертедегі Қазақстан аумағындағы мал шаруашылығы бірнеше кезеннен өтті. Оның алғашқы кезеңі б. з. б. 1 мыңжылдықтың бірінші жартысынан бастап кола дәуіріндегі тайпалардың үй жанындағы бақташылық мал шаруашылығы болды. Б. з. б. IX-VIII ғасырларда ғана ол көшпелі мал шаруашылығына айналды. Бұл кезеңде жайылымдар мен су көздерін маусымдык пайдалану қалыптасты, табында алысқа көшуге және кыс кезінде тебіндеп жайылуға мейлінше бейімделген қой мен жылқы басым болды. Мұндай жайылымдық-көшпелі жүйе тұрақты сипат алды. Ғасырлар бойы қоныстардың, кыстаулардың және жерлеу құрылыстарының белгілі бір жерлерде орналасуы нақ осыны дәлелдейді. Сан алуан үлгідегі ескерткіштерден түратын үлкен зираттар мен көп қабатты қыстау-қоныстар осылайша пайда болды. Атап айтканда, усундер заманынан бастау алған осындай зираттар әсіресе Жетісудағы қыстаулы аймақтарда көп кездеседі. Ежелгі усундердің қоныстары мен қабірлерінен табылған мал сүйектерінің калдықтарына жасалған статистикалық, талдау оларда қандай мал табындары мен малдың қандай түліктері болғанын айырып білуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, мал түліктерінің осындай арасалмағына қарап, малшаруашылығының формасы туралы және тайпалардың түрмыс салты туралы корытынды шығаруға болады. Актас-2 (Шығыс Жетісу) және Луговое-холм (Батыс Жетісу) кыстау коныстарын қазғанда алынған остеологиялық материал усундердегі малдың тәуліктік құрамы мал өсіруге негізделген жартылай көшпелі шаруашылыққа тән екендігін көрсетеді. Луговое-холм конысындағы ірі қараның (33,1%) және Ақтас қыстау қонысындағы кой (48,4%) мен жылқының (32,7%) пайызы назар аудартады. Мал түліктерінің мұндай арақатынасы шығыс усундеріне қарағанда батыс Жетісу усундеріне көбінесе отырықшылық тән болғанын айкын корсстеді. Мұндай айырмашылық Талас және Шу өзендерінің аңғарларындагы отырықшы егіншілікке жарамды жазық жерлердің ерекшеліктерінен, сондай-ақ Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның егіншілік орталықтарының батыс Жетісуға ықпалынан туындайды. Бүкіл Жетісу сундерінің малқұрамында үй малдарының барлық түрлері: қой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі, есек болғанын статистика көрсетіп отыр.ынан осындай зергерлік өнердің тамаша үлгісі табылған.

Қытай бастаухаттары үйсіндерді көшпелілер ретінде сипаттаған. Оларда үйсіндер «егіншілікпен де, бау-бақша өсірумен де айналыспайды, тек оты мол, суы мол жерлерге мал-жанымен бірге көшеді де жүреді» - деп жазылған. Расында да, мал шаруашылығы үйсіндердің өмір-тіршілігінде шешуші рөл атқарған. Жетісудың табиғи жағдайы Мойынқұм мен Балқаш өңірін қоныс еткен қыстаулардан бойлық бағдарымен жүріп отырып, жаз күндері мал қоңданып, қысқы мерзімге әзірленіп-олденіп алатын, тау бастарындағы шөбі шүйгін шалғынды жайлауларга көшіп баруына қолайлы болган. Бүл аймақта жайлау мен қыстау аралары онша қашық емес -30-100 шақырым шамасында болады. Сол себепті де үйсіндер үзақ уақыт қыстаулары. батыс Жетісуға ықпалынан туындайды. Бүкіл Жетісу усундерінің курамын малдарының барлық түрлері: қой, жылқы, сиыр, кос оркенте, ешкі, есек болғанын статистика көрсетіп отыр дамығаны атап өтілген. Байларындағы жылкы саны бес мынга дейін ұстаған. Хань әулеттік хроникаларында усундерде жылқы шаруашылығын .Усун гуньмолары кытай ханшаларына үйленген кезде соз байласу сыйм жен, ал ұлы және кіші гуньмолардын жасағы 30 мын атты әскерден турган. ретінде мындап жылкы мен кашыр айлатып жібереді екен". Таулы аудан Дарда кашырлар жүк артатын көлік ретінде пайдаланылган. Жетісуда асмя тукымды жүйрік жылкы өсірген көрші елдердін білгірлері оларды төзімділі мен жүйріктігі үшін бағалап, Даваннын «кантерлі аспан» аттарынан кейін орынға қойған. Бір ғажабы, усунлердін жылкысы «батыс шек» деп аталган"тенлік обасынан табылған, салт аттының суреті салынған алтын каптыр малардан усун жылкысынын тұқымын білуге болады. Ол бейнеге караганда, бұлар ірі де биік, бұлшық етті, басы үлкен, кұйрық-жалы өрілген немесе күзелген болып келетін жылкылар. Усун жылкысынын Тендік каптыр маларындағы бейнесі б. з. б. І мыңжылдыктын аяғындағы 6. 3. І мынжылдығының басындағы бізге мәлім (Ашурнасирпал мен Ашурбанипалтын аншылык бедерлеріндегі, Персепольдегі мидиялык және сириялык бедерлеріндегі 2*, Иранның күміс табакшаларындағы сасанилер патшаларынын ан аулау көріністеріндегі") Еуразия жылкылары бейнелерінін бәріненде дерлік ерекше. Усун жылкысынын бейнесі Персеполь бедеріндегі сак жылкысына"және Сібірден табылған (Петр коллекциясы) алтын каптырмада суреті салынған, жырткыш ан жұлмалап жаткан жылкы бейнесіне коп жагынан уксас келеді. Бұл бейнелердін бәрінде де аттардын кекілі мен жалын әсемдеудін ұксастығы, олардың дене бітімі мен бастарын бейнелеуде уксастык танғаларлык. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы усундер шаруашылығынын негізгі түрі болды. Кейінгі кезде де ол экономикада өзінін жетекші ролін сактап калды; шаруашылыкты жүргізу және жайылымдарды пайдалану жүйесі жетілдіріліп отырылды. Егіншілік және отырықшылық. Актас кыстау-конысын казып ашканда усундерде егіншілік болғанын тікелей дәлелдейтін олжалар табылды. Бул жер өндеу кұралы тас кетпендер және егін жинау құралы кола орак(Сынығы). Тастан жасалған дәнүккіштер өсімдік тағамынын тұракты тамак кұрамына кіргенін айкын көрсетті. Мәселен, Актас кыстау-конысының үйлерінде 11 бүтін дәнүккіш және 15 дәнүккіштің сыныктары табылған; олардың бәрі де узак уакыт пайдаланудан әбден тозған. Актас кыстау-конысының төңірегін зерттеген кезде усундерде карапайым суармалы егіншілік болғандығының белгілері байкалды. Мұнда арыктардың және аумағы 60 шаршы метрден 150 шаршы метрге дейін өнделген шағын танаптардын іздері табылды, бұларда, шамасы бақша дақылдарын өсірген болуы керек. Өнделген алаптар су өздігінен ағып баратын жерлерде орналаскан, арыктардын арнасы жердің табиғи көлбеулігін есепке ала отырып жүргізілген. Карапайым суарма жүйелерінің мұндай іздері Жонғар Алатауы, Шолак (Іле анғарында) және Шу-Іле (Шу анғары) тауларынын койнаулары мен баурайларында, Қырғыз Алатауынын (Талас анғары) солтүстік баурайларында да кездеседі. Усундерде бақша егу егіншіліктің бір түрі ғана болып қоймайды. Егер тас кетпендер бакша дақылдарын күтуге жұмсалса, кола орактар дәнді дақылдарды оруға пайдаланылған. Ол кезде қандай дәнді дақылдар өсірілгенін анықтайтын деректер әзірше аз. Тары мен арпа егілгені жөнінде ғана айтуға болады, мұны Солтүстік Қырғызстанның усундер зиратында бір ыдыстың түбінен табылған осы дақылдардың дән қалдықтары дәлелдейді. Жетісудың жерасты суына қаныққан сарғылт-сұр топырағы дәнді дақылдар еккен кезде суаруды кажет етпейді, артық ылғал тек зиянды болуы мүмкін. Жетісуда суармалы егіншілік қана емес, сонымен қатар тәлімі егіншілікте дамыған деп топшылауға болады. Жауын-шашынның біршама көп болуы, топырақтың табиғи ылғалы жақсы болуы жағдайында тәлімі егіншіліктің өнімі түсімді болған. Сірә, егіске пайдаланылған жер көлемі шағын болса керек, өйткені егіншілік құралдарының (кетпен) сипаты eric көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бермеген. Ежелгі усундерде егіншілік пен отырықшылық болғаны жазбаша деректемелерде айтылған. Мәселен, хань тарихшысы Бань Гу былай деп жазады: усун гуньмосына ұзатылған қытай ханшасына қызмет ететін сарай әйелі Фынь Чигу астанасында немесе оның төңірегінде тұратын усуннің «отырықшы шонжарларына» сыйлықтар үлестірген. Хэ Цю-Тао ежелгі деректемелерге сүйене отырып, ежелгі усундер жер өңдемеген, бірақ «ағаш егетін болған»35 деп жазады. «Ханьшуды» түсіндіруші Янь Ши-Гу - б. з. VII ғасырдың тарихшысы - «ағаш егеді» деген сөз «ағаш отырғызады» деген сөз» - деп, бұл хабарды дәлелдей түседі. Тарихшы Суй Сун усундер «су мен шөп іздеп жүретін» (көшетін) болса да, «дегенмен қалалары мен қала төңірегіндегі мекендері болған» деп тура айтады. Ертедегі кытай деректемелеріне сенбеуге негіз жоқ. Ресми тарихнама империяның «солтүстік» және «батыс» тайпалар жөніндегі дәстүрлі ұлыдержавалық саясатынан туындап, олардың даму кезеңін бөліп көрсеткеннен гөрі, көшпелі мешеулігін атап көрсетуге неғұрлым бейім болды. Мәселен, отырықшылық пен егіншілік ертедегі усундерде біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында-ақ болған деуге негіз бар, ал б. з. ІІІ-V ғасырларында, сірә, бау-бақша шаруашылығы, тәлімі егіншілік түрінде оның ілгері дами түскені өзінен-өзі түсінікті. Меншік қатынастары. Бұдан бұрын атап өтілгеніндей, көшпелі мал шаруашылығына көшу қоғамның өндіргіш күштері дамуында ілгері басқан кадам болды. Осы негізде малға жеке меншік қалыптасты, қауымдық, тайпалық және рулық жайылымдарды тайпаның үстем топтарының озбырлык пен иемденіп алу процесі жеделдеп, тайпааралық айырбас өрістеді. Сол кездің өзінде-ақ әлі аз болса да рулық-тайпалық ақсүйектердің қоғамнын үстем тобы болғаны даусыз. Археологиялық материалдардың көрсетіп отырғанындай, рулық зираттарда құрылымының алыптығымен және жерлеу рәсімінің байлығымен қайран қалдыратын ақсүйектер зираттарынын табылуы кездейсоқ емес. Бір ғажабы олар енді бірлі-жарым немесе тіпті топтық құрылыстар емес, қайта ондаған тас немесе топырақ обалардан тұратын қорымдар. Олар усундерге дейін-ақ пайда болып, усундер заманында барған сайын көбірек таралған. Кандай формада болса да - рулық па, қауымдық па немесе жеке ме меншіктің болғанының бір белгісі оның ерекше бір белгімен таңбалануы. Ерекше белгілерді ойлап тауы экономикалық себептерге балану ең алдымен әлеуметтік ұның өзі таңбалардын пайдалану ең алдымен олед ұның өзі таңбалардын падонан конен бастап меншік белгісіне дейінгі эволюциясын жоққа шығар-Кейин, кыш ыдыстағы белгілер пайда болған соң, үй малдарына да, атап айтканда, мініс аттарына да салынатын белгі-таңбалар пайда болды. Жылкыга танба салу түрік және түркі тілдес тайпаларда б. з. VI-VIII ғасырында кеңінен тарады. Металдан, тастан және қыштан жасалған мөрлерде жеке меншіктің пайда болғанын көрсетеді. Олардың шығуы туралы моселе пікірталас туғызатын тақырып болғанмен, мөрлердің таңбасы қандай материалға басылса да, бейнесі сол заттың мөр баскан адамға тиесілі екені барша жұртқа түсінікті белгі болған. Мұндай тұжырымды усун моласындағы қыш мөр растайды". Усун мөрінің табылуы күтпеген жай емес. Ертедегі хрониктердің мәліметтеріне қарағанда, усундердің кейбір әскерсылары мен шенеуніктерінде алтын және мыс мөрлер болған. Ал қабір жанынан табылған қыш мөр усун қоғамында тек шонжарларда гана емес, адамдардың неғұрлым қалың тобының да өз мөрлері болғанын дәлелдейді. Шонжарларда мөрлер гуньмолар сарайы жанындағы лауазымды адамдар билігінің белгісі болса43, ал қарапайым тас және қыш мөрлер, тегінде, әр түрлі қожайындардың меншігін ажырату үшін пайдаланылса керек. Мәселен, ыдыстардың бүйіріне тырнап салынған белгілерге, аттардың құлағына салған ен-белгілерге, жылқының таңбалары мен ендеріне қарап, жеке пайдалану мөрлері бойынша рулық қауымдық меншіктен жеке иеленетін меншікке дейінгі меншіктің қалыптасу кезеңдерін аңғаруға болады. Жеке меншік туралы жазбаша деректемелерде де айтылған. Сыма Цянь өзінің «Тарихи жазбаларында» («Шицзи») усундерде «бай адамдардың төрт мыннан бес мыңға дейін» жылқысы болады деген мәліметті бірінші рет келтіреді. Басқа бір деректеме - «Цяньханьшу» (б. з. I ғ.) бұл жайтты біраз басқаша редакцияда: «байлар 4000-нан 5000-ға дейін жылқы ұстайды» деп қайталайды. Н.В. Кюнер «Шицзидің» осы мәлімет жазылған 123-тарауын жаңадан аударды, сөйтіп түсіп қалған жерлерін түпнұсқа бойынша қалпына келтірді. Оның аудармасында бұл үзінді былай болып келеді: «Усундерде жылқы көп. Олардың ең бай адамдарында төрт-бес мың жылқы болады». Бұл шағын болса да, бағалы хабардан мынадай қорытынды шығады: жылқыға, оның үстіне үйір-үйір жылқыға, жеке меншіктің болғаны даусыз; малға бай әулеттер болса, кедейлердің де болғаны түсінікті, өйткені олардың байлық дәрежесін мұндай үйірлі жылқысы жоқтармен ғана салыстыруға болады. «Ең байларында» деген сөз әлдеқалай айтыла салмаған, сірә, усундер арасында жай байлар да болса керек. Және, ақырында, байлықтың негізгі өлшемі шаруашылықтағы жылқының саны болғаны да анық. Алайда, ежелгі усундердің жеке меншігінде болған үй малдарының ішінде, әрине, жылқы бірден-бір түлік болмаған. Ол байлықтың өлшемі ғана болды. Усундердің ескерткіштерін қазған кезде табылған сүйек қалдықтары бойынша усундердің малы құрамында қой көп, бірақ сиыр, қашыр, ешкі де болған. Бұл жануарлар да ірілі-ұсақты қожайындардың меншігінде болды деп санауға негіз бар. Қоғамдық байлықты козғалмалы және қозғалмайтын мүлік деп бөлуге болатыны мәлім, олардың біріншісінде — мал, қолөнер өнімдері мен тұрғын үйлер, екіншісіне жер жатқызылады. Қозғалмалы мүлік ертерек меншігінде болды деп санауға негіз бар. Корудык байлыкты козғалмалы және қозғалмайтын мүлік деп бөлуге болатыны мәлім, олардың біріншісінде - мал, қолөнер өнімдері мен тұрғын үйлер 5ефонісіне жер жаткызылады. Қозғалмалы мүлік ертерек же болат меншік өнімдеріне айналды, өйткені оны айырбаска беруге болатын еді. Шаруашылығының негізі мал шаруашылығы болған көшпелі тайпалар көшіп жүретін тұрмыс салтының нәтижесінде басқа халықтармен үнемі араласып жүрді. Мұның өзі отырықшы халықтарға қарағанда айырбастың біршама ертерек шығуына, сол арқылы байлықтың жинақталып, мүліктік тенсіздіктің дамуына себепші болды. Жетісудың ертедегі усундерінде нак осындай үрдіс дамыды. Жер пайдалану және иелену объектісі бола тұрса да, табиғат өнімі және қозғалмайтын байлық ретінде әлі басканың қолына көшуге келмеді. Бірак усундерде малға жеке меншік болғандықтан, жерді жер қатынастарының бірден-бір түрі ретінде толык тең пайдалану мүмкін емес еді. Мұнда жер жөніндегі қатынастар жеке меншікті және тіпті мұрагерлік жолмен пайдалану түрінде болды деп топшылауға негіз бар. «Менің ата-бабаларымның сүйегі жаткан жер немесе менің қыстауым тұрған жер - менің жерім» деген белгілі принцип ежелгі заманнан бері, жер маусымдық жайылымдарға бөліне бастаған заманнан бері белгілі болды, ал жерді бұлай бөлу көбіне іс жүзінде оның монополиялық жолмен және мұрагерлікпен иеленуге бекітілуі болып шығатын еді. Жерді жеке меншіктеніп иеленудің қалыптасуын жазбаша деректемелердің мәліметтері дәлелдейді. Бань Гудін «Цзяньханшудағы» хабары бұл жөнінен едәуір ынта-ықылас туғызады: «Ол кезде ұлы гуньмо Цылими билікті өз колына (ұстап) тұрды, ал лин-хоулардың бәрі (вассал князьдер.-К.А.) корыккандарынан оған бағынды. Ол жұрт жылқы және мал баққанда жайылымға кірмесін деп жариялады». Бан Гу шығармаларының түсіндірушілері, оның ішінде Ян Ши-гу (VII ғасыр) «жайылымға кірмесін» дегенді «Гуньмо жайылымына» деп ұғыну керек деп түсіндіреді. Назар аударарлык бір жай - мұндай мәлімдеме Цылими гуньмо ретінде «билікті өз колына мықты ұстап тұрған» кезде жарияланады. Тегі б. з. б. І ғасырда-ак ежелгі усун коғамында шұрайлы жайылымдарды басып алу үрдісі басталған болуы керек. Көшпелі қоғамдардын бәрінде де орын тепкен жазылмаған заң - кімнің малы болса, іс жүзінде жердін де кожасы сол болуы усундердін де нақты әлеуметтік өмірін бейнелейді. Егер бай усундердің төрт-бес мыңнан жылкысы болса (ал кыс кезінде бір жылкыны асырау үшін сапасы орташа 8-10 га табиғи жайылым керек), мұншама жылқыны бағу үшін шамаменалганда 30-50 мын гектар табиғи жайылым керек екенін есептеп шығару киын емес. Тегі, негізгі байлык - мал басын сактап, көбейту үшін неғұрлым кажет кыскы жайылым ғана жеке меншікте болса керек. Бұл жердегі кыскы үй-жайлар мен ата-бабалардын зираттары жер алқаптарын іс жүзінде мұрагерлік жолмен иеленуді баянды етті. Бертін келе, біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында усун жоғарты топтарынын колдарында козғалмалы мүліктер корлана берді де, мүліктік теңсіздік езушілердін үстемдігі мен езілгендердің тәуелділігін күшейте түсті. Сөйтіп тапка дейінгі коғамнан таптык коғамға өтпелі кезенге тән катынастар калыптасты, коғам әлі кұл иелену формациясынын да, феодалдык формациянын да аякталған түрлеріне жете қойған жоқ, шаруашылыктын ерекше үлгісімен байланысты өзінше бір сипатта болды және мұнын өзі әлі күшті патриархаттык-рулык институттардын, жайылымдык. Шығыс Түркістан жерінде жүргізілген археологиялық жұмыстардың кезінде Маңғолкүре ауданының Шаты деген жеріндегі үйсін моласынан темір соқа табылған. Қытай жеріндегі қазақ тарихшысы Н.Мыңжанұлы соқаның салмағы 3 қадақ дейді. Ғалымның ғылыми пікірлері де Хыши дәлізінен Шу-Талас Іле аңғарларындағы үйсіндердің жартылай отырықшылықпен айналысқан деген қортындыға саяды. Ал қазақ археологы үйсіндер Жетісуда тек суармалы жер шаруашылығымен айналысып қоймай, тәлім егіншілікпен шұғылданған деп топшылауға болады дейді. Ол - суармай-ақ егін салу деген сөз. Бұл ойдың жаны бар екендігін бұл аймақта палеоэтнологиялық зерттеу жүргізген С.Жолдасбаев дәлелдей түскен. Ескі қыстау маңындағы өздерін үйсіндерміз деп жүрген қазақ қарияларымен жер жағдайы мен егіншілік туралы әңгімелескенде, ата-бабаларының шөл егіс еккендерін (яғни сусыз) естіген. Бірақ бұлар тәлім дегенді білмейді, ал сусыз егуді мейнам егіс егу деп атаған. Сусыз егін немесе шөл егіс егу ертедегі үйсіндерден жалғасып келе жатқандығын көрсетеді. Егін егудің бұл түрі Оңтүстік Қазақстанның кейбір аудандарында және Жетісуда бүгінгі күні де кездеседі. Топырақтану ғалымдарының зерттеулеріне қарағанда Жетісудың жер асты суына қаныққан сарғылт-сұр топырағы дәнді дақылдар еккен кезде суғаруды қажет етпейді, артық ылғалдың тек зиян әкелетіні дәлелденген. Ал үйсіндер мұндай жағдайды бүгінгі жазып отырған ғалымдардан әлдеқайда бұрын білген. Қытай тарихшысы Бан Гу үйсіндердің егіншілікпен айналысып отырықшы болғандығы жайлы мынандай хабар берген. Үйсін күнбиіне ұзатылған Хан патшасының қызының қызметкері Фынь Чйгу (Шығу) қаласының төңірегіндегі тұратын үйсіннің отырықшы шонжарларына сыйлықтар таратты дейді. Қорытындылай келгенде, үйсіндердің егіншілік пен отырықшылық өмірді ежелгі дәуірден бастаса, ал б.д. III-V ғасырларында бұл шаруашылықтың дами түскендігін байқауға болады.



















Оқулықтар

2. Қазақстан тарихы, А., 1996, 1 т. 248-271 б.

3. Байпаков К.М., Жумаганбетов Т., Таймагамбетов Ж.К. Археология

Казахстана. Алматы. 1993, 138-148 б.

4. Акишев К.А., Байпаков К.М. Вопросы археологии Казахстана.

Алматы, 1979 г. ІІ-ІІІ тараулар.

5. Жолдасбайұлы С.,Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А.,

1995, І тарау

5. Мыңжанұлы Н. Қазақтың көне тарихы, А., 1993, 61-87 б.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.04.2024
196
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі