Ұйымдағы эмоциялық күйді басқару
Еліміздің ең алдыңғы қатарлы университетінің бірі, студенттердің қарашаңырағына айналған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің іргетасы осыдан 89 жыл бұрын қаланып, қазіргі уақытқа дейін сан мыңдаған білікті мамандар мен ғылым саласына елеулі үлес қосқан ғалымдар және мемлекет қайраткерлері түлеп ұшты. Бұл ғажайып мекен әрқашан студент үшін жоғары білім алуға зор мүмкіндік туғызатын білім мекені болып қала берері анық.
Білімге құштар, талантты, дарынды жастардың басын біріктіріп отырған мекен бакалаврлық білімін ары қарай жалғастырамын деген магистранттар үшін де зор мүмкіндіктер береді. Бүгінде бакалавриатты тамамдаған жас мамандардың көпшілігі білімін магистратурада жалғастырып, тереңдетуді дұрыс деп санайды. Магистратура - бұл өзіміз таңдаған мамандығымыз бойынша терең әрі жан-жақты білім береді және соған сәйкес білікті маман болып қалыптасуға жол ашады. Бұл жолда оқытылатын пәндердің тигізетін әсері мол. Мәселен, университетте 1-курс магистранттарына «Басқару психологиясы» пәні оқытылады. Психология ғылымдарының кандидаты, профессор Жубаназарова Назираш Сүлейменқызының жетекшілігімен өтетін бұл пәнде түрлі тақырыптар қамтылады.
Қазіргі таңда психология ғылымында өзекті мәселеге айналып, қарқынды зерттеліп отырған мәселенің бірі – эмоциялық интелек. Белгілі бір тұлғаның өзінің эмоциясын және басқа адамдардың эмоциясын тануы сонымен қатар бақылай алуы, оларды ажырата білуі мен соны өзінің іс-әрекетіне немес ойлануына қолдануын психология ғылымында эмоциялық интелек деп атайды.
Адамның өмірі түрлі эмоцияларға толы. Эмоция - психологиядағы ең күрделі процестердің бірі. Эмоциялар адам баласының түрлі әрекеттер жасауына түрткі болады. Бұл термин туралы пікірлер сонау көне заманынан бастау алған. Платонның пікіріне сүйенсек «эмоция - басқаруға келмейтін, санаға қарсы тұратын асау күш».
Бүгінгі күннің талабына сәйкес әрбір жеке тұлға топта немесе белгілі бір ұжымда қызмет атқарады. Осындай топтық немесе ұжымдық қызметте мақсатқа жету үшін де ұйымдағы адамдардың қарым-қатынасында эмоцияның әсері зор. Бұл жағдайдан ұйымдағы эмоциялық күйді басқара білу әрекетінің маңызды екенін байқай аламыз. Осы тұрғыдан біз «Басқару психологиясы» пәні негізінде психология ғылымдарының кандидаты, профессор Жубаназарова Назираш Сүлейменқызының жетекшілігімен «Ұйымдағы эмоциялық күйді басқару» тақырыбы негізінде пікір алмасып, ойталқы жасадық.
Пікір алмасу барысында эмоцияны меңгеру – жеке адамның өзін-өзі басқаруымен сипатталады деген байламға келдік. Түрлі жағдайларда эмоциялық күйді басқара алмау бұл тұлғааралық қарым-қатынасқа сызат түсіретінін ескере отырып, түрлі ұйымда қызмет жасайтын адамдардың эмоциялық экспрессиясын бақылай алмауы субъектінің өзі үшін ғана емес оның айналасындағы адамдар үшін де қолайсыз болып табылатынын түрлі мысалдармен дәлелдедік. Адамның психикалық және физикалық денсаулығын сақтаудың ең маңызды факторлары ретінде эмоциялық экспрессияны атауымызға болады. Эмоцияны тежеп, сыртқа шығармай жүрудің нәтижесі әртүрлі аурулардың пайда болуына әкеліп соқтырады. Семинар барысында мұның алдын алуды, адамның бұл кездегі психологияық жай-күйінің қандай болатындығы секілді мәселелерді профессор Жубаназарова Назираш Сүлейменқызы магситранттарға ұтымды түсіндірді.
Түйіндей келе, «Басқару психологиясы» пәнін оқу барысында магистранттар тек теориялық білім алумен ғана шектелмейді. Сол алған теорияны өмірлік жағдайлармен байланыстыра отырып, түрлі ситуацияларды шеше білуді үйренеді. Ұйымда эмоциялық күйді басқару әр магистрант үшін маңызды. Себебі, магистранттардың әрқайсысы түрлі ұйымда қызмет атқаратыны белгілі. Қызмет барысында келеңсіз жағдайларға түсіп қалмас үшін, ортамен жақсы қарым қатынаста болып, өз эмоцияларын басқара білуі мамандық бойынша жоғары нәтижелерге жетуіге көмектеседі деп ойлаймын. Өзіміз таңдаған мамандығымыз бойынша терең әрі жан-жақты білім алып, соған сәйкес білікті маман болып қалыптасу жолында бұл пәннің берері мол.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
психология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.
Жубаназарова Н.С.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты
Ізтелеу А.Б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз