Ұйымдастарылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
«Бөбек» шағын орталығы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет
Тақырыбы: He салғым келсе, соны саламын.
Мақсаты:
Білімділік: дөңгелек және сопақша бейнелер жасай білуге баулу, сурет салуда өзінің көңіл күйін бейнелей білуге үйрету;
Дамытушылық: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,
Тәрбиелік: ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Жемістердің суреттері.
Қажетті құрал-жабдықтар: бояулар, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, сурет дәптер.
Сөздік жұмыс: көкөністер, жемістер.
|
Оқу іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
«Дүкен» ойыны. Балалар кезекпен келіп, педагогтің сұраған жемістерін сатып алады. Педагог «Дина, сары жеміс сатып әкел», «Арман, қызыл және домалақ жеміс сатып ал» деген тәрізді тапсырмалар береді, балалар ол жемістердің аттарын айтады т.с.с. |
Дина үстелдің қасына барып, сары жемісті (банан немесе алмұртты т.б.) атайды т.с.с. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Педагог тақтаға көкөністер мен жемістердің суретін іледі. Жұмбақ жасырады. Бақшада өседі, Көп өнім береді. Аспай піскен, Қайнамай түскен. Суретпен жұмыс жүргізеді. - Ненің суретін көріп тұрсыңдар? Айырмашылығы не? Түсі қандай? Пішіні қандай? - Балалар, біз күнделікті өмірде, балабақшада жемістерді жиі қолданамыз, себебі оның дәрумені өте көп, денсаулығымызға пайдасы өте зор. Сергіту сәті: Жемістер пісті, Бөрі жерге түсті. Жапырақтар да түсіп жатыр, Бөрі бір-бірін қуып, Ұшып жерге жетті. Біз оларды теріп алдың. Балалар қалаулары бойынша дөңгелек немесе сопақша пішіннен |
Балалар толық жауап беріп үйренеді. - Көкөніс. - Жеміс. - Алма тәтті. Оның түсі қызыл, сары. Пішіні дөңгелек болады. Бананның пішіні сопақша болады, түсі сары т.с.с. Өлең мазмұнын қимылмен көрсетіп, педагогпен бірге қайталайды. |
|
|
жемістердің суретін салады. - Қағаз бетіне дөңгелек пішінді бастырып, қарындашпен домалақ сызып аламыз, таяқшаға бекітілген губкамен дөңгелектің ішін басып-басып қызыл сары түспен бояймыз. Лимонды, алмұртты жасау үшін сопақша пішін саламыз. |
Дәптерлерімен жұмыс. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Педагог сұрақ-жауап арқылы балалардың білімін қорытып, жұмыстарына талдау жасайды, мақтап - мадақтайды. |
Толық жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қылқаламның тек ұшын ғана тигізіп, тік бағытта ұстауды.
Игереді: жоғарыдан төмен қарай сызу, нүктелерді қосуды.
Меңгереді: дөңгелек және сопақша бейнелер жасай білуді, сурет салуда өзінің көңіл күйін бейнелей білуді.
Тәрбиеші: Комисхан,Г.
№5 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.
Тақырыбы: Үлкен және кішкентай сәбіз.
Мақсаты: Сәбіздің суретін сала білуге үйрету. Балалардың сопақша пішіннен бейне жасау, бейнені қабылдау қабілеттерін дамыту, түстер мен ырғақты сезіне білуге үйрету. Сурет салуда батыл қимыл-қозғалыс жасай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: сәбіздің суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі, қарындаш.
Сөздік жұмыс: сәбіз, сабақ.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Барлығы бір-біріне деген жылы тілектерін айтады. |
Балалар шеңбер жасап тұрады. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Педагог сурет бойынша жыл мезгілі туралы әңгіме жүргізеді. - Қоянның қолында не бар? Педагог салыстыру, түстерін ажырату, пішіндерін айту сияқты т.б. жұмыстарды жүргізеді. - Сәбіз қанша түстен тұрады? Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлермен, Ытқып - ытқып жүгірді. Қарап еді артына, Қиығын салып көзінің. Келе жатқан томпаңдап, Көжегі екен өзінің. Педагог балалардан қояндардың қолындағы үлкен және кішкентай сәбіздің суретін салуды өтінеді. - Алдымен үлкен сәбіздің суретін саламыз. Қарындашпен жіңішке сызық пен ұзын екі сопақша сызықтарды кезекпен сызып, бір-біріне қосамыз. Сәбіздің үш жағы жіңішке, бас жағы жуандау болып келеді. Содан кейін сабағын саламыз. Сәбіз суретін қызғылт сары түспен бояймыз. Ал кішкентай сәбізді де дәл осылай саламыз, бірақ ол үлкен сәбізге қарағанда кішілеу болады. |
Күз мезгілі жеміс-жидек, көкөністер байлығын береді. (Қимылмен көрсетеді). - Қоян сәбізді жақсы көреді. Қоянның қолындағы сәбізі үлкен, ал көжегінің қолындағы сәбізі кішкентай. Балалар толық жауап береді. - Жасыл түспен сабағын бояймын. Сәбізіміз дайын болады. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Педагог балалардың суретті жақсы салғандарын, қоянның қуанып, алғысын білдіргенін айтып, көңілдерін көтереді. Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорыта келе балалардың жұмысына талдау жасайды, мақтап - мадақтайды. |
Не салғандарын әңгімелейді. - Мен алмұрт сал дым, ол сопақшаға ұқсайды т.б. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: сәбіздің суретін салуды.
Игереді: бейнені қабылдауды, түстер мен ырғақты сезіне білуді.
Меңгереді: пішіндерден бейне жасауды.
№6 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тақырыбы: Алтын күз.
Мақсаты: Күзгі табиғаттан алған әсерлерін қағаз бетінде бейнелеу. Күзгі ағашты, оның бөліктерін анық етіп салуды үйрету. Ағаштың діңін төменнен жоғары қарай жіңішкеретінін, яғни жоғары жағы жіңішке, төмен жағы жуан болатынын айту, бұталарын, жапырақтарын көлденеңнен салып үйрету, саусақ қимыл қозғалыстарын еркін пайдалану, сызықтарды батыл жүргізу, түстердің үйлесімдігін сезінуге, заттың пішінін ұқсата салуға үйрету. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: «Күз көрінісі» суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояулар, су, сүлгі, қылқалам, магнитофон, баяу әуенді күйтабақ.
Сөздік жұмыс: алтын күз - сары алтындай; жомарт - қолы ашық.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Моти вациялық – қозғаушылық |
- Балалар, сендерді аналарың не деп еркелетеді? Сендерге қандай жылы сөздер айтады? |
Балалар шеңбер жасап отырады. Сұраққа жауап береді. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Педагог күз мезгілі туралы тақпақ оңып, осы тақырыпта әңгімелеседі. «Алтын күз» (Ғ.Қайырбеков) Алтын, алтын, сары алтын, Алтын күзде нұр жатыр. Сары ала тон жамылған, Күз атамыз секілді, Қойны толы дәмді нан, Тәттісі көп не түрлі. Педагог балаларға күз мезгілінің белгілерін айтқызады. Сергіту сәті: «Тамып, тамып, тамып, тамып» деп айтып отыра кетеді. Суретке қарап, сурет салғызады. - Ең бірінші ағаштың діңін төменнен жоғарыға қарай жасаймыз, төмен жағы жуандау болып келеді, бұтақтары екі жақ шетіне, діңінен жіңішке әрі қысқа болып келеді. Балалар бұған қосымша жерді, бұлтты, күнді салады. - Қылқаламды бояуға батырып, солдан оңға ұзын толқынды сызық сызамыз, қылқаламның бүкіл ұшымен жерді солдан оңға қарай бояймыз. Жаңбырды қылқаламның ұшымен саламыз. |
Сұрақ-жауап. - Күз мезгілі. - Алтын күз дейміз. - Жаңбыр жауып тұр. - Ағаштар қозғалып тұр. Жапырақтар түсіп жатыр. - Аспан бұлттанып тұр. - Күн суыта бастады. Педагогпен бірге қимылмен көрсетеді. Дәптерді ашып, жеңдерін түріп, сұқ саусақтарын дайындайды. Жер қара, батпақ болады, жерді қоңыр түспен бояймыз. Ағаштардан жапырақтар жерге түсіп жатыр, жапырақтың түсі сары, сары түске саусағымызды батырып, жапырақтар саламыз. Саусағымызды жуып, сүлгімен сүртіп, бұлттың ішін бояймыз. Саусақпен көк түске бояймыз. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
- Балалар, бүгін біз не жайлы сурет салдық? - Өте жақсы, суретті тамаша салдыңдар. |
Балалар суретке қарап әңгімелеп береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: күзгі табиғаттан алған әсерлерін қағаз бетіне бейнелеуді.
Игереді: күзгі ағашты, оның бөліктерін анық етіп салуды.
Меңгереді: Ағаштың діңін төменнен жоғары қарай, бұталарын, жапырақтарын көлденеңнен салуды.
№7 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тақырыбы: Орамалды әшекейлеу.
Мақсаты: Ою-өрнектермен әшекейлей білуге үйрету, ұлттық сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын дамыту. Балаларды шаршының ішіне өрнектерді дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру. Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің бірі «омыртқамен» таныстыру, оның суретін салу жолдарын меңгерту, эстетикалық сезімдерге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қазақтың ұлттық ою-өрнегі және қазақтың ұлттың киімдерінің суреттері.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі.
Сөздік жұмыс: «Омыртқа» өрнегі, шапан, сәукеле, қамзол, кимешек.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Балалар бір-біріне деген жылы тілектерін айтады. Қонаққа әже келеді. Балалармен амандасып, қазақтың ұлттық киімдері туралы сұрақтар қояды. Орамал қазақтың ұлттық киімдеріне жататыны туралы әңгімелейді. Педагог қазақтың ұлттық ою-өрнектерін балалардың естеріне түсіреді (киімдердегі ою-өрнектерді көрсетіп, сұрақтар қояды). |
Балалар шеңберге тұрады. Амандасады. - Қамзол, шапан, кимешек. Орамалды әжелеріміз және аналарымыз басына салады. - «Ирек», «құс - қанаты», «тышқан ізі». Шаршыға ұқсайды. Менің әжемде, анамда орамал бар. Өрнек шыршаға ұқсайды т.б. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Қазақтың ұлттық оюының бірі «омыртқамен» таныстырады. Сергіту сәті: Ауада екі қолмен үшбұрыштар жүргізе отырып «омыртқа» өрнегін салады. Педагог балалардан әженің орамалын ою-өрнекпен әшекейлеп беруді сұрайды. Сұрақ-жауап әдісімен қандай ою-өрнек салуды анықтайды. Балалар қалаулары бойынша бояу таңдап алып, «омыртқа» өрнегін салуға кіріседі. - Үшбұрыштарды салу арқылы «омыртқа» өрнегімен әжеміздің орамалын әшекелейміз. Шаршы пішінді орамалдың суретін қылқаламмен салып аламыз, содан кейін орамалдың ішіне нүктелердің көмегімен ою саламыз, нүктелер арқылы салынған өрнегімізді бояумен әдемілеп бояймыз. Міне, біздің әжейге арнап салған орамалымыз әшекейлі және әдемі болып шықты. |
(Саусақтармен жаңбыр тырсылы дыбысын салады). Қылқаламды жуып, артық суды стақан ернеуіне қалдырып, бояуға батырып, тік бағытта ұстап жұмыс жасайды. - Әжеміз қуанып қалды. - Мен орамалды әдемі етіп әшекейледім. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Көрме ұйымдастыру. Жарайсыңдар, «омыртқа» өрнегіміз неге ұқсайды, балалар? Әженің риза болғанын, балаларға үлкен алғыс айтқанын айтып, көңілдерін көтеру, мақтау. «Орамал тастау» ойынын ұйымдастыру. |
Балалар толық жауап беруі керек. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ою-өрнектермен әшекейлей білуді.
Игереді: қазақтың ұлттық ою-өрнегінің бірі «омыртқа» туралы.
Меңгереді: шаршының ішіне өрнектерді дұрыс орналастыра білуді.
№8 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тақырыбы: Қандай заттың пішіні дөңгелекке ұқсайды?
Мақсаты: дөңгелек пішінді заттардың суретін салуды үйрету; екі түрлі қылқаламмен жұмыс істеуді; шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялын дамыту, байқағыштығы мен көз мөлшерін, қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру; ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: дөңгелек заттардың суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар:сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі.
Сөздік жұмысы: дөңгелек, шеңбер.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Барлығы бір-бірлеріне жүректен шыққан жылы лебіздерін айтады. |
Шеңберге тұрып, жүрек пішінді ойыншықты бір-біріне береді. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
«Қандай пішін жоқ?» дидактикалық ойыны. Дөңгелек пішінге ұқсас ойыншықтардың, заттардың аттары мен белгілерін атап айтады, балалармен бірге анықтайды. Балалар топ ішіндегі заттардан дөңгелекке ұқсас заттарды тауып айтады. Сергіту сәті: Педагог: Қазым, қазым, қаңқылда, Жүз көліңе, салқында, Жем шашайын, жейсің бе? Кәмпит берші дейсің бе?... Қаз: Жоқ! Жоқ! Кәмпит маған болмайды ас, Арпа менен бидай шаш. «Заттардың суретін аяқта» дидактикалық ойыны. Балаларға берілген фигурадан бейне жаса деген тапсырма беріледі. Суретті салуға кіріспес бұрын педагог салатын суретті нүкте арқылы көз мөлшермен жасап алуды, содан кейін қылқаламмен бастырып, қалаулары бойынша бейне жасау туралы әңгімелеп түсіндіреді. |
Фигураларды еске түсіреді. Балалар ойланады. - Шар, доп т.б. Олар домалайды, дөңгелек дөңгелейді, бұрыштары жоқ. Тамақ ішетін ыдыс, сағат, доп т.б. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Қылқаламды еркін ұстап, дөңгелектің үстінен жүргізіп, қалаған бейнелерін жасайды. Ішін бояған кезде нүктеден бастап айналдыра бояу өдісін қолданады. Жұмбақ, мақал-мәтел, тақпақтар айтып, қалғандары ойланып шешімін табады. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
- Балалар,сендер бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар, жұмыстарыңды әдемі, ұқыпты салдыңдар (мақтау, мадақтау). |
Балалар толық жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: дөңгелек пішінді заттардың суретін салуды.
Игереді: екі түрлі қылқаламмен жұмыс істеуді.
Меңгереді: шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялын дамыта отырып бейнелер жасауды.
№9 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тақырыбы: Үйдің суретін саламыз.
Мақсаты: Түзу сызықтарды дұрыс сызу және бояй білу дағдыларын қалыптастыру. Бояу түсін таңдай білу, сурет салуға қызығушылығын арттыру. Үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Бір қабатты үй мен көп қабатты үйлердің суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, губка таяқшасы, қағаз, су, сүлгі, қарындаш.
Сөздік жұмыс: қабат, көп қабатты.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Балалар бір-біріне деген жылы тілектерін айтады. Балалар, бүгін бізге қонаққа екі қуыршақ келіпті. Күн суытып келеді, ал қуыршақтардың тұратын жері жоқ екен. Бұл қуыршақтар сендерге қайда тұрғысы келетінін айтады. |
Балалар шеңберге тұрады, бір-біріне тілектерін айтады. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Біздің үй (Ғ.Өкеев) Қалаушы да табылды, Үй салынды, жабылды. қосып құмға лайды, Сылақшылар сылайды. Терезе, есік, едені, Қиюласты әдемі. құрылысшы боламыз, Зәулім үйлер саламыз. Балалар, үйді кімдер тұрғызады? (Педагог балалармен әңгіме жүргізеді). Әртүрлі үйлердің суреттерін көрсетеді. Олардың терезелері, есіктері, шатырларының көлемдеріне көңіл аудартады, салыстырады, қаланың, ауылдың үйлерінің суреттерін көрсетеді. Үйді салу жолдарын түсіндіріп, суретті аяқтатады. Бір қабатты үй. 1. Бір қатарға екі терезе салу үшін жоғарыдан төмен қарай түзу сызық сызылып, шаршы жасалады. 2. Есігі тік төртбұрышқа ұқсайды. 3. Шатыры үшбұрыш болып келеді, парақтың жоғарғы жағына нүкте қойып, әртүрлі жаққа екі сызық жүргізіледі. Бой сергіту: Мен құрылысшы боламын, Зәулім үйлер саламын. Өз қаламды көркейтіп, Ел алғысын аламын. Көп қабатты үй. Бірнеше қатарға (3-5 қабатты үйлерде) терезелер салынады. Қабаттардың арасында қылқаламды оңға, солға жылжыта отырып салу керек. Үйдің түсі күлгін, ашық жасыл, көк болғаны дұрыс екенін түсіндіреді. Терезе, шатыр, есіктердің шеттерін бояу керектігі айтылады. Дәптерлерін ұқыпты ұстаулары қадағаланады. |
Балалар толық жауап береді. - Менің әжемнің үйі ауылда. Оның үйі бір қабатты. Мен көп қабатты үйде тұрамын. Мен төртінші қабатта тұрамын. Мен қалада тұрамын т.б. Геометриялық фигураларды қайталап естеріне түсіреді. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Қылқаламды өте қатты баспай түзу сызықтар сызады. Бояған кезде сүйкей жағу әдісін пайдаланады. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Балалардың жұмысын талдау. Қуыршақтар балаларға алғыстарын айтады. Мақтау, мадақтау. |
Балалар не салғандарын, қалай салғандарын айтып береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: бояй білу дағдыларын, тәсілдерін.
Игереді: түзу сызықтарды дұрыс сызуды.
Меңгереді: бір қабатты үй мен көп қабатты үйлердің суретін салуды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Күз бейнесі.
Мақсаты:
Білімділік: балаларды табиғатты бейнелеу жанрымен таныстыру;
Дамытушылық: балалардың күзгі табиғаттан өздері бақылағандарын суретте бейнелеп көрсете білу дағдыларын қалыптастыру;
Тәрбиелік: отанды, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: күз мезгілінің суреті. Саңырауқұлақ суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: бояу, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, сурет дәптер.
Сөздік жұмыс: күзгі саябақ, орман.
|
Оқу іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Күзгі орманға саяхат. Педагог балаларды бір-бірінің артынан тұрғызып жүргізеді, күзгі орманда нені көруге болатыны жайлы сұрайды. |
Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап береді. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Педагог тақтаға күз мезгілінің суретін іліп, оның әсемділігі неде екендігін тамашалатады және осы тақырыпта әңгіме жүргізеді. «Кім тез құрастырады?» дидактикалық ойыны. Балалар қиық суреттерден саңырауқұлақты құрастырады. Сергіту сәті: Саңырауқұлақ болайық, Тізе бүгіп отырайық. Жаңбыр жауса көтеріліп, Өсіп - өсіп алайық. Педагог сурет салған кезде қағаз бетін толық пайдалану қажеттігін ескертеді, қағаздың барлық бөлігіне күз көрінісінің суретін салуды ұсынады. Күзгі орман бейнесін, ағаштарды, қызыл-сары жапырақтардың көп түсіп жатқанын бейнелеуді тапсырады. Соның ішінде орманда саңырау құлақтар өсетінін, оны қалай салуға болатынын көрсетіп, түсіндіреді. - Бірінші түзу сызық сызып алып, оның екі ұшын сопақша дөңгелек жасай отырып қосамыз, бұл саңырауқұлақ қалпағы болады. Саңырауқұлақтың сабағын салу үшін қалпағының астыңғы бөлігінен екі нүкте |
Күзгі саябақ, ашық күнгі орман бейнеленгенін айтады. Сурет салу үшін ашық бояу түстерін таңдайды. Күзгі бақтағы өзгерістерге көңіл бөліп, түстеріне назар аударады. Тақтаға екі бала шығып, саңырауқұлақ құрастырады (түсін, көлемін салыстырады). Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Саңырауқұлақтарды қылқаламның ұшымен жеңіл сүйкей жағу |
|
|
белгілеп алып, оны түзу сызық сыза отырып дөңгелектеп, екінші жақ бөлігіндегі нүктеге жеткізе сызамыз. Қылқаламды еркін ұстау, батыл жүргізу туралы кеңестер беріледі. Суретті толықтыру үшін күн, бұлт, ағаш, шөп салуға болатыны айтылады. Егер жаңын тұрған саңырауқұлақ бейнеленген болса үлкендеу етіп салу, ал алыста тұрған саңырауқұлақ бейнеленсе кішілеу етіп салу керектігі айтылады. |
тәсілімен салады. Суретті ертерек бітірген балаларға қосымша тапсырма беріліп, балалар өз ойларын толықтырады. |
|
Рефлексиялық – түзетушілік |
- Бүгін сендер жақсы суретші болдыңдар, жұмыстарың өте тамаша шығыпты. Педагог балалардың жұмысына талдау жасап, жақсы салынған суреттерді көрмеге іледі. |
Балалар бір-бірінің суреттерін көріп, тамашалайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: күзгі табиғатта өздері бақылаған жайларды суретте көрсете білуді.
Игереді: жағу, басу арқылы жалпақ, жуан із қалдыру, көлденеңінен жағуды.
Меңгереді: фигуралар салу арқылы бейне жасауды.
Тәрбиеші: Комесхан Н.
№11 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тақырыбы: Тәрелкені әшекейлеу
Мақсаты: Балаларды белгілі бір тұтынатың бұйымдардың пішініне сәйкес ою-өрнектермен тәрелкені әшекейлей білуге үйрету, қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалануды, нүкте арқылы ою жасауды, әсемділікті қабылдай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тәрелкенің суреті. Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің суреттері және қазақ халқының тұрмыста тұтынатын бұйымдарының суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: бояу, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, тәрелкенің үлгісі.
Сөздік жұмыс: тамшы оюы.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
«Көрме» ойыны. Кесе, тәрелке, торсықты көрсету, оларды бір-бірімен салыстыру, бұлардың барлығын бір сөзбен не деп атайтынын сұрау (ыдыстар), олардың ою-өрнектеріне мән беру. |
Балалар ыдыстарды ұстап көреді, пішініне, түсіне көңіл аударады. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Педагог балалардан қазақ халқының тұрмыста тұтынатын бұйымдары жайлы сұрап, ол ыдыстармен таныстырады. Бұл ыдыстар күнделікті тұрмыста қолданылатыны туралы, ыдыстарға салынатын «омыртқа», «тышқан ізі», «толқын», «құс - қанаты» оюлары туралы түсіндіреді («құс қанаты» оюы құстың екі қанатына ұқсайды т.б.). Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Бойымызды жазайық. Бір отырып, бір тұрып, Біз демалып алайық. - Осы суреттегі ыдыстардың ішінде тәрелкенің суретін салып, оның ішін өрнектермен әшекейлейік. Тәрелкеде бейнеленген ою «су тамшысы» деп аталады. Су тамшысы - су, судың тамған бөлігі, демек судың тамшысы. Алдымен үлкен дөңгелек (шеңбер пішіндес) сызамыз, ішіне орташа дөңгелек сызамыз, сосын шет - шетіне айналдыра кішкентай тамшылар - судың тамшыларын салып, іштерін бояймыз. (Әртүрлі трафарет - үлкен, орташа дөңгелектерді қолдануға болады). «Тамып - тамып» деген сөзді қатты - ақырын дауыстап айтқызып, сөздік жұмысы жүргізіледі. - Өрнегімізді жіңішке қылқаламмен бастырып, бояумен әдемілеп бояймыз. Міне, біздің тәрелкеміз әшекейлі, әдемі болып шыға келді. |
- Қазақтың ұлттық ыдыстары - кесе, пияла, ожау, тостаған, тәрелке. Бұл ыдыстардың сырты өрнекпен әшекейленген, ол қазақтың ұлттық ою-өрнектері -«қошқар мүйіз», «құс қанаты». Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Қылқаламды тік бағытта ұстап, қылқаламның ұшымен жұмыс жасайды. - Бұл ою «су тамшысы» деп аталады. Балалардың жауабы анық және толық болуы қажет. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Педагог мақтау, мадақтау жұмысын жүргізіп, балалардың жұмыстарын көрмеге іледі. |
Әдемі әшекейленген тәрелкелерді өздері таңдайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: белгілі бір тұтанатын бұйымдарды пішініне сәйкес ою-өрнектермен әшекейлеуді.
Игереді: қылқаламның ұшымен жұмыс жасай білуді.
Меңгереді: қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалануды.

Тақырыбы: Қандай заттың пішіні шаршыға ұқсайды?
Мақсаты: Шаршы пішіндес заттардың суретін салуды үйрету, шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялын дамыту, байқағыштығы мен көз мөлшері, қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру. Жан - жақтылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: шаршы тәріздес теледидар формасы, құстың ұясы, орамал т.б.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, қарындаш, бояулар, сүлгі, қылқалам,
Сөздік жұмыс: теледидар, шаршы тәріздес - шаршыға ұқсайтын.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Балалар шеңбер құрап тұрып бір-біріне жақсы тілектерін айтады. «Кім тапқыр?» дидактикалық ойыны. Балалар топ бөлмесі ішінен шаршыға ұқсас заттарды табады. - Қандай фигура жоқ? Педагог шаршыны көрсетеді. Шаршының төрт бұрышы бар екендігін айтады. - Шаршыға ұқсайтын тағы да қандай заттарды білесіңдер? Сергіту сәті: (саусақ жаттығуы): 1,2,3,4,5 - 5,4,3,2, 1. Құмырсқалар жыбыр-жыбыр, Жұмыс істеді күнімен, Дем алды ғой түнімен. Құмырсқалар жыбыр-жыбыр. |
Бір-біріне тілектер айтады. Балалар ойларын толық сөйлемдер арқылы білдіреді. - Шкаф, тақта, теледидар т.б. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Педагог шаршыны сала отырып белгілі бір бейне құрап шығарады. Суретті топ-топқа бөлініп салуға болады. - Нүкте арқылы шаршы жасап аламыз, содан кейін қарындашпен жоғарыдан төмен қарай бастырып сызамыз. Педагог салу жолдарын түсіндіре отырып бет орамал, шкаф, теледидар, үй, ұяның суреттерін салғызады (қалаулары бойынша шаршы фигурасын пайдаланып салады). Ол заттардың түстері әртүрлі болғандықтан, түсті өздері қалауынша таңдап алады. Жұмысын ерте аяқтаған балаларға шкафтың қасына қосымша теледидарды, үйдің қасына ұя салуды ұсынуға болады. |
Балалар шаршы пішіндес бейне жасауға кіріседі. Солдан оңға қарай, жоғарыдан төмен қарай сызықтар сызады, қылқаламды қатты батырмай, ақырындап жүргізеді. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Педагог жұмыстарын талдау барысында суретті кеңістікте орналастыруда, бояуды пайдалануда, шаршы пішінін дұрыс салудағы жетістіктерін айтады. |
Өздері не жасағандарын, түстерін, пішіндерін сипаттап айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: шаршы пішіндес заттардың суретін салуды.
Игереді: нүкте арқылы жоғарыдан төмен, оңнан солға қарай сызықтарды қосуды.
Меңгереді: байқағыштығы мен көз мөлшерін, қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыруды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Күні:
Тобы: «Айгөлек»
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Ақша қар.
Мақсаты:
Білімділік: қардың жауып тұрған бейнесін бере білу;
Дамытушылық: қардың ерекшеліктері жайында түсініктерін қалыптастыру, суретке көркемдік элементтерді кіргізе білуді үйрету;
Тәрбиелік: әсемдікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қыс мезгілінің, қардың суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: дәптер, бояу, сүлгі, қылқалам т.б.
|
Оқу іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық- қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері: Жарқырап күнде ашылды Айналаға нұр шашылды Қайырлы күн Біз сүйкімді баламыз Қайырлы күн Біз көңілді баламыз |
Балалар шаттық шеңберін жасады. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Балалармен бірлесіп қарды зерттеп, түстерін анықтау (жұлдызшаға ұқсайды, жылтыр жылтырайды, ақ, ақ сүр, ақша қар, аппақ). Қардың қандай екенін сұрайды. Жұмбақ жасыру: Жерге қонар көлбеңдеп. Ақ жұлдызша себелеп, Ұстатпайды, не керек? Педагог балалардың көңілін жауып тұрған қарға аударады. Сергіту сәті: Әппақ, әппақ, жапалақтап, Қар жауып тұр далада. Әппақ дала, барлық бала, Қуанып жүр далада. - Қазір барлығымыз суретшіге айналып, осындай әдемі қардың суретін қылқаламның тек ұшымен |
Қарды ұстап көреді. Еритінін, суға айналатынын, мұз болатынын анықтады.Ол қар, мұз түстес болып келеді. -Қар. Өлең жолдарын қимылмен көрсетеді. Әр бала сурет салу үшін бояулардың ішінен суық түстерді таңдап алады. |
|
|
жеңіл сызықтар жүргізу арқылы саламыз. Ең бірінші, әртүрлі бейнедегі бұлттар саламыз. Ол үшін сызықтарды анық етіп, басып сызып салу керек. Қарды салғанда оңнан солға қарай сызық, солдан оңға қарай сызық, түзу сызық салу қажет, дәл ортасынан түзу сызық түсіреміз, сызықтар бірдей болу керек. Ол үшін қысқа сызықтарды санай отырып сызамыз. |
Қылқаламды әртүрлі күш сала - қатты, ақырын басып, жуан жіңішке із түсіреді. |
|
Рефлексиялық – түзетушілік |
Балалардан қандай мереке жақындап келе жатқанын сұрау. - Балалар, бүгін суретті бәрің жақсы, әдемі салдыңдар, Жаңа жылда Аязата келгенде осы суреттерді көрсетеміз. |
Балалар өздері салған суреттері жайлы әңгімелейді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қардың ерекшеліктері жайлы қарапайым түсініктерді.
Игереді: геометриялық фигуралар арқылы бейнелеуді.
Меңгереді: қардың суретін салуды.
Тәрбиеші: Комесхан Н.
№14 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тақырыбы: Торсықты әшекейлейміз.
Мақсаты: Балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру, заттардың пішіні, олардың құрылымы, өрнек элементтерінің орналасуына көңіл бөлуді үйрету, сурет салудың дәстүрден тыс әдістері: дымқыл және құрған қылқаламмен сурет салу әдісімен таныстыру. Көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ұлттық ою-өрнектермен безендірілген ыдыстар, торсықтың суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, бояулар, су, сүлгі, қылқалам, магнитофон, баяу әуенді күйтабақ.
Сөздік жұмыс: торсық - теріден жасалған ыдыс.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Психологиялық сәт. Үш кесе ішем күніне, Мен қымызды сүйемін. Ашытылған күбіге, Ол сүті ғой биенің. |
Өлеңді мұқият тыңдап, түсінгендерін айтып береді. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Педагог ұлттық ою-өрнектермен безендірілген ыдыстарды балалардың есіне түсіруіне көмектеседі. - Қымыз құятын ыдысты «торсық» деп атайды. Торсықтың суретін көрсетеді. Оның пішініне, көлеміне, ою-өрнектеріне, әшекейленуіне назар аудартады. «Торсықты құрастыр!» дидактикалық ойыны. Торсықтың тұрмыста не үшін қолданылатыны жайлы әңгіме жүргізеді. - Бұрындары ата-бабамыз ұзақ жолға шыққан кезде торсыққа қымыз толтырып алып, жол - жөнекей ішкен. Қымыз - шөл қандыратын әрі күш беретін сусын. Торсық қазір де әрқайсымыз үйде қолданатын тоңазытқыш сияқты, бізге аса қажет зат десек те болады. Сергіту сәті (саусақ жаттығуы): Мынау менде басбармақ, Бар жұмысты бастамақ. Төрт досы бар өзінің, Кәне, кәне санайық, Санын біліп алайық, 1,2,3, 4, Басбармақ, балан үйрек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек. Дәптердегі тапсырманы орындау үшін алдымен өрнектердің үстінен қылқаламмен жүргізеді, сосын бояйды. Торсықты әдемілеп әшекейлейді. Педагог бояу түстерінің үйлесімді болуына, бояуды дұрыс таңдауға бағыт береді. |
- Кесе, тәрелке, торсық т.б. Қымыз құятын ыдыс. Торсықта қандай ою-өрнек түрлері бар екенін, қайда орналасқанын атап береді. 3 бөлікке бөлінген торсықты жылдам құрастырады. Берілген үлгіге қарап, торсықты ою-өрнектің қарапайым элементтері -«қойдың ізі», «құс - қанаты» түрлерімен әшекейлейді. Қылқаламды тік, дұрыс бағытта ұстап дағдыланады. Түстер үйлесімдігін анықтайды. Он саусақтарымен жаттығу жасап, 1 қимылмен көрсетеді. Қылқаламның көмегімен нүктелердің үстін бастыра жүргізеді, әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып бояйды. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
- Сендер нені әшекейледіңдер? Педагог «Кандай ою?» ойынын ұйымдастырады. Балаларды мақтап, жұмыстарынан көрме ұйымдастырады. |
Сұрақтарға жауап береді. Ең жақсы салған суреттерді балалар өздері таңдайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қылқаламмен жұмыс істеу барысында нақты қозғалыс жасай білуді.
Игереді: қазақ ою-өрнектерінің қарапайым элементтерін бейнелеуді.
Меңгереді: ою-өрнек элементтерінің орналасуын қадағалауды
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Күні:
Тобы: «Айгөлек»
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлдімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Біздің әсем шыршамыз.
Мақсаты:
Білімділік: жаңа жылдық шыршаның бейнесін сала білуге үйрету;
Дамытушылық: сурет бейнені қабылдауын дамыту, түстермен ырғақты сезіне білуге үйрету;
Тәрбиелік: шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Жаңа жылдық шырша суреті.
|
Оқу іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Педагог «Табиғи өскен шырша» тақырыбында әңгіме жүргізеді, балалардың естеріне шырша туралы мәліметтерді түсіріп, толық жауап алады, анық сөйлеуін қадағалайды. |
Шыршаны ұстап көреді, сезінеді, ерекшеліктеріне көңіл аударады. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Жұмбақ жасыру: Жасыл тонның бояуы, Жыл он екі ай тозбайды. Дің, бүршіктер, сояуы, Қысқы аязға тоңбайды. - Осы шыршаға ұқсас тағы қандай ағаш бар? Оның ұқсастығын хош иісі арқылы анықтаймыз. - Балалар, біз шыршаны жақсы білеміз, Жаңа жыл мерекесінде үйде, балабақшада шыршаны ойыншықтар іліп, әдемілеп безендіріп қоямыз. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Әдемі шырша болайық, Балдырғандар билесе, Шыр көбелек айналып, Бой сергітіп алайық. Шыршаның суретін салу жолдарын көрсетеді. Алдымен діңін салуды, төменгі жағы жуандау, жоғарғы бөлігі жіңішке болып келетінін, бұтақтарын жоғарыдан төмен қарай көлбеу сызықтармен сызу арқылы салуға болатынын |
- Шырша. - Қарағай да шыршаға ұқсайды. - Жаңа жыл мерекесін тойлағанда көреміз. Сол шыршаның қасында ән салып, би билеп Жаңа жыл мерекесін қарсы аламыз. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Қылқаламмен ойыншық ілінген әдемі шыршаның суретін түсті бояулармен салуға кіріседі, көлбеу сызықпен үзіліссіз сызып салады. |
|
|
түсіндіреді. Шырша бұтақтарына оның тікендерін салғанда жоғарыдан төменге қарай көлбеу сызықты үзбей салу керектігін айтады. Шырша салып болған соң балаларға оны ойыншықтармен әшекейлеп, кішкентай домалақ, сопақша шарлар жасап, бояуды ұсынады. Тек сонда ғана ол мерекелік шыршаға айналатынын айтады. |
Ойыншықтары сопақ және домалақ болып келетінін, өлшемі жағынан сәйкес келетініне көңіл бөліп жасайды. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
- Балалар, бәрін, де жақсы сурет салдыңдар. Шыршаларыңды Аяз - ата көріп, қуанып қалатын болды. Балалардың жұмысына талдау жасайды, жақсы жұмыс істеген балаларды мақтап, мадақтайды. |
Шырша туралы әндерін қайталап айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жаңа жылдық шыршаның бейнесін салуды.
Игереді: тікендерді көлбеу сызықпен үзіліссіз сызып салуды.
Меңгереді: түстер мен ырғақты сезіне білуді.

Тақырыбы: Түрлі түсті үшбұрыштар.
Мақсаты: Үшбұрышты заттарды ажырата білуді үйрету, кеңістікті, түстерді сезіне білуді, шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялын дамыту, байқағыштығы мен көз мөлшерін, қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру. Ұқыптылыққа, тазалық сақтай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: түрлі түсті үшбұрыштардың суреті.

Сөздік жұмыс: үйдің шатыры, шырша.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Балалар бір - бірлеріне жүректен шыққан жылы лебіздерін айтады. |
Шеңберге тұрып, тілек айтады. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Әңгімелесу барысында балалардан толық жауап алуды, бір-бірін тыңдатуды, анық сөйлеулерін қадағалап отырады. - Балалар, мына суретте қандай геометриялық фигура бейнеленген? - Балалар, қандай заттар үшбұрышқа ұқсайды? «Қандай фигура?» дидактикалық ойыны. Сөйлем арқылы фигураларды сипаттайды. Сергіту сәті (саусақ жаттығуы): Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Бәрін қосып санасақ, Болады екен он саусақ. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9,10. Суретпен жұмыс жүргізеді, үшбұрыштардың қалай орналасқанын, салынғанын айтады. Нүктені белгілеп, екі жағынан төменге қарай екі сызық жүргізіп, үшбұрышты сызып сурет салады, келесі үшбұрышты төменгі жағына нүкте қойып, екі жағынан жоғарыға қарай сызықтар жүргізеді, іштерін әртүрлі түспен бояйтындарын айтады. |
- Үшбұрыш. - Үй шатыры, сәукеле, шырша. Балалар ойланып, шешуін табады. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Педагог берген нұсқауларға сүйеніп жұмыс жасайды |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Балалардың жұмысты әдемі, ұқыпты салуын қадағалайды. Мақтап, мадақтау. |
Балалар сұрақтарға толық жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: үшбұрышты заттарды атай білуді, суретін салуды.
Игереді: қылқалам арқылы үзік сызықтарды қосуды, кеңістікті, түстерді сезіне білуді.
Меңгереді: байқағыштығы мен көз мөлшерін, қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастырды.
Тәрбиеші: Сыздықова Б.О.
№17 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тақырыбы: Көңілді аққалалар.
Мақсаты: Аққала суретін салу үшін суық түстерді - көгілдір, қара көкті таңдап алу қажеттілігін үйрету. Қылқаламды әртүрлі - қатты, ақырын басып, жуан, жіңішке із түсіру, дөңгелекті үзіліссіз салуға жаттықтыру, балалардың көзбен мөлшерлеуін, байқампаздығын дамыту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Аққала суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, гуашь бояулары, қылқалам, су, сүлгі.
Сөздік жұмыс: Аққала, шырша.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Педагог «Аққаланы құрастыр!» ойынын ұйымдастырады. |
Сұрақтарға толық жауап береді. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Педагог «Қыс мезгілі» туралы әңгіме жүргізеді. Балалардан толық жауап алуды, сөйлем құрап сөйлетуді, дыбыстарды анық айтуларын қадағалау. Дұрыс айтпаса педагог өзі айтып, балаға қайталатады. Сергіту сәті: Домалатып ақ қарды, Ұлпа қарлар жинаймыз. Үлкен, кіші, орташа, Дөңгелектеп құраймыз. Мұрнын жасап сәбізден, Бас киімін - шелектен. Көңілденіп, секіріп, Аққаланы жасаймыз. Педагог балаларға осы аққаланың суретін әдемі етіп салуды ұсынады. - Ол үшін бізге ақ немесе көгілдір түсті бояулар керек. Аққала үш бөліктен тұратынын, бірінен-бірі үлкен дөңгелек пішінді жұмыр қарлардан болатынын көрсетеді. Суретін салғанда шеткі сызықтарын анық басып, сызып салу керектігін көрсетеді. Бояуды дөңгелектің бойымен домалата бояуға үйретеді. Аққаланың бейнесі жақсы көрінуі үшін басына шелек суретін салуды, мұрны сәбізден бола алатынын ескертеді. Соңынан қарды көгілдір қарындашпен сызып салуға болады. «Тура және кері сана» дидактикалық ойыны. |
- Айналаны, шыршаларды аппақ қар басқан, далада қар жауып түр. Балалар аққала жасап жүр. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Дөңгелекті үзіліссіз сызып салады. Үлкен, орташа, кішкентай дөңгелектерді бірінің үстіне бірін ұқыпты орналастырады. Қылқаламды әртүрлі басып: қатты, ақырын, жуан, жіңішке із түсіреді, мұрнын үшбұрыш, шелегін төртбұрыш етіп жасайды. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
- Балалар, Жаңа жыл мерекесі қай жыл мезгілінде болады? - Қыста қандай ойын ойнайсыңдар? Педагог оңу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытады, белсенді қатысқан балаларды мақтап, мадақтайды. Педагог далаға барып «Аққала жасау» ойынын ойнауды ұсынады. |
Жақсы жасалған Аққалаларды балалар өздері атап айтады. |
|
|
||
Күтілетін нәтиже:
Біледі: суық түстерді ажырата білуді.
Игереді: Аққаланың суретін салуды.
Меңгереді: қылқаламның толық ұшымен, жеңіл сүйкей жағу тәсілімен, оңнан солға қарай қылқаламды алмай сызуды, бояуды.
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің
технологиялық картасы
Күні:
Тобы: «Айгөлек»
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Қысқы көрініс.
Мақсаты:
Білімділік: көрініс, көкжиек, кеңістік туралы түсініктерін бекіту;
Дамытушылық: суретке байланысты жағымды көңіл күй туындату, мазмұнын нақты жасауды, қылқаламның толық ұшымен, жеңіл сүйкей жағу тәсілімен оңнан солға қарай бояуға дағдыландыру;
Тәрбиелік:сурет салуда қылқаламмен жұмыс жүргізудің әдіс-тәсіліне көңіл бөлу, жыл мезгілінің ерекшелігін сезіне білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қыс көрінісінің суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: дәптер, гуашь бояулары, қылқалам, су.
Сөздік жұмыс: пейзаж, көкжиек, кеңістік, мамық.
|
Оқу іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Педагог Е.Елбаевтың «Қыс» туралы өлеңін оқиды. Көкті бұлт тұмшалап, Жер ақ тонын киеді. Шұнақ аяз шымшылап, Ақ бетінен сүйеді. Құлақтарын үсіткен, Шынықпаған қай бала? Осы болар қыс деген, Айтсақ жауап жай ғана. |
Балалар өлеңді мұқият тыңдайды. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
- Балалар, суретші қыс мезгілін салғанда қандай көріністі көз алдына елестетеді деп ойлайсыңдар? Суретшіге нені салуға болады? (Қар басқан ағаш, жер, сырғанақ, тау, аспан т.б.). Педагог әңгімелесу, сұрақ-жауап әдістерімен тақырыпты ашады. Сергіту сәті (саусақ жаттығуы): Қолды үстелге қоямыз, Саусақтарды санаймыз: 1,2,3,4,5- 5,4,3,2,1, Екі қолды біріктір. - Балалар, бүгін біз қыс көрінісінің суретін саламыз. Көкжиек деген - жер мен аспанның қиылысқан жері. Бәріміз қағазымызды дайындап алып, ашық көк түспен қағаз бетін толық бояп аламыз, қылқаламның ұшымен, жеңіл сүйкей жағу тәсілімен, солдан оңға қарай дәптер бетінің орта тұсынан түзу сызық жүргіземіз. Бұл сызық көкжиек деп аталады, сызықтың жоғары бөлігі аспанды, төменгі бөлігі жерді бейнелейді. Төменгі бөлігіне ағаштар мен шыршаларды саламыз, ақ түспен ағаштар мен шыршалардың бұтақтарына жартылай жеңіл ізбен қар түскенін жүргіземіз, ал жерде аппақ түспен мамық қардың суретін саламыз. Көкжиек сызығының жоғары бөлігіне бұлттарды, жауып тұрған қарды салып көреміз. |
- Далада қар жауып түр. Шыршаларды қар басқан. Балалар шанамен сырғанап, ойнап жүр. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Бояулармен жұмыс істейді, суреттің мазмұнын нақты беруге тырысады. Қылқаламды еркін сүйкей жағады. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
- Балалар, біз бүгін қандай сурет салдық? Қыс мезгілінің қандай ерекшелігін білесіңдер? Педагог балалардың жұмысына талдау жасайды. |
Балалар салған суреттерін бөрі бірге бағалайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: суреттің мазмұнын нақты бейнелеуді.
Игереді: мазмұнды, пейзаж, көріністі сала білуді.
Меңгереді: қылқаламның толық ұшымен, жеңіл сүйкей жағу тәсілімен, оңнан солға қарай бояуды.
Тәрбиеші: Комесхан Н.
№19 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тақырыбы: Атамның тақиясы.
Мақсаты: Қазақтың ұлттық бас киімі - тақияны ою-өрнектермен әшекейлей білуге үйрету. Ұлттық сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын дамыту, ою-өрнектегі түс үйлесімділігі мен ырғақты сезінуге, әсемділікті көріп, қабылдай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қазақтың ұлттық киімдері, бұйымдары, ою – өрнегінің суреттері және тақияның суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, қылқалам, су, сүлгі, тақия үлгісі, гуашь, қылқалам қоятын тұғыр.
Сөздік жұмыс: сәукеле, тақия, кимешек.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Педагог алдын ала жасалған көрмеге саяхатқа баруды ұсынады. Балаларды қазақ халқының ұлттың киімдерімен, ыдыстардың түрлерімен таныстырады. |
Балалар ұлттық бұйымдар мен киімдерді атайды. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Педагог қазақтың ұлттық бас киімдерінің түрлері бұрыннан сақталып келе жатқаны туралы айтып өтеді. - Сәукелені кімдер киген? Кимешекті кімдер киген? Тақияны кімдер киген? «Қандай баскиім жоқ?» дидактикалық ойыны. Педагог балаларға осы суреттегі бас киімдердің ішінен тақияның суретін салуды, оның шетін өрнектермен әшекейлеуді, жақсы шыққан суреттерді көрмеге қоюды ұсынады. Тақияны қандай ою-өрнектермен әшекейлеуге болатынын атап өтеді. - Қылқаламды тік бағытта ұстап, геометриялық фигуралар арқылы тақияны сызып аламыз, сүйкей жағу әдісімен оңнан солға қарай бояймыз. Педагог өткен оқу іс-әрекеттерін (гүл мен ағып жатқан суды салғандарын) балалардың естеріне түсіреді. «Қызғалдақ», «толқын» оюларын салуды ұсынады. «Тақия тастамақ» ойынын ойнатады. Ойым бар бір ойын бастамақ, Аты оның «Тақия тастамақ», Айналып жүгіріп, жүгіріп, Байқатпай ақырын тастаймын. |
Қазақтың ұлттық бас киімдері, ою-өрнектері аттарын атайды. Ойынға белсене қатысады. Қылқаламмен пішіні дөңгелек тақияның суретін салады, содан кейін қылқаламның ұшымен тақияның шетіне нүктелердің көмегімен ою салып, нүктелер арқылы салынған өрнектерді бояумен әдемілеп бояйды. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
- Балалар, сендер бүгінгі оқу іс-әрекетіне өте белсенді қатыстыңдар. Жұмыстарың әдемі, ұқыпты болып шықты. Балаларды мақтап, мадақтап, жұмыстарын көрмеге іледі. |
Балалар көрмеге ілінетін суреттерді өздері таңдайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қазақтың ұлттық бас киімі - тақияны ою-өрнектермен әшекейлеуді.
Игереді: ою-өрнектегі түс үйлесімділігі мен ырғақты сезінуді.
Меңгереді: көріп, қабылдау арқылы есте сақтауды.
№20 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тақырыбы: Теңіздегі кит.
Мақсаты: Бояуды дұрыс таңдауға, суық және жылы түстерді ажырата білуге, ұқыпты жұмыс істеуге үйрету. Қылқаламды дұрыс ұстау дағдысын меңгерту. Әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: теңіздің, теңіздегі киттің суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, бояулар, су, сүлгі, қылқалам, магнитофон, баяу әуенді күйтабақ, теледидар.
Сөздік жұмыс: кит, теңіз.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
«Қайда мекендейді?» дидактикалық ойыны. Педагог экранмен жұмыс жүргізеді. |
Ойынға белсене қатысады. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Барлығы бірге «Теңіздегі кит» әңгімесін құрастырады. Педагог шығармашылық тұрғыдан жетекшілік жасап, балалардың ойын бағыттап отырады. Әңгімелесу, сұрақ-жауап т.б. әдістер қолдану арқылы балаларды еркін сөйлетіп дағдыландырады. Сергіту сәті (саусақты жаттықтыру): Теңіз толқиды - бір, Теңіз толқиды - екі, Теңіз толқиды - үш, Толқыды теңіз, толқыды Теңіз тынышталды. Түрлі бейнелер жасалды. Педагог теңіздегі киттің фотосуреттерін көрсетіп, суретте қандай бояу түсі басым болатынына назар аудартады. Балаларға тек суық түстермен жұмыс істейтіндерін ескертеді. Теңіздің суретін салатын болғандықтан қағаз көк болатынын түсіндіреді. Педагог алдымен бояп көрсетеді. - Губка арқылы тегістеп бояуға болады, ақ қағазымыз көк түсті теңізге айналды, енді осы теңізде жүзіп жүрген киттің суретін саламыз. Суретті салу жолдарын көрсетіп, түсіндіреді. Домалақтау және сопақша жасау үшін қылқаламның екі түрімен жұмыс жасайды. Қалың ұшты қылқаламмен қағазды тұтас бояуға қолайлы екенін, ал жіңішке қылқаламмен киттің бейнесін бөлек салуға болатынын түсіндіреді. |
Балалар көргендерін әңгімелеп береді. Қимылмен көрсетіп, балалар сөздерін өздері айтады. Аққағаз бетін қалың ұшты қылқаламмен көк түске еркін бояйды. Сопақша пішінді естеріне түсіре отырып, бейне жасайды, қылқаламды қағаздан алмай сызады. Қылқаламды дұрыс ұстап бояуды қадағалайды. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Педагог оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорыта келе, балалардың жұмысына талдау жасайды, жақсы жұмыс істеген балаларды мақтап, мадақтайды. |
Балалар не салғандарын әңгімелеп айтып береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: суық түстерді ажыратуды.
Игереді: қылқаламды дұрыс ұстау дағдысын.
Меңгереді: қылқаламның толық ұшымен, жеңіл сүйкей жағу тәсілімен оңнан солға қарай бояуды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Күні:
Тобы: «Айгөлек»
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Шана.
Мақсаты:
Білімділік: үлгі бойынша заттық сурет салуды үйрету;
Дамытушылық: шананың суретін салуда балалардың сызықтарды үйлестіре отырып бейнелеу дағдыларын қалыптастыру;
Білімділік: түзу сызықтар сыза білуге, іскерлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: шананың суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, бояулар, су, сүлгі, қылқалам, үнтаспа, баяу әуенді күйтабақ, теледидар.
Сөздік жұмыс: шана, аяз.
|
Оқу іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
- Балалар, бүгінгі күн бәрімізге сәтті күн болсын. Біз доспыз. Досымыздың тамыр соғысын тыңдап көрейікші. |
Балалар бір-бірінің тамырын ұстап көреді. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Топқа қонаққа қыстық киім киген қуыршақ келеді. Амандасады, жақсы көретін ойынын айтады, балалардан қандай ойынды ұнататындарын сұрайды. Педагог қуыршақты дос болуға шақырып, оқу іс-әрекетінен кейін далаға шығып ойнайтындарын айтады. Жұмбақ жасыру: Шанамен сырғанап келемін, Шаңғы, коньки тебемін, Аққала жасап ойнайтын. Қай мезгіл деп ойлайсың? Балаларға қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарын айтқызады. Қыс мезгіліндегі ойын түрлерін еске түсіреді, қыс мезгілін ақ ұлпа қарсыз, аязсыз, аққаласыз, суықсыз елестету мүмкін еместігін айтады. - Балалар, мына жұмбақтарды шешіп көрейікші: Зулап түсіп төменге, Шыға алмас менсіз төбеге. Қыста адамдар биік төбелерден шанамен сырғанап, мұз айдынында коньки тебетінін айтады. Бой сергіту: Аппақ,аппақ жапалақтап, Қар жауады тынбастан. Қалың орман, қар жамылған, Маужырайды түнгі аспан. - Енді біз әдемі шананың суретін салып көрейік. |
Қуыршақпен амандасады. Педагогтің сұрақтарына толық жауап береді. - Қыс мезгілі. Қыс мезгілінде табиғатта болатын өзгерістерді айтады. - Шана. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Педагогтің нұсқауы бойынша шананың суретін салуға кіріседі. |
|
|
Жасалу жолдары: - алдымен қылқаламмен шананың екі жолағын сызып аламыз, бұл шананың сырғанайтын табаны болады; - жіңішке қылқаламмен отыратын бөлігіндегі таяқшаларын сызып саламыз. Педагог балалардың ұқыпты жұмыс жасауларын қадағалайды. |
|
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Педагог оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорыта келе балалардың жұмысына талдау жасайды, жақсы жұмыс істеген балаларды мақтап, мадақтайды. |
Қуыршақ балалардың жұмысын мақтап, бәрі бірге ойнауды ұсынады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қылқаламды қағаз бетінен алмай түзу сызықтар сызуды.
Игереді: заттық сурет салу үлгісін жасауды.
Меңгереді: қылқаламды тік бағытта ұстауды, ұқыптылықты.
Тәрбиеші: Комесхан Н.
№22 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тақырыбы: Қысқы табиғаттағы шыршалар.
Мақсаты: Қырау жапқан әртүрлі ағаштардың суретін салуға үйрету, аралас техникамен жұмыс істеуге баулу, түрлі бейнелеу құралдарымен жұмыс істеу. Алыс жақын орналасқан шыршалардың бейнесін салуды үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қысқы табиғаттағы шыршалар көрінісінің суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, бояулар, су, сүлгі, қылқалам, үнтаспа, баяу әуенді күйтабақ.
Сөздік жұмыс: омбы қар, қырау, аяз.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Арайлап тан, атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды қаламыз, Жайнай түссін даламыз. Қайырлы таң, достарым. |
Балалар елеңді мұқият тыңдайды. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
- Балалар, қыстың жылы күндері естеріңде ме? Педагог әңгіме, сұрақ-жауап әдісімен балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтеді. Бой сергіту: Қайта-қайта қар жауады, Қыс келгеннің белгісі. Бойын түзеп, қар жамылды, Биік, өсем шыршалар, Қуанады, жайнайды. Үнтаспадан «Балалар, ағаштарды қыраумен көмкеруге көмектесіңдер. Ағаштар көп, мен үлгере алатын емеспін» деген дауыс естіледі. Сұрақ-жауап әдісімен балалармен жұмыс жүргізіледі. - Ағаштағы қар ериді. Бірақ, түнде аяз қарып, оларды қырау басады. Ормандағы түрлі ағаштарды, шыршаларды қармен, қыраумен жабайық. Ол үшін жасыл шыршаларға ақ бояумен қарлардың суретін саламыз. Қар жамылғанда ағаштар қандай болады, естеріңе түсіріп көріңдер? (Мазмұнды сурет болғандықтан мынандай қосымшалар енгізуге болады: омбы қар, аңның іздері, аспан, бұлт, күн). Педагог жаңа техника - қылқаламның ұшымен сурет салуды меңгерту жұмыстарын жүргізеді. Қырауды жартылай құрғақ қылқаламмен салу жолдарын түсіндіреді. Ол үшін қылқаламды бояуға малып алып, артығын алып тастау үшін қағаз сүрткішке бір рет тигізіп алу керектігін айтады. |
- Далада қар жауып түр. Шыршаларды қар басқан, балалар қар атысып ойнап жүр. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Қағаз бетіне орман ағаштарының әр түрін қылқаламмен бастыра салады. Ағаш бұтақтарын, шыршаның үстін басқан қырауды салады. Қылқаламның ұшымен ағаш бұтақтарындағы қырауларды жасайды. Жақын және алыста орналасқан шыршалардың салыну жолын естеріне түсіреді. Сүйкей жағу тәсілімен ағаштар үстіне дақтар қалдырады. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Осы шығармашылық саласы бойынша сурет салу оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау. |
Балалар салған суреттерін талдап, шағын әңгіме құрайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: омбы қар, қырау басқан ағаштардың суретін өз ойларынан салуды.
Игереді: сүйкей жағу тәсілімен дақтар салуды.
Меңгереді: алыс және жақын орналасқан шыршалардың бейнесін салуды.
№23 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тақырыбы: Әжемнің қамзолы.
Мақсаты: Балаларды Қазақтың ұлттық киімі - камзолмен таныстыру және оны ою-өрнектермен әшекейлей білуге үйрету. Ұлттық сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын арттыру және көркемдік талғамын дамыту. Балаларды өрнектерді дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру, оның суретін салу жолдарын меңгерту, әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Қазақтың ұлттық ою-өрнегі және қазақтың ұлттық киімі - қамзолдың суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: ақ қағаз, фломастер, қылқалам, су.
Сөздік жұмыс: әшекей, әшекейлендіру.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
«Оюды құрастыр. атын ата!» дидактикалық ойыны. Педагог балалардан қазақтың қандай ұлттық ою-өрнектерінің атын білетіндерін сұрайды. |
Балалар толық жауап береді. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Педагог балалардың қазақтың қандай ұлттық киімдерін білетіндерін сұрайды. Қамзол жайында әңгімелеп, оның пішініне, көлеміне, ою-өрнектермен әшекейленуіне назар аудартады. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Қолды белге қояйық. Жоғары, төмен қарайық, Қос аяқтап секіріп, Бойымызды жазайық. Қамзолды салу үлгісіне қарап, сурет салу әдіс-тәсілдерін түсіндіреді. - Қамзолдың суретін салып, жеңіл сүйкей жағу тәсілімен бояймыз, содан кейін жиегіне ою саламыз. Фломастермен қамзол жиегіне үшбұрыш тәріздес өрнек жасаймыз, қолымызды қағаз бетінен алмай салып жаттығамыз. Үлгіде көрсетілген ою-өрнектерді фломастермен жүргіземіз. Педагог ою-өрнектердің түстерін таңдауға, оларды дұрыс орналастыруға бағыт беріп көмектеседі. |
- Орамал, тақия, қамзол, шапан т.б. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Қылқаламды жеңіл және еркін ұстап, бояуды өздері таңдап, жұмысқа кіріседі. Қамзолдың пішініне сәйкес ою-өрнектерді жасайды. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
- Балалар, сендер бүгін жұмысқа белсене қатыстыңдар, жұмыстарыңды әдемі, ұқыпты салдыңдар. Енді сол жұмыстарыңнан көрме ұйымдастырайық. |
- Қамзолдың суретін салып, оны өрнектермен әшекейледік. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ұлттық сәндік-қолданбалы өнер деген ұғымның мәнін.
Игереді: өрнектерді дұрыс орналастыра білуді.
Меңгереді: ою-өрнектің суретін салу жолдарын.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Күні:
Тобы: «Айгөлек»
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Сүйікті ойыншығым
Мақсаты:
Білімділік: балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін қалыптастыру;

Тәрбиелік: ойыншықтарды күтіп ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: бірнеше (жұмсақ және резинкадан, т.б. жасалған) ойыншықтар. Ойыншықтардың суреті.

Сөздік жұмыс: айдар, жұмсақ.
|
Оқу іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
М.Әлімбаевтың «Ойыншықтар» өлеңін оқып беру. Біздерде бар қуыршақ, Бұзау, қозы, құлыншақ. Ойыншықтар тыңдайды, Ақыл айтсаң, бұйырсаң. |
Балалар өлең мазмұнын қимылмен көрсетті. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Балаларға ойыншықтар туралы әңгіме жүргізу, ойыншықтар туралы не білетіндерін балалардың естеріне түсіру, неден жасалғаны т.б. туралы толық жауап алу, балаларға сөз беріп, мұқият тыңдау. «Ойыншықты тап!» дидактикалық ойынын ойнату. Ойын мақсаты: Ойыншықты атау және кеңістікте бағдарлап табу. Сергіту сәті: Алтын айдарлы әтеш ояныпты, Тым ерте тұрыпты. Ойқастап жүріпті, Жан-жаққа қарапты, Айдарын тарапты. «Қо-қо-қо» деп қорада, Ән салыпты жаңа да. - Олай болса, бүгін біз өзіміздің қалауымызша ең жақсы көретін, сүйікті ойыншығымыздың суретін саламыз. Ойыншықтар жасалуына қарай бірнеше түрге бөлінеді: жұмсақ, резинадан немесе пластмассадан т.б. жасалған болуы мүмкін. Педагог оңай салынатын ойыншықтардың үлгісін көрсетіп, талдау жасайды. Суретті салмас бұрын педагог балалардың көздерін жұмғызып, өздерінің ең сүйікті ойыншықтарын елестеткізеді. Дәптердегі пішінге көңіл бөлулерін сұрап, бір бейнені таңдатады. Ең маңыздысы, қағаз бетін тұтас пайдалана білулеріне, сондай-ақ үлкен заттарды қағазда композиция жасап, орналастыра білуіне аса назар аударады. Ашық түсті көңілді бояулар таңдату арқылы балалардың көңіл күйін көтеруді көздеп жұмыс істейді. |
Ойыншықтар туралы әңгімеледі. Тығылған ойыншықты тауып, атын, түсін, пішінін атап айтты. Сол ойыншыққа өз тілектерін айтты. Өлең жолдарын қимылмен көрсетті. Балалардың өз бетінше жұмыстары. Салған ойыншықтары бөліктерін қылқаламды тік бағытта ұстап анық жүргізіп, қалаған бейнеге келтіреді, оңнан солға қарай немесе жоғарыдан төмен қарайғы бағытта бояйды. |
|
Рефлексиялық – түзетушілік |
Педагог балаларды мақтайды және мадақтайды. Өздері салған суреттер жайлы өз ойларын айтқызады. |
Ойыншық туралы өздері білетін өлең не тақпақ айтып береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: белгілі бір бейне жасау кезіндегі түстердің үйлесімділігін.
Игереді: бастаған істерін аяғына дейін жеткізе білуді.
Меңгереді: қылқаламды дұрыс пайдалана отырып өз ойларынан сурет салуға дағдыланады.
Тәрбиеші: Комесхан Н.
№25 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА
Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы
№ 15«Көжек» ортаңғы топқа арналған
Күні, айы, жылы: 5.03.2015 ж

Тақырыбы: Көктемгі гүлдер.
Мақсаты: Қылқаламмен салуда қарапайым қозғалысты нақты бере білу, түстерді сезіну және араластыра білу дағдысын жетілдіру. Эстетикалық сезімін қалыптастыру, әдемілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: көктем мезгілінің, гүлдердің суреті.

Сөздік жұмыс: нәзік, хош иісті, әдемі т.б.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Педагог жұмбақ жасырады: Ақ қар еріп, су көбейіп, Сай-салаға толады. Ағаш басы, бүршік атып, Гүл-бәйшешек толады. Бұл қай кезде болады? «Бұл қай мезгіл?» дидактикалық ойыны. |
Шеңбер бойында тұрып жұмбақ жауабын айтады. Сұраққа жауап береді. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Педагог жұмбақ жасырады: Өзі сондай нәзік. Су құйсаң кетеді. Алақанын жайып. Көктемде ең алғашқы, ерте гүлдейтін гүлдер туралы әңгімелейді. Балаларды осы тақырыпта сөйлетіп, оларды тыңдайды, еркін сөйлеулерін қадағалайды. Сергіту сәті: Біз гүлдердей өсеміз, Жапырағы жайқалған. Сабақтары салалы, Желге ырғалып шайқалған. (Ф.Н.) - Қазір өздерің айтқан гүлдердің бірі - қызғалдақ гүлінің суретін саламыз. Суретті салғанда оның хош иісі сезіліп тұрсын. Педагог дымқыл қылқаламмен сурет салу әдісін таныстырады. Алдымен қағаздың жоғарғы бөлігіне қылқаламның ұшын үшбұрыштап бастыра отырып, қағазды айналдыра бірінің жанына - бірін қатарластыра орналастыру арқылы гүлдің күлте жапырақтарын, содан кейін сабағы және жапырағын салу керектігін түсіндіреді. Сабағын жасыл бояуға қылқаламды көбірек батырып алып, күлте жапырақтан төмен қарай түзу сызықтар жүргізу арқылы салады, жапырақты екі қисық сызықты бір нүктеден бастап екінші нүктеге жеткізіп қосу арқылы салғызады. Одан соң қалаған түсті пайдаланып, қызғалдақ гүлін салу жолын көрсетеді. - Қызғалдақты салғанда жоғарыдан төмен қарай доға тәрізді, ұзынырақ қисық сызық жүргізіп аламыз, оның жоғарғы бөлігінен төмен қарай қисық сызық сызамыз. Жоғары қарай үшбұрыш жасай отырып ортаңғы күлте жапырағы және шеткі бөлігін қисық сызық арқылы қосамыз. Оны өздерің таңдаған бояумен бояп алған соң сабағы және жапырағын саламыз. |
- Гүл. - Бәйшешек, қызғалдақ. Көктемде күн жылынады, ағаштар бүршік жарады, гүлдер өсіп шығады, құстар ұшып келеді, жөндіктер, жануарлар оянады. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. - Нәзік, әдемі, хош иісті ақ, сары, қызыл түсті гүлдер болады. Гүлдің ерекшеліктеріне көңіл аударып, қылқаламды жеңіл қозғалыста ұстап, бейнені нақты беруге тырысады, сабағын түзу сызықпен сызу арқылы салады, жоғарғы бөлігіне (үшбұрышқа, сопақшаға т.б. ұқсайтын) гүлін салып, сосын жапырақтарын салады, бояйды. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Педагог балалардың салған суреттерін тексереді, мақтайды. Балалардың гүлдерді өз қалауы бойынша таңдап салуларына мүмкіндік береді және талдау барысында кімнің шығармашылық қабілеті басым болғанына көңіл аударады. |
Балалар салған суреттеріне өздері баға береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қылқаламмен салуда қарапайым қозғалысты нақты бере білуді.
Игереді: эстетикалық сезімін қалыптастыруды.
Меңгереді: түстерді сезінуді және араластыра білу дағдысын жетілдіруді.
Тәрбиеші: Галимова Б.Х.

Күні, айы, жылы: 12.03.2015ж

Тақырыбы: Аквариумдағы балықтар.
Мақсаты: аквариумдағы балықтардың ерекшеліктерін білуге, сурет салғанда бір бояудың үстіне екінші бояуды жағуға үйрету; композиция құра білу дағдыларын қалыптастыру, қиялын дамыту; бейнелерді қағаз бетіне түсірудің түрлі техникасын пайдалануға машықтандыру; іскерлікке, еңбек етуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: табиғат бұрышындағы аквариум, аквариумның суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, гуашь, қылқалам, су, сүлгі, үнтаспа, баяу әуенді күйтабақ.
Сөздік жұмыс: аквариум, ау, қармақ, балдыр.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Психологиялық сәт: «Мен бәрін жасай аламын» ойыны. Мақсаты: жануарлардың дене бітімін, қимылын ымдап, дененің ырғақты қимылы көмегімен бейнелеуге үйрету. |
Балалар кезекпен бір жануардың атын атамастан қимылмен көрсетеді, өзге балалар оның нені көрсетіп тұрғанын табады. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Педагог балалардан балықтар суда не істейтінін сұрайды (жүзеді, ойнайды, қашады т.б.)-- Балалар, мен сендерге әртүрлі аквариум дайындап қойдым. Олар үшбұрышты, дөңгелек, сопақ пішінді. Оларда балықтар жүзетін болады. Балықтар туралы түсінік береді. Үлгіге қарап аквариум балықтарының алдымен сопақша етіп денесін, одан кейін құйрығы мен жүзу қанаттарын салуға болатынын айтады (үлгіні көрсетеді). Балықтарды салып болғаннан кейін бояулармен олардың әртүрлі реңін қалай беруге болатынын, басқа бояудың үстінен екінші түспен бояу арқылы балықтардың түс реңктерін өзгертуге болатынын түсіндіреді. Түс реңктерін жасауды педагог өзі бірнеше бояуды ретімен, кезектестіріп жағып, араластырып көрсетеді. Балықтың суретін салғызудың ең оңай жолы - әдістеме бойынша бір нүктеден жоғары және төменге қисық сызық сызу арқылы салғызу, ол үшін бір нүктеден жоғарыдан төменге қарай қисық сызық сызады, дәл осы қимыл қозғалысты сол нүктеден бастап төменнен жоғары қарай қайталап, соңғы бөліктерін айқастырып жіберсе балықтың құйрығы да дайын болады. Тек оның шеткі бөліктерін бір-бірімен толқынды немесе ішке қарай қисық сызықпен қосады, сонда үш сызықпен балықтың суретін салуға болады. Көздерін, қанаттарын толықтырып, қалаған түстерімен бояуларына болады. Сергіту сәті: Балықтарды аулаймыз, Ауды суға саламыз. 1,2, 3,4, 5; 1,2,3,4, 5, Ауды қайта тартамыз, Балықтарды санаймыз. Педагог балдырларды жіңішке қылқаламмен төменнен жоғарыға қарай толқынды сызық жүргізу арқылы салуға болатынын, содан кейін барып ұсақ жапырақтарын бейнелеу қажеттігін түсіндіреді. |
Балалар толық жауаптар береді. - Әдемі, кішкентай, үлкен,сары, қызыл. Балалар балықтардың құйрықтары әртүрлі болатынына назар аударып, үшбұрышты, ұшы айыр болып келген балықтарды қылқаламды тік бағытта ұстап салады. Балықтардың түстерін (ала, ноқатты, дақтары бар) губкамен, қылқаламмен салады. Аквариумда болатын балықтардан өзге балдырлар мен тастарды қалың және толқынды сызықтармен салады. Тастардың суретін губкамен, саусақпен салып көреді. Балалар балықтар сияқты жүзіп, қолдарын қимылдатады. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Педагог балаларды мақтап, мадақтайды. Суреттерін көрмеге іліп, салыстырады. |
Балалар жұмыстарын жолдастарына көрсетеді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: сурет салғанда бір бояудың үстіне екінші бояуды жағуды.
Игереді: композиция құра білу дағдыларын.
Меңгереді: аквариумдағы балықтардың ерекшеліктерін ажырата білуді.
Тәрбиеші: Галимова Б.Х.
№27 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тақырыбы: Сырмақты әшекейлейміз.
Мақсаты: Қазақтың сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарымен таныстыру, түстік үйлесімділікті сезінуге, ою-өрнек элементтерінің жазықтықта дұрыс орналасуын аңғаруды, әртүрлі әдіспен сурет салуды үйрету, көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: сырмақтың суреті.

Сөздік жұмыс: балта, сырмақ.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Топқа қонаққа келген Қарлығаш құсы ұшып жүріп адасып кеткенін айтып, балалардан ауылдың қай жақта екенін сұрайды. Оқу іс- әрекетіне қатысып, ауылға алып кететін сыйлық жасап берулерін өтінеді. |
Қарлығашқа балабақшаға келгенін, ауылда әжелері тұратынын айтады. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Педагог балаларды қазақтың сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарымен - сырмақ, текемет, алаша, сандық т.б. таныстырады. Әрбір бұйымның алуан түрлі ою-өрнектермен безендірілгеніне назар аудартады. - Мұндай ою-өрнектерді ғимараттар, тұрмыстық заттарда т.б. көптеп кездестіруге болады. Ою-өрнек арнайы бір ретпен орналасады. Өзіндік заңдылықтары сақталып, симметриялы ырғақпен байланысты өрнектеледі. Өрнектер белгілі бір затты көркем безендіру үшін қолданылады. Ол бұйымдарға әсемдік береді және оның көлемі мен пішінін айқындай түседі. Педагог жұмбақ жасырады: Ою-өрнекпен өрнектелген, Үйге сәндік, көрік берген. Жерге төсесек әрқашанда, Бізге жылулық пен сәндік берген. Бой сергіту (саусақты жаттықтыру): Өрмекші өрмелеп келеді, Өрмегін тігіп, өрмелеп келеді. Көбелек ұшып жүріп, торға түсті, Бұлқынды, тартынды, Торды үзіп, ұшып кетті. Педагог «Балта» оюымен таныстырады және жасалу жолдарын түсіндіреді. Балалардың түстерді дұрыс таңдауын қадағалайды. Қылқаламмен дұрыс жұмыс жасауға дағдыландырады, сырмақтың шетіне «балта» оюын салуды ұсынады. |
Сырмақтың үстінде отырып, педагогті мұқият тыңдайды. - Сырмақ. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. «Балта» оюын бастыра сызып, шетін жүргізеді, ортасын бояйды, балалар түстік үйлесімдікті анықтап, бояуды өздері таңдайды. Екі түрлі қылқаламмен жұмыс істейді. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
- Балалар, Қарлығаш ауыл жаққа қарай ұшып бара жатыр екен. Осы құсқа суреттерді тапсырайық. Әжемізге апарып берсін. Балалардың жұмыстарын мақтайды. |
Суреттерді конвертке салып, құстың тұмсығына қыстырып береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қазақтың сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары туралы ұғымды.
Игереді: әртүрлі әдіспен сурет салуды.
Меңгереді: ою-өрнек элементтерінің орналасуын, түстердің үйлесімділігін.
№2

_№ 15 "Көжек" ортаңғы_топқа арналған
Күні, айы, жылы 26.03.2015ж

Тақырыбы: Күннің мол шуағы.
Мақсаты: Балаларды жылы түстер реңктерімен таныстыру, әрбір түстің қандай мінез-құлықты, көңіл күйді білдіретінін, түсті бейнелейтін заттың сипатына қарай қолдану керек екенін түсіндіру, нәзіктікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: «Күн сәулесі» суреті.

Сөздік жұмыс: жылы түс реңктері.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Тәрбиеші жұмбақ жасырады: Тұрғанымен жырақ өзі, Таусылмайтын шырақ көзі. |
Балалар шеңбер бойында алақан түйістіріп тұрып, шешуін айтады: «Күн». |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Топқа қонаққа бір сәулесін жоғалтып алған Күн келіп, сәулесін жасап берулерін сұрайды. Педагог «Күн шуақтары» суретін көрсете отырып әңгімелейді. - Күн - бүкіл жер шарына, әлемге жарық, жылу беретін табиғат сыйы. Күнсіз адам тіршілік етуі мүмкін емес. Күннің жарығы көрінетін және көрінбейтін сәулелерден тұрады. Көрінбейтін сәулеге ультра күлгін сәуле жатады. Міне, солардың әсерінен біздің терімізде адам ағзасы үшін маңызды «Д» дәрумені болады. «Жылы және суық түстер» дидактикалық ойыны. - Жылы түстерге қандай түстер жататынын білесіңдер ме?! (Балалар жауап таба алмаса, педагог өзі айтады). - қызыл, сары, алқызыл, сарғыш қызыл. Не себептен олар жылы түстер деп аталған? Өйткені олар от тәрізді жылу береді, күннің көзі де жылы сәулесін шашып тұрғандықтан біз жылы түспен – қызыл сары немесе сары түспен саламыз деп келісіп алайық. Педагог бір түсті атайды, балалар сол түсті көргендегі көңіл күйлерін білдіреді немесе осы түске ұқсас заттарды атайды. Педагог күн және оның сәулелерін салу жолдарын түсіндіреді. - Алдымен қылқаламмен үлкен шеңбер жасап аламыз, дөңгелекті бір нүктеден бастап қылқаламды қағаздан алмай сол нүктеге дейін сызып саламыз, оның ішін бояймыз. Енді күннің сәулелерін саламыз. Сәулелер ұзын - қысқа болып келеді, сондықтан бір ұзын, бір қысқа сызықтарды кезектестіріп салуларыңа болады. Сурет салуды түзу сызықтар мен дөңгелектен бастап, түзу сызықтарды ретімен қағазды айналдыра отырып сызып шығу ұсынылады. Қонаққа келген Күн «Күнді кім тез жинайды? » ойынын ұйымдастырады. |
Күннің пішіні неге ұқсайтындығын, түсін, жылы түс реңктерін пайдаланатынын айтады. Қылқаламның тек ұшымен жұмыс жасайды. Дөңгелекке түзу сызықтарды кезекпен үзіліссіз сызады. Түстерді ажыратып ойнайды. Балалар бояуға қылқаламды батырған соң, бір сәулені бір рет жүргізу арқылы салады, бір ұзын, бір қысқа сәулелер кезектесіп келсе әдемі көрінеді. Дәптерді қолдарымен қозғалтып, айналдыра отырып салып көреді. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Тәрбиеші балаларды мақтайды және мадақтайды. Күн рақметін айтып, шығып кетеді. |
Өз-өздеріне баға береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жылы және суық түстер реңктерін атай білуді.
Игереді: әрбір түстің қандай мінез-құлықты, көңіл күйді білдіретінін.
Меңгереді: түсті бейнелейтін заттың сипатына қарай қолдануды.

№ 15"Көжек" ортаңғы тобына арналған
күні, айы, жылы: 2.04.2015ж

Тақырыбы: Мысығым.
Мақсаты: Мысықтың суретін геометриялық фигуралар арқылы салу, дене бөліктерін ретімен сызу жолдарын үйрету, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру, ой-қиялын дамыту, үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: мысықтың үлкен етіп салынған суреті.

Сөздік жұмыс: пеш, марғау.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Педагог баяу әуен қойып, балаларға көздерін жұмғызып, Ертегілер әлеміне саяхатқа шығуды ұсынады. «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сұрақ-жауап арқылы айтқызады. |
Балалар көздерін жұмып, ертегіні елестете жауап береді. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің желісін айтады. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Педагог жетектеуші сұрақтар көмегімен «Менің мысығым» атты тақырыпқа әңгіме құрастыртқызады. Балалардың толық жауап беруін, анық, байланыстыра сөйлеулерін қадағалайды. - Бүгін біз мысықтың суретін саламыз. Суретті салу барысында негізгі элемент үшбұрыш пен дөңгелек болады. Мысықтың суретіне қарап, оның дене бөліктеріне: басы, құлағы, көзі, денесі, мұрты, құйрығы, аяғы т.б. талдау жасайды. Сергіту сәті: Пеш түбінде мысық отыр, Аздап көзін қысып отыр. Тышқан етін жегісі кеп, Тісі оның қышып отыр. Сурет салу әдісі: Ең алдымен денесін, басын, содан кейін аяқтарын, құйрығын салуды ұсынады. Алдымен денесін үшбұрыш тәрізді салып алып, қызғылт сары бояумен бояу қажет. Мысықтың денесін салғанда қылқаламды жоғарыдан төмен қарай жылжи қозғалтып, басын, тұмсығын, көздерін, құлағын, мұртын, алдыңғы аяғын салу керек. Соңында құйрығы сопақша пішінмен салынады. - Сендерге бір өтінішім бар. Кім сурет салып болды, өзінің салған мысығына қандай ат қоятынын ойлансын және оған қандай қамқорлық жасайтынын айтып берсін. Педагог жұмбақ жасырады. Тонын киіп туған, Жалап бетін жуған. |
- Мысық тышқан аулайды. Оның жүні үлпілдек, мамықтай екен. Суретке, үлгіге қарап мысықтың суретін салуға кіріседі. Дене бөліктерін атайды. Денесі үшбұрышқа ұқсайтынын айтады. Басын дөңгелектеп үзбей сызып шығады, қалаған түспен бояйды. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Дене бөліктерін анықтап, қылқаламмен сызық жүргізіп алады, үшбұрышпен денесін, дөңгелекпен басын және басқа дене бөліктерін салады. Суретті тегістеп, әдемілеп бояйды. Жұмбақтың шешуін тауып, жұмбақты жаттап алады. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Тәрбиеші балалардың жұмысына талдау жасайды, мақтайды және мадақтайды. Балалардың әңгімелеріне орай кімнің үй жануарларына өте жақсы қамқорлық жасайтынын айтады. |
Балалар бір-бірінің салған суретін қарап, кімнің мысығы ең жақсы, үлпілдек немесе тегіс әдемі боялғанын айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: мысықтың суретін геометриялық фигуралар арқылы салуды.
Игереді: үй жануарларын салу дағдысын.
Меңгереді: шыдамдылықпен еңбек етуді.

_№ 6 «Балапан»_ ортаңғы_топқа арналған
Күні, айы, жылы 21.05.2014ж

Тақырыбы: Алма ағашы гүлдеді.
Мақсаты: Ағашты салуды естеріне түсіру, қылқаламмен сурет салуда қарапайым қозғалысты нақты бере білу, түстерді сезіну және араластыра білу дағдысын жетілдіру. Эстетикалық сезімін қалыптастыру, композиция құра білу, ойларын дамыту, асықпай ойлануға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: «Гүлдеп тұрған алма ағашы» суреті.

Сөздік жұмыс: перде, араластыру.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Барлығы бірге көктем жайлы өлеңді айтады. Көктем қандай көңілді, Күміс жаңбыр төгілді. Мөлдір аспан ашылып, Күн пердесі сөгілді. |
Шеңбер құрып жүріп, өлең жолдарына сәйкес қимыл жасап айтады. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Тәрбиеші жыл мезгілдері ерекшеліктеріне тоқталады. Балалардың толық, анық сөйлеулерін қадағалайды. - Балалар, көктемде ағаштарда қандай өзгерістер болады? Алма ағаштарында ше? Біз сендермен осы күнге дейін қандай ағаштар түрлерін салдық? Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Алдымыздан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар. Үп-үлкен боп өседі. - Бүгін біз гүлдеп тұрған алма ағашының суретін саламыз. Бізге бұл тапсырманы орындау үшін жасыл, қоңыр, сары түстер қажет болады. (Бояуларды араластыра жағу әдісін түсіндіреді). Ен, бірінші ағашты саламыз, төменнен жоғарыға қарай жіңішкерте сызу арқылы діңін саламыз, діңінің төмен жағын қою қоңыр бояумен бояймыз, жоғарғы жағын ашық қоңыр түспен жеңіл жаға отырып, жіңішкерте, бұтақтарын көлбеу саламыз, жағу тәсілі арқылы гүлдерін ашық күлгін түспен саламыз. Ең бірінші ағаштың діңі, бұтақтары, гүлдерін саламыз, діңі жоғарыдан төмен қарай жіңішкереді, сондықтан діңінің төмен жағын қою қоңыр бояумен бояймыз, жоғарғы жағына ашық қоңыр бояуды жеңіл жағамыз. Саусақ жаттығуы: Ұшты - ұшты көбелек, Би биледі дөңгелеп. Гүлін көріп алманың, Ағашқа қонды көбелек. Сосын бояуды қылқаламмен қағазға жайлап тигіземіз. Қылқаламның қозғалуы ағаштың бұтағының бағытын білдіреді. Жеңіл қозғалыспен сүйкей жағу тәсілімен жапырақтарды, гүлдерін саламыз. Осының бәріне қосымша шөптерді, күнді, бұлтты салуға болады, композиция жасалады. |
Көктемде күн жылынады, айналаның бәрі жасыл түске оранады, ағаштар бүршік атады, құстар ұшып келеді. Күзгі ағаш, қысқы ағаш, шыршаларды салдық. (Қимылмен көрсету). Ағаштың жасалу жолдарын айтады, естеріне түсіреді. Әдемі гүлдер ашады, гүлдері күлгін, ашық қызылға бояйды. Берілген түстерді пайдаланып, алма ағаштарының гүлінің суретін салады. Қай жерде орналасқанын айтады, кеңістікті бағдарлау. (Естеріне түсіру) Көкжиек сызып алу, ағашты төменнен жоғары қарай сызу, бұтақтарын діңіне, көлбеу, төменнен жоғары қарай сызық сызу арқылы салады, бұлтты жоғары жаққа орналастыру, т.б. айта отырып жұмыстарын ұқыпты жүргізеді. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Тәрбиеші балалар жұмыстарын талдайды. Көктем туралы тақпақтар сұрайды. |
Салған суреттерін тәрбиешіге көрсетеді. Өздері білетін тақпақтарын айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ағашты салуды естеріне түсіруді.
Игереді: түстерді сезіну және араластыра білу дағдысын жетілдіруді.
Меңгереді: композиция құра білуді, ойларын дамытуды.
Тәрбиеші: Галимова Б.Х.
№31 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тақырыбы: Ұлттық баскиімді әшекейлейміз.
Мақсаты: ұлттық баскиімдерді ажырата білуге; ою-өрнек элементтерін үшбұрышқа орналастыра білуге үйрету; көз мөлшерін дамыту; бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: сәукеленің суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, гуашь, қылқалам, су, сүлгі, үнтаспа, баяу әуенді күйтабақ, доп.
Сөздік жұмыс: сәукеле, әшекейле, өрнекте.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Педагог алдын ала жасалған көрмедегі ұлттың баскиімдерді балаларға көрсетіп, салыстыртады. Шеңберге тұрып балаларға допты лақтырады; педагог жекеше түрде айтқан сөзге балалар сол сөздің көпше түрін айтып жауап береді (тақия - тақиялар, етік - етіктер). |
Балалар ұлттық баскиімдерді естеріне түсіреді, әңгімелейді. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Педагог қазақтың ұлттық киімдері туралы әңгімелейді. Балалардың анық сөйлеулерін қадағалайды. «Сырмақты әшекейле» дидактикалық ойыны. Педагог балалардан үшбұрышқа ұқсас заттарды атауды сұрайды. Сәукеле туралы түсінік береді. Педагог ұлттық баскиім - сәукелені әшекейлеуді ұсынады (сәукелені қиып дайындап беруіне болады). Салыну жолдары: Алдымен үшбұрыш сызып алынады, төмен жағына сызық жүргізіледі, төбесіне үкі салынады. Балалардың қалаулары бойынша ашық түстермен жұмыс жасалады. Дайын сәукелені жуан қылқаламмен төменнен жоғары қарай гуашьпен боятып, сөл кепкеннен кейін жіңішке қылқаламның ұшымен әдемі ою-өрнектер салып, өздері қалаған түспен әшекейлетеді. «Қызғалдақ» және «толқын» өрнектерін салуды ұсынады. |
Балалар сұраққа толық жауап береді. Киімдерді атайды, неден жасалғанын, қайда киетінін айтады. (Көрмені топтағы палас үстіне немесе үстел үстіне ұйымдастыруға болады). Балалар қылқаламдарын суға салып, ыдыстың шетіне сүртіп, бояумен қылқаламның ұшымен жұмыс жасайды. Қандай түспен, қылқаламмен, қай жерін бояп жатқандарын айтады. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Балалардың жұмыстарына талдау жасалады. Жұмыстарды көрмеге іледі. |
Балалар жақсы жасалған сәукелені атап көрсетеді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ұлттық баскиімдерді ажыратуды.
Игереді: ою-өрнек элементтерін үшбұрышқа орналастыруды.
Меңгереді: көз мөлшерін дамыту, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуді.

_№ 6 «Балапан» ортаңғы __топқа арналған
Күні, айы, жылы 28.04.2014ж

Тақырыбы: Мені қызықтыратын жануар.
Мақсаты: үй жануарларымен таныстыруды жалғастыру, геометриялық пішіндер арқылы және «жапырақ» тәрізді бейнеге келтіру әдіс-тәсілін пайдаланып, қойдың суретін сала білуге үйрету; қол қимылдарын, ойлануға, қиялын дамытуға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жануарлардың суреттері, қойдың суреті.

Сөздік жұмыс: жүн, төлі.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
«Төрт түлік малды ата» дидактикалық ойыны. Педагог суретпен жұмыс жүргізеді. Балалардың төлдердің аттарын еске түсіруіне көмектеседі. |
Балалар толық жауап береді. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Педагог қой малын жалпы сипаттап, ерекшеліктерін айтады. Әңгімелесу, сұрақ-жауап әдістерімен балаларды толық жауап беруге дағдыландырады. Бой сергіту: «Атауын естіп, дыбысын сал». Педагог бір түліктің атауын атайды, балалар төрт түліктің қимылын, дыбыстарын салады. — Ал, балалар, біз бүгін жануарлардың ішіндегі ең момыны қойдың суретін саламыз. Қойдың денесін салмас бұрын жапырақ тәріздес денесін, басын салып аламыз, құйрығы, ең соңында аяқтары, жапырақ тәріздес қылып екі құлағын саламыз. Бізге керегі екі түс - сүр және қара түстер. Сурет салуға қиналған балаларға көмек көрсетеді. - Дайын бейнені қылқаламмен ретімен бастырып, аяқтарын, жүнін, құлағын, көздерін, аузын саламыз. |
Балалар сөйлем құрап сөйлейді, анық жауап береді. Төрт түліктің қимылын, дыбыстарын салады. Алдымен нүктелер арқылы қосып алып, қойдың денесін, кейіннен аяқтарын, құйрығын қосады, қосылған дене мүшелерін гуашьпен бояйды. Қойды басқа бояумен бояғаннан кейін, қылқаламның ағаш басын қара гуашьқа малып алып, нүкте арқылы көзін, тұмсығын жасайды. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Балалардан қандай жануардың суретін салғандарын сұрайды, мақтап - мадақтайды, ең әдемі суреттерді көрмеге іледі. |
Балалар өз-өздеріне баға береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: үй жануарларын салуды.
Игереді: геометриялық пішіндер арқылы және «жапырақ» тәрізді бейнеге келтіру әдіс-тәсілін пайдаланып сурет салуды.
Меңгереді: қол қимылдарын, қиялын дамытуды.
Тәрбиеші: Галимова Б.Х.
№33 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Күні, айы, жылы: 30 .04.2015 ж

Тақырыбы: Түрлі түсті шарлар.
Мақсаты: балаларға сурет салуды үйрету; пішіндерді атап, ажырата білуге, есте сақтау қабілетін дамыту, түстерді атай білуге үйрету; жоғарыдан төмен қарай сызу арқылы суретін салуды, қылқаламмен жұмыс жасауды үйрету, көрсету; достыққа тәрбиелеу, әдемілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: шарлардың түрлері, суреттері.
Қажетті құрал-жабдықтар: бояу, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, магнитофон, баяу әуенді үнтаспа, сурет дәптері.
Сөздік жұмыс: әртүрлі, әр түсті.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
- Балалар, бір – біріңнің қолыңды ұстап тұрғанда нені сезесіңдер? Енді табиғатқа терезеден көз салайық. Армысың, алтын күн, Армысың, асыл жер. Армысың, көк аспан, Армысың, жан досым. Жылуыма жылу қос. - Далада көктем мезгілі, халықтар достығы мерекесі келді. |
Шеңбер бойында тұрып өлеңді қайталап айтады. - Міне, менің қолым бос. Бір-бірінің қолдарынан ұстап жылы лебіздерін білдіреді. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
- Бірінші мамыр - тамаша мереке, Халықтардың ынтымақ күні. - Балалар, мына суреттен не көріп отырсыңдар? Педагог әңгіме жүргізіп, балаларды тыңдайды. Бой сергіту: тыныс алу жаттығулары. «Кім тез үрлейді?» дидактикалық ойыны. (Ауада қолдарымен шарды бейнелеп, көздеріне елестете үрлейді). - Суретті қылқаламмен саламыз, қылқаламды үш саусағымызбен ұстаймыз. Шарды сопақша немесе дөңгелек пішінде етіп жоғарыдан төмен қарай сызамыз. Шардың домалақ бөлігін салып болғаннан кейін жіп байлайтын жерін саламыз, шарды толығымен бояп, шарымызға жіп байлайың. Жіпті салу үшін қылқаламның ұшын суға жуып, ұшын бояуға тигізіп, жіптің суретін толқынды сызықпен саламыз. |
Балалар суретте кімді көріп тұрғандарын, олардың қолында не бар екенін айтады. Шардың ерекшеліктерін айтады. Тыныс алу жаттығуларын жасайды. Шарлардың түстерін қызыл, сары, жасыл, көкпен бояйды. Пішіндерін домалақ, сопақ, ұзын, ирек етіп суретін салады. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
- Балалар, сендер бүгін қандай мерекемен таныстыңдар? Балалар, сендер бүгін жақсы жұмыс істедіңдер. Әртүрлі шарлар салдыңдар, қараңдаршы, айнала түрлі түсті болып құлпырып кетті. |
Шарларды қызықтайды, шарларды үрлеп ойнайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: мереке туралы мәліметтермен танысады.
Игереді: есте сақтау қабілетін дамытады, шардың суретін салуды.
Меңгереді: пішіндерді атап, ажырата білуге дағдыланады.
Тәрбиеші: Галимова Б.Х.
№34 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тақырыбы: Отшашу.
Мақсаты: жеңіс мерекесі туралы түсінік беру; ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білу; отшашу суретін салу және шығармашылық қабілетін дамыту, үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Жеңіс күніне арналған суреттер, отшашу суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: қылқаламдар, қағаз, бояулар, су, сүлгі, магнитофон, баяу әуенді үнтаспа.
Сөздік жұмыс: отшашу.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Педагог балаларды жартылай шеңберге тұрғызып, балалармен сәлемдеседі. Сәлем деймін достарға, Сәлем деймін құстарға, Сәлем деймін ұстазға, Ашық болсын айымыз. Тату болып халқымыз, Аман болсын балалар. |
Өлең жолдарын қимылмен қайталап, барлығы орнына отырады. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Педагог балалардан отшашудың қашан, қайда қолданылатынын сұрайды. Қандай мереке жақындап келе жатқанын сұрайды. (Жеңіс күні). Балалардың толық жауап беруін қадағалайды. Бой сергіту: Ақ көгершін, көгершін, Қол қанат құс сен едің. Бар кезіп қайт ел үшін, Кең дүниенің көлемін. - Осы мерекеге байланысты отшашудың суретін саламыз. Сурет салу жолдары: 1. Қалың қылқаламмен парақты сулап аламыз. 2. Бояуға жіңішке қылқалам ұшын тигізіп, ақ парақтың жоғары жағына нүкте түсіріп алып, жан-жағына үзік сызықтар арқылы түрлі түсті отшашуды саламыз. Отшашудың іздерін немесе жолдарын салу үшін сүйкей жағу тәсілі арқылы төменнен жоғарыға қарай сызықтар сызамыз. Балаларға бояу түстерін алмастырып қолдану қажеттігін ескертеді. |
Толық жауап береді. Отшашу қандай болатынын айтады. (Үлкен, әдемі, жарық. Қызыл, сары, жасыл, түрлі түсті.) Аспанға отшашуды шашқанда түнгі аспан қандай түрге енетінін естеріне түсіреді. (Әдемі, жарық түске боялады). Баяу өнді тыңдай отырып балалар екі түрлі қылқаламмен жұмыс істейді. Сосын қылқаламды тазалап жуады. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
- Мына суреттерде алуан түсті отшашулар салынған. Педагог балалардың салған суреттерін қарап мадақтайды. |
Балалар жауапты толық береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: үлкендерді сыйлау, құрметтеу қажет екенін.
Игереді: өз ойын еркін жеткізе білуді, отшашу суретін салуды.
Меңгереді: шығармашылық қабілетін дамытады, бояуды алмастырып пайдалануға дағдыланады.
№35 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Тақырыбы: Алжапқышты әшекейлейміз.
Мақсаты: Сәндік қолданбалы өнер түрлерімен таныстыруды жалғастыру, ұлттық сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, алжапқыштың жиегіне өрнектерді дұрыс орналастыра білуге, түсіне қарай сәндік өң бере білуге жаттықтыру. Ою-өрнектің әдемілігіне мән беру арқылы көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: алжапқыштар (матадан жасалған), алжапқыштың суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: қылқаламдар, қағаз, 6 түсті бояу, су, сүлгі, магнитофон, баяу әуенді үнтаспа.
Сөздік жұмыс: алжапқыш, жиек.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады, бір-біріне жылы лебіздерін айтқызады. |
Жақсы тілектерін білдіреді. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
Педагог балаларға күнделікті өмірде аналарымыз ас бөлмеде пайдаланатын, өздері кезекші болған кезде тағатын алжапқыш туралы әңгімелейді, оның не үшін керек екенін сұрайды. Әртүрлі алжапқыштар болатынын айтады. Балалардың анық сөйлеуін қадағалайды. Сергіту сәті: Мен аспазшы боламын, Алжапқышты тағамын. Дәмді тағам пісіріп, Үлкен алғыс аламын. Педагог балаларға алжапқыштың жиегін әшекейлеуді ұсынады. Жұмыс барысында баяу әуен ойнатып қоюға болады. Жұмысты орындау үшін шыдамдылық керек екендігін, дәптердегі суретті аяқтау қажеттілігін түсіндіреді. Бөрі бірге алжапқыштың шетіне толқынды сызықтар сызып, алжапқыштың жиегіне өрнектер салып, бояу жағады. Бөлшектерін қылқаламмен анық басып алу керек, бірдей түстердің реңіне қарай орналасуына мән беріледі. Қарындаштарды да пайдалануға болатыны ескертіледі. |
Балалар толық және анық етіп жауап береді. Өлең жолдарын қимылмен көрсетеді. Балалар дөптерде дайын үлгісі тұрған алжапқышты қылқаламмен үстінен үзбей бастырып, толқынды немесе түзу сызықтармен айнала шетін сызып шығады, белгілі бір элементті қайталау арқылы алжапқышты әшекейлейді. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Педагог оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорыта келе балалардың жұмыстарын қарап шығып, көрме ұйымдастырады. Балаларға өз ойларын айтуда еркіндік береді. Мақтап, мадақтайды. |
Балалар жақсы салған суреттерді өздері таңдап, тақтаға іледі. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: сәндік қолданбалы өнер түрлері - оюларды ойып жасауға болатынын, матадан жапсырмалар жасауды.
Игереді: алжапқыштың жиегіне өрнектерді дұрыс орналастыра білуге жаттығады.
Меңгереді: ұлттық сәндік қолданбалы өнер бұйымдарын жасаудың қарапайым жолдарын.
№36 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Күні, айы, жылы: 21.05.2015ж

Тақырыбы: Табиғат аясында.
Мақсаты: Көрініс, көкжиек, кеңістік туралы түсініктерін бекіту. Жыл бойындағы жұмыстарының нәтижесіне баға беру, өз ойларынан сурет салуда белсенділігін арттыру, қиялын дамыту, табиғаттың келбетін, әр жыл мезгілдерінің ерекшелігіне тән белгілерді ажырата білу, пейзаж, композиция, түс және эстетикалық қабылдау сезімдерін дамыту, іскерлікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жыл мезгілдері көрінісінің суреті.

Сөздік жұмыс: көкжиек, кеңістік, мамық, фон, дымқыл, гүлзар.
|
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық – қозғаушылық |
Педагог суреттегі жыл мезгілі туралы сұрақ қойып, әр жыл мезгілінің ерекшелігі туралы әңгімелейді. |
Балалар толық жауап береді. |
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
«Қай мезгіл?» дидактикалық ойыны. Педагог жыл мезгілдерін сипаттап айтып береді. «Қай мезгіл жоқ?» ойыны. (Педагог бір жыл мезгілінің суретін жасырып қояды). Қай мезгіл жақындап келе жатқанын сұрайды. (Жаз мезгілі). Бүгінгі сабақта жаз мезгілі суретін салатындарын хабарлап, дымқыл қағазға табиғат көрінісін салуды ұсынады. Сұрақ-жауап әдісі арқылы балалармен әңгіме жүргізеді. Сергіту сәті (саусақ жаттығуы): Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Бәрін, бәрін қосқанда, Болады екен он саусақ. (Онға дейін санау.) Педагог пейзаж салу кезінде, табиғат аясын бейнелегенде бояудың қандай түстері пайдаланылатынын айтады. Акварель бояуымен жұмыс істеуді пысықтайды. - Гуашь - мөлдір бояу. Ол суда жақсы ериді, оның осы жақсы қасиетін пайдаланып, қағаз бетіне фон түсіреміз. Қылқаламды қағаздың жоғарғы жағынан бастап бір бағытта жүргізу керек. Содан соң қылқаламды аздап құрғату керек, қағаз бетіндегі дымқылдап жайылып жағылған бояу қабатының үстіне табиғат аясын саламыз. Күн, бұлт, ағып жатқан су, шөптер, ағаштар т.б. (қайталап, бекіту). Бояу ақырын жайылып, нәзік, жеңіл көрініс пайда болады. |
Балалар ойланып, толық жауап береді. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Жалпақ қылқаламмен керекті бояуды алып, қағаз бетіне жағады, қылқаламды сулап алып, бояуды жағу тәсілімен жасайды. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Педагог балалардың жұмысына талдау жасайды, сұрақ-жауап арқылы мақтап, мадақтайды. |
Салған суретке қарап әңгіме құрайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: көрініс, көкжиек, кеңістік туралы түсініктерін бекітеді.
Игереді: жыл бойындағы жұмыстарының нәтижесін бағалауды.
Меңгереді: өз ойынан сурет салу белсенділігін, қиялын дамытады.
Тәрбиеші Галимова Б.Х.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұйымдастарылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы,сурет сабағы

шағым қалдыра аласыз