Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған ашық іс-әрекеті. Тақырыбы: "Қар қиыршықтары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Қар қиыршықтары мен қардың суға айналуы, судың аязда мұзға айналуы қасиеттері туралы түсінік беру. Танымдық, шығармашылық қасиеттерін, дидактикалық ойын арқылы сөздік қоры мен есте сақтау қабілеттерін арттыру. Табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттырып, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметі:

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Қар қиыршықтары»

Мақсаты: Қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Қар қиыршықтары мен қардың суға айналуы, судың аязда мұзға айналуы қасиеттері туралы түсінік беру.

Танымдық, шығармашылық қасиеттерін, дидактикалық ойын арқылы сөздік қоры мен есте сақтау қабілеттерін арттыру. Табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттырып, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Қажетті құралдар, көрнекіліктер: Қыс мезгілі бейнеленген суреттер, интерактивті тақта, желім, қар, тұз, қағаздан қиылған ұлпа қарлар, тәжірибеге қажетті заттар.                                                    

Әдіс-тәсілдер: Дәстүрден тыс сурет салу әдісі, сұрақ-жауап, әңгіме, көрсету, түсіндіру, триз ойындары, тәжірибе, қызықтыру сәті, әуен.

Сөздік жұмысы: Қар қиыршықтары.

Билингвалдық компонент: Қыс - зима- winter, қар - снег - snow,

Алдын-ала жұмыс: Қыс мезгілі туралы әңгімелеу, лепбук, бақылау.


Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Арайлап бүгін атты күн,

Шашып бізге шапағын

Тілейміз сізге ақ таңның,

Қуанышын шаттығын

Қайырлы күн. Қайырлы таң!

Доброе утро! Good morning!

Қуанышты күн бүгін!


Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге тамаша бір жыл мезгілі туралы жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Жұмбақ:

Суда мұз бар,

Жерде қар бар.

Боран борап соғады.

Бұл қай мезгіл болады? (Қыс мезгілі)

-«Қыс» мезгіліне қатысты сөздерді атау: Қыс, мұз, қар, аққала.

-Қыс айларын атау (желтоқсан, қаңтар, ақпан).


Тәрбиеші: Балалар, қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарына қандай өзгерістер жатады? (Слаидтан қыс мезгілінің суреті көрсетіледі).


Қыста қар жауады, жер бетін қар басып, күн суытады. Ауа таза болады. Аяз болып, боран соғады. Өзен-көлдерге мұз қатады.

Қыс орыс тілінде зима, ағылшын тілінде winter (Қайталап айтады).

Тәрбиеші: Балалар, қазір біз сендермен қызық ойын ойнаймыз.

Дидактикалық ойын: «Жақсы - жаман»

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қиялдарын дамыту Триз ойыны арқылы (суреттерге қарап не көріп тұрғандарын айтады).

Тәрбиеші: Балалар, сендер барлығың да қыс мезгілін жақсы көресіңдер, оның қандай жақсы жақтары бар?

Балалардың жауаптары: Жақсы, көңілді: шанамен, шаңғымен сырғанаймыз, жаңа жыл мерекесін тойлаймыз. Қардан аққала соғып, қар лақтырып ойнаймыз.

Жаман, көңілсіз: Қатты аяз болғанда, жаураймыз. Тайғақ болған кезде сырғанап құлап қалуымыз мүмкін. Беті қолдарымыз тоңады. Қар көп жауса жолдарды жауып қалады, ағаштар сынады.

-Ия, балалар қыстың жақсы да жаман жақтары бар екен.


Дидактикалық ойын: «Артығын тап»

Мақсаты: Жеке мен жалпы ұғым туралы түсініктерін бекіту. Балаларды суретке қарап, қыс мезгілі киімдерінің ішінен артығын тауып, айтып беру керек.

Жұмбақ жасыру:

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)


Тәрбиеші: Балалар, қар дегеніміз не? (Слаидтан қар жауып тұрған сурет көрсетіледі).


Қар дегеніміз - өте көп әдемі қар түйіршіктері. Қар жаңбыр сияқты бұлттан жауады. Олар жоғарыдан, аспаннан жерге, ағаштарға, шатырларға жауады. Қыстың жылы күні қар жапалақтап жауады, ал суық, аязды күні қиыршық түрінде жауады.

Қар қиыршықтары қандай? Неше сәулесі бар екен? -Алты.

Неге ұқсайды? -Жұлдызшаға, әдемі өрнекке.

Сөздік жұмыс: Қар қиыршықтары.

Қарды орысша, ағылшынша айту: қар - снег – snow.


Тәрбиеші: Қыс мезгілі көңілді, ауасы таза. Қармен далада ойнайтын ойындарымызды атайық. Қысқы ойындар (Слаидтан суреттер көрсетіледі).
Балалар: Қардан аққала соғамыз, қар лақтырып ойнаймыз, шанамен сырғанап, шаңғы тебемез, мұзда конькимен сырғанап, хоккей ойынын ойнаймыз.


Тәжірибелік жұмыс:

1-тәжірибе: Қар қандай? Түсі ақ, иісі жоқ. Қарды қолмен ұстап көрейікші. Алақандарың нені сезіп тұр? Қар суық, жабысқақ, мамық, көп ұлпа қардан тұрады. Не өзгерді? Жылы алақанымызда ериді, демек ол жылыдан еріп суға айналады. Еріген су таза емес, сондықтан қарды жеуге болмайды.


2-тәжірибе: Қар еріп, аязда ол мұзға айналады. Мұзды ұстап көреді. Қандай өзгеріс болды: суық, түссіз, қатты, сынғыш.

«Қарама-қарсы» сөздерді айту.

Қар жұмсақ - мұз қатты.

Қар жеңіл - мұз ауыр.

3-тәжірибе: Балалар қалай ойлайсыңдар қар суға бата ма, жоқ па?

Тәрбиеші қарды қолға алып, оны қысып, қар кесегіне айналдырады; ыдыстағы суға салады. Қар суға батпайды екен. Әр әрекетті жасаған сайын, балалардан не байқағандарын сұрайды.


Сергіту сәті:

Әппақ, әппақ, жапалақтап

Қар жауып тұр далада.

Аппақ дала, барлық бала

Қуанып жүр далада.


Тәрбиеші: Енді үстел үстіндегі ұлпа қарларды қолымызға алып, тыныс алу жаттығуын жасайық.

Тыныс алу жаттығуы: «Ұлпа қарды үрлейміз»

Мақсаты: Балалардың тыныс алу мен шығару жүйесін нығайту.

Мұрын арқылы терең тыныс алып, түтікпен үрлегендей демді ақырын шығарайық.




Ғажайып сәт:

(Желдің дыбысы естіледі) Ұлпа қар келеді:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Ұлпа қармын.

Тәрбиеші: -Сәлеметсің бе, Ұлпа қар. Сен неге көңілсізсің? Саған не болды? Мен өзімнің достарым ұлпа қарлардан адасып қалдым. Аспаннан бірге ұшып түскенше, қатты боран соғып, достарым жан-жаққа ұшып кетті. Мен өте көңілсізбін, көмектесіңдерші маған достарымды табуға.

Проблемалық жағдай.

Тәрбиеші: -Балалар не істейміз, қалай көмектесеміз?

Балалар: -Біз Ұлпа қарға көп достарының суретін салып берейік.

Ұлпа қар: Қуанып, жақсы болар еді.


Тақпақтар:

Ақша қар, ақша қар,

Аппақ болып қонасың.

Тоса қалсам қолымды,

Алақаныма толасың. Адель


Аппақ-аппақ көбелек,

Жерге қонар көлбеңдеп.

Ақ жұлдызша себелеп,

Ұстатпайды, не керек? Сәнім


Ақ желегін жамылды

Сұрғылт тау-тас, сай-сала

Ақ қардан көрпе жамылды

Ауыл үсті айқара. Санжар


Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады

Жып-жылтыр боп жатады.


Snow on fhe ground.

Snow on fhe tree.

Snow on fhe house.

Snow on me!

Снег на земле.

Снег на деревьях.

Снег на домике.

Снег на мне! Радмила


Мақал-мәтел: Қар көп болса, астық көп болады. Рухшона


Ұлпа қар: Рахмет! Жарайсыңдар, балалар!

Тәрбиеші: Біз бүгін сендермен желім, тұзбен көк қағазға, қар қиыршығының сурет саламыз (дәстүрден тыс триз әдісімен сурет салу балаларға толықтай түсіндіреді). Балалар баяу әуенмен жұмыстарына кіріседі (жеке көмек көрсетіледі).

Жұмыстарымыз үстел үстінде кепсін. Балалардың жұмыстарын бағалап, мадақтау.











Ұлпа қар: -Балалар, сендерге көп рахмет, енді менің достарым көп, қуанып тұрмын. (Ұлпа қар балаларды мадақтап, соңынан сыйлықтарын таратып береді).

Рефлексивті түзету:

Қорытындылау:

Сұрақ-жауаптар: -Балалар бүгін біз сендермен қай мезгіл туралы айттық?

Қар қандай болады екен?

Қонаққа бізге кім келді?

Ненің суретін салдық?

Сендерге тұзбен сурет салған ұнады ма?

Жарайсыңдар балалар, бүгін сендер бүгін оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар. Суретті де тамаша салдыңдар. Сендерге көп-көп рахмет!


Саусақ арқылы, өзін-өзі бағалау

Балалар қар жауғанда көңіл-күйіміз қандай?

Қысқы ойындар қандай?

Қыс мезгілі қандай? Жақсы! Жарайсыңдар!

Ал енді қонақтармен қоштасайық.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: қыс мезгілінің ерекшелігін, қардың қасиетін біліп оны зерттеуді.

Нені игереді: Балалар желім мен тұздан қар қиыршықтарының суретін сала салуды.

Меңгереді: Сұрақтарға толық жауап беру дағдыларын.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2025
495
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12