Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі "10 саны және цифры"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі "10 саны және цифры"

Материал туралы қысқаша түсінік
балалар ашық оқу қызметінде 1-ден-10-ға дейінгі сандарды тура және кері санап, логикалық ойындар арқылы ой қиялы дамиды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

11 «Балапан» бөбекжай-балабақшасы












Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

10 саны және цифры




«Құлагер» МАД тобы






Тәрбиеші: Исаева Кигаш












2019-2020 оқу жылы

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің

технологиялық картасы


Күні: 19.02.2020ж

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Математика негіздері

Тақырыбы: «10 саны және цифры»

Мақсаты: 10 санының таңбасын және құрамын құрамын анықтайды. Қарапайым мысалдар мен есептерді шығаруға үйренеді. Ұжымдық жұмыс жасай біледі.


Күтілетін нәтиже:

1. 10 санының таңбасын, құрамын анықтады

2. Қарапайым мысалдар мен есептерді шығаруға үйренді.

3. Ұжымдық жұмыс жасай білді.


Ресурстар: АКТ, 1-ден 10-ға дейінгі сандар қатары, тәттілер, слайд, видеоролик, қызыл, сары, жасыл түсті қаламсаптар, түрл-түсті шарлар, тәттілер, ойын материалдары.


Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, миға шабуыл, бала үні, командамен жұмыс, жетелеуші сұрақтар, «ашық микрофон» әдісі, тосын сый, кері байланыс, құрылымдалған ойын, педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын, өзін-өзі бағалау, рефлексия, мадақтау.


Ширату жаттығу /видео жазбадан қайталап сәлемдеседі/


Миға шабуыл


«Ашық микрофон» әдісі арқылы

Ал балалар ашық микрофон ойынын ойнап жіберейік. Өткен оқу қызметімізде қандай сандармен танысқанымызды еске түсіріп жіберейік. Ендеше Мирастан бастап ақпарат алайын. Мирас өткен оқу қызметімізде қандай санмен таныстық.

Мирас – 9 саны

9-санына дейін кім маған тура және кері санап береді. /Бір бала тура, бір бала кері санайды/.

Жарайсыңдар сендер тура және кері санай аласыңдар.

-Олай болса сандар туралы тақпақтарымызға кезек берейік.


1саны. Ислам 2саны. Төреәли 3саны. К.Мансұр

Мені келсе білгің, Міне екі саны тұр Екіден соң әрқашан,

Мен таяқша бірмін. Қараңдаршы, неткен түр. Үшінші мен тұрамын.

Сандарға жол бастап Мойнын алға иеді, Қағазға сызып түсіресің

Ең бірінші тұрамын. Құйрығы еріп жүреді. Екі ирек саламын.

4саны. Қ.Мансұр 5саны. Нұрай 6 саны. Д.Мансұр

Үш қашанда тақ саны, Төрттен кейін бесті Үйіңнен шығарда,

Жұп болғанға не жетсін! Білу оңай десті. Кілтіңді ұмытпа.

Төрт дегенің баяғы Төртеуін бүгін санасаң , Жатып та, тұрып та,

Төрт түліктің аяғы. Табасың оңай бесті. «Алты» ұқсар құлыпқа.


7 саны. Сартай 8 саны. Мирас 9 саны. Райана

«Жеті» шалғы баяғы, Сегіз – екі жүзіктен, Цирктен келген өнерпаз,

Жалғыз оның аяғы, Құралғанын біліп пе – ең. Акробатшы сан тоғыз.

Математика елінде, Басы менен шегі жоқ. Бірде тоғыз, бірде алты.

Алтыдан кейін тұрады. Ондай сиқыр көріп пе – ең. Өнерге ел құмартты.


10 саны. Нұрасыл

Ештеңе жоқ болса да,

Саннан кейін ноль тұрса.

Ондық, жүздіа, мыңдықтар,

Оннан кейін жалғасар.


/Экранға назар аудару/


Бала үні

Жетелеуші сұрақтар


- Балалар мына ағаштың басында неше торғай отыр екен?
- 9 торғай
- Осы 9 торғайға 1 торғай келіп қосылды неше торғай болды?
- 10 торғай болды.
- 10 саны екі таңбалы сан. 10 саны екі цифр арқылы жазылады. 1және 0 сандарымен. 9 саны бір таңбалы санның ең үлкені.


Командаға бірігеді.



Құрылымдалған ойын: «Түстеріңді тап»

Шарты: Балалар қаламсаптың қызыл, жасыл, сары түстерін таңдай отырып өздерінің түстеріне сәйкес орындарына жайғасады. Үш командаға бірігіп, өзара топ басшысын сайлап алады.


Педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Ойлан тап»

Шарты: Топ басшылары бос торкөзге қосу, алу математикалық таңбасын пайдалана отырып, тиісті сандарды орналастырады. Және де әр бала есеп амалдарын шығарады.




Дәптермен жұмыс.


/Бірнші ауада жазады. Дәптерге 10 санын жазады/.


Құрылымдалған ойын: «Күннің шуағы»


Шарты: Күннің ортасындағы санға қарап, шуақтарындағы алу, қосу амалдарын орындай отырып, шуақтарын дұрыс орналастыру керек.

Балалар, ойындарды ойнап болған соң ортаға топ басшысы шығып дәлелдеп береді.


Педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойын: «Кім жүйрік?»


Шарты: Балалар экраннан есептерді қосады, алу амалдарын орындай отырып, тез шығаруға талпынады. Сандардың үлкен, кішісін табады.


Кері байланыс


Рефлексия


1. Балалар, сендерге қандай ойын қызықты болды?

2. Бүгінгі ойындарымыз қиын болған жоқ па?

3. Есеп шығарғанда саусақпен шығарғанда қиындық туған жоқ па?


Өзін-өзі бағалау

/Балалар өздерінің оқу қызметіне түсінгенін, түсінбегенін бағалау смайликтері арқылы бағалайды/.


Жарайсыңдар балалар, сендер бүгін ашық оқу қызметіне жақсы араластыңдар. Есепте жүйрік болдыңдар. Мен сендермен мақтанамын.


Сендерге менің керемет сыйлығым бар.


Мадақтау.


Тәттілер және оның сыртына әртүрлі сандар жазылған.


-Сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.00.2021
431
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі