Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі "Екі қаз бір бақа"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі "Екі қаз бір бақа"

Материал туралы қысқаша түсінік
кейіпкерлердің ерекшеліктерін беру үшін, мəнерлілік құралдарын қолдана білу дағдыларын қалыптастыру, ертегінің мазмұнын түсініп, кейіпкерлерге мінездеме бере білуге үйрету, кейіпкерлердің іс - əрекетін орындай білуге үйрету, шығармашылыққа, батылдыққа тəрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Драма

Тақырыбы: «Екі қаз, бір бақа» (ертегі)

Мақсаты: Ертегінің мәнін ықыласымен тыңдауға баулу; Оқылған ертегіні дұрыс түсіну,ойларын тиянақтау,сөздік қорын байыту; Жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, жұмыс дәптері.

Оқу іс-әрекеттерінің кезеңдері:Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру

(талпындыру)

Педагогтың іс-әрекеті :

Шаттық шеңбері

Бақшамызға барамыз,

Досымызды табамыз,

Сәлемет пе,міне мен

Доспын енді сенімен.

Баланың іс-әрекеті Өлең жолдарына қимыл жасайды.

Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру

Кіріспе әңгіме

-Балалар,қандай үй құстарын білесіңдер?

Қаз, үйрек,тауық

-Неге үй құстары дейміз?

Оларды үйде ұстайды

-Адамдарға қандай пайдасы бар?

Етін,жұмыртқасын жейміз,жүнінен жастық жасайды.

Ендеше біз «Екі қаз,бір бақа» ертегісімен танысып,мазмұнын сұрақ-жауап арқылы толықтырамыз.

Ертегіні мәнерлеп оқып беру.

Сергіту сәті

-Қазым,қазым,қаңқылда,

Көлде жүзіп саңқылда,

Жем шашайын жейсіңбе,

Кәмпит берші дейсіңбе?

-Жоқ!Жоқ!

Кәмпит тәтті, болмайды ас,

Арпа менен бидай шаш. (Өлең мазмұнына сай жаттығу жасайды.)

Сұрақ-жауап

-Ертегі ұнайды ма?

-Ертегі не жайында?

-Бақа неге қаздарды суға жолатпады?

-Қаздар не айтты?

-Бақа неге жерге құлайды?

-Екі қаз бақаға қандай жақсылық жасады?

Балалардың жауабы

Дәптермен жұмыс:

1.Сурет бойынша әңгімелеу.

2.Жұмбақтардың шешуін табу.

Дәптермен жұмыс жасайды.

Рефлексия (орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою)

Қорытындылау.

1.Оқу іс-әрекетін ойын арқылы қортындылау.

2.Балаларды мақтау,мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: ертегінің мазмұнын.

Қандай түсініктерді игереді: жақсылық жасауды.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктерін қолдана алады:: үй құстарының адам өміріне пайдасы бар екендігін.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.03.2021
370
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі