Материалдар / Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: "Жануарлар әлемі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: "Жануарлар әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2021
249
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық оқу қызметі:

Тақырыбы: Жануарлар әлемі

Мақсаты:

Дамытушылық: Жануарлар туралы білімдерін кеңейтуҮй және жабайы жануарларының атын дұрыс айта білуге, ажыратуға үйрету.

 Білімділік: Үй жануарлары мен жабайы жануарлар туралы білімдерін толықтыру . Жануарлардың табиғаттағы ролі мен маңызы туралы және неліктен үй жануарлары және жабайы жануарлар деп аталатыны жөнінде түсінік беру. Жабайы жануарлардың тіршілігі туралы , үй жануарларының адам өміріне пайдасын, тұрмысқа қажеттілігін түсіндіру. Тілін,сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Жан- жануарларға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. 

Көрнекіліктер, құрал жабдықтар : Үй және жабайы жануарлардың суреттері, таратпалы (үлестірмелі) суреттер, сиқырлы сандық, Интерактивті тақта, слайд 

Әдіс- тәсілдер: Сұрақ –жауап, ойын, тақпақтар 

Билингвальды компонент: жануарлар- животные, жабайы жануарлар-дикие животные, үй жануарлары-домашние животные. 

Оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Қол ұстасып тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық

Жаңа шыққан бұл күнге,

Иіліп сәлем қылайық.

Балалар: Сәлеметсіздерме қонақтар! 

Тәрбиеші: Шанамен зырлап желетін, Шаңғы, коньки тебетін. Аққала жасап ойнайтын, Қай мезгіл- деп ойлайсың? Ал, балалар айтыңдаршы қай жыл мезгілінде болады? (Қыс) -Қыста қандай ерекшеліктер болады? (Қар жауады,күн суық болады,аяз болады) -Өте жақсы. Жарайсыңдар! -Балалар, бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы: «Жануарлар әлемі» . -Қандай жануарларды білеміз еске түсірейікші. (Жануарлар туралы слайд көрсету). Интерактивті тақтаға назар аударайықшы нелердің суретін көріп тұрсыңдар?

 Балалар: Қой,түйе, сиыр, аю, қоян,түлкі,жылқы, қасқыр,арыстан т.б 

Тәрбиеші: -Жануарлар екіге бөлінеді.Үй жануарлары, жабайы жануарлар. –

Жарайсыңдар, балалар - Қолда ұстайтын, адамдар қамқорлық жасайтын жануарлар үй жануарлары деп аталады. Үй жануарын атайықшы? 

Балалар: Қой, сиыр,жылқы,түйе, ешкі. 

Тәрбиеші:. Үй жануарларының адамға тигізетін қандай пайдасы бар?

 Балалар: Үй жануарларының пайдасы өте көп. Сиырдың сүтін ішеміз,қаймақ, айран жасаймыз,етін жейміз. Жылқы мінсек көлік , сойса ет. Қойдың,ешкінің жүнінен киім тоқиды. 

Тәрбиеші: Иә дұрыс айтасыңдар, олардың пайдасы өте көп,үстіміздегі киім-кешек,ішіп-жеп отырған азығымызды, барлығын біз үй жануарларынан аламыз. Ал далада,орманда тіршілік ететін жануарларды жабайы жануарлар дейміз. Олардың түрлері өте көп. Жабайы жануарларды атаңдаршы? Балалар: Аю, қасқыр,қоян,түлкі,арыстан . т.б. Балалар бізге мына жерде тапсырмалар бар екен, қане көрейікші!

 1-тапсырма . Жануарлар туралы жұмбақтар шешу

Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар.   (қой)                  

 Тарғыл-тарғыл тас па,

Тастан бірақ басқа

Мекені қамыста,

Бұл саған таныс па?(жолбарыс)

Халық «қу» деп,

Қылған күлкі

Айласы көп

Бұл не?(түлкі)

 Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар.(түйе)

Сергіту сәті:

Ал балалар тұрайық, Сергіп бәріміз алайық.

Қойдың жүрісін салайық,

Қояндарша секіріп,

Аюша біз қорбаңдап.

Түйеше ше біз маң-маң басып,

Бір тынығып алайық.

2-тапсырма: 

Дидактикалық ойын : «Мынау қай аңның дыбысы?» Шарты: Үнтаспадағы жануарлардың дауысынан қай жануар екенін табады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!

3-тапсырма:  Дидактикалық ойын: «Адасқан жануарлар»

Мақсаты: Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажыратып,өз мекендерін табуға үйрету. Жылдамдыққа,ептілікке үйрету. 

Шарты: Зообақта араласып кеткен үй жануарлары мен жабайы жануарлардың өз үйлерін тауып берейік. Үй жануарларын-қораға, Жабайы жануарларды- орманға

Тәрбиеші: Өте жақсы.

Рефлексифті-түзетушілік.

Қорытынды:

Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі оқу қызметіміз сендерге ұнады ма?

-Қандай жануарларымен таныстық?

-Үй жануарларына не жатады? Неге үй жануары деп аталады?

-Ал жабайы жануарларға не жатады? Олар қайда тіршілік етеді?

-Үй жануарларының қандай пайдасы бар? –

-Үй жануарларының төлдерін және жабайы жануарлардың балаларын қалай атаймыз?

-Балалар ,бүгінгі оқу қызметіне бәрлерің өте жақсы қатыстыңдар.Ғажайып сандықтың барлық тапсырмаларын орындадыңдар. Жақсы қатысқандарың үшін барлықтарыңа смайлк .



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырата білуді, үй және жабайы жануарлардың атауларын. 

Үйренуі керек: Жануарларға қамқорлық жасай білуді. 

Түсінеді: Жануарлардың тіршілігіндегі айырмашылығын, үй жануаларының әкелетін пайдасын. 




























































































































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!