Материалдар / Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі «Жыл мезгілдері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі «Жыл мезгілдері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қырқүйек 2020
420
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Целиноград ауданы Қоянды ауылы

«Эквижн» ЖШС «Мейірім» балабақшасының

әдіскері Адилхан Жайнагуль


Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

«Жыл мезгілдері»



Білім беру саласы:Коммуникация.Шығармашылық.Таным.

Бөлімі: Сауат ашу негіздері. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.Аппликация.

Тақырыбы: Жыл мезгілдері қонақта.

Мақсаты: Балалардың жыл мезгілдері мен қоршаған орта туралы білімдерін пысықтау. Сөздерге дыбыстық талдау жасау, логикалық тапсырмалар , дидактикалық ойындар ойнату арқылы ой-қиялдарын дамыту. Табиғатқа қамқор болуға тәрбилеу.

Қолданылатын көрнекіліктер: үлгі суреттер.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар мен тапсырмалар.

Шаттық шеңбері

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал қанекей бәріміз,

Сәлем дейік бәріміз

-Балалар, біздің топқа жасырын қонақ келіпті, келген қонақ жайлы білу үшін мына тақтада тұрған тапсырмаларды орындау керек екен. Осы тапсырмаларды орындағанда ғана келген қонақ жайлы мәлімет аламыз.

1. Суретте берілген сұрақтар.

-Бір жылда неше ай бар ?

-Бір жылда неше мезгіл бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем айларын атаңдар.(Наурыз, сәуір, мамыр)

Көктем мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін әңгімелеп беріңдер. (қар ериді, жаңбыр жиі жауады, құстар жылы жақтан ұшып келеді)

2-суретте берілген тапсырмалар

-Қар сөзінде неше дыбыс бар?

Қар сөзіне сөйлем құраңдар.

Қар сөзін буынға бөл, неше буын бар?

«қар» сөзінің бірінші бірінші дыбысы қандай?


«Қ»

Осы дыбыстан басталатын сөздер айтамыз. Мысалы : қала, қасық, қасқыр, қалам.

Сергіту сәті. Теледидардан сергіту сәтін қимылдарын жасау.

Сөздік жұмыс.

Көктем –весна,

Қыс –зима,

Күн –солнце.

Ағаш –дерево,

Жылы –тепло.


Дидактикалық ойын: «Артық сөзді тап»

Жыл мезгілдері: көктем, жаз, қыс, түлкі, күз.

Ойыншықтар: машина,доп, қуыршақ, балмұздақ.

Жиһаздар: орындық,үстел,шкаф, кәмпит.


3. суретте берілген тапсырмалар.

Алтыдағы Бекеттің,

Алтау еді жаңғағы,

Біреуін мысық әкетті.

Біреуін күшік әкетті.

Қанша сонда қалғаны? (төртеу)


Логикалық тапсырмалар

-Есік алдында шырша ағашы өсіп тұр, онда 3 алма өсіп тұр. Бір алма жерге түсіп қалды, ағашта неше алма қалды?

(Шырша ағашында алма өспейді)

Дидактикалық ойын: «Көршілес қай сандар?»

4 көршісі 3 пен 5

2 көршісі 1 мен 3

6 көршісі 5 пен 7 сандары.


Дидактикалық ойын: «Сипаттау бойынша таны.»

Шаршы

Дөңгелек.

4 суретте ұжымдық жұмыс.

Үлгі суреттегі ағашты жылдың төрт мезгіліне сәйкес, түрлі түсті қағазды пайдалану арқылы бейнелеп жапсыру.

Қорытынды.

Міне, балалар , бізге келген қонақ жылдың төрт мезгілі екен. Көктемнің ерекшеліктерін білесіңдер ме? Қандай сөздерге дыбыстық талдау жасадық? Суретке қарап жылдың төрт мезгіліне әңгіме құрмадындар. Бүгінгі оқу қызмет несімен ұнады? Бүгінгі оқу қызметке белсенді қатыстындар

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!