Материалдар / Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі "Менің жасыл бағым"

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі "Менің жасыл бағым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Мамыр 2021
456
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақмола облысы білім басқармасы Целиноград ауданы

Приречное ауылы №22 Жалпы орта мектеп

жанындағы шағын орталық

Ересек тобының тәрбиешісі

Утепова Айнур Сагынгановна

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

«Менің жасыл бағым»


Сабақтың мақсаты:Балаларды табиғат бұрышындағы еңбек түрлерімен таныстыру.Өсімдіктің өсуіне жарық,ылғал,ауа қалыпты температура және адамдар күтімінің қажеттілігі туралы түсінігін кеңейту.Бөлме өсімдіктерін күтіп-баптай білуге баулу.Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру,қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Суреттер,гулдерді күтіп баптауға арналған құралдар т.б

Әдіс-тәсілдер: сөздік,көрнекілік,ойын

Шаттық шеңбері

Дөңгеленіп тұрайық

Шеңберді біз құрайық

Қол ұстасып бәріміз

Ақ тілекті жолдайық!

Әлемді нұр тыныштық

Әрбір бейбіт күн ыстық

Қайырлы таң бақшамыз

Қайырлы күн достарым


Тәрбиеші:

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Табиғатта қандай өзгерістер байқалады?

-Дұрыс айтасыңдар,осы айтқандардың барлығы тек көктем мезгілінде ғана болады екен.

Бұл өзгерістерді күнделікті далаға шыққан кезде байқаймыз.

Енді балалар жан жағымызға қарап табиғаттың сұлулығын сезінейікші.

-Балалар табиғат дегеніміз не?

Табиғат бізді қоршаған орта.Ал қоршаған ортаны әдемілікке ,әсемдікке бөлеп тұрған не екен?

(Балалардың жауабы)

-Табиғатымызды әсемдікке бөлейтін-құстар.

-Табиғатқа көрік беретін –ағаштар.

-Табиғатқа әсемдік сыйлап тұрған гүлдер.

-Өте тамаша.

-Біз сендермен таза ауада серуендеп жүріп табиғат бұрышына барайық.

( мүз әуенімен жету)

-Ал топтағытабиғат бұрышында өсімдіктерде өзгеріс бар ма,не байқадыңдар?

-Дұрыс байқапсыңдар өсімдіктердің тез өскені байқалады.Кеибір өсімдіктер гулденіпті,кеибірінде жаңа өскіндер пайда болған.Олардың осылай өсуіне сендер көмектестіңдер.Күнделікті күтіп,оларға қамқорлық жасадыңдар.

-Оларға күтім жасалмағанда не болар еді?

(балалардың жауабы)

Енді табиғат бұрышына тағы да зер салып қараңдаршы,не байқадыңдар?

(Көңілсіз гүлдің суреті тұрады)

-Дұрыс айтасыңдар гүліміз неге көңілсіз екен?

-Қалай ойлайсыңдар?

-Өйткені гулдерге су құйылған жоқ.

-Балалар қазір сендермен осы гулдерге күтім жасаймыз.

Ол үшін алдымен дайындалып фартук тағып алайық.

(балалар фартук киеді)

-Устелге гулдерді орналастырып қопсытамыз. Шаңдарын сүртеміз,су құямыз.

-Гулдерге тоқталып кету, дарілік қасиеті иісі туралы аттарын айту

-Балалар сендер гулдерді ұнатасыңдар ма?

Гүлдер тірі табиғатқа жатады.Гулдер бөлме және дала гулдері болып бөлінеді.

-Не үшін гүл өсіреміз?

-Гүлдер әдемі,хош иіс береді,көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

(гулдерді таныстыру,қолмен ұстап көру,қандай бөліктерден тұрады айту)

-Гулдерге күтім жасамасақ не болар еді?

-Балалардың жауаптары (гулге қажетті заттармен танысу: курек,су құйғыш,су бүркеитін,шөберек.



-Енді қазір сендермен гүл отырғызамыз.

Өткенде сендермен гүлді суға салып қойғанбыз,қане алып қарайықшы.

-Өсімдікті отырғысбас бұрын біз оның құрылысын анықтап алайық.Өсімдік қандай бөліктерден тұрады?

-Гүлдің атауы,жапырағын айту ,ұстап көру.

(Гулді егу)

-Міне енді гүлді отырғызуға болады.Ол үшін ыдыстың түбіне не саламыз?

-Енді осы гулді жарық мол түсетін жерге апарайық.Гүл өсу үшін күннің энергиясы қажет.

Балалар табиғат бұрышындағы өсімдіктердің тіршілік етуі сендерге байланысты екен.Себебі: олар өз бетімен тамақтанып,өздерін өздері суара алмайды.

(Балалардың назарын манағы гулге аудару.Гуліміз көнілденіп тұр)

Ойын: «Қайсы бұрын,қайсысы кем»

Психогимнастика,(баяу музыка ойнап тұрады)

Балалар біз қазір гүлдің тұқымы боламыз.Көздеріңді жұмыңдар.Сендерге қараңғы болып тұр.Себебі: Сендерді енді ғана топыраққа отырғызды. Кенеттен сендер жылуды сезіндіңдер. Сендер жылуға қарай бой алып өсе бастадыңдар.Сөйтіп ,жердің бетіне шықтыңдар.Күн сендерге өзінің шуағын төгіп тұр.Сендер одан сайын өсе бастадыңдар.Енді сендерсу ішіп ,одан да биіктеп өсе бастадыңдар.Сендердің сабақтарың мен жапырақтарың қатайып,кішкентай түйнек пайда болды.Ол түйнек үлкейіп,әдемі гул шықты. Міне балалар сендер мынадай әдемі гулдер болып өстіңдер.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ