Ұйымдастырылған Іс әрекет барысында ойын технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану мүмкіндіктері
Жетісай ауданының білім бөлімінің
«Зувайда-ана» бөбекжай бақшасы ЖШС-нің
тәрбиешісі Бабаева Гулсоной Омонмуратовна
Бүгінгі таңда оқыту процесінде педагогтар дәстүрлі емес әдістерге, соның ішінде ойын әдістеріне көбірек назар аударуда. Балалардың белсенділігіне бағытталған оқытуды, соған сәйкес мазмұн мен технологияларды талап ететін білімнің жаңа міндеттері қалыптасуда.
Оқу қызметін үйрету кезінде ойын элементтерін пайдалану балалардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуіне әсер етеді. Ойын арқылы балалар жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде балалар шаршағандарын сезбей, әсерлене, қызыға отырып тез үйренеді.
Егер педагог ойынды тек балаларды көңілдендіруге, демалдыру үшін ойнатса, одан пайда болмайды. Ойын белгілі бір білім беруді мақсат етіп
Педагог алдымен балалардың оқуға қызығушылығын ояту қажет. Баланың қызығу жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.
Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді пайдаланылған ойын түрлері педагогтің түсіндіріп отырған материалын балалардың зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі.
Ойындар балалардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі.
Ойындар балалардың танымын, ақыл–ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта –ықылыас қоюына баулиды және балалардың зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, және тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.
Ойын ұғымына түсінік берсек, бұл баланың мінез –құлқына өзі басқарумен қатар топпен жұмыс жүргізе білу әрекеті, ол баланың бір-біріне көмектесу, тез ойлау қабілетін, алға ұмтылу ісін дамытады. Сондықтан бағдарлама бойынша бекітілген оқыту үрдісінде ойын түрлерін сабақ үрдісінде үнемі пайдаланып отыру керек.
Ойын түрлері өзінің даму барысында көптеген ғалымдардың тарапынан түрліше жіктеледі. Мысалы, педагог П.П. Блонскийдің пайымдауынша ойындар төмендегідей жіктеледі:
-
Құрастыру ойыны
-
Еліктеу ойыны
-
Драма
-
Қозғалыс ойыны
-
Интеллектуалды
Ал, психолог Стронинның ойынша ойындар:
-
Физикалық
-
Интеллектуалдық
-
Еңбек ойыны
-
Әлеуметтік
-
Психологиялық
-
Педагогикалық
Негізінен педагогика саласында ойындар төмендегідей жіктеледі:
-
Оқыту, даярлау, бақылау, жинақтау ойындары;
-
Танымдық, тәрбиелік, дамыту ойындары;
-
Шығармашылық ойындар;
-
Коммуникативті, диагностикалық және психотехникалық.
Ойындар оқыту әдістемесінде бес негізгі түрге бөлінеді:
-
Үстел үсті ойындары;
-
Дидактикалық ойындар;
-
Қозғалыс ойындары;
-
Іскерлік ойындар;
-
Интеллектуалдық ойындар.
Ойынның өзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатындығын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін дамытады. Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде сабақта пайдаланылатын танымдық ойындар, сөздік ойындар жан-жақты дамытып білімді толық игеруіне көмектеседі.
Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес келсе, оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын күшейтеді, балалардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығы артады.
Сабақта ойын технологияларының балалардың тұлғасына әсер ету тетігін зерттеу үшін жүре алынған, әлеуметтік, сондай-ақ, тұқым қуалаушылық қасиеттері үйлесетін тұлғаның сапалық құрылымын қарастырамыз . олардың арақатынасы бойынша тұлғаның құрылымында құрылымшалардың төрт иерархиялық деңгейі көрініс табады. Олардың төмендегідей шартты атаулары бар.
-
Қызуқандылық деңгейі негізінен тұқым қуалаушылыққа байланысты қасиеттерден тұрады. Олар ұлттық, жас мөлшеріне сай ерекшеліктерге, жүйке жүйесінің даралық ерекшеліктеріне байланысты.
-
Психикалық үрдістер ерекшеліктерінің деңгейі – даралық сезінулердің, қабылдаудың, еліктеудің, назар аударудың, еске сақтаудың, ойлаудың, еріктің сипаты.ойға құрылған қисынды операциялар – талдау, салыстыру, қауымдастыру, синтездеу және тағы басқалар оқыту әрекетерінде үлкен рөл атқарады және ойлы әрекеттердің тәсілдері деп аталады.
-
Тұлғалылық тәжірибесінің деңгейі. Бұған білім, икемділік, дағдылар, әдеттер сияқты сапалық көрсеткіштер енеді. Олар екі топқа бөлінеді: мектеп пәндерін оқу үрдісінде қалыптасатын қасиеттер (білім, икемділік, дағдылар) және іс жүзіндегі әрекеттер барысында пайда болған қасиеттер (іс жүзіндегі әрекетті сала).
-
Тұлғаның бағыттылық деңгейі оның әлемге қатынасын анықтайтын, мазмұны бойынша әлеуметтік болып табылатын қасиеттерді: мүдделер, көзқарастар, әлеуметтік ұстанымдар, құндылық бейімделулерді біріктіреді. Бағыттылық («Мендік» - тұжырымдар мен қажеттіліктер қосындысы) тлғаның өзін-өзі басқару тетігінің негізін құрастырады. Моральдық –этикалық және эстетикалық көзқарастар білімнің , икемділік пен дағдының нақтыланған кешенімен бірге эстетикалық және адамгершілік қасиеттер саласын білдіреді
Әр оқу қызметін баланың қабілетіне,
психологиялық ерекшелігіне сай жоспарлау қажет. Сонда ғана сабақ
тартымды, жеңіл болады. Оқушыны
жалықтырмайды.
Қызығуды туғызу үшін
ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек.
Тиімді пайдаланылған ойын түрлері педагогтың
түсіндіріп отырған материалын балалардың зор
ынтамен тыңдап берік меңгеруіне
көмектеседі. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез
серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын
болады. Ойындар барлық топтарда
қолданылады.
Ойынның өзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық, рольдік ойындар баланың зейінін есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатындығын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырылығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін дамытады. Ойын түрлері өте көп. Ойын түрлерінің материалдары ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес келсе, оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оны тиімді пайдалануда:
-Баланың қисынды ой- қабілеті дамиды;
- Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;
- Сөздік қоры байиды, тілі дамиды
- Зейіні қалыптасады
- Байқампаздығы қалыптасады
- Өзара сыйластыққа үйренеді
- Бірі – біріне деген балалардың сенімі артады
- Білімге деген қызығушылығы, ынтасы артады.
Қорыта келе балалардың оқу қызметін меңгерту үшін тиімді әдістің бірі ойын технологиясының зор екендігін байқауға болады. Ұйымдастырылған оқу қызметін тартымды өтуі, ойын түрлерін жаңашаландырып ұтымды қолдана білу педагогтан ізденісті талап етеді. Бұл дегеніміз - бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару педагогтың қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңарған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасауы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұйымдастырылған Іс әрекет барысында ойын технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдану мүмкіндіктері.

шағым қалдыра аласыз