Материалдар / Ұйымдастырылған іс-әрекеті: Балапан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұйымдастырылған іс-әрекеті: Балапан

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдастырылған іс-әрекеті ересек топқа арналған. Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Сурет салу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2022
433
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 22.02.2022ж

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: «Сурет салу»

Тақырыбы: «Балапан»


Оқу қызметінің мақсаты:

Балаларға үйректің балапанын салуды үйрету; пішінді түсті ажыратып, ұқыпты жұмыс істеуге дағдыландыру; суретті дұрыс бояуға үйрету, саусақ бұлшықеттерін жетілдіру; түстерді ажыратуға баулу, ұқыптылыққа тәрбиелеу; эстетикалық талғамын қалыптастыру.


Сөздік жұмыс:

Сурет салу іс-әрекетіне қатысты қимыл-әрекеттерді қарапайым сөздер және сөз тіркестерімен сүйемелдеу қабілетін қалыптастыру. Сөздік қорға: үйрек, балапан, сопақша, дөңгелек, сызық, тұмсығы сөздерін енгізу.


Әдіс-тәсілдер:

Көркем сөз, ғажайып сәт, үлгіні зерттеу, сурет салу амалдарын көрсету, сергіту сәті, өздік іс-әрекет, дидактикалық ойын, кейіпкермен қоштасу, дайын өнім үшін сақтау және пысықтау, рефлесия.


Құрал-жабдықтар:

  1. КӨРНЕКІЛІК МАТЕРИАЛДАР

Дымбілмес, Үйректің және үйректің балапанының үлгісі, ақ парақтар, қарындаш және сары, қызғылт сары қарындаш.

  1. ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛДАР

Бала санына сәйкес ақ парақтар, жай қарындаштар мен түрлі-түсті қарындаштар. Дидактикалық ойынға керекті жануарлар: түйе, сиыр, қой, жылқы, ешкі, ит, түлкі, қоян, қасқыр, тиын, пілдің суреттері.


Оқу қызметінің барысы:

  1. КІРІСПЕ БӨЛІМ.

    1. Шаттық шеңбері.

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға нұр шашылды

Қайырлы күн!

Біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн!

Біз сүйкімді баламыз!



    1. Ғажайып сәт.



Тәрбиеші Дымбілместің қонаққа келгенін айтады. Балалар келген қонақпен амандасады.

  • Дымбілмес, сәлеметсің бе! Біздің топқа қош келдің!

  • Балалар Дымбілмес үйректің балапанын жақсы көреді екен. Оған үйректің балапанының суреті керек болып тұр. Бірақ ол сурет салып білмейді екен.

  • Балалар, Дымбілмеске үйректің балапанын салып береміз бе? Дымбілмес қуанып қалсын. Біздің қолымыздан келеді, солай емеспе?

Балалар тәрбиешінің ұсынысына қуана келісті.

  1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

    1. Үлгіні зерттеу. «Балапан»

  • Балалар, не көріп тұрсыңдар? Иә, үйректің балапаны.

  • Балапанның түсі қандай екен? Сары.

  • Басының пішіні қандай? Дөңгелек.

  • Денесінің пішіні қандай? Сопақша.

  • Тұмсығының пішіні,түсі қандай? Тұмсығы үшбұрыш, түсі қызғылт сары.



  • Жарайсыңдар, балалар!


    1. Жапсыру амалдарын көрсету.


  • Қарындашты алып басын дөңгелетіп саламыз.

  • Қарындашты қалай ұстамаймыз? Есімізге түсірейік. Саусақтарымызды құс деп елестетейік. Бас бармағымыз бен сұқ саусағымыз құстың тұмсығы болады. Ал, қалған үш саусақ құстың қанаттары болады. Жарайсыңдар!

  • Басын салып болған болсақ, дөңгелектің дәл ортасынан екі сызық саламыз.

  • Ал енді, денесін салу үшін екі сызықтың астынан үлкен сопақша саламыз.

  • Енді, тұмсығы мен құйрығын және көзі мен аяғын саламыз.

  • Міне, балапанды салып болды, енді оны сары және қызғылт сары түспен бояймыз.

  • Жарайсыңдар, балалар! Біз ненің суретін салдық? Балапанның суретін салдық. Тамаша!



    1. Сергіту сәті.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.



    1. Өздік іс-әрекет.

Балалар тәрбиешінің көрсеткен сурет салу амалдарына сәйкес өздік іс-әрекетке көшеді. Өздік іс-әрекет барысында тәрбиеші балалардың жұмысты тиянақты орындауын қадағалау қажет. Жұмыс барысында балаларға қойылатын сұрақтар:

  • Ненің суретін салып отырсың?

  • Балапанның түсі қандай?

  • Балапанның денесінің пішіні қандай?

  • Бұл не?

Тәрбиеші балалардан сұраққа толық жауап беруді талап етеді.


    1. «Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырат» дидактикалық ойын.

Мақсаты: Үй жануарларын жабайы жануарларыннан ажырата білуге үйрету. Үй жануарлары мен жабайы жануарларының қайда тіршілік ететінін білуге үйрету. Балалардың ойлау қабылетін дамыту.

Ойын шарты:Тақтаға екі бала шығып үстел үстінен жануарлардың суретін алып, үй жануарларын үйдің, ал жабайы жануарларды орманның астына екі топқа бөліп орналастырады.




  1. ҚОРЫТЫНДЫ.

Кейіпкермен қоштасу.

  • Балалар, Дымбілмес сендерге алғысын білдіруде.

Балалар, ізгі ниеттерін білдірді де, кейіпкермен қоштасты.


Дайын жұмыс үшін мақтау және есеп беру оқу қызметін пысықтау.

  • Балалар жабайы жануарлар мен үй жануарларын білесіңдер ме?

Балалар өз жауаптарын айтады.

  • Бізге бүгін қонаққа кім келді? Дымбілмес келді.

  • Дымбілмес не себепті бізге келді? Бізден көмек сұрап келді.

  • Қандай көмек бердік? Үйректің балапанының суретін салып бердік.

  • Балапанның суретін салу үшін қандай амалдар қолдандық?

Балалар өз жауаптарын айтады.

  • Балапанның суретін қандай түспен боядық? Сары және қызғылт сары.

Жарайсыңдар, балалар! Біздің суретіміз өте тамаша шықты.


Рефлексия.

Тәрбиеші балаларға қызыл, сары, жасыл түсті карточкаларды береді. Балалар қаншалықты қызықты болғанын карточкалар арқылы көрсетеді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!