Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге көмек ретінде ұсынамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ІІ - ші кіші» тобындағы оқу іс-әрекетін ұйымдастыру

технологиялық картасы

Мерзімі: 15.05.2018 ж.

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: ҚМТҚ.

Тақырыбы: «Алыс - жақын. Биік - аласа. Оң жақта - сол жақта».

Мақсаты: таңертең (таң) - тәулік бөлігімен таныстыру.

Міндеттері: таңертең тәулік бөлігімен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен - кіші) және санына қарай (бір - көп) салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: перде, әр балаға ойыншық кірпі, жұмыс дәптері, жай қарындаштар және қатырғықағаздан қиылған ұшақтар,

Сөздік жұмыс: алыс, жақын.

Билингвальді компонент: алыс-далеко, жақын-близко.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық


Шаттық шеңбері

Мына сұлу әлемде,

Адам өмір сүреді.

Үлкен менен кішіге,

Күн сәулесін төгеді.


Күнге қол бұлғайық! Әрбір адам күннің көзіне қарап қуанады. Ол бізді өзінің нұрымен жылытады, біздің тезірек өсуімізге көмектеседі

Ұйымдастыру– іздестіру

Ғажайып сәт. «Кірпі»

Кірпі жұмбақ жасырады:

Болса да көп инесі,

Іс тікпейді,

Бұл несі.

(Кірпі.)

Перденің артынан кірпі шығып,

Балалармен амандасады. Өзі орындай алмайтын тапсырмаға көмектесулерін өтінеді. Кірпіге балалар оның өтінішін

қалай орындағанын көруді ұсынады.

«Балықшы мен балық»дидактикалық ойыны.

Жұмыс дәптеріндегі 16-оқу іс-эрекеті,

Балықшы балық аулап отыр. Сары

балықтар қайыққа жақын жүзіп жүр, ал

көк түсті балық қайықтан алыста.

-Қайыққа жақын жүзіп жүрген

балықгы қоршап сыз.

-Қандай балықты қоршап сыздыңдар?

-Ол қайда жүзіп жүр?

-Балықтың қайсысы қоршалмай қалды?

-Балықшы неге оны ұстай алмады?

«Ұшамыз ба?»дидактикалық ойыны. (16-оқу іс-әрекеті, 2-тапсырма, жапсырма: ұшақ, көбелек.) Ұшақтың биікте, ал көбелектің төменде ұшатынын түсіндіреді. ¥шақ пен көбелектің жапсырмасын жақтаудың ішіне жапсырыңдар.

- ¥шақ қай жерде ұшады?

- Ал көбелек ше?

«Кірпі».

Саусақтарымызды жаттықтырамыз.

Кірпі, кірпі, кірпі,

Үстің толған ине,

Бірін берсең, шіркін

Қадар едім түйме. Ө. Бейсекеева

«Кірпіге тамақтандыру»дидактикалық ойыны. (16-оқу іс-әрекеті, 3-тапсырма) Жапсырмамен жұмыс: саңырауқұлақ және алма. Кірпі туралы жұмбақ жасырады: «Қолыңмен тиме,

Үсті толған ине».

(Кірпі)

-Бұл жұмбақ не туралы?

-Кірпі немен қоректенеді? Кірпі оң жағына саңырауқұлақты, сол жағына алманы жапсыруды өтінеді.

-Алманы қай жағына жапсырдыңда?

-Саңырауқұлақты қай жағына жапсырдыңдар? Жеке жұмыс жүргізеді.


Қызығушылық

танытады.

Жүмбақтың шешуін

тауып, кірпінің

өтінішін тыңдайды.


Оған көмектескілері

келеді.



Қайыққа жақын жүзіп

жүрген балықты қоршап сызады.

Қайыққа жақын жүзіп жүрген көк балықты.


Сары түсті балықты, өйткені олар алыста жүзіп жүр.






Балалар берілген тапсырманы орындап, жапсырмаларды жапсырады. - Биікте. - Төменде.

Балалар жаттығу жасайды, саусақтарын ең кішкентайынан бастап кезек-кезек бүгеді.








Жұмбақты тыңдайды және шешуін табады.

- Кірпі.

- Алма, саңырауқұлақ. Тапсырманы орындайды.


- Сол жағына.

- Оң жағына.

Рефлексивті– түзетушілік


Қорытынды сабақ.

Кірпі балаларға көрсеткен көмегі

үшін рақметін айтады. Оларға

ішінде ұшақтары бар қорапты береді.

Балалармен қоштасады.

«Ұшақтар»дидактикалық ойыны.

Ұшақтар салынған қорапты үстелге

қояды.

Балаларға ұшақпен ойнауды ұсынады.

Кірпіге

көмектескендеріне

қуанады.


«Биік» дегенде

балалар ұшақты

жоғары көтереді,

«төмен» дегенде

қолдарын төмен

түсіргенде «ұшақтар»

төмен ұшады.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: кеңістік пен қағаз бетінде бағдарлауды;

түсінеді: заттың сол жақта, оң жақта орналасуын ажырата білуді;

қолданады: биік — аласа орналасқан заттарды ажыратуды.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.06.2018
1007
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі