Ұйымдастырылған оқу қызмет

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызмет

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбиешілерге аралған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балауса» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні: 17. 10. 2016 ж

Білім беру салалары: «Коммуникация»

Бөлімдері: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Екі сараң қонжық» (венгр халық ауыз ертегісі)

Мақсаты: Ертегі желісін өз сөзімен жеткізу біліктілігін жетілдіру; бауырмалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу; балаларды таныс әдеби шығармалардағы кейіпкерлер бейнесін еркін түрде көркем шеберлікпен сомдай білу білігін дамыту

Сөздік жұмыс: Аю - медведь, қонжық – медвежонок, түлкі – лиса

Қажетті құрал - жабдықтар: Қуыршақ театрынан:екі қонжық, аю, түлкі

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Баланың

іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

«Екі сараң қонжық» ертегі кейіпкерлері қонаққа келеді.

Балалар қуана қарсы алады.

Іздену -ұйымдастырушылық



























Қуыршақ театрының көрсетілімі.

(ертегі басынан аяғына дейін қуыршақ театрында қойылады.)

Тәрбиеші балаларға «Екі сараң қонжық» ертегісін айтып береді:

- Ерте де бір ну орманда кәрі Аю тіршілік етіпті. Аюдың екі қонжығы болыпты. Қонжықтар өскен кезде, бақыт іздеуге жолға шығыпты. Олар жолға шығар алдында анасымен қоштасыпты. Ал анасы қонжықтарын құшақтап, еш уақытта бір - бірінен айырылыспауды талап етті. Анасының бұйрығын орындауға сөз берген қонжықтар жолға шығады. Алдымен олар тоғайдың шетімен, содан соң жазық даламен жүреді. Сөйтіп, бір күн жүрді, екінші күн жүрді.

Ақырында бар қоректері таусылады. Ал жолдан табатын ештеңе болмады. Қонжықтар бірінің артынан бірі еріп келе жатты.

Сол уақытта кіші Қонжық:

- Ағатайым, менің қарным ашты!- деп шағымданады.

Ал екінші Қонжық:

- Менің де қарным ашты!- деп өңі бұзылып, басын шайқайды.

Тәрбиеші: Солай жүре берді. Кенеттен үлкен дөңгелек ірімшікке кезікті. Әділ жолмен тең бөліспек болып еді, бөлісе алмады. Қонжықтар бір - бірінен ірімшікті қызғанып, ұрысып, ақырып тұрғанда, кенеттен жандарына Түлкі келеді.

Түлкі:

- Неге ұрысып тұрсыңдар?- деп сұрады.

Қонжықтар бар жайды айтып берді.

Түлкі:

- Мен сендерге ірімшікті теңдей бөліп беремін ,- деді.

Тәрбиеші:Түлкі ірімшікті алып екі бөлікке бөлді. Алайда алаяқ Түлкі бір жарымын, екіншіден үлкен қылып бөлді.

Қонжықтар бұған ренжіді:

- Мынау үлкен ғой,- деп ақырды.

Түлкі оларды жұбатып:

- Тыныш, жастар! Кішкене сабырлық, қазір бәрін реттеймін.

Тәрбиеші:Ол үлкен жарты бөліктің жартысын қылғытып жұтып қояды. Енді кіші жарымы үлкен болды.

Қонжықтар:

- Бұлай да бірдей емес,- деп тынымсызданды.

Түлкі:

- Мен өзімнің жұмысымды білемін!-деді.

Тәрбиеші: Осылайша қу түлкі қонжықтардың ірімшігінің біразын әдейі тең бөлмей, біразын жеп азғантай ғана қалдырып, оларды теңеп, екеуіне береді.

Түлкі оларға күліп:

- Міне, сараң, арам болсаң, бір күні осындай азығыңнан құр қаларсың,- деп өз жөнімен кетеді.

Сергіту сәті:

Қорбаңдаған аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп - теріп алайық,

Қалтамызға салайық.





Қызығушылықпен ертегіні тыңдайды.






Таныс жерлерінде тәрбиешіге қосылып, кейіпкерлердің сөздерің айтып отырады.







Балалар мұқият тындайды.










Өз ойларын айтып отырады.








Мұқият тыңдап отырады.





Қонжықтарға жандары ашып отырады.



Тыңдайды.




Қорбаңдаған аюдың қимылын келтіреді.

Рефлексивті түзеуші

Сұрақ – жауап.

Қорытыңдылау.

Балалар жауаптары.

Күтілітін нәтиже:

Білуі немесе хабардар болуы: Ертегі кейіпкерлерін білуі

Қалыптасқан әдет: Қойылған сұрақтарға жауап береді

Істей білуі: Аюдың дыбысын дыбыстауды

Тәрбиеші: Бекенова А.Н.

Тексерген: _______

Ескерту: _________



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.10.2020
437
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі