400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйым. Ұйымдастырылған оқу қызметі. дене шынықтыру. Орындықтан секіру. 20см жолмен жүгіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметі


Күні:

Білім беру саласы: Денсаулық.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Орындықтан секіру. 20см жолмен жүгіру.

Мақсат- міндеттері: Орындықтан секіруді, 20см жолмен жүгіруді үйрету. Икемділіктерін дамыту. Қимыл- қозғалыс дағдыларын қалыптастыру.

Әдіс- тәсілдер: көрсету, түсіндіру, қимылды ойын, жаппай әдіс.

Қажетті көрнекі құралдар: орындық, жіп.

Үштілділік компонент: жіп- шнур, жіп- cord .

Іс-әрекет кезеңі

Дене шынықтыру нұсқаушысының

іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушы

Бір саппен адымдап жүргізіп, бір түзудің бойына тұрғызамын.

Сәлеметсізбе балалар?

Түрлі- түсті автомобильдер.

Қолға руль ұстап, бірінің соңынан бірі аяқты тарсылдатып, түрлі- түсті автомбильде келе жатқандай қимыл жасаймыз. Аяқты алға өкшеге қойып, сергек адыммен жүреміз, жай жүгіріспен жүгіреміз, ирелең жолмен жүреміз. Қызыл түсте «тоқта» деген белгіні орындаймыз.

Жарайсыңдар балалар, енді жай жүріспен жүріп, терең тыныс алып шығарамыз.

Адымдап жүріп, сапқа тұрды.


Сәлеметсізбе.


Қолға руль ұстап, бірінің соңынан бірі аяқты тарсылдатып, түрлі- түсті автомбильде келе жатқандай қимыл жасады. Аяқты алға өкшеге қойып, сергек адыммен жүрді, жай жүгіріспен жүгірді, ирелең жолмен жүрді. Қызыл түсте «тоқта» деген белгіні орындады.

Жай жүріспен жүріп, терең тыныс алып шығарды.

Іздену- ұйымдастырушы

Балалар енді жүріп келе жатып, екі топқа бөлінеміз. Қазір біздер жалпы дамыту жаттығуын жасаймыз.

«Сағатты жүргіз».

Б.қ.: аяқтарымызды сәл алшақ қоямыз, қолдарымыз жанымызда. Қолдарымызды бүгіп, кеудеміздің алдында айналдырамыз, б.қ. келеміз.

«Маятник тербеледі».

Б.қ.: аяқтарымызды сәл алшақ қоямыз, қолдарымыз белде. Оңға (солға)

еңкейеміз, «тик-так» - деп айтып, б.қ. келеміз. 6 рет қайталау.

«Сағат сынып қалды».

Б.қ.: аяқтарымызды сәл алшақ қоямыз, қолдарымыз төменде. Сәл отырып,

қолдарымызбен тізелерімізді соғамыз, тұрамыз. 5 рет қайталау.

«Сағат жүріп тұр».

Б.қ.: аяқтарымызды сәл алшақ қоямыз, қолдарымыз төменде. Қолдарымызды алға-артқа тербелтеміз, б.қ. келеміз.

Бір орында қос аяқпен секіреміз.



ІІІ.Негізгі қимылдар түрлері:

- Орындықтан секіруді орындаймыз.

- 20см жолмен жүгіруді үйренеміз. Жақсы.


Қимылды ойын:

Қазір «Соқыр теке» ойынын ойнаймыз.

Балалар дөңгелене тұрамыз. Бір баланың көзін байланып қоямыз.
Балалар:Бота,бұзау,қозы,лақ
Қайда кеткен құлыншақ
Соқыртеке бақ-бақ
Мені ізден тап-тап
Деп тақпақтап айтамыз.
Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы)баларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады. Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «соқыр теке» ролін атқарады. Ойын осылайын жалғаса береді.

Балалар ойынды өте жақсы ойнадыңдар.


Тыныс алу жаттығуы:

«Паровоз»-б. қ. қолды шынтақ тұсынан бүгіп, алма- кезек қозғалтып, «Чух-чух-чух» деп бөлме ішінде жүреміз.

Жүріп келе жатып екі топқа бөлінді, жалпы дамыту жаттығуын жасауға дайындалады.


Б.қ.: аяқтарын сәл алшақ қойыды, қолдары жанында. Қолдарын бүгіп, кеуде алдында айналдырды, б.қ. келді. 5 рет қайталау.


Б.қ.: аяқтарын сәл алшақ қойды, қолдары белде. Оңға (солға)

еңкейді, «тик-так» - деп айтып, б.қ. келді. 6 рет қайталау.



Б.қ.: аяқтарын сәл алшақ қойды, қолдары төменде. Сәл отырып,

қолдарымен тізелерін соғады, тұрады. 5 рет қайталау.



Б.қ.: аяқтары сәл алшақ қойылды, қолдары төменде. Қолдарын алға-артқа тербелтті, б.қ. келді.


Бір орында қос аяқпен секірді.




Орындықтан секірді.

20см жолмен жүгірді.




Шеңбер құрып, дөңгелене тұрды, ортада көзі байланған бір адамды қалады. Қалғандары оны қолымен түртіп қойып, одан айнала қашты. Ойын солай жалғаса берді, ұсталған бала соқыр теке болып ойынды жалғастырды.














Бастапқы қалып, қолды шынтақ тұсынан бүгіп, алма- кезек қозғалтып, «Чух-чух-чух» деп бөлме ішінде жүреді.

Рефлексивті –түзетуші

Қандай ойын ойнадық?

Ойын ұнадыма?

Өте жақсы. Барлықтарыңда жақсы қатыстыңдар.

Осымен ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды сау болыңыздар!

«Соқыр теке»

Ия ,Ұнады




Сау болыңыз


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Орындықтан секіруді, 20см жолмен жүгіруді.

Игереді: Орындықтан секірудің, 20см жолмен жүгірудің техникасын.

Жасай алады: Орындықтан секіре, 20см жолмен жүгіреалады.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.12.2021
671
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12