ұйымдастырылған оқу қызметі "Байланыс құралдары"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ұйымдастырылған оқу қызметі "Байланыс құралдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметі

Күні: 23.11.2020ж.

Тобы: Балбөбек

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Ұ.О.Қ.: «Қоршаған ортамен таныстыру»

Тақырыбы: «Байланыс құралдары»

Мақсаты: Байланыс құралдарының қазіргі замандағы рөлімен таныстыру.Байланыс құралдаы мен ақпарат құралдарының айырмашылығы мен ұқсастығын таба білу,байланыс құралдарының қызметтері туралы түсініктерін кеңейту.Адамдармен телефон арқылы қарым-қатынас жасау барысында әдептілікті сақтауға,мәдениетті болуға,дұрыс жауап беруге баулу.

Әдіс-тәсілдер: жұмбақ, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Көрнекіліктер: мазмұнды суреттер, нағыз телефон, микрофон

Билингвальды компонент:байланыс құралдары – средство связи, ақпараттық құралдар – средства информаций


Ұ.О.Қ. барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

«Сымсыз телефон» ойыны

Шарты: бастаушы бір баланың құлағына бір сөз сыбырлап айтады, ол бала жанындағы балаға сыбырлап, басқаларға естіртпей айту керек.


Негізгі кезең:

Балалар мен сендерге жұмбақтар жасырайын, ал сендер сол жұмбақтардың шешімін табуға тырысыңдар.

1.Бар екен бір терезе ғажап үйде,

Кино болар терезеден күнде-күнде.

2.Айтқан сөзді сыбырлап осы жерде,

Естіп алар бір құлақ алыс елде.

3.Жазуы бар ақ парақ қанат қақты,

Жеткізеді әлемдегі жаңалықты.

-Алыс жердегі адамдар бір-бірімен қалай хабарласады?

-Дұрыс айтасыңдартелефон арқылы хабарласады. Ал хатты қалай жібереді?

-Әрине дұрыс айтасыңдар хатты пошта, телеграф, интернет желісі арқылы жібереді.

-Әлемде болып жатқан оқиғаларды, жаңалықтарды қалай білеміз?

-Дұрыс айтасыңдар, теледидар, радио, газет, интернет және тағы да басқа ақпараттық құралдар арқылы біліп отырамыз.


Сергіту сәті:

Ал балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Алақанды ұрайық.

Бір отырып бір тұрып,

Демімізді алайық.

Д/О: «Телефон»

Шарты: екі бала ойыншық телефон тұтқасымен бір-бірімен сөйлеседі. Мысалы:

-Сәлеметсің бе, Алма?

-Сәлеметсің бе, Аружан?

-Ертең мен анаммен хайуанаттар бағына барамын. Сен бізбен барасың ба?

-Анам рұқсат берсе, барамын...


Рефлекциялық түзетушілік:

-Қандай байланыс құралдарымен таныстық?

-Олар не үшін қажет?


Күтілетін нәтиже:

Білуі: байланыс құралдарының қажеттілігін, олардың жалпы қызметін;

Меңгеруі: қазіргі заман технологиясының даму жолдарын.

Игереді: ақпараттық байланыс құралдарын ажырата алады,қажет телефон нөмірін жащуды;


Тәрбиеші: Р.Акимбекова

Әдіскер: __________________











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2021
641
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі