Ұйымдастырылған оқу қызметі "Елбасы-елдің тірегі" Ересек топ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметі "Елбасы-елдің тірегі" Ересек топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Берілген материал балабақша тәрбиешілеріне өте қажетті
Материалдың қысқаша нұсқасы











Ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы:

«Елбасы – елдің тірегі»










«Балдырған» ересек тобы

Тәрбиеші: Ахметқанова А.С












Өскемен, 2020 жыл



Білім беру саласы: «Қатынас».
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту, көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Елбасы – елдің тірегі»

Мақсаты:

Білімділік: Елбасымыздың туып - өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру.

Тәрбиелік: Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорын жетілдіру.

Көрнекіліктер: Елбасы туралы видеоролик, рәміздердің суреті, Қазақстан картасы.

Сөздік жұмыс: Отан, туған жер, Елбасы, рәміздер.

Тілдің үштұғырлығы: Отан-родина-homeland

Елбасы-Президент - the president

Астана-столица-capital

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Қазақстан Республикасының тұңғыш президентін таниды, өмірімен танысады.
Игеруі: Рәміздер туралы түсініктері бар.
Білді: Берілген тапсырмаларды өз беттерімен орындай алады.


Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Отаным менің кең - байтақ,
Жайнаған сансыз қаласы,
Ел - Отан біздің кең - байтақ,
Отанның біздер баласы.

- Балалар, бүгінгі тақырыптық ашық оқу іс - әрекетіміз қызықты өтпек, себебі бүгін мереке, бүгін – тұңғыш президент күні. Тақырыптық ашық оқу іс - әрекетімізде біз үш топқа бөлініп отырамыз. Өз еріктеріңмен үш топқа бөлініп отыра қойыңдар.

Іздену ұйымдастырушы
- Бүгінгі тақырыптық ашық оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы: «Елбасы – елдің тірегі».
Ашық оқу іс - әрекетіміздің басында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жайында деректі фильм көріп жіберейік.

Тосын сәт: Видео қосылады. Онда топқа ғаламшардан Томпақ ұшып келеді.
Томпақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен ғаламшардан келдім. Менің атым - Томпақ. Сендермен танысқаныма қуаныштымын. Мен барлық елдің тілінде сөйлей аламын. Мен сендердің елдерің туралы білгім келеді.
Тәрбиеші:
- Сәлеметсің бе, Томпақ! Келгеніңіз қандай жақсы болды, бүгін бізде мереке, біздің еліміздің тұңғыш президенті күні. Біз саған бүгін өз Отанымыз, Елбасымыз жайлы айтып береміз, сені Қазақ елімен таныстырамыз.
Тәрбиеші:
- Балалар, Томпаққа өз еліміз туралы айтпас бұрын өз тобымыз туралы айтып өтейік.
1 - топ. «Бәйтерек» тобы.
2 - топ. «Пырақтар» тобы.
3 - топ. «Қырандар» тобы.

Тәрбиеші:

  • Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

  • Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы.

  • Тұңғыш Президентіміз, Елбасы кім және ол туралы не білесіңдер?

  • Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Н.Ә.Назарбаев

  • Н. Ә. Назарбаев Алматы облысында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқыған, ұшқыш болуды армандаған.

  • Ал қазіргі президентіміз кім балалар?

  • Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

  • Еліміздің астанасы Нұр-Cұлтан қаласы. Онда қаланың басты символы Бәйтерек орналасқан.

  • Өте жақсы, жарайсыңдар балалар! Сендер біздің Елбасымыз туралы тақпақ білесіңдер ме?

  • Ия

  • Ендеше кезекпен тақпақтарыңды айтып бере қойыңдар.


Айбибі: Елбасы елді қорғайды,

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның

Жақсылығы тарайды.


Жанзере: Қазағымның туын тіккен – Елбасы,

Ұл–қызынан үміт күткен – Елбасы.

Қазақ елін аялаған – Елбасы,

Қиындықта сая болған– Елбасы!


Сезім: Елбасымыз саған мәңгі разымыз

Үлкен –кіші, ағайындар, бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз!


Адижан: Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз

Шешімдері болмайды.


Асанали: Қазақ елі – Қазақстан,

Болашаққа үн қосқан.

Жақсы күнге жетелеп

Елбасымыз – Нұрсұлтан!



- Өте жақсы балалар, енді Томпақ Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білгісі келеді екен.
- Қазақстан Республикасының рәміздері: ту, елтаңба, әнұран.

Тәрбиеші:
- Жарайсыңдар, балалар, шаршап қалған болармыз, сергіту сәтімен бір сергіп алайық.

Сергіту сәті:
Балалар слайдтағы балалармен бірге «Қазақ жігіттері» әніне билейміз.

- Көрдің бе, Томпақ, біздің балалар өз елінің президенті, рәміздері жайлы барлығын біледі.
- Енді балалар Томпаққа өз қолөнерімізді, шеберлігімізді көрсетейік.

«Бәйтерек» тобы – Алдымызда туымыздың бөлшектері берілген. Сендер олардың орындарын тауып жапсырып, тудың толық бейнесін жасап шығасыңдар.
«Қырандар» тобының балалары алдарында берілген пазлдарды құрап, оның не екенін айтып, сипаттайды..
«Пырақтар» тобы – берілген тудың, күннің, оюдың қандай түспен боялатынын анықтап, әдемілеп бояйсыңдар.

Тәрбиеші: Балалар енді әр топтан бір бала шығып өз жұмысы туралы айтып берсін. Мен жұмыстары ұқыпты жасалған топқа гүлдер беремін.

(Әр топтан бір баладан шығып өз жұмыстарын қорғайды, әр баланы мадақтап гүлдер таратылып беріледі).

Қорытынды: Тақтаға Қазақстан картасы ілінеді. Кейін балаларға сұрақтар қойылады. Сұраққа жауап берген бала картаға сұрақтың жауабын жабыстырады.

Сұрақтар:

  1. Біз қандай Республикада өмір сүріп жатырмыз?

  2. Біздің тұңғыш президентіміз кім?

  3. Қазіргі президентіміз кім?

  4. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

  5. Қазақстан республикасының рәміздерін ата.

  6. Біздің балабақшамыз қалай аталады?

Өте жақсы, балалар! Жарайсыңдар!

Ал қазір алдарыңдағы гүлдерді алып Отанымызға тілек айтып, картаға жабыстырайық. Отанымыз гүлдене берсін!

Тәрбиеші:
- Балалар, Томпақ сендердің білімдеріңді көріп қатты қуанды, сондай ақылды балалар екен дейді. Ол сендерге қонаққа келгеніне өте қуанышты. Енді оның өз ғаламшарына кететін уақыты болды. Томпақпен қоштасып, шығарып салайық.

(Балалар Томпақпен қоштасады. Барлығы экранға назар аударады. Онда Томпақтың ғарыш кемесіне отырып ұшып бара жатқан видеосы қосылады).

Рефлексті коррекциялаушы
- Балалар, бүгін бізге қонаққа кім келді?
- Томпақ бізге риза болды ма?
- Томпаққа не туралы айтып бердік?

Балалар сұрақтарға жауап береді

Тәрбиеші:
Бүгінгі тұңғыш президент күніне арналған тақырыптық ашық оқу іс - әрекетімізді аяқтаймыз. Барлықтарың сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Сол себепті мен сендерге біздің мемлекеттік туымыздың бейнесіндегі тәттілерді сыйлағым келіп тұр.
(Балаларға тәттілер үлестіріліп беріледі.)







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.12.2020
419
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі