Ұйымдастырылған оқу қызметі "Ғажайып алаң"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметі "Ғажайып алаң"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі мекемедегі ересек топ балаларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Білім беру саласы: Коммуникация.  Таным . Шығармашылық. Денсаулық.

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, қарапайым математикалық ұғымдарды қалаптастыру,

сауат ашу, қоршаған орта.

Тақырыбы: «Ғажайып алаң»

Мақсаты:

Білімділік: Жыл бойғы алған білімдерін бекіту. Тапсырмаларды тиянақты орындауға жетілдіру.
Дамытушылық: Балалардың логикалық ойлауларын дамыту

Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа еңбек ете білуге тәрбиелеу.

Заттың дамыту ортасы: мазмұнды суреттер, слайд, үлестірмелі материалдар

Билингвиальды компонент: көктем – весна, spring,

Жаңа инновация: интеграция, релаксация, ақпараттық технология, денсаулық технологиясы

Оқу қызмет барысы:

Шаттық шеңбер: 
Жан-жағына нұр шашып

Арайлап жарқын таң атса,

Жер бетінде жайқалып,

Көгеріп өссе көк майса,

Жүрегім жыли бастайды.



-Здравствуй, небо ясное,

Здравствуй, солнце красное.

Здравствуй воздух и вода,

Вас приветстуем всегда.


Good day gold sun.

Good day blue sky.

Good day motherland.

Good day dear friends.

Good day dear guests.

Welcome to us!

Тәрбиеші: -Балалар бүгін бізге қонақтар келген екен, бәріміз қонақтармен амандасайық!

1. Сәлеметсіздер ме!

2. Здраствуйте!

3. Hello!

Тәрбиеші: Кел, балалар тұрайық

Тұрайықта ойнайық

Қандай қызық ойын бар

Сол ойынды ойнайық

- Балалар « Ғажайып алаң» ойнымызды бастайық. Ойынымыз көп кезеңнен тұрады.

Алдарыңда екі түсті асық бар. Өздеріңе ұнаған түсті асықты алып отырамыз.

1 - команда: "Білімгер"
Дайын біздің команда, шығыңдар кәне жарысқа.
Кімдер епті, кім алғыр, озып шығар сайыста.

2 - команда: "Алғырлар"
Шетімізден тапқырмыз, біз команда құраймыз.
Не үйрендік, не білдік, сайыста жеңіп шығамыз.
Ұяшықтарды таңдау. Әрбір ұяшықта сандар белгіленген. Өздерің қалаған ұяшықты таңдайсыңдар.

Ғажайып алаңды айналдырамыз.

1 – кезең

- Бейнетаспадан сұрақ .

1. Қыс пен жаздың ортасында қай мезгіл орналасқан?

2. Көктем мезгілінің ерекшіліктерін ата.

2 – кезең

- Ойлан да , тап.

1. Сан нешеге бөлінеді?

2. Бір аптада неше күн бар?



Тәрбиеші: Күншығыс елінде әр айға жануарлардың атын қойған. Кім маған атап береді?

4. Дидактикалық ойын: « Шашылып жатқан сандарды ретімен қой»

5. Геометриялық пішінді шарлардан дене құрастыр.

6. Логикалық сұрақтар. (екі топ бір – біріне жасырады)

1. Бөлменің 4 бұрышы бар , әр бұрышында бір мысықтан отыр. Бөлмеде неше мысық бар?

2. Аспанда 5 тауық ұшып жүр. Сәкен 2 –ін атып алды . сонда неше тауық қалды?

3. Шыршыда өсіп тұрған алма, жүзім, өріктің қайсысын жұлып алар едің?

4. бір – бірімен жарысқан 2 аю, 1- арыстан, 4 – қоян, 3- түлкі. Барлығы неше болды?

7.Кеңістікті бағдарлау.

8. Амалдарды орында.

Сергіту сәті (музыка әуенімен орындайды)

3- кезең. «Ұшқыр ой»

- Балалар сөз нені білдіреді?

-Сөз неден тұрады?

- Дыбыс неге бөлінеді?

2. «Ақ қонжық» әліпесінен дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратып бер.

3. Адасқан дыбыстардан сөз құра.

4.Дыбыстық сызғыш арқылы екі дыбыстан тұратын сөз құра.

Дидактикалық ойын: «Дыбыстық сағат»

(1, 2, 3 буынды табу)

Тіл ұстарту жаттығу:

Ақ – ақ – ақ

Сағайды күзгі жапырақ

Са- са-са

Ізіндайды маса

Із-із-із

Бақшадағы сәбіз

Ой-ой-ой

Қорадағы қой

Ға-ға-ға

Ұшып кетті қарға

5. Бейнетаспадан сұрақ.

Өтірік өлең құрастыр.

6. Суретке қарап сызба арқылы сөйлем құрастыр.

Шығармашылық жұмыс.

Қызғалдақ гүлін жаңа техниканы пайдалана отырып сурет саламыз.

Тәрбиеші: Балалар, мен де сендерге ризамын! Барлығың да жыл бойғы алған білімдеріңді бүгін көрсете білдіңдер. Рахмет сендерге



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.04.2021
429
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі