
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу (дәстүрден тыс)
Тақырыбы: Түстер әлеміне саяхат.
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды дәстүрден тыс сурет салу түрлерімен таныстыру, қол саусақ
икемділігін арттыру.
Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғаттың сұлулығын бағалай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Ұйымдастыру, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Қажетті құрал-жабдықтар , көрнекіліктер: Слайд, күз бейнесінің суреті, үлгі
сурет, ақ парақ, түрлі-түсті гуаш, қылқалам, губка, жапырақ, тарақ, тіс щёткасы,
су, сулық.
Белингвалды компонент: Күз-осень- autumn (аутумн) , Жапырақ-лист-leaf (лиаф)
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
-Балалар, шеңберге тұрып бір-бірімізге
жақсы тілектер айтайық.
-Аспанымыз ашық болсын!
-Еліміз аман болсын!
-Деніміз сау болсын!
-Тату дос болайық!
-Өте жақсы балалар, тамаша тілектер
айттыңдар.
-Балалар, бүгінгі біздің оқу қызметіміз
сурет салу. Ал, тақырыбымыз «Түстер
әлеміне саяхат»
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде түрлі-түсті әсем
табиғатты қайдан көруге болады?
Балалар шеңберге
тұрып, жақсы
тілектер айтады.
Күз мезгілі.
Күзгі орманнан
көруге болады.
Іздену
ұйымдастыру
Слайд арқылы сурет.
(күз мезгілінің суреті, жапырақтар
ұшып жүр)
-Балалар нені көріп тұрсыңдар?
-Орман іші неге бөленген?
-Ұшып жүрген нелер екен?
-Алтын сары түске боялыпты. Алуан
түсті жапырақтар ұшып жүр екен.
Балалардың
жауаптары.

-Ой ,балалар мына бір жапырақ,
сиқырлы жапырақ екен. Жапырақ бізді
орманға саяхатқа шақырып тұрғандай!
-Жапырақпен бірге күзгі орманды
аралап келеміз бе?
Видеодан тамашалау.
-Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?
-Жарайсыңдар балалар!
Күз-осень- autumn (аутумн)
Жапырақ-лист-leaf (лиаф)
-Балалар, қалықтап ұшып жүрген
жапырақтың түсі қандай?
-Табиғаттың бәрі сары түске енген.
Сонымен бірге аңдар да өз қыстық
азықтарын індеріне жинап жүр екен.
-Кірпі нені жақсы көреді екен?
-Алманың түсі қандай?
-Саңырауқұлақтың түсі қандай?
-Орман іші өте көңілді екен.
-Балалар, қараңдаршы сиқырлы
жапырақ бізге бір өтініш айтып тұр.
Ол өзінің кескінін әртүрлі тәсілдер
арқылы сурет салып беруін өтінеді.
Олай болса, біз жапырақты бүгін
дәстүрден тыс сурет арқылы салайық.
Онда екі топқа бөлініп отырамыз.
Бірінші топ : «Бір басылымды сурет»
(монотипия) әдісімен саламыз.
«Бір басылымды сурет»
(монотипия) - бұл әйнекке бейнеленіп,
соңынан қағазға көшірілетін сурет.
Екінші топ: Мәсуекпен (тіс
щеткасымен ) сурет салады.
Үлгі суретпен жұмыс.
Күн салқындайды.
Құстар жылы жаққа
ұшып кетеді.
Жапырақтар
сарғайып жерге
түседі.
Жаңбыр көп жауады.
Күз-осень- autumn
(аутумн),
Жапырақ-лист-leaf
(лиаф).
Қызыл, сары.
Алма, саңырауқұлақ.
Қызыл.
Қоңыр.
Екі топқа бөлінеді.

1-ші топ:
-Әйнек үстіне гуаш түстерін құйып,
оны гупкамен араластырмай тегістеп
бояймыз.
Онан кейін сұқ саусақпен күз бейнесін
түсіреміз.
Біткен суреттің бетіне ақ парақты,
бастырып алақанмен жайлап сипап
өтеміз.
Парақ шетін жайлап көтеріп аламыз.
Парақ бетіне бейне түсу керек.
2-ші топ:
- Шашырату тәсілімен тіс щёткасымен
сурет саламыз.
-Парақ бетіне жапырақтарды
орналастырып аламыз.
Тіс щёткасын бояу түрлеріне батырып
алып, тараққа үйкеу арқылы,
шашыратып бетіне түсіреміз, болған
соң жапырақтарды алып тастаймыз.
Қағазда жапырақ бейнесі қалуы керек.
(Қауіпсіздік ережелерін айтып өту)
Сергіту сәті: «Көңілді аңдар»
(слайд арқылы жасайды)
Балалардың жұмыстарынан көрме
ұйымдастыру, салыстыру,
мақтап-мадақтау.
Дидактикалық ойын:
«Жапырағына қарай ағаштарды ата».
Мақсаты: Ағаштарды ажырата білуге
үйрету.
Ойын шарты: Суретте бейнеленген
ағаштардың жапырақтарына қарай
отырып, ағаштардың атын атап, табу
керек.
-Жарайсыңдар, балалар, сендерге
сиқырлы жапырақ рахмет айтып тұр,
міне қараңдаршы!
(слайдтан көрсету)
-Біз де сиқырлы жапырақпен
қоштасып, тобымызға қайтайық.
Балалар екіге бөлініп
жұмыс жасайды.
Қимыл-қозғалыспен
орындайды.
Ойынға белсене
қатысады.

Рефлексивті
түзетушілік
Суретпен жұмыс.
-Біз қайда бардық?
-Ол жерден нелерді көрдік?
-Жапырақтардың түстері қандай?
-Күз туралы кім тақпақ біледі?
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
-Жарайсыңдар балалар!
-Ненің суретін салдық?
1-ші топ қандай тәсілмен салдық?
2-ші топ қандай тәсілмен салдық?
-Қандай түстерді пайдаландық?
-Бәрекелді балалар, сендер бүгінгі
ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне
жақсы қатыса білдіңдер.
Жарайсыңдар!
Күзгі орманға.
Ағаштарды.
Қызыл, сары.
Жапырақтардың,күз
бейнесін.
Бір басылымды
сурет тәсілімен.
Тіс щёткасымен
шашырату тәсілімен.
Қызыл, сары, жасыл,
көк.
Күтілетін нәтиже:
Қайталай алады: Үлгіге қарап түрлі тәсілдермен сурет салуды.
Түсінеді: Күз мезгілінің ерекшеліктерін.
Қолданады: Дәстүрден тыс сурет салудың түрлерін.