Себепті қызығушылығын ояту
|
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде неше ай бар?
-Дұрыс айтасыңдар қазір күз мезгілінің соңғы
айы.
-
Біздер қалың киім кидік неге деп ойлайсыңдар?
-Балалар күз мезгілінде жаңбыр көп жауды солай
ма?
Дұрыс айтасыңдар күн суытып, қай мезгілдің жақындап
қалғанын айтады?
-Дұрыс айтасыңдар енді қыс мезгіліде жақындап
қалды.
Ал
қыс мезгілінде не жауады?Дұрыс айтасыңдар қар жауады.Күн салқындап
аязды болады.Қатты жел тұрып боран болады.Қалың қар
жауады.
Таңғажайып сәт:
(Балаларға құстардың ,желдің,судың,жаңбырың дыбысы жазылған
үнтаспаны тыңдату.)
--Балалар бұл ненің дыбысы?
Құстардың дыбысын естідіңдер, тағы ненің дыбыстарын естіп
тұрсыңдар?. Бәріміз табиғат дыбысын бірге тыңдайық.
Балалар бұл дыбыстарды табиғат өзі шығарады.Ол адам қолымен
жасалмайды. Ол үлкен сиқыршы өйткені ол өзінің орекстрімен керемет
әуенді ырғақ туғызады.
Слайд шоу табиғат құбылыстарынан:
Балалар бәріміз теледидарға назар аударайықшы не
көрдіндер.
Табиғат- бізді қоршаған
әлем. Біз өмір сүріп отырған ортамыз.Табиғат- бұл ауа,су,жер,
таулар,тастар,топырақ,
қар,мұз,бұлт, көк аспан,жаңбыр,құстар,жануарлар,
өсімдіктер,адамдар.-Табиғат болмаса өмірсүре
алмаймыз.
Ауа жоқ болса,дем ала алмай тұншығып қалар едік.
Жануарлар,құстар,адамдар,өсімдіктер барлығыда
ауаны
қажет етеді,ауа мен демалады.
--Ауа көзге көрінбейтін,түссіз мөлдір қабат.Кәнекей,балалар
сендермен кішігірім тәжірибе жасап көрейік.Терең тыныс
алып,ауыздарынды жауып саусақтарынмен мұрындарынды қысып ұстандарда
іштей 1,2,3 деп санаңдар.Не сездіңдер?
Ауасыз дем алу қиын екенін байқадындар.
|
Күз мезгілі
Үш
ай бар.
Қыркүйек,қазан,
қараша.
Күн салқын болғандықтан.
Желдің,жаңбырдың,құстардың
дыбыстарын естіп
тұрмыз.
Балалар ауыздарын жауып,мұрындарын
қысады.
|
Ұйымдастырушылық кезеңі
|
--Су жоқ болса шөлдер едік.
Жануарлар,құстар,адамдар,
өсімдіктер барлығыда суды қажет етеді.Сусыз тіршілік ету
өте қиын.Су мөлдір,иіссіз,дәмсіз.Біз күнделікті өмірде суды көп
қолданамыз.Балалар сондықтанда суды ысыраптап төгуге
болмайды,кранға қолдарынды жуғанда жайлап ағызу керек.Сумен не
істейміз?
Көп тілділік компанент:
Табиғат-природа, дыбыс-звук,жаңбыр-дождь,
су-вода
Сергіту сәті қимылмен жасау:(физминутка)
Ұжымдық жұмыс: «Жер-ананы
көркейтейік»
Балалардың алдарына үлкен ақ қағаздар беріледі суреттер
салынған.Аяқталмаған суреттерді арықарай жалғастырып
бітіру.Күнді –сары түске боялған алақандарымен басып
шығады.Бұлтқа-жаңбыр тамшыларын көк түсті ас тұзымен
жапсырады.Ағаш –жапырақтарын жүгері дәндерімен жапсырып
шығады.Қар
ұшқындарын-күріш дәндерімен жапсырып
шығады .Саусақ жаттығулары:
Күн шықты, таң атты
Жел тұрды.
Күн бұлттанды,
Жаңбыр жауды.
Қимылды ойын: «Жер, су, ауа,от»
Шарты: Жер дегенде—балалар отырады.
Ауа дегенде—қолдарын жоғары көтереді.
Су
дегенде—қолдарымен толқыды бейнелейді.
От дегенде—орындарында тұрып айналады.
|
Тамақ пісіреміз,
жуынамыз,ішеміз,
гүлдерге құямыз,
ыдыстарды жуамыз,
қуыршақтарымызды жуындырамыз.
Табиғат-природа, дыбыс-звук,жаңбыр-дождь,
су-вода
Балалар сергіту сәтін 2 рет қимылмен
қайталайды.
Саусаққа арналған жаттығуды орындайды.
Балалар ойын ойнайды.2рет
қайталату
|