Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары "Мамандықтың бәрі жақсы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары "Мамандықтың бәрі жақсы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары тақырыбы: "Мамандықтың бәрі жақсы" мектепалды даярлық тобына арналған. Барлық мектепке дейінгі тәрбиешілер мен қазақ тілі мұғалімдеріне арналады.
Материалдың қысқаша нұсқасы





ҰОҚ тақырыбы:

«Мамандықтың бәрі жақсы»


Күні:

Ақпан

ТОП:

Мектепалды даярлық «Радуга» тобы


ҰОҚ-нің мақсаты:

Мақсаты: Балалар мамандық иелерімен таныса отырып, әр мамандықтың өзіне тән қасиеттерін айта алады. Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыланады. Балалардың түрлі мамандық иелерінің еңбегіне қызығушылығы артады,үлкендердің еңбегін құрметтей біледі.

.

Күтілетін нәтиже:

Мамандық туралы, әр мамандықтың атауларын айта біледі.

Берілген ойындар арқылы қазақ тілінде сөйлеу тілі қалыптасады.

Тілдік мақсат:

Сөздік жұмыс: Мамандық,мұғалім,дәрігер,құрылысшы,жүргізуші,суретші,аспаз,шаштаразшы,әнші; оқытады,емдейді,сурет салады,ас әзірлейді,үй тұрғызады,ән айтады, т.б.


Өткен ҰОҚ-нен алған білім

Сұрақ -жауап

ҰОҚ өтілу барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату

0-2 минут

II.Ұйымдастыру

3-5 минут

І.Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Сын тұрғысынан сұрақтар:

-Балалар,көңіл-күйлеріңіз қалай?

-Өте жақсы!

-Бүгін ауа -райы қандай болып тұр?

-Бүгін күн ашық!

-Тамаша! Ендеше,бір-бірімізге жылы жүзбен күлімдеп қарайықшы!

II. Қызығушылықтарын ояту.

Педагог жетекшілігімен ойын: «Кім тапқыр?»

Жұмбақ жасыру.

-Балалар,қараңдаршы бізге Хат тасушы хат әкеліпті. .Хатта жұмбақ жасырынған,қане,бірге жұмббақтың шешуін табайық!



-Бал татыған мәзір,

Ол бар жерде әзір. (аспаз)

-Өскен шашты жаратпайтын,

Қайшысы бар жалақтайтын. (шаштараз)

-Жарайсыңдар,балалар!

-Басқа қандай мамандық иелерін білесіңдер?

-Мамандықтар туралы түсінік беру.

Өнім арқылы саралау, сыни ойлау, бала үні4К моделі, бала үні


Ресурстар: унтаспа,ойын материалдары, көрнекіліктер.

Әдіс-тәсілі: 4К , бала үні, жанама бақылау, саралау.


ҰОҚ-нің ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

20-22 минут

ḬІІ. Ой дамыту.

Суретпен жұмыс.

-Суретте кімді көріп тұрсыңдар?

- Мұғалім,дәрігер,аспаз...

-Мұғалім қандай жұмыс жасайды?

-Мұғалім бала оқытады.

-Дәрігер емдейді, аспаз ас әзірлейді, т,с.с

Жетелеуші сұрақтар арқылы бақылау

4К моделі, бала үні.


Сергіту сәті: Бала,бала,балақан

Қане,қайсы алақан?!

Саусақтарың әйбат,

Былай,былай ойнат!


Құрлымдалған ойын: «Кімге не қажет?»

Шарты: Суреттерден әр мамандық иелерінің қажетті заттарын тауып,бірге көрсетеді.Сөйлем құрайды.

  • Суретшіге қарындаш қажет,Дәрігерге дәрі қажет,шаштаразшыға қайшы қажет, т.с.с.

(4К моделі, сыни ойлау, коммуникативтілік дағдысы, саралау,қызығушылық мүдде, диалог, сұрақтар қою, нәтиже).

Еркін ойын: «Мен өскенде кім боламын?»

Шарты: балалар өздері қалаған мамадық бойынша бетпердені таңдайды.



Мазмұн арқылы саралау, сын ойлау, комуникативтілік дағды.


IV. ҰОҚ-нің қорытындысы. Рефлексия

1-2 минут

-Балалар, біз бүгін қандай сөздер үйрендік?

Балаларды мадақтау.

Үш шапалақ әдісі арқылы ҰОҚ бағалау.
























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.04.2022
365
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі